Четверг , 24 июля 2025

ДРОНДАР ДӘУІРІ тудыратын қатерлерден ҚОРҒАНА БІЛЕЙІК!

ҚР Премьер-министріне,ҚР Қорға­ныс министріне!

Бүгін­де ұшқыш­сыз ұшу аппа­рат­та­ры, яғни дрон­дар аза­мат­тық сек­тор­да бел­сен­ді қол­да­ны­лып, қарқын­ды кеңей­іп келеді. Тау­ар­лар тасы­мал­дау мен әуе так­сиі ретін­де дамы­ту әле­уеті де жоға­ры. Сон­ды­қтан оның дамуын қол­дау – заман талабы.

Бұл зама­на­уи тех­но­ло­гия – нано­тех­но­ло­гия, жасан­ды интел­лект және инклю­зив­ті қоғам­ды дамы­ту үдерісінің ажы­ра­мас бір бөлі­гіне айнал­ды. Алай­да бұл құры­лғы­ның бей­біт мақ­сат­тан тыс, қыл­мыстық бағыт­та қол­да­ны­лу қау­пі де жоқ емес.

Еле­стетіп көрей­ік, ста­ди­он­да мың­даған адам фут­бол ойы­нын не кон­церт тама­ша­лап отыр. Сол сәт­те шағын ғана «ойын­шық» дрон әуеде қалы­қтап жүреді. Оның ішін­де не барын ешкім біл­мей­ді. Қауіп сол – ол жай ғана ойын­шық емес, қыл­мыс­кер­дің құра­лы болуы мүмкін.

Мұн­дай жағ­дай­да адам­дар­ды жедел эва­ку­а­ци­я­лау мүм­кін емес, ал оның сал­да­ры орны тол­мас қай­ғы­ға әке­луі ықти­мал. Осы­ған бай­ла­ны­сты дрон­дар өндірісін, сақтау мен қол­да­ну­ды қатаң түр­де рет­теу, олар­ды есеп­ке алу және лицен­зи­я­лау жүй­есін жолға қою қажет­ті­гі әбден пісіп жетілді.

Бүгін­де көп­те­ген елдер дрон­ды басқа мақ­сат­та қол­да­ну­дың алдын алу бой­ын­ша нақты шара­лар қабыл­дап жатыр. Мыса­лы, АҚШ-та Remote ID жүй­есі жұмыс істей­ді. Онда сал­мағы 250 грам­нан аса­тын кез кел­ген дрон өзінің сери­я­лық нөмірін, ұшу коор­ди­на­тын және опе­ра­тор­дың мәлі­метін жолдайды.

Сон­дай-ақ АҚШ билі­гі заң­сыз дрон­дар­ды аны­қта­уға және сер­ти­фи­кат­талған өндірісті ынта­лан­ды­ру бой­ын­ша мем­ле­кет­тік орган­дар­дың өкілет­ті­гін кеңей­ту­ге күш салып отыр. Осын­дай шара­лар, яғни дрон­дарға «қара жәшік» орна­ту, құры­лғы­лар­дың бөл­шек­терін цифр­лық таң­ба­лау, өндіру­шілер­ді лицен­зи­я­лау сияқты мін­дет­тер Еуро­па­лық одақ елдерін­де, Ұлы­бри­та­ния, Кана­да мен Австра­ли­яда да қабылдануда.

Қаза­қстан­да да сал­мағы 250 грам­нан аса­тын, каме­ра­сы неме­се сен­со­ры бар дрон­дар мін­дет­ті түр­де тір­ке­луі тиіс. Дрон­дар­ды қол­да­ну бой­ын­ша да шек­те­улер бар. Бірақ бұл талап­тар іс жүзін­де толық орын­да­лып жатқан жоқ. Кез кел­ген ойын­шық сата­тын, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар дүкен­дері­нен сал­мағы 15 келі­ге дей­ін­гі дрон­ды еш кедер­гісіз сатып алуға болады.

Ашы­ғын айту керек, осы сала­дағы рет­теу шара­ла­ры өзгер­мелі заман сұра­ны­сы­на толық көлем­де сай келіп отыр­маға­нын мой­ын­даған жөн. Remote ID жүй­есінің бол­мауы, шағын дрон­дар­дың бақы­ла­у­ға алын­ба­уы, өндіру­шілер үшін лицен­зи­я­лау тала­бы­ның қой­ыл­мауы заң­сыз өндіріс пен дрон­дар­ды қауіп­ті мақ­сатқа пай­да­ла­нуға саңы­лау қал­ды­рып отыр.

Жасан­ды интел­лек­ті қол­да­ну­дың кеңе­юіне орай кез кел­ген дрон­ды адам­ның қаты­суын­сыз заң­сыз әре­кет­тер жаса­уға, қыл­мыстық істер­ді жүзе­ге асы­руға бағ­дар­ла­ма­ла­у­ға болады.

Қылмыстың алдын алу және ел аза­мат­та­ры­ның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да дрон­дар­ды лицен­зи­я­лау тала­бын күшей­тіп, шағын ұшу аппа­ра­тын тір­кеу аясын кеңей­ту маңы­зды. Соны­мен қатар бар­лық дрон­дар үшін онлайн режим­де жұмыс істей­тін элек­трон­дық сәй­кестен­ді­ру жүй­есін енгі­зу мәсе­лесін қарас­ты­ру керек.

Осы­ған орай тез ара­да мына­дай нақты шара­лар­ды қабыл­да­уды сұраймыз:

1. Сал­мағы 250 грамм­нан аса­тын бар­лық құры­лғы­лар үшін Remote ID енгізу.

2. «Қара жәшік­тер­ді» мін­дет­ті түр­де енгі­зу арқы­лы ұшу тарихын есеп­ке алу жүй­есін кеңей­ту, сон­дай-ақ жасан­ды интел­лект арқы­лы жасалған деректі беру және өңдеу.

3. Негіз­гі торап­тар­ды мін­дет­ті түр­де таң­ба­лау тала­бы­мен дрон өндіру­шілер­ді лицен­зи­я­ла­уды енгізу.

4. Дрон­дар­ды заң­сыз құра­с­ты­ру және бұқа­ра­лық шара­лар­ды құрал ретін­де қол­да­ну үшін әкім­шілік және қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ті күшей­ту керек.

Бұл уақы­ты­лы және жан-жақты шара­лар туын­да­уы мүм­кін қай­ғы­лы оқиға­лар­дың алдын алуға және аза­мат­та­ры­мы­здың қауіп­сіздік дең­гей­ін айтар­лы­қтай арт­ты­руға мүм­кін­дік беретініне сенімдіміз.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «AMANAT» фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры атынан

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн