Четверг , 11 сентября 2025

Дін білімге қарсы емес

Aлла таға­ла қаси­ет­ті Құран­да жер­ге ие болып қала­тын­дар, түп­кі жеңіс­ке жететін­дер – иман­ды­лар мен ізгі іс істе­ген ігі құл­да­рым деп жазған. Алла таға­ла­ның ең таң­даған, ұнатқан діні – Ислам, жеңіс­ке жететін­дер – мұсыл­ман­дар деген уәдесі қаси­ет­ті Құран­да жазы­лған­ды­қтан, Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев дін мәсе­лесін үне­мі қозғап келеді.

Совет үкі­метінің 70 жылғы ате­изм идео­ло­ги­я­сы талай­лар­ды дін білі­мі­нен алшақтат­ты. Дін­сіз ғалым­дар пай­да бол­ды. Тіп­ті кей­біре­улер қаза­қтар дін­ді ұста­маған деген сөз­дер айт­ты. Дін тура­лы заң сұрап жатқан­дар­дың өздері дін­нен толық хабар­ла­ры жоқ. «Дат» газетіне «Дін мәсе­ле­лері…» тақы­ры­бын­да мақа­ла жазған ғалым Сая­сат Бей­і­с­бай­дың өзі Құран­ды біл­мей­тін­ді­гі, мешіт­те қан­дай уағыз айты­ла­ты­нын біл­ме­уі, бала­лар­дың мешіт­ке барға­нын бір сұм­дық көруі, мешіт­ке жақ­сы маши­на­мен барған кәсіп­кер­лер­ді жау ма деп күдік­те­нуі, хиджап киген­нің тығу­лы бір нәр­сесі бар шығар деп қауіп­те­нуі, сала­фит­тер­ді жау деуі, сақал мен тер­ро­ри­стер­ді бірік­тіруі – қоғам­нан мүл­де оқша­у­ла­нып қалған ба, тым құр­ма­са мешіт­ке барып көр­мей ме деген ой туғызады.

Ал көз­ден басқа жерін – аузы-мұр­нын, бетін жауып, хиджап киген­дер күдік­те­нетін­дей жау емес, дін­ге сену­шілер. Олар халы­қтың неше пай­ы­зы? Мыса­лы, Үржар мен Мақан­шы аудан­да­рын­да аузы-мұр­нын, бетін жапқан біреу көр­медім. Басқа аудан­дар­да да осын­дай шығар. Қаза­қтың бұры­нғы сал­тын ұстап, басын ашық қыл­май, зей­нет­терін көр­сет­пей жүр­ген­дер бар. Олар – қаси­ет­ті Құран тала­бы­мен, ежел­гі қазақ ғұр­пы­мен жүр­ген дін­ге сенушілер.

Н.Назарбаев билі­гінің тұсын­да КНБ өз беделін көтер­ген үлкен бір жұмыс жасап, уағыз айтып жүр­ген бір топ сала­фит­тер­ді талқан­да­ды. Сол топ­та болған біздің ауыл­дың иман­ды, қой аузы­нан шөп алмай­тын жуас, бес уақыт нама­зын қаза қыл­май­тын, шын­шыл, адал, тақуа Нұр­бо­лат атты аза­мат та бол­ды. Мен одан: «Ей, сен­дер не бүл­діріп жүр­сің­дер?» – деп күліп сұра­дым. Күл­генім, ол аза­мат­тың еш уақыт­та теріс қылы­ққа бар­май­ты­нын білемін.

– Біз үкі­мет­ке зиян кел­тіретін­дей ешқан­дай іс жасаға­мыз жоқ. Біз қаси­ет­ті Құран тала­бы, иман­ды­лық, адам­гер­шілік, Аллаға құл­шы­лық, ақи­рет, тозақ, жан­нат тура­лы уағы­здар айтқан­быз, – деді ол. КГБ өз беделін көте­ру үшін 37-жылы «халық жауы», 45-жылы «жапон тың­шы­сы» деп қаза­қтар­ды қырға­ны секіл­ді, Назар­ба­ев тұсын­дағы сала­фит тобын талқан­да­уы да соған ұқсас, бедел үшін бе деген күмән туады.

Ислам дінінің кіта­бы – қаси­ет­ті Құран тала­бы­ның біздің ғұр­пы­мы­з­бен, ұлт­тық ерекшелі­гі­міз­бен сәй­кест­і­гіне бір­не­ше мысал келтірейін.

1. Қаси­ет­ті Құран­да арақ ішу­ге, темекі, нар­ко­тик пай­да­ла­нуға тый­ым салы­нған. Біздің ата-баба­ла­ры­мыз арақ ішпе­ген, темекі, нар­ко­тиктер­ді пай­да­лан­баған. Құран тала­бын, баба­лар әдебін ұмы­тқан­дар зия­нын шегуде.

2. Қаси­ет­ті Құран­да әйел­дер баста­ры­на бүр­кен­шік оран­сын, зей­нет­терін көр­сет­пе­сін деген. Біздің бұры­нғы бар­лық әже­лері­міз қыз, келін­шек, әйел кез­дерін­де басын еш уақыт­та ашық қал­дыр­маған, шыт, шәлі-салы, тақия, сәу­ке­ле, киме­шек, бөрік, қаса­ба, ора­мал, жаулық, бөке­бай киген, мұның бар­лы­ғын араб­ша хиджап десе бола­ды. Құран­да бүр­кен­шік деп жазы­лған, біздің­ше бас киім. Осы бүр­кен­шік тала­бын ұмы­тқан­ды­қтан, нәзік жара­ты­лған жалаң­бас әйел­дер суы­қтан, ғары­штан келетін зиян­ды толқын­дар­дан зардап шегу­де: ринит, сину­сит, гай­мо­рит, бас ауру­ла­ры, жүй­ке ауру­ла­ры­на ұшы­рай­ды, жалаң­бас басқа толқын­дар әсер еткен­дік­тен, орта­лық жүй­ке жүй­есі арқы­лы бар­лық ағза­ларға зия­нын тигізіп, көздің, құлақтың көру, есту қабілет­тері ерте нашар­лай­ды, әлсіз, мүге­дек бала­лар тууы­на әсер ете­ді, басқа да ауру­лар­ды ушы­қты­ра­ды. Зей­нет­терін ашып, алба­ты біре­улер­дің нәп­сісін қоз­ды­ра­ды. Нәп­сісі қозған­дар қараңғы­да, оңа­ша­да біре­улер­ді зор­лай­ды, ізін суы­ту үшін өлтіреді.

Бөтен елге еш жерін көр­сет­пеу біздің бета­шар­да сақталған. Басын түгел жаба­тын бас киім желек деп ата­ла­ды. Жаңа түс­кен келін желек жамы­лып тұрып, ата-ене, туған-туы­стар­ды таны­ған соң, мынау енді өз елің деп бетін ашады.

3. Қаси­ет­ті Құран­да кісі өлтір­ген­дер өлтіріледі, егер зәбір көр­ген жақ қала­са, кінәлілер құн төлей­ді, әртүр­лі жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты басқа да жол­да­ры бар. Қаза­қтар­да қанға қан, жанға жан қағи­да­ты болған неме­се ердің құны – 100 жылқы төлеген.

4. Құран тала­бын­дай қаза­қтар ора­за ұстаған, айт­шы­лаған, құр­бан­дық шалған, қажы­лы­ққа барған, пай­ғам­бар сүн­нет­терін орындаған.

5. Құран тала­бы – мұсыл­ман­дар білі­мін көте­ру­ге мін­дет­ті десе, біздің ата-баба­ла­ры­мыз бала­ла­ры­на жас кезі­нен мол­да­лар­дан сабақ алғы­зып, оқуға бер­ген. Ерте­ректе бар­лық қазақ намаз оқи алған.

6. Қаси­ет­ті Құран­да ер адам бас­шы, әйел бағы­ну­шы, бой ұсы­ну­шы десе, біздің ғұр­пы­мы­зда бұл да сақталған.

7. Қаси­ет­ті Құран­да қар­тай­ған әке-шеше­ге «түһ» деме, зекі­ме, күт десе, біздің қаза­қтың сал­тын­да бұл да бар.

8. Қаси­ет­ті Құран­да үйле­нетін қызға ер аза­мат махр төле­се, келісім­мен не төле­ме­се, қаза­қта қыздың әке-шеше­сіне қалың төле­ген, оны қыздың жаса­уы­на жұм­саған. Төлеу, төле­меу қаза­қта да келісіммен.

9. Қаси­ет­ті Құран тала­бы үлкен­ді сый­лау, құр­мет­теу – қазақ сал­тын­да бар.

10. Қаси­ет­ті Құран­да мұсыл­ман­дар бір-біріне бауыр, басқа дін­де­гілер­ді кәпір десе, қаза­қтар осы бұй­ры­қты ұстанған.

11. Қаси­ет­ті Құран­да дін­де зор­лық жоқ, кәпір­лер өздері тиіс­пе­се, сен­дер де тиіс­пе­ң­дер деген бұй­ры­қты қаза­қтар ұстанған.

12. Қаси­ет­ті Құран­да шын­ды­қты жақтаң­дар десе, қазақ билері шын­ды­қты, ақиқат­ты қолдаған.

13. Қаси­ет­ті Құран­да ақиқат – Алла жолын­да, ел қорғау, Отан қорға­уда Аллаға тәу­е­кел ет, қоры­қ­па десе, қаза­қтар Аллаға тәу­е­кел етіп, соғы­стан қоры­қ­паған. Оған дәлел – тарих­тағы соғы­стар­дағы қаза­қтар­дың ерлі­гі, батыр­лы­ғы. Қазақ халқы­ның салт-дәстүр, ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­ның қаси­ет­ті Құран­мен бір­дей­лі­гінің, сабақ­та­сты­ғы­ның мысал­да­рын әлі де жаза беру­ге бола­ды, әзір­ше қаза­қтар Ислам дінін ұстаған жоқ деген­дер­ге осы жетер. Ең маңы­здысы – Алла­дан басқа тәңір жоқ, Мұхам­мед оның елшісі деген мұсыл­ман­ды­қты біл­діретін қаси­ет­ті, қадір­лі сөзді ұстанғанбыз.

Мешіт­те айты­ла­тын уағы­здар­ды біл­ген дұрыс. Менің­ше, оның негіз­гілері: қаси­ет­ті Құран­дағы Алла сөз­дерінің қазір­гі өмір­мен, уақыт­пен бай­ла­ны­сты­лы­ғы, ора­за, Рама­зан айт, Құр­бан айт, ара­па күн­дер, қаси­ет­ті айлар, қаси­ет­ті түн­дер, намаз қаси­еті, пай­ғам­бар өмірінің өне­гесі, бір­лік­ке шақы­ру, шын­ды­қты жақтау, бас­шы­ларға қар­сы шық­пай бағы­ну, оқу-білім­ді үне­мі дамы­тып оты­ру, адам­гер­шілік, иман­ды­лық, хатым қаси­еті, Құран сүре­лерінің қаси­ет­тері, шипа аят­та­ры, 54 парыз, жән­нат, тозақ, ақи­рет, т.б.

Мешіт­тер­де­гі имам­дар­дың бар­лы­ғы терең білім­дар деу­ге кел­мес, өйт­кені бар­лы­ғы бір­дей жоға­ры білім алған жоқ. Ғалым­дар, фило­соф­тар, жоға­ры білі­мі бар­лар дін­ге бұры­лып, Құран­ды зерт­теп, уағыз айт­са, нұр үстіне нұр болар еді. Ал енді Құран­ды оқы­май, дін тура­лы фәл­са­па айтқан­дар­дың шикілік­тері көрініп тұра­ды. Бар­лық мұсыл­ман Құран талап­та­рын біл­гені абзал.

Ол үшін, бірін­ші, мек­теп­тер­де дін сағат­та­ры емес, арнайы діни сабақ – мек­теп­тер­ге арналған оқулық кіта­бын оқу бағ­дар­ла­ма­сы­на кір­гіз­се, діни білім­ді, тәр­би­ені берер еді. Ел үшін жан­да­рын қиған Алаш аза­мат­та­ры­ның үлгісін, тәр­би­есін, адам­гер­шілі­гін, иман­ды­лы­ғын жастар діни кітап арқы­лы бой­ы­на сіңірер еді.

Екін­ші. Бар­лық заң қаси­ет­ті Құран заң­да­ры­мен жазыл­са, қоғам­ды алға жыл­жы­тар еді. Сая­сат, қорға­ныс мәсе­ле­лерін­де Алла көр­сет­кен жол­мен нық тұру керек.

Жасөс­пірім бала­лар­дың мешіт­ке барға­ны­нан шошы­май, қуа­ну керек. Алла сөзі олар­дың рухын күшей­тіп, жанын таза­лай­ды. Мешіт­тен намаз­ды үйрен­се, алдағы өмірін­де Алла­мен күніне бес уақыт сыр­ла­са ала­ды, жағ­дай­ын жақ­сар­туы­на, білі­мін арт­ты­руы­на, ауру­дан жазы­луы­на, қатер­ден сақта­нуы­на, сапар­да жолы болуы­на, тіле­гінің орын­да­луы­на намаз арқы­лы Алла­дан көмек ала­ды. Намаз арсызды­қтан, қыл­мыстар­дан, жемқор­лы­қтан, бұзы­қты­қтан сақтайды.

Үшін­ші. Мешіт­ке барған­дар білім­ге қар­сы емес. Қаси­ет­ті Құран­ның ең алға­шқы сүресі оқы деген сөз­ден баста­ла­ды. Білім­ді тез қабыл­да­уы­на көмек беретін «Раб­би зид­ни ғил­ман» деген аят-дұға­ны бер­ген. Бір мысал кел­тірей­ін, осы­дан бес жыл бұрын Алма­ты­да емти­хан кезін­де талап­кер бала уай­ым­дап, қорқып, ешнәр­се есіне түсі­ре алмай қиналға­нын көр­ген әкесі 1000 км жер­де­гі маған теле­фон шал­ды. Қаси­ет­ті Құран­ның бір-екі аятын оқы­дым. Қол­ма-қол бала­ның жүре­гі орны­ғып, батыл­дық кіріп, өзін жақ­сы сезініп, емти­ханды жақ­сы тап­сы­руы­на шара­па­тын тигізді. Егер бала бір-екі сүре біл­ген бол­са, өзі-ақ қиын­ды­қтан құты­лар еді. Біз – мұсыл­ман­быз, иман­ды­лы­ққа үкі­мет­пен, мешіт­пен, мек­теп­пен, діни білі­мі бар­лар­мен бір­ле­се оты­рып, жап­пай ұмты­лға­ны­мыз абзал. Дін тура­лы заң­нан күтері­міз осы.

Мар­лэс САБЫРҰЛЫ,

Абай облы­сы, Мақан­шы ауданы

Республиканский еженедельник онлайн