Четверг , 16 октября 2025
default

Дін саласының даму үрдістері мен қазіргі ахуалы қалай?

Қаза­қстан – көп­эт­но­сты және көп­кон­фес­си­я­лы мем­ле­кет. Елде­гі діни жағ­дай тұрақты қалып­тасқан. Ислам­ның сун­нит­тік хана­фи мәзһа­бы мен пра­во­слав хри­сти­ан­дық дәстүр­лі дін­дер қатар дамып, өзге кон­фес­си­я­лар­мен бей­біт өмір сүріп келеді. Оған тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да дін сала­сы­ның елде­гі ұлт­тық қауіп­сіздік, қоғам­дық тұрақты­лық және руха­ни жаңғы­ру сая­са­ты­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты салаға айналға­ны дәлел.

Дәстүр­лі дін­дер­ді дұрыс қабыл­даған елміз

Қазақ дала­сы­на ислам діні VIII ғасыр­да тара­ла баста­ды. Сөй­тіп, көшпе­лі өрке­ни­ет­тің дүни­е­та­ны­мы мен ислам құн­ды­лы­қта­ры­ның үйле­суі қазақ мәде­ни­етінің негізін қала­ды. Ал пра­во­сла­вие мен като­ли­цизм біз­де бел­сен­ді түр­де XIX ғасыр­дың екін­ші жар­ты­сы­нан бастап дамы­ды. Алай­да кей­ін­гі кеңе­стік кезең­де ате­и­стік сая­сат үстем­дік құрып, діни инсти­тут­тар шек­тел­ді. Содан кей­ін дін еркін­ді­гіне тек 1991 жылы тәу­ел­сіздік­пен бір­ге жол ашылды.

Бүгін­де Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы ел ішін­де ислам­ның негіз­гі орта­лы­ғы ретін­де қыз­мет атқа­ра­ды. Соны­мен қатар пра­во­сла­вие шір­ке­уі, като­лик­тік при­ход­тар, про­те­стант­тық қауым­дар, иудей­лік және буд­ди­стік діни бір­ле­стік­тер бар. Әділет мини­стр­лі­гінің дере­гіне сүй­ен­сек, бүгін­де Қаза­қстан­да 3800-ден аса діни бір­ле­стік ресми тіркелген.

Басты еске­рер жайт, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сын­да мем­ле­кет пен дін­нің бөлек екені анық көр­сетіл­ген. Сол бас құжат­тың 1‑бабы мем­ле­кет­тің зай­ыр­лы сипатқа ие екенін нақты­лай­ды. Деген­мен билік діни экс­тре­мизм мен ради­ка­лизм­ге қар­сы бел­сен­ді сая­сат жүр­гізіп, дәстүр­лі кон­фес­си­я­лар­дың қыз­метін қол­дай­ды. «Діни қыз­мет және діни бір­ле­стік­тер тура­лы» Заң – осы сала­ны құқы­қтық рет­те­удің басты құра­лы. Сон­ды­қтан қоғам­дық пікір­де дін руха­ни құн­ды­лы­қтар­ды сақта­удың фак­то­ры ретін­де бағаланады.

Биыл 17 қыр­күй­ек­те пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Аста­на­да бас қосқан әлем­нің ең бедел­ді руха­ни көш­бас­шы­ла­ры мен басқа да қаты­су­шы­ларға дәстүр­лі Дін­дер съезді жұмысы­на қол­дау көр­сет­кен­дері үшін алғы­сын біл­дір­ді. Бұл тура­лы Ақор­да­ның ресми сай­ты хабарлады.

«Дін бас­шы­ла­рын гума­ни­стік көзқа­рас­тар­ды ту еткен бей­біт­шілік елшілері деп айтуға бола­ды. Сіз­дер ортақ мүд­де үшін бірі­гіп, әлем жұрт­шы­лы­ғын игі мақ­сат жолы­на жұмыл­ды­руға ниет біл­діріп отыр­сыздар. Бар­шаңы­зға шынайы риза­шы­лы­ғым­ды біл­діре­мін», – деді сон­да мем­ле­кет басшысы.

Оның айтуын­ша, Съезд алғаш қыз­метін бастаған сәт­тен бері қазір­гі заман сын-қатер­лерін ашық талқы­лай­тын біре­гей алаңға айналған. Кон­грес­ке қаты­су­шы­лар­дың ұсы­ным­да­ры­на сәй­кес, Съездің 2033 жылға дей­ін­гі даму тұжы­рым­да­ма­сы әзір­леніп, ол қазір­ден-ақ іске асып жатыр.

«Съездің қоры­тын­ды декла­ра­ци­я­сы ресми құжат ретін­де БҰҰ Бас Ассам­бле­я­ла­ры­на тара­ла­ды. Бұл – съезд жұмысы­на беріл­ген жоға­ры баға. Алдағы мерей­той­лық 80-сес­си­яда да аталған үрдіс жалға­са­ды деп үміт­те­не­мін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пре­зи­дент­тің атап өтуін­ше, қазақ дала­сы­на әлем­де­гі ең негіз­гі дін­дер мен кон­фес­си­я­лар­дың бар­лы­ғы дер­лік тараған және олар бір-бірі­мен жара­сым тапқан.

«Біз қазір­гі Қаза­қстан­да да осы игі дәстүр­ді сақтап, одан әрі дамы­туға бар күш-жігері­мізді сала­мыз. Елі­міздің этно­са­ра­лық және діна­ра­лық келісім­ді нығай­ту­да тәжіри­бесі мол. Қаза­қстан­ның этно­стық әрі діни толе­рант­тық моделі «Бір­лі­гі­міз – әра­лу­ан­ды­қта» қағи­да­ты­на сүй­е­неді. Бұл ұста­ным тіп­ті әлем­дік өлшем тұрғы­сы­нан біре­гей сана­ла­тын Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның қыз­метін­де де көрініс тапқан», – деді мем­ле­кет басшысы.

Нақты тоқта­ла кет­сек, бүгін­де елі­міз­де 18 кон­фес­си­яға тиесілі 4 мыңға жуық діни бір­ле­стік бар.

«Біз ЮНЕ­СКО-ның Бүкіләлем­дік мұра­лар тізі­міне енген Қожа Ахмет Яса­уи кесе­несі секіл­ді киелі жер­лер­ді, ерте­де және қазір­гі заман­да бой көтер­ген мешіт­тер­ді, пра­во­сла­вие мен като­лик шір­ке­улерін, Алма­ты­дағы буд­да орта­лы­ғы мен «Бейт Рахель Хабад Люба­вич» сияқты сина­го­га­лар­ды қорғап, қол­дау көр­се­те­міз. Мем­ле­кет діни қауым үшін ерекше маңы­зға ие бар­лық қаси­ет­ті орын­дар­дың сақта­луын өз қамқор­лы­ғы­на алған. Маңғы­ста­удағы Бекет ата мешіті, Іле өзенінің жаға­сын­дағы Тамға­лы тас буд­да пет­ро­глиф­тері, Алма­ты­дағы Леви-Исхак Шне­ер­сон­ның қабірі, като­лик­тер айры­қ­ша ардақтай­тын Сол­түстік Қаза­қстан­дағы Мәри­ям­көл – осы­ның жарқын мыса­лы. Киелі жер­лер наным-сені­мі әртүр­лі адам­дар­ды бірік­тіріп, ұрпақтар сабақ­та­сты­ғы мен руха­ни бай­ла­ны­сты сақтай­ды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Лаң­кестер­дің лаңы­нан сақтан

Әсіре­се Қаза­қстан­дағы жастар ара­сын­да дін­ге деген бет­бұрыс айқын бай­қа­лып отыр. Әле­умет­тік зерт­те­улер­ге сүй­ен­сек, олар­дың 70%-дан аста­мы өзін бел­гілі бір дін өкілі деп санай­ды. Бұл діни құн­ды­лы­қтар­дың жастар ара­сын­да маңы­зды­лы­ғын арт­ты­рған­мен, ради­кал­ды ағым­дар­дың ықпа­лы­на түсу қау­пін де жоға­ры­ла­тып отыр. Осы­ған орай, ел билі­гі зай­ыр­лы білім мен дәстүр­лі ислам­ды үйле­стіруді мақ­сат етеді.

Діни ради­ка­лизм қау­пін алға тар­тып оты­рға­ны­мыз, қазір Орта Азия аймағын­дағы экс­тре­ми­стік ұйым­дар Қаза­қстанға да ықпал ету­ге тыры­сып әлек. Сол себеп­ті біз­ге жастар­дың діни сау­ат­ты­лы­ғы маңы­зды. Ол үшін интер­нет пен әле­умет­тік желілер­де­гі ради­кал­ды наси­хатқа қар­сы ресми діни инсти­тут­тар­дың ақпа­рат­тық әле­уетін күшей­ту қажет. Әйт­пе­се шетел­дік діни ұйым­дар мен мис­си­о­нер­лер­дің ықпа­лы қоғам­да пікір қай­шы­лы­ғын туды­руы мүм­кін. Бүгін­де соларға қар­сы дәстүр­лі дін­дер ара­сын­дағы тең­герім­ді ұстап отырмыз.

Жал­пы, кон­фес­си­яа­ра­лық татулық – Қаза­қстан­ның ішкі тұрақты­лы­ғы үшін стра­те­ги­я­лық фак­тор. Сон­ды­қтан елде 2003 жыл­дан бері Әлем­дік және дәстүр­лі дін­дер лидер­лерінің съезі өткізіліп келеді. Бұл баста­ма Қаза­қстан­ды жаһан­дық діна­ра­лық диа­лог­тың орта­лы­ғы­на айнал­дыр­ды. Соны­мен қатар «Руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­сы ұлт­тық дәстүр­лер мен дін­нің үйлесім­ділі­гін дәріптейді.

Дін­та­ну­шы ғалым­дар­дың айтуын­ша, Қаза­қстан­дағы діни аху­ал­дың тұрақты­лы­ғы мем­ле­кет­тің діни плю­ра­лизмді сақтап, ради­кал­ды ағым­дарға жол бер­ме­уі­нен көрінеді.

Жал­пы, Қаза­қстан­да діни сенім бостан­ды­ғы сақта­ла­ды, бірақ мем­ле­кет экс­тре­ми­стік және ради­кал­ды ұйым­дар­дың қыз­метіне қатаң тый­ым сала­ды. Қыл­мыстық кодекс пен Әкім­шілік кодек­сте экс­тре­мизм мен тер­ро­ризмді наси­хат­та­уға, заң­сыз діни жина­лы­стар өткізу­ге, ради­кал­ды иде­я­лар­ды тара­туға қатаң жаза­лар қарас­ты­ры­лған. Ел ішін­де ресми түр­де бір­не­ше ондаған ұйым экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік деп таны­лып, олар­дың қыз­метіне тый­ым салы­нған. Сон­ды­қтан дін істері агент­ті­гі және жер­гілік­ті басқар­ма­лар жанын­дағы дін істері басқар­ма­ла­ры ради­кал­ды ағым­дарға қар­сы әлі де түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гізіп келеді. Ақпа­рат­тық-түсін­ді­ру топ­та­ры халық ара­сын­да, әсіре­се жастар мен оқу орын­да­рын­да кез­де­су­лер өткізіп, дәстүр­лі дін мен ради­кал­ды идео­ло­ги­я­ның айыр­ма­шы­лы­ғын айқын­дап береді.

Түзе­ту меке­ме­лерін­де де арнайы бағ­дар­ла­ма­лар бар. Онда ради­кал­ды иде­я­лар­ды ұста­нып қалған аза­мат­тар­ды қай­та әле­умет­тен­ді­ру жұмыста­ры жүргізіледі.

Сон­дай-ақ интер­нет пен әле­умет­тік желілер­ге мони­то­ринг жаса­лып, экс­тре­ми­стік маз­мұн­дағы мате­ри­ал­дар бұғат­та­лып жатыр. БҰҰ деректеріне сәй­кес, қазір интер­нет арқы­лы тара­ла­тын ради­кал­ды идео­ло­гия дәстүр­лі үгіт-наси­хат­тан әлдеқай­да қауіп­ті. Зерт­те­улер көр­сет­кен­дей, ради­кал­ды ағым­дарға қосы­лған­дар­дың шама­мен 70 пай­ы­зы әле­умет­тік желілер мен онлайн-ресур­стар арқы­лы ықпалға түс­кен. Қаза­қстан­да экс­тре­ми­стік мате­ри­ал­дар тара­та­тын неме­се ради­кал­ды ұйым­дарға қаты­сты ақпа­рат беретін шама­мен 1 600 сайт анықталған.

Бұл факт ради­ка­лиз­мнің негіз­гі теті­гінің өзгер­генін көр­се­те­ді. Бұрын ради­кал­ды топ­тар жеке жина­лы­стар мен жасы­рын діни сабақтар арқы­лы адам тарт­са, қазір басты арна – цифр­лық кеңістік. Осы­ған бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­да да арнайы киберқа­даға­лау және интер­нет-мони­то­ринг орта­лы­қта­ры жұмыс істеп тұр.

Ресми дерекке сүй­ен­сек, 2023 жылы шама­мен 80 мың жас қаза­қстан­дық әле­умет­тік желілер­де­гі, мес­сен­джер­лер­де­гі деструк­тив­ті қауым­да­сты­қтар­дың ізба­са­ры саналған. Оның 6 мыңға жуы­ғы – кәме­лет­ке тол­маған балалар.

Сол жылы сот­тар экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қаты­сты іс-әре­кет­тер бой­ын­ша 120-дан аса адам­ды қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тартты.

Ал 2024 жылы Қаза­қстан­да діни және ұлт­тық ала­у­ы­здық туғы­зу, тер­ро­ризм наси­ха­ты, экс­тре­ми­стік ұйым­дарға қаты­су сияқты 85 экс­тре­ми­стік қыл­мыс тіркелген.

Еркеға­ли БОЛАТҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн