Пятница , 4 июля 2025

Дина ЕЛГЕЗЕК: Ұлттың алдында өтелмеген ҰЛЫ ПАРЫЗЫМЫЗ БАР

  • Бұдан бұры­ны­рақта «Жас Алаш» газетін­де ҚР пре­зи­ден­тінің кеңес­шісі Ерлан Қарин­ның көлем­ді сая­си сарап­та­ма­лық мақа­ла­сы жари­я­ланған еді. Онда пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың жар­лы­ғы­мен құры­лған Ұлт­тық кеңе­стен бастап, қоғам­дағы біраз тақы­рып­тың басы қай­ы­ры­лған болатын.

Әріп­тес газет­те жари­я­ланған осы мақа­лаға орай әле­умет­тік желілер­де біраз пікір­та­лас туды. Ел пре­зи­ден­тінің кеңес­шісі­мен біздің тіл­ші­міздің ара­сын­да болған сұх­бат­ты газет­ке жари­я­ла­у­ға дай­ын­дық бары­сын­да қоғам­дық пікір­лер тепе-теңді­гін сақтау мақ­са­ты­мен таны­мал жур­на­лист, бүгін­де бел­гілі бло­гер Дина Елге­зек­ті де сұх­бат­та­суға шақы­рған едік. Дина ханым Ерлан мыр­за­ның мақа­ла­сы­на орай «Фейс­бук­те­гі» парақ­ша­сын­да жари­я­ланған жаз­ба­сын ұсынды.

Ерлан Қарин­нің «Жас Ала­штағы» сая­си моно­ло­гын оқып шықтым. Оқып шықтым да, Ерланға мына сау­ал­дар­ды қой­ғым кел­ді: Тәу­ел­сіздік­тің қалып­та­су тарихын­да қазақ халқы өзіне жүк­тел­ген жау­ап­кер­шілік­ті қалай атқар­ды? 30 жыл­да қазақ деген халық мем­ле­кет қабы­рға­сы­ның қақы­ра­уы­на жол беріп көр­ді ме? КСРО-ның шек­пе­ні­нен шыққан кей­бір елдер­де аза­мат­тық соғы­стар болып жат­ты. Тағы бір елдер­де бір­не­ше дүр­кін төң­керіс бол­ды. Ал біз­де ең құры­ған­да бір рет мем­ле­кет­тік төң­керіс болып көр­ді ме? Жо-оқ! 30 жыл­да қазақ бәріне көндікті.

Сая­си эли­та­ның есеп­сіз бай­лық жиюы­на, қаз­ба-бай­лы­қтың қызы­ғын өзгенің көруіне, сапа­лы өмір­ге бет­тей алмауы­на, Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры­ның мем­ле­кет­тік билік­ті жау­лап алуы­на, аты­лып кет­кен ары­стар­дың артын қаз­ба­ла­май қоя тұруы­на, әділет­сіз сай­ла­у­лар мен адам құқы­ғы­ның жан­шы­луы секіл­ді адам төз­бес оқиға­лар­дың бәріне, бәріне көнді.

Мем­ле­кет­тің іргесінің берік қала­нуын ертең ешкім өтпе­лі билік­тен сұра­май­ды, халы­қтан сұрай­ды. Соны терең ұғы­нған­ды­қтан халық өзі кем­дік көріп жүр­се де, елдік­ті бәрі­нен биік қой­ды. Айна­лып кетей­ін, «надан әрі гео­са­я­сат­ты біл­мей­тін» халық осы­лай істей ме?

Ақсе­леу аға­ның мына цита­та­сын қол­да­нып­сың: «Ұлт­тық идея деген – ұлт­тың, мем­ле­кет­тің, тек бүгін ғана емес, ұзақ мерзім аясын­да бақыт­ты да кемел өмір сүруін қапы­сыз қам­та­ма­сыз ететін тетік және халы­қтың ынта-жігерін оята­тын бел­сен­ді өмір сал­ты», – деп.

Ал енді мына сұрақтарға жау­ап бер­ші: Дәл осы жүйе қазақ қоға­мын бақыт­ты ете алды ма? Қытай­ға қары­зы бар, табиғи ресур­стар­дың денін қытай­дың қолы­на ұстатқан қазақ бола­шақта бақыт­ты бола ма? Неге қазір­гі жүйе күл­лі халы­қты ашын­ды­рып алды? Өміріне разы, әділ­дік сал­та­нат құрған қоғам­да ана­лар ашы­нып алаңға шыға ма? Қуат­ты мем­ле­кет құру үшін қуат­ты халық болу керек. Құрғақ уәде­мен қар­ны той­ған елдің дені Оңтүстік Коре­я­да тәш­кі тасып, Баты­ста кем­пір мен шал­ды бағып, аза­мат­тық бел­сен­ділік таны­тқан жаста­рың Шри-Лан­ка­ның план­та­ци­я­ла­рын­да қашып жүр. Бақыт­ты қоғам осы­лай жүре ме?

«Ұлт­шыл­дық өзінің тари­хи мис­си­я­сын орын­да­ды» деп­сің. Кешіріп қой­ғын, ұлт­тың алдын­да өтел­ме­ген ұлы пары­зы­мыз бар. Ана тілі­міз орыс тілін билік­тің төріне оты­рғы­зып қой­ып, өзі есік­тен сыға­лап әлі жүр. Туған тілін біл­мей­тін әрі мен­сін­бей­тін ұрпақ әлі бар.

Қазақ билі­гінің жиын­да­ры әлі күн­ге екі тіл­де өтіп, Жаңа жыл мере­кесін­де Қазақ пре­зи­ден­ті әлі күн­ге елді екі тіл­де құт­ты­қтай­ды. Әркім ман­сұқтаған тарихы­мы­зды түген­деп біт­кен жоқ­пыз. Шови­ни­стік пиғыл­дағы қауым қасы­мы­зда мысы­қтіле­уленіп жүр. Геор­гий лен­та­сын 9 мамыр­да кеуде­леріне тағып алып, көше­лер­де көлік­тер шеруін өткіз­гені кеше емес пе?

Дін­нің түр­лі тар­мағы­на бөлініп алып, өзгенің дәстүрін қаза­қтың сана­сы­на тық­па­лаған қауым ше? Енде­ше қай­дағы өтел­ген ұлт­тық мис­си­я­ны айтып отыр­сың? Мем­ле­кет­шіл­дік деген саты­ға өтуі­міз үшін, ең бірін­ші – ұлт мүд­десін бәрі­нен биік қою­мыз керек. Ұлт­тық боры­шы өтел­ме­ген ұлт ешқа­шан мем­ле­кет­шіл­дік­тің дең­гей­іне көтері­ле алмай­ды! Ұлт­шыл­дық рухы жан­шы­лған ұлт­та мем­ле­кет­шіл­дік иде­я­сы идео­ло­ги­я­ның түп қазы­ғы бола алмайды!

Ал мем­ле­кет­шіл­дік дегені­міз – билік­ті қол­дау ғана емес, ел тағ­ды­ры­на алаң­дау, билік­ке кон­струк­тив­ті сын айту. Оппо­зи­ци­я­лық бағыт­тағы халы­қты мем­ле­кет­шіл емес деп айып тағуға бол­май­ды! Олар да өз елін сүй­ген­дік­тен, мем­ле­кет­шіл болған­ды­қтан, ел тағ­ды­ры­на пофи­гизммен қарай алмай­ды. Мем­ле­кет­шіл­дік­тің кри­те­рийі «ман­са­бы бар не жоқ» деген өлшем­мен өлшенбейді!

Қырғыз­стан билі­гін мем­ле­кет­шіл­дік­тен ада деп сөгіп­сің, Укра­и­на­ны жұр­тқа жем бол­ды деп пай­ым жасап­сың. Бір елдің пре­зи­ден­тінің кеңес­шісі ретін­де сенің өзге елдер­дің сая­си үдерістеріне бір­жақты баға беру­ге құқың жоқ!

Рево­лю­ци­я­лар легі өтіп, мем­ле­кет­ті­гі­нен айы­рыл­маған және гүл­деніп жатқан мем­ле­кет­тер бар екенін тарих­тан білесің, сон­ды­қтан бір­жақты қалып­тасқан пікіріңді қоға­мға тық­па­ла­удың қажеті шамалы…

Ерлан, аза­мат­тық уай­ым деген бола­ды. Сон­да, сенің­ше, елдің бүгін­гі тағ­ды­ры­на алаң­дап, пост жазған­дар­дың бәрі халы­қтың көңілі­мен ойнап жүр­ген попу­лист пе? Бұл не мысқыл? Тек қана билік­те­гілер сая­сат­пен айна­лы­сып, халық «ләп­бай, тақ­сыр­ла­тып» оты­ра беруі керек пе? Ау, пікір­лер плю­ра­лиз­мі қай­да қал­ды сон­да?! Сенің­ше, елдің іргесінің сөгіл­ме­уіне билік қана мүд­делі ме? «Қыз­меті өрлеп, ман­сап­ты болу үшін, билік арқы­лы бай­лы­ққа жету үшін, бір күн­дік сая­сат­пен айна­лы­са­тын­дар көбей­ді» деп­сің. Осы жер­де билік­ті сынап, ман­сап­ты болған­дар мен билік арқы­лы бай­лық жиған­дар нақты кім? Атын атап, түсін түстеп жаз­саң­шы. Қоғам да біле жүрсін!

Билік­ті сынап жүр­ген аза­мат­тар­дың талай­ын білем, бірақ солар­дың ман­са­бы биік­теп, не мил­ли­о­нер болып кет­кенін көзім шал­мап­ты. Қай­та олар­дың біра­зы жұмыс­сыз қалып, шетел қашып, билік­тің «қара тізі­міне» енген­дік­тен, жұмыста­ры­нан тепе­ріш көріп жүр­ген­дері­нен хабардармын.

Бей­біт шеру­ге шыққан­дар­дың аза­мат­тық құқы жан­шы­лып, бел­сен­ділер түр­ме­ге қама­лып, тіп­ті кей­біріне «экс­тре­мист» деген айып тағы­лып жатыр. Анық, әділ мем­ле­кет­шіл тұлға бол­саң, соны неге ашық жазбайсың?

Неге қоғам­ның уай­ы­мы­на бір сәт құлақ түр­мей­сің? Объ­ек­тив­ті неге сара­ла­май­сың? Иә, «біз тарих­та талай тепе­ріш көріп, самай­дағы тер, тамыр­дағы қан түгесіл­ген­ше күре­се жүріп, дер­бес мем­ле­кет болуға қол жет­кіздік». Иә, «енді­гі әлсіздік­ті тарих кешірмейді».

Бірақ шыны­ң­ды айт­шы, туған билі­гі­нен әділет­сіздік көріп, туған билі­гі­нен өгей­лік көріп, аза­мат­тық рухы аяу­сыз жан­шы­лып, сапа­лы өмір­ге бет­тей алмаған қазақ қоға­мы­ның жаңа­шыл­ды­ққа деген ұмты­лы­сын, бет­бұрыс жаса­уға деген ұмты­лы­сын келе­шек ұрпақ ақтап алмай­ды деп нық айта ала­сың ба? Ал өзінің халқын осы күй­ге жет­кізіп, дәр­мен­сіз еткен бүгін­гі жүй­ені тарих кеші­ре алар ма екен?

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн