Понедельник , 27 октября 2025

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға кері әсері

Дін – адам­зат өрке­ни­етінің руха­ни өзе­гі, адам мен қоғам­ның ар-ожда­нын қалып­та­сты­ра­тын мәң­гілік құн­ды­лы­қтар жүй­есі. Алай­да соңғы онжыл­ды­қтар­да түр­лі сая­си, эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік себеп­тер­дің сал­да­ры­нан дін­нің кей­бір фор­ма­ла­ры бұр­ма­ла­нып, адам­за­тқа қауіп төн­діретін деструк­тив­ті сипатқа ие бола баста­ды. Осын­дай ағым­дар­дың ықпа­лы­на түсу – жеке аза­матқа да, тұтас қоға­мға да зор зардап әке­леді.

Деструк­тив­ті діни ағым­дар дегені­міз – дәстүр­лі дін­нің негіз­гі қағи­да­ла­ры мен бағыт­та­ры­нан ауы­тқып, өзін­дік мақ­сат­тар­ды көз­дей­тін, қоғам мен мем­ле­кет­тің тұрақты­лы­ғы­на, халы­қтың бір­лі­гі мен мәде­ни тұта­сты­ғы­на қауіп төн­діретін ұйым­дар мен топ­тар. Олар сырт көз­ге діни ұйым көрін­ген­мен, іс жүзін­де адам­дар­дың сана­сын улап, өз мүд­де­леріне қыз­мет ететін идео­ло­ги­я­лық құралға айналған. Мұн­дай ағым­дар көбіне қоғам­дағы әле­умет­тік теңсіздік, жұмыс­сыздық, ақпа­рат­тық сау­ат­сыздық, руха­ни дағ­да­рыс сияқты жағ­дай­лар­ды пай­да­ла­нып, әсіре­се жастар­дың сана­сы­на әсер ету­ге тырысады.

Деструк­тив­ті ағым­дар­дың басты ныса­на­сы – адам сана­сы. Олар дін­ді сая­си құралға айнал­ды­рып, адам­ның ойлау қабілетін шек­те­у­ге, оны өздерінің идео­ло­ги­я­лық тұтқы­ны­на айнал­ды­руға бағыт­талған әре­кет­тер жасай­ды. Әсіре­се интер­нет пен әле­умет­тік желілер арқы­лы тара­ла­тын ради­кал­ды иде­я­лар бүгін­де жастар ара­сын­да тез тарай­ды. Бұл – қазір­гі ақпа­рат­тық қоғам­ның ең үлкен қауіп­терінің бірі. Себебі интер­нет кеңісті­гі еркін, бақы­лау­сыз орта болған­ды­қтан, ради­кал­ды топ­тар өз идео­ло­ги­я­ла­рын ашық және тар­тым­ды түр­де жет­кі­зудің жолын тапқан. Олар «ақиқат дін», «таза сенім», «шын иман» деген ұран­дар­ды алға тар­та оты­рып, дәстүр­лі ислам құн­ды­лы­қта­рын жоққа шыға­ра­ды, өз көзқа­рас­та­рын абсо­лют­ті ақиқат ретін­де ұсынады.

Осын­дай идео­ло­ги­я­ның сал­да­ры ауыр. Бірін­ші­ден, деструк­тив­ті ағым­дар­дың жете­гін­де кет­кен адам отба­сы мен қоғам­нан оқша­у­ла­на­ды. Ол өзінің бұры­нғы өмірін, доста­рын, тіп­ті ата-ана­сын жат санай бастай­ды. Мұн­дай адам­дар­дың көп­шілі­гі ради­кал­ды топ­тар­дың нұсқа­уын орын­дап, жеке шешім қабыл­дау қабілеті­нен айы­ры­ла­ды. Соның сал­да­ры­нан руха­ни тұрғы­дан әлсіре­ген адам өз өмірін бөтен біре­удің басқа­руы­на еріксіз тап­сы­ра­ды. Бұл – жеке тұлға­ның еркін­ді­гі мен руха­ни тәу­ел­сізді­гінің жоғалуы.

Екін­ші­ден, деструк­тив­ті ағым­дар­дың ықпа­лы отба­сы инсти­ту­ты­на да ауыр соққы береді. Теріс бағыт­тағы ұйым­дарға кір­ген адам көбіне отба­сы мүше­лері­мен бай­ла­ны­сын үзеді, олар­дың кеңесін тың­да­май­ды, тіп­ті өз туы­ста­рын «дін­сіз» деп айып­тай бастай­ды. Соның сал­да­ры­нан көп­те­ген отба­сы ыды­рап, бала­лар ата-ана­сыз қалып, ал ата-ана­лар пер­зен­ті­нен айы­ры­лып жата­ды. Мұн­дай оқиға­лар тек жеке отба­сы тра­ге­ди­я­сы емес, тұтас қоғам­ның тұрақты­лы­ғы­на әсер ететін әле­умет­тік про­бле­маға айналады.

Үшін­ші­ден, деструк­тив­ті ағым­дар­дың әре­кеті қоғам­ның ішкі бір­лі­гіне сызат түсіреді. Олар діни айыр­ма­шы­лы­қты қол­дан сая­си құралға айнал­ды­рып, халы­қты топ­тарға бөлу­ге тыры­са­ды. Бұл – ұлт­тың руха­ни тұта­сты­ғы­на төн­ген қауіп. Көп жағ­дай­да мұн­дай топ­тар өздерін мем­ле­кет­тің заң­да­ры­нан жоға­ры қояды және зай­ыр­лы­лық қағи­да­тын мой­ын­да­май­ды. Сал­да­ры­нан құқы­қбұ­зу­шы­лық, діни экс­тре­мизм, ал ең сорақы­сы – тер­ро­ризм қау­пі туындайды.

Қаза­қстан – көпұлт­ты және көп­кон­фес­си­я­лы мем­ле­кет. Мұн­дай қоғам­да бей­біт­шілік пен келісім – тұрақты­лы­қтың басты шар­ты. Сон­ды­қтан деструк­тив­ті ағым­дарға қар­сы күре­стің ең тиім­ді жолы – халы­қтың діни сау­ат­ты­лы­ғын арт­ты­ру және руха­ни имму­ни­тетін күшей­ту. Дін сала­сын­дағы маман­дар­дың айтуын­ша, адам неғұр­лым өз діні тура­лы көбірек біл­се, соғұр­лым ол жалған ағым­дар­дың ықпа­лы­на аз түседі. Яғни білім мен түсінік – кез кел­ген идео­ло­ги­я­лық мани­пу­ля­ци­ядан қорғай­тын ең сенім­ді қалқан.

Дәстүр­лі ислам – төзім­ділік­ке, мей­ірім мен ізгілік­ке, бір­лік пен бей­біт­шілік­ке үндей­тін дін. Ал ради­кал­ды бағыт­тағы ағым­дар осы құн­ды­лы­қтар­ды бұр­ма­лап, қоғам­ды бөл­шек­те­у­ге, адам­дар ара­сын­да өшпен­ділік туды­руға тыры­са­ды. Сон­ды­қтан шынайы иман­ды­лық – тек намаз оқу мен сыр­тқы атри­бут­тар­да емес, ең алды­мен жүрек­те, ар-ождан мен мей­ірім­де екенін түсі­ну маңызды.

Жастар – қоғам­ның бола­шағы әрі ең осал бөлі­гі. Теріс ағым өкіл­дері дәл осы жастар­ды өз қата­ры­на тар­туға ұмты­ла­ды. Олар интер­нет арқы­лы бай­ла­ныс орна­тып, пси­хо­ло­ги­я­лық тәсіл­дер­ді пай­да­ла­на­ды. Сон­ды­қтан жастар ара­сын­да руха­ни-ағар­ту­шы­лық жұмыс үздіксіз жүр­гізілуі қажет.

Мем­ле­кет бұл бағыт­та жүй­елі жұмыстар атқа­рып келеді. Елі­міз­де діни экс­тре­мизм мен тер­ро­риз­мнің алдын алу жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар қабыл­да­нып, ақпа­рат­тық-түсін­ді­ру топ­та­ры бел­сен­ді жұмыс істеп жатыр. Тео­лог­тар, дін­та­ну­шы­лар, имам­дар, пси­хо­лог­тар мен жер­гілік­ті әкім­дік өкіл­дері халы­қ­пен кез­десіп, дін сала­сын­дағы өзек­ті мәсе­ле­лер­ді талқы­лап жүр. Мұн­дай кез­де­су­лер­дің басты мақ­са­ты – халы­ққа дәстүр­лі дін­нің құн­ды­лы­ғын түсін­ді­ру, жастар­ды ради­кал­ды идео­ло­ги­ядан қорғау, тұрғын­дарға мем­ле­кет­тің дін сала­сын­дағы сая­са­тын түсіндіру.

Қазір­гі қоғам­да әр аза­мат­тың діни сау­ат­ты­лы­ғы мен руха­ни тұрақты­лы­ғы – мем­ле­кет қауіп­сізді­гінің құрам­дас бөлі­гі. Себебі руха­ни әлсіз қоғам сыр­тқы идео­ло­ги­я­лық ықпалға тез түседі. Ал берік руха­ни ірге­тас – ұлт­тық бір­лік­тің кепілі. Сон­ды­қтан деструк­тив­ті ағым­дар­дың алдын алу тек мем­ле­кет­тік сая­сат­тың ғана емес, әрбір отба­сын­дағы тәр­би­енің, әрбір ұста­здың, әрбір дін қыз­мет­керінің ортақ міндеті.

Деструк­тив­ті ағым­дар­дың қоға­мға тигі­зетін кері әсері тек діни шең­бер­мен шек­тел­мей­ді. Ол адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар­дың әлсіре­уіне, ұлт­тың мәде­ни коды­нан алшақта­уға, аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­тің төмен­де­уіне әкеп соға­ды. Мұн­дай идео­ло­ги­яға ерген адам өз елін, халқын, салт-дәстүрін сый­ла­май­ды. Ал өз бол­мысын жоғал­тқан қоғам­ның бола­шағы бұлы­ңғыр болмақ.

Жал­пы, деструк­тив­ті діни ағым­дар – көрін­бей енетін, бірақ іштей күй­ре­тетін қауіп. Оны­мен күре­стің ең тиім­ді жолы – білім, түсінік, бір­лік және руха­ни таза­лық. Әр адам өз діні мен дәстүрінің мәнін түсініп, руха­ни тұрғы­да берік бол­са, ешқан­дай жалған идея мен уағыз оның сана­сын улай алмай­ды. Бүгін­гі қоғам­ның мін­деті – дін­ді дұрыс түсі­нетін, ел мен жер­дің аман­ды­ғын бәрі­нен жоға­ры қоя­тын руха­ни ұрпақ тәр­би­е­леу. Тек сол кез­де ғана біз бей­біт, тұрақты және берік қоғам құра аламыз.

Осы­ған бай­ла­ны­сты қоғам болып, мем­ле­кет­тің бар­лық құры­лым­да­ры бірі­гіп, алдын алу, түсін­ді­ру және тәр­би­елік жұмыстар­ды жан­дан­ды­ру – басты міндетіміз.

Тер­ро­ризм – адам­за­тқа ортақ қатер, зор­лық-зомбы­лық арқы­лы қоғам­да үрей туғы­зып, билік­ке ықпал ету­ге ұмты­ла­тын қыл­мыстық әре­кет. Мәсе­лен, 2011 жылғы Аты­рау, 2016 жылғы Ақтө­бе мен Алма­ты оқиға­ла­ры – елі­міз­де­гі қауіп­тің нақты мысал­да­ры. Бұл оқиға­лар тер­ро­ри­стік идео­ло­ги­я­ның шека­ра­ны, ұлт­ты, жасты талға­май­ты­нын дәлел­деді. Сон­ды­қтан бұл қатер­ге қар­сы күрес – әр аза­мат­тың жауапкершілігі.

Енді осы мәсе­ле­лер­дің себеп­терін ашып көрелік. Діни экс­тре­мизм мен тер­ро­риз­мнің тара­луы­ның мына­дай бірқа­тар себебі бар:

- діни сау­ат­тың төмендігі;

- жастар­дың әле­умет­тік мәсе­ле­лері (жұмыс­сыздық);

- қоғам­нан оқшаулану;

- интер­нет­те­гі контент;

- бала сана­сы­ның бақы­ла­у­ы­ның әлсіреуі.

Ата-баба­мыз ұстанған Ислам діні – сабыр­лы, кешірім­ді, әділет­тілік­ті ту еткен дін. Дін­ге бет бұрған әр адам бірін­ші кезек­те оның негіз­дерін, түп­кі мағы­на­сын, Құран мен хадис­ке сүй­ене оты­рып, дәстүр­лі мәзһаб тұрғы­сы­нан үйре­нуі қажет. Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы ұста­на­тын Хана­фи мәзһа­бы мен мату­ри­ди сені­мі – біздің дәстүр­лі жолымыз.

Бұған қар­сы күре­сте тек құқық қорғау орган­да­ры неме­се діни ұйым­дар ғана емес, бүкіл қоғам жұмы­ла әре­кет етуі керек. Мыса­лы, ата-ана бала­сы­ның кім­мен ара­ла­са­ты­нын, қан­дай ақпа­рат оқи­ты­нын, қан­дай сайт­тарға кіретінін бақы­ла­уы керек. Мек­теп пен жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы жастарға алдын алуға бағыт­талған дұрыс діни түсінік беру­ге тиіс.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да діни экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қимыл – ұлт­тық қауіп­сіздік пен қоғам­дық тұрақты­лы­қтың маңы­зды бағы­ты. Мем­ле­кет бұл бағыт­та құқы­қтық, идео­ло­ги­я­лық, тәр­би­елік және ақпа­рат­тық-наси­хат­тық шара­лар­ды қатар жүр­гізіп келеді.

2013 жыл­дан бері елі­міздің бар­лық өңірін­де ақпа­рат­тық-түсін­ді­ру топ­та­ры (АТТ) құры­лып, жүй­елі жұмыс жүр­гізіп отыр. Бұл топ­тар­дың құра­мы­на дін­та­ну­шы­лар, тео­лог­тар, имам­дар, қоғам қай­рат­кер­лері, мем­ле­кет­тік меке­ме өкіл­дері кіреді. Олар­дың басты мақ­са­ты – халы­қ­пен, әсіре­се жастар­мен, жұмыс­шы­лар­мен, сту­дент­тер­мен, әске­ри қыз­мет­шілер­мен, ауыл тұрғын­да­ры­мен бет­пе-бет кез­десіп, ради­кал­ды діни ағым­дар­дың айыр­ма­шы­лы­ғын түсін­ді­ру. Соны­мен қоса, әле­умет­тік желілер мен БАҚ арқы­лы да ақпа­рат­тық жұмыс бел­сен­ді жүргізіледі.

Қаза­қстан­да ради­кал­ды діни идео­ло­ги­я­ның ықпа­лы­на түс­кен аза­мат­тар­мен жеке жұмыс жүр­гізіледі. Бұл бағыт­та тео­лог­тар мен пси­хо­лог­тар арнайы дай­ын­ды­қтан өте­ді. Түр­ме­лер­де дера­ди­ка­ли­за­ция бағ­дар­ла­ма­сы іске аса­ды. Мұн­дағы мақ­сат – ради­кал­ды иде­я­лар­ды терістеу, адам­ның діни сана­сын дұрыс арнаға бағыт­тау. Ради­кал­ды көзқа­рас­тағы аза­мат­тар­мен үне­мі жеке әңгі­ме­ле­су, сенім­ге кіру, діни дәлел­дер­мен түсін­ді­ру тәсілі қол­да­ны­ла­ды. Осы жұмыстар­дың нәти­же­сін­де көп­те­ген аза­мат өз көзқа­ра­сын өзгер­тіп, қалып­ты өмір­ге қай­та оралған нақты мысал­дар бар.

Мек­теп­тер­ге «Зай­ыр­лы­лық және дін­та­ну негіз­дері» пәні енгізіл­ген бола­тын. Бұл жастарға дін тура­лы ғылы­ми және объ­ек­тив­ті ақпа­рат беру­ге бағыт­талған еді. Сон­дай-ақ уни­вер­си­тет­тер­де дін­та­ну және тео­ло­гия маман­ды­қта­ры бой­ын­ша білік­ті кадр­лар даяр­ла­нып отыр.

Қоры­та айтқан­да, біздің басты қаруы­мыз – бір­лік, білім және дұрыс діни таным. Абай хакім айтқан­дай, «Адам бала­сын зама­на өсіреді, кім­де-кім жаман бол­са, заман­да­сы­ның бәрі вино­ват». Біз жаста­ры­мы­зды экс­тре­миз­мнен сақтау үшін олар­ды зама­на­уи білім­мен, ұлт­тық тәр­би­е­мен, шынайы дұрыс ақпа­рат­пен қару­лан­ды­руы­мыз керек.

Ғали ТӨЛЕК

Республиканский еженедельник онлайн