Суббота , 5 июля 2025

Доғал даудың долбары МЕМСЫЙЛЫҚ ҚАНА МА?

  • Әйгілі жазу­шы­лар Мұх­тар Маға­у­ин мен Дулат Иса­бе­ков аға­ла­ры­мыз пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на бер­гісіз пікір­та­лас көрі­гін қызды­ру­да. «Даудың басы Дай­ра­бай­дың көк сиы­ры» деген­дей, әңгі­ме басы­нан дау арыл­май­тын мем­ле­кет­тік сый­лы­қтан шыққан.

Nege.kz сай­ты тіл­шісінің: «Атақ деген­нен шыға­ды, өткен­де ғана Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа қаты­сты дау бол­ды. Тіп­ті сонау шетел­ден жазу­шы Мұх­тар Маға­у­ин­нің өзі Пре­зи­дент­ке хат жазып, Тұры­с­бек Сәу­ке­та­евқа ара­ша түсіп еді. Осы кез­де сіз­ге қан­дай ой кел­ді? …Мұх­тар Маға­у­ин лай­ы­қты деп баға­лаған Тұры­с­бек Сәу­ке­та­ев­тың шығар­ма­сы көңіліңіз­ден шықты ма?» деген сұрағы­на орай Дулат Исабеков:

«Осы жолы ақын Ғалым Жай­лы­бай­дың, жазу­шы Кәдір­бек Сегіз­ба­ев­тың ұсы­нған шығар­ма­сы дұрыс бол­ды деп ойлай­мын. Мұх­тар Маға­у­инн­нің алы­ста жатып ара­ла­суы­ның түк­ке қажеті жоқ еді. Оның мына жақтағы жай­тқа төрелік айтқа­ны маған ұна­ма­ды. Керісін­ше, қар­сы­лық тудырды.

Жал­пы, Мұх­тар Маға­у­ин­нің бүкіл пози­ци­я­сы маған ұна­май­ды. Шетел­де жатып алып, осы жақтың тір­лі­гіне ара­ла­сып отыр. Өзін­ше бір Сол­же­ни­цын­ге ұқсағы­сы келетін болуы керек», – деп пікір біл­дір­ген екен.

Оған Мұх­тар Маға­у­ин «Орал­ханды да, Құдай­ы­ң­ды да ұмы­тқан екен­сің… Д.Исабековты тәу­баға түсі­ру рәсі­мі» деген ата­у­мен той­та­рыс жау­ап жазып, әле­умет­тік желі­де тара­туға рұқ­са­тын беріпті.

Қысқа-нұсқа мәтіні мынадай:

«Дәп осы ата­у­лы сый­лы­ққа Д.Исабековтың өзі қалай жетіп еді? Иә, бұдан тура отыз жыл бұрын. Бүгін­гі ғала­мат тұлғаға Қаза­қстан­ның Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғын алып бер­ген – Орал­хан Бөке­ев бола­тын. Басқа­лар ұмыт­са да, Д.Исабековтың өзі ұмыт­па­уға тиіс еді. Енді амал­сыз еске түсірейік.

Мен «Жұл­ды­зда­мын». Каби­нетім­де Рымға­ли Нұрға­ли­ев отыр еді. Келер мезет­те үсті­міз­ге Орал­хан кір­ді. Рекеңнің көлең­кесін шалып, «екі ағам­ның басы қосы­лған екен, арнайы келіп тұр­мын» деген. «Ұзын сөздің қысқа­сы, біз – Мем­сый­лық бәй­гесіне ұмты­лған Дулат Иса­бе­ков­ке дауыс беруі­міз керек». «Ол – шама­лы ғана про­за­шы ғой», деп едім. Рымға­ли артын бағып, үнсіз қал­ды. Енді Орал­хан іні­міз біз­ге сал­мақ сала сөй­ле­ген. «Түсіп жатқан басқа жұрт­тан кем емес, оның үстіне менің досым, жақ­сы жігіт. Екі ағаң­ның дауы­сын әпер деп өтін­ді. Ал дәп солай кел­сем, менің өзі­ме дауыс берер ме едіңіз­дер?». «Өткен­де дауыс бер­ге­міз», деді Рымға­ли. «Сон­ды­қтан да туған аға­ла­рым ретін­де еке­уіңіз­ге қата­ры­нан мін­дет артып тұр­мын», деген Орал­хан. Енді амал жоқ. Әуелі мен иіл­дім, содан соң азға­на үгіт­теп, Рымға­ли­ды да көндірдік.

Бұл кез­де Мем­сый­лық тағ­ды­ры ата­у­лы сек­ци­я­лар­да шешіледі, ақы­рғы, жал­пы дауы­стан өтуі – шар­тты рәсім ғана. Уақы­ты жақын­дап қалған екен, асса бірер апта ғана. Ата­у­лы күн­де шешу­ші мәжілісі­міз­ге жинал­дық. Әде­би­ет сек­ци­я­сын­да он жеті мүше бар еді. Он төр­ті ғана қаты­сты. Жабық дауы­сқа салып жібер­ген­де, бүгін­гі дүр Иса­бе­ков небәрі тоғыз дауыс алды. Қажет­ті үштен екі­ге жар­ты өлшем­нен аста­мы жет­пей тұр. Алай­да мұн­дай жағ­дай­да бөл­шек – бүтін­ге сана­луға тиіс қағи­да бар. Соны­мен, тоғыз дауыс бұл шар­тқа сәй­кесіп, Д.Исабеков қиғы­лы­қты мәре­ден өте шықты. Әупірім­мен десек те. Орал­хан­ның ара­ла­суы, қисын­сыз, төбе­ден түс­кен екі аға – Рымға­ли Нұрға­ли­ев пен Мұх­тар Маға­у­ин­нің шешу­ші дауы­ста­ры нәти­же­сін­де. Егер еке­уі­міздің бірі­міз Орал­хан­ның тіле­гін ескер­мей, қалыс қал­сақ, Д.Исабеков күні бүгін­ге дей­ін Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтан үміт­кер­лер қата­рын­да жүріп, бәл­кім, дәп осы жолы Кәдір­бек Сегіз­ба­ев­пен тай­та­ласқа түсер еді. Түс­пес те еді. Өйт­кені соңғы отыз жыл­да жаңа бір шығар­ма жазған жоқ», – деп ойын бүк­пе­сіз жеткізіпті.

Дулат Иса­бе­ков жоғар­дағы сұх­ба­тын­да былай деген:

«АҚШ-та жатып, өзін туған елі­нен қуғын көр­ген­дей көр­се­те­ді. Ол ешқан­дай да қуғын көр­ген жоқ. Осы елден ала­тын­ның бәрін түгел алып алды. Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері атан­ды, Халық жазу­шы­сы бол­ды. «Жұл­дыз» жур­на­лын 20 жыл­дай басқар­ды. Бұл басы­лы­мға ең ұзақ редак­тор болған да өзі. Тіп­ті «Жұл­дыз» жур­на­лы­ның әр санын өз пай­да­сы­на ғана арнап, шыға­рып отырды.

Жұрт­тың пікіріне қар­сы «Мен» деген роман жазып, жари­я­ла­ды. Кей­біре­улер «Мен» емес, неге «Ол» деген роман жаз­бай­ды?» деп пікір қал­ды­рып еді, оларға бас сал­ды. Өзі­нен басқа жазу­шы жоқ екенін анық, ашық айт­ты. Анау Мұх­тар Әуе­зо­вті де, басқа­сы­ның бәрін ысы­рып қой­ып, жалғыз өзін жазу­шы етіп көр­сет­ті. Қалға­ны­ның бәрі одан әлдеқай­да төмен. Ешқай­сы­мыз, өлі­міз де, тірі­міз де аман қалған жоқ­пыз. Осын­дай да пози­ция бола ма екен?!» – деген сөз­дері қаза­қтың қабы­рға­лы қалам­гері Мұх­тар Маға­у­ин­ді қат­ты қапа­лан­дыр­са керек.

Сөз баққан жұрт қаза­қтың маң­дай­ал­ды екі жазу­шы­сы­ның өза­ра қақты­ғы­сын «Екі қошқар­дың басы бір қаза­нға сый­май­ды» деп, атам қазақ бекер айт­паған екен-ау деп қоя сал­май, қызу талқы­ға салу­да. Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың биы­лғы иегері Тұры­с­бек Сәу­ке­та­ев атал­мыш сай­тқа бер­ген сұх­ба­тын­да екі клас­сик жазу­шы­ның өза­ра араз­ды­ғы­ның төр­кінін: «Жұл­дыз» жур­на­лын­да жұмыс істе­генім­де, Иса­бе­ков «Шер­хан Мұр­та­за­ның кезін­де тира­жы 300 мың болған «Жұл­ды­зды» қазір адам оқы­май­тын бол­ды» деп шыққан. Содан кей­ін Мұхаң оған қар­сы мақа­ла жаз­ды. Ара­ла­рын­да осын­дай-осын­дай кикіл­жің, реніш жүр ғой», – деп түсіндіріпті.

Саясат­кер Ермұрат Бапи: «Ежел­гі «қаза­қи қақты­ғыс!» Ел бол­май­тын елдің ере­гесі! Қос қария дәлел­сіз, дәй­ексіз қыжыл­ды судай сапы­рған екен! Өкіні­шті жағ­да­ят!» – деп пікір қал­дыр­са, пуб­ли­цист-жазу­шы Серік Әбікенұлы:

«Мен ес тоқтатқа­лы қазақ зия­лы­ла­ры қырқы­сып келеді. Басын­да ақиқат үшін алы­сып жатқан шығар деп елең ете қала­ты­н­мын, жазған­да­рын оқи­ты­н­мын. 2000-жыл­да­ры сән еді ғой, қай газет­ті ашсаң да, қай­қы қылы­штай қиғы­ласқан тіл, от шашқан сөз. Кей­ін сол «оттан» қаза­ққа түк жылу жоғын түсініп, оқы­май­тын, пікірім­ді айт­пай­тын бол­дым», – дей­ді.

Жаңа буын­ның өкілі, ақын Ұлар­бек Дәлей де:

«Мұх­тар Маға­у­ин мен Дулат Иса­бек­ті дымын қал­дыр­май оқып-оқып, ақы­ры еке­уіне де сек­тант болып кет­кен­мін… Дау жоқ, еке­уі де ұлы жазу­шы­лар, нағыз клас­сик­тер. Сіз­дер енді бірі-біріңіз­ге базы­на айтып, өкпе-наз біл­ді­ре бер­сеңіз­дер, жара­са­ды ғой. Бірақ елге біл­дір­мей, жеке хат жазыс­ып тұрсаңыздар.

Әміри­кә мен Алма­ты ара­сын­да кәдім­гі сарғыш параққа болатұ­шты қалам­мен сәлем мен базы­на жазыс­ып, қазір­гі күні мүл­де өлген пошта­лық хат үлгісін бір тіріл­тіп бер­сеңіз­дер. Іштеріңіз де босап, тату­ла­сып, қауқыл­да­сып қалар едіңіз­дер. Кей­ін, 100 жыл­дан соң үлкен тарих һәм ғажап мұра болар еді», – деп көңіл­ге қоным­ды өтіні­шін жеткізіпті.

Есбол ҮСЕНҰЛЫ,

Abai.kz — «DAT». 08.12.2022

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн