Пятница , 4 июля 2025

Дональд Трамп

ҚЫЗТЕКЕЛЕРГЕ

сәлем жолдады…

ҚР Пре­мьер-мини­стріне және ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің төрағасына!

​Кеше ғана әлем­дік сая­сат­та еле­улі орын алып, бүкіл халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қты өзіне қаратқан АҚШ пре­зи­ден­тінің ресми ұлы­қтау рәсі­мі өтті. Осы күн­ге дей­ін әлем­нің көп­те­ген елдерін­де адам құқы­ғын қорғау, либе­рал­дық көзқа­рас­ты қалып­та­сты­ру мен аза­мат­тық қоғам орна­ту­ды көз­де­ген Құра­ма Штат­тар­да 47-ші пре­зи­дент Дональд Трамп бұдан былай екі жыны­сты бекіт­ті. Яғни, АҚШ-та ер мен әйел жыны­сы заң­мен шегеленді.

​Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жара­ты­лы­сқа қар­сы жыной­нақ топ­тарға біз түгілі, енді АҚШ-та заң­мен тый­ым салы­на­ды деген сөз. Бұл жаңа­лық Баты­сты өздеріне қорға­у­шы санап жүр­ген қыз­те­ке­лер­ге төбе­лері­нен жай түс­кен­дей болға­ны анық. Осы тұста бар­лық қыз­те­ке­лер­ге «Дядя Дональд­тан» жалын­ды сәлем!

Бұл рет­те АҚШ пре­зи­ден­тінің шеші­мі Мәжіліс депу­тат­та­ры­ның ЛГБТ-ға қар­сы ұста­ны­мы­м­ен ұшта­сты. Өйт­кені біз Мәжіліс­ке кел­гелі бері ұлты­мы­здың бола­шағы­на бал­та шауып жүр­ген азғын жол­мен күресіп келе жатыр­мыз. Мен білетін Үкі­мет­ке кемін­де бір­не­ше нақты депу­тат­тық сау­ал жол­дан­ды. Оған қоса, ЛГБТ-ны наси­хат­та­уға тый­ым салу­ды көз­дей­тін арнайы заң нор­ма­ла­рын да әзірледік.

Алай­да осы әре­кет­тері­міз­ге кей­бір шене­унік­тер Батыс елдері өкіл­дерінің «демо­кра­ти­я­ны шек­теп жатыр­сы­ң­дар», «адам құқы­ғын тап­тап жатыр­сы­ң­дар» деген ұста­ным­да­рын желеу қылып, қар­сы­лық біл­дір­ді. Тіп­ті ЛГБТ өкіл­дері және олар­дың сыбай­ла­ста­ры депу­тат әріп­те­стері­ме және олар­дың отба­сы­ла­ры­на әле­умет­тік желі­де, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да жап­пай ақпа­рат­тық шабуыл­дар ұйымдастырды.

Бірақ бұл күре­сте біз жалғыз қалған жоқ­пыз. Көзі ашық, көкіре­гі ояу аза­мат­тар, жал­пы қоғам бізді қол­дап, E‑petition.kz мем­ле­кет­тік плат­фор­ма­сын­да ЛГБТ наси­ха­ты­на қар­сы пети­ция жари­я­ла­ды. Небәрі 2 апта­да пети­ция 50 мың қол жинаға­нын білеміз.

Бұл нені көр­сет­ті?! Бұл ұлт­тық бол­мысы­мы­зға жат, ЛГБТ ағы­мы­на халы­қтың ашық қар­сы екен­ді­гін көрсетті.

Ал Пар­ла­мент бірін­ші кезек­те халы­қтың мүд­десін ескеріп, оны нақты заң­на­ма­мен іске асы­руы тиіс.

Олай бол­са, Үкі­мет тез ара­да келесі шара­лар­ды қолға алуы қажет.

Бірін­ші, жоға­ры­да аталған пети­ция талап­та­рын толық қанағат­тан­ды­ру керек.

Екін­ші, бар­лық плат­фор­ма­лар­да, әле­умет­тік желілер­де ЛГБТ-ны наси­хат­тай­тын заң нор­ма­ла­рын ұсы­на­мыз. Оған Үкі­мет оң қоры­тындыс­ын беруі тиіс.

Үшін­ші, ЛГБТ-ны қол­дап, Мәжіліс депу­тат­та­ры­на ақпа­рат­тық шабуыл­дар­ды ұйым­да­сты­рған тұлға­лар­ды тауып, жаза­ла­уы қажет.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­тат­та­ры аты­нан Еділ ЖАҢБЫРШИН

Республиканский еженедельник онлайн