Пятница , 12 декабря 2025

ДЕВОЛЮЦИЯРЕГРЕСС ТАРИХЫ

Ғылым­да әлем мой­ын­даған «эво­лю­ция», «про­гресс» тер­мин­дері бар – ол даму­ды біл­діреді. Оған қар­сы «инво­лю­ция», «дево­лю­ция», «регресс», «дегра­да­ция» атты ұғым­дар бар – бұлар тозу­ды білдіреді.

Енді біз өз мем­ле­кеті­міздің 34 жыл­дық тәу­ел­сіздік тарихын осы ғылы­ми тер­мин­дер тезіне салып баға­лай алдық па? Біз қысқа тәу­ел­сіздік тарихы­мы­зға бұл қалып­та әлі күн­ге сарап­та­ма бер­мей отыр­мыз. Назар­ба­ев­тық авто­ри­та­ризм кезін­де өтірік бол­са да, «дамып жатыр­мыз» деген ұран­ды қарға­дай қарқыл­дап айт­тық, не бол­ма­са, көкек­тей өз атын шақы­ру­мен өткіздік. Бірақ қоғам да, мем­ле­кет те үздіксіз регрес­стік арнаға түсе бастаға­ны­на назар аудар­ма­дық. Себебі біз өз Ота­ны­мы­здың потен­ци­ал­ды даму мүм­кін­ді­гі мен нақты болып жатқан кері про­це­стер­ді бір-бірі­мен бай­ла­ны­сты­ра, не салы­сты­ра қара­удан қорықтық.

Біз, шынын айт­сақ, сол кез­ден-ақ «қоры­ққан­да басын құмға тыға­тын» стра­у­стың кей­піне ене бастаған едік. Неге десеңіз, ел бай­лы­ғын сату арқы­лы орас­ан зор бай­лы­ққа жету­ге бола­ты­нын ұққан сыбай­ласқан «кор­руп­ци­я­лық клан­дық мүд­дені» ел билі­гі сана­лы түр­де өмір­ге енді­ре баста­ды… Ол жүйе бар­лық эле­мент­тері өза­ра сыбай­ласқан «кор­руп­ци­я­лық эли­та­ны» құру­ды қолға алды. Бұл пира­ми­да­ның басын­да мем­ле­кет билі­гінің шыңы тұр­ды: пре­зи­дент-елба­сы, мини­стр­лер-уәзір­лер, сарай ақын­да­ры мен билері, сар­ба­з­да­ры мен сар­дар­ла­ры… Ол жүй­е­де әрбірі ешнәр­се­ден кен­де не құра­лақан қал­ма­ды, клан­ды жүйе өзін-өзі қорғай­тын қауқарға ие болып шықты… «Про­гресс» – сөз жүзін­де, ал «регресс» – іс жүзін­де жүріп жатты…

Тәу­ел­сіздік­ке өте мықты «өндір­гіш күш» потен­ци­а­лы­мен, жап­пай сау­ат­ты­лы­ғы­мен кел­ген халық өте қысқа уақыт­та осы тұғы­рын жоғал­та баста­ды: кол­хоз-сов­хоз тара­тыл­ды – еркек ата­у­лы шара­сыз күй­ге түсті. Өндіріс жап­пай қира­тыл­ды – еркек ата­улы­ның күні қаты­нға қарады…

Бола­шақта «өз күнін өзі көре ала­тын кәсіп бол­ма­сын» деген­дей, жұмыс­шы дай­ын­дай­тын ПТУ-лар, СПТУ-лар жап­пай жабыл­ды. Ауыл қира­ды, бей­бе­ре­кет мигра­ция бастал­ды – дор­ба арқа­лап әйел­дер кет­ті. Үйде қалған бала-шаға тауы­қтың бала­пан­да­ры сияқты дән шоқып кетті…

Ұлт­тың ұлт­ты­ғын гене­ра­ци­я­лап оты­рған тұтас қабат – ауыл қираған соң, ұлт өз бол­мысы­нан ажы­ра­ды, мінезін жоғалт­ты… Ал оның орнын «ұлт­сызданған биз­нес пен билік эли­та­сы» басты.

Олар «эли­та» болып тамы­ры­на тарт­па­ды – кез кел­ген­нің қаң­сы­ғын қош көр­ді. Жемқор­лық пен жағым­паз­дақ «ұлт­тық мінез­ге» айна­лып кете барды…

Мем­ле­кеті­міз жетім бала­ның күй­ін кешті: өз бай­лы­ғы­на, өз нары­ғы­на, өз тамы­ры­на, өз намысы­на, өз мәде­ни­етіне ие бола алмай қалды…

Даму – декорацияға,

Ұран – жалған декла­ра­ци­яға жалғасты…

Бағыт-бағ­дар тұманға оранды…

Міне, осы «инво­лю­ци­я­лық», яғни «дево­лю­ци­я­лық» шын­ды­қтың шынайы тарихы әлі де жасы­рын қалу­да. Біз «не жаман» деген сұрақты қой­ма­дық. Одан сабақ алма­дық… Сол күйі біз «Әділет­ті Қаза­қстанға», «Адал ада­мға» бет бұр­сақ дей­міз… Қалай? – Оны біл­мей­міз. Тәжіри­бе жоқ…

Негізі, жұмыс ада­мы – шын­шыл. Бірақ біз­де өндіріс жоқ, жұмыс ада­мы­на құр­мет жоқ!

Ауыл асар­ды ұмыт­ты, «бір-бірі­нен қашар» жағдайда…

Осы­ны қалай түзейміз?

Қан­дай сер­пін­ді әре­кет­тер жасаймыз?

Қай жер­де сақ бола­мыз, қай жер­де құшақ ашамыз?

Айта бер­се – мил­ли­он сұрақ бар. Бірақ оған тари­хи да, фило­со­фи­я­лық та, эко­но­ми­ка­лық та сарап­та­ма жаса­май келе­міз. Онсыз біз «жалаң идео­ло­гия» аумағын­да қала береміз…

Еңселі халық қана мұны иге­реді – регре­сті про­грес­ке, дево­лю­ци­я­ны эво­лю­ци­яға айнал­ды­ра­ды! Тек мем­ле­кет­тік мүд­де «шека­ра­сын» бәрі­міз білуі­міз керек. Біл­ме­ген­ге жабы­лып біл­діруі­міз керек!..

(Ойла­рым­ды теле­фонға жаз­дым. Сон­ды­қтан бұл фило­соф­тарға арналған тезис түрін­де­гі жаз­ба болды).

Әуелі бүгін қай­тыс болған заңғар фило­соф Жабай­хан Әбділ­дин аға­мыз тура­лы ойлағам. Соңы осы импро­ви­за­ци­яға ауы­сып кет­ті ғой…

Ұста­зым­ның топы­рағы торқа бол­сын, келесі өмірі мәң­гілік болсын!

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн