Воскресенье , 19 октября 2025

Динара Құлыбаеваға қатысты жаңа деректер анықталды

OCCRP-дің жур­на­ли­стік зерт­те­улер жоба­сы Швей­ца­ри­яда Дина­ра Құлы­ба­е­ваға қаты­сты тер­геу жөнін­де жаңа деректер­ді аны­қта­ды. Elita nysanidagi жыл­жы­май­тын мүлік­ті сатып алуға қаты­сты қыл­мыстық іске бай­ла­ны­сты тек­се­руді Жене­ва про­ку­ра­ту­ра­сы жүр­гізіп жатқа­ны тура­лы ақпа­рат ақпан айы­ның орта­сын­да бел­гілі бол­ды, деп хабар­лай­ды Orda.kz.

OCCRP мате­ри­а­лын­да швей­ца­ри­я­лық қар­жы­лық рет­те­уші орган – FINMA Дина­ра Құлы­ба­е­ва арқы­лы қар­жы опе­ра­ци­я­ла­ры жүр­гізіл­ген REYL Intesa Sanpaolo бан­кін­де тек­се­ру жүр­гіз­гені айты­лған. FINMA-ның тек­се­руі банк­тің «тәу­е­кел­ге бей­ім­ділі­гі тым жоға­ры» екенін және кли­ент­тер­дің қара­жат­та­ры­ның шығу тегін жет­кілік­ті дәре­же­де тек­сер­ме­генін көрсетті. 

«Банк рет­те­уші орган­дар­дың тек­се­руіне өз кли­ент­терінің тізі­міне бай­ла­ны­сты ілік­ті. Бұл тізім­ге Орта­лық Ази­ядағы авто­крат бас­шы­лар­дың бала­ла­ры мен ақша­ны жылы­ста­ту қау­пі бар өзге де тұлға­лар кіреді», – деп хабар­лай­ды OCCRP.

Банк­тің өзі тер­геу және қадаға­лау орган­да­ры­мен ынты­мақ­та­сты­қта жұмыс істеп жатқа­нын мәлім­деді. Соны­мен қатар REYL Intesa Sanpaolo ком­пла­енс рәсім­дерін қатай­тып, ақша­ны жылы­ста­туға бай­ла­ны­сты күдік туғы­зған кли­ент­тер­мен қарым-қаты­на­сты үзген. Алай­да бұл кли­ент­тер­дің қата­рын­да Дина­ра Құлы­ба­е­ва бар ма, жоқ па – нақты айтылмайды.

«Рет­те­уші орган банк­ке Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­тінің қызы­на қаты­сты сұрақтар қой­ды. Ол Швей­ца­ри­яда оның REYL бан­кін­де­гі шот­та­рын­да жатқан ондаған мил­ли­он швей­цар фран­кы­ның шығу тегіне бай­ла­ны­сты қыл­мыстық тер­ге­уде фигу­рант ретін­де ата­ла­ды. Оның адво­ка­ты OCCRP-ге бер­ген мәлім­де­месінд: ол әрдай­ым өзінің бай­лы­ғы­ның қай­дан шыққа­нын түсін­ді­ру үшін билік­пен ынты­мақ­та­сты­қта болға­нын айт­ты» деп жаза­ды OCCRP.

 Алай­да FINMA-ның Дина­ра Құлы­ба­е­ваға деген қызы­ғу­шы­лы­ғы –ерекше. Бірін­ші­ден, оның REYL Intesa Sanpaolo бан­кін­де­гі шот­та­ры­на ұзақ уақыт бойы банк­тің жетек­ші топ-мене­джер­лерінің бірі – Фран­с­уа Рейл жеке өзі бақы­лау жасаған (2024 жыл­дың шіл­десіне дей­ін ол REYL-дің басқа­ру­шы дирек­то­ры бол­ды, қазір­гі кез­де дирек­тор­лар кеңесінің мүше­сі). Екін­ші­ден, банк Құлы­ба­е­ваға Фран­ци­ядан жыл­жы­май­тын мүлік сатып алу үшін 25 мил­ли­он еуро көле­мін­де несие бер­ген. Қазір­гі таң­да Швей­ца­рия билі­гі Құлы­ба­е­ва­ның REYL Intesa Sanpaolo бан­кін­де сақтап оты­рған 150 мил­ли­он швей­цар фран­кы­ның шығу тегін тек­серіп жатыр (Назар­ба­ев­тың қызы Жене­ва­да эли­та­лық жыл­жы­май­тын мүлік сатып алған қара­жат осы сомаға кіре ме – ол жағы нақты көрсетілмеген).

Дина­ра Құлы­ба­е­ва­ның мүд­десін қорғай­тын заң­гер Жан-Кри­стоф Ок жур­на­ли­стер­ге бер­ген мәлім­де­месін­де оның Жене­ва­да орна­ласқан XVII ғасыр­дағы сарай мен сән-сал­та­нат­ты зәулім үйлер­ді сатып алуға жұм­салған қара­жат­тың шығу тегі тура­лы бар­лық қажет­ті ақпа­рат­ты билік орган­да­ры­на ұсы­нға­нын айтты.

«Біздің кли­ен­ті­міздің қара­жат көзі – бұл оның Halyk Bank-тағы үлесі. Аталған банк – Қаза­қстан мем­ле­кеті тара­пы­нан рет­те­летін, Лон­дон қор бир­жа­сын­да тір­кел­ген қар­жы меке­месі. REYL бан­кін­де­гі шот­тар­да жатқан қара­жатқа да дәл осы жағ­дай қаты­сты», – деді Жан-Кри­стоф Ок.

Заң­гер­дің айтуын­ша, Құлы­ба­е­ва­ның депо­зит­терін­де­гі бар­лық қара­жат көзі – Halyk Bank-тен алған диви­денд­тер. 2024 жылы басталған тер­ге­у­ге қара­ма­стан, Назар­ба­ев­тың қызы швей­ца­ри­я­лық банк арқы­лы мил­ли­он­даған дол­лар көле­мін­де­гі қар­жы­лық опе­ра­ци­я­ла­рын жалға­сты­рып отыр.

«Тара­ты­лған хат алма­су Құлы­ба­е­ва­ның шот­та­ры 2024 жыл­дың сәуірін­де бұғат­талға­ны­на қара­ма­стан, мамыр айын­да про­ку­рор­лар REYL бан­кіне оның жеке шығын­да­рын жабу үшін шама­мен 650 мың швей­цар фран­кы (760,5 мың АҚШ дол­ла­ры) көле­мін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге рұқ­сат бер­генін көр­се­те­ді», – деп атап өтті журналистер.

2024 жыл­дың мамыр айын­да FINMA REYL бан­кі­нен Құлы­ба­е­ваға қаты­сты «толық кли­ент­тік ақпа­рат­ты» тер­геу мақ­са­тын­да тап­сы­ру­ды талап етті. Сон­дай-ақ Люк­сем­бург­те тір­кел­ген Regulus Holdings S.A. ком­па­ни­я­сы­на қаты­сты дәл осын­дай құжат­тар ұсы­ну сұрал­ды. Дәл осы ком­па­ния арқы­лы Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­тінің қызы Фран­ци­ядан жыл­жы­май­тын мүлік сатып алу үшін 25 мил­ли­он еуро көле­мін­де несие алған.

Дина­ра Құлы­ба­е­ва іскер­лік қарым-қаты­нас орнатқан Фран­с­уа Рейл – REYL Intesa Sanpaolo бан­кінің негізін қалаған Доми­ник Рейл­дің ұлы. 2016 жылы ол Фран­ци­яда ақша­ны жылы­ста­ту ісі бой­ын­ша бір жылға шар­тты түр­де бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған. Ал банк­ке 1,9 мил­ли­он еуро көле­мін­де айып­пұл салынған.

Дина­ра Құлы­ба­е­ваға қаты­сты қыл­мыстық заң­на­ма­ны бұзу фак­тілері аны­қтал­маған күн­нің өзін­де банк­тің өзі үшін өте күр­делі мәсе­ле туын­да­уы мүм­кін. Тек­се­ру нәти­же­сін­де REYL бан­кінің қыз­мет­кер­лері күмән­ді қар­жы­лық опе­ра­ци­я­лар тура­лы ақпа­ратқа екі ай неме­се одан да көп уақыт бойы жау­ап бер­ме­гені бел­гілі болды.

Ақша­ның шығу тегі тура­лы деректер­ді жаңар­ту қажет болған 1400-ден астам кли­ент­ке бес жыл­дан аса уақыт бойы ешқан­дай тек­се­ру жүр­гізіл­ме­ген. REYL-де шот­та­ры болған­дар қата­рын­да тіп­ті ита­льян мафи­я­сы­мен бай­ла­ны­сы бар адам­дар да болған.

Швей­ца­рия про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Дина­ра Құлы­ба­е­ва­ның Жене­ва маңын­дағы сарай­ы­на қан­дай себеп­пен қызы­ғу­шы­лық таны­тқа­ны тура­лы біз осы мате­ри­ал­да жан-жақты баян­даған едік. Соны­мен қатар бұл тер­ге­у­ге Қаза­қстан­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның ешқан­дай қаты­сы жоқ екенін де анықтадық.

Жәу­кен ӘСЕМ

Республиканский еженедельник онлайн