Пятница , 4 июля 2025

ДІН ТУРАЛЫ толыққанды ЗАҢ ҚАЖЕТ!

Құрмет­ті Пре­зи­дент мыр­за! Бүгін­де біздің қоғам­да дай­ын­да­лып жатқан жаңа заң­дарға деген адам­дар­дың қызы­ғу­шы­лы­ғы мүл­дем жоқ. Елде­гі қалып­тасқан дәстүр – заң­ды билік жаза­ды, оны пар­ла­мент біра­уы­здан қабыл­дай сала­ды. Соның нақты­лы көрінісі қазір мәжілістің екі талқы­сы­нан жеңіл өтіп, сенатқа жіберіліп оты­рған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне көр­нек­ті ақпа­рат және діни қыз­мет мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сы. Осы заңға бай­ла­ны­сты БАҚ бет­терін­де жауыр­ды жаба тоқы­ған мем­ле­кет­тік тіл­ге қаты­сты заң аз-кем айты­лға­ны бол­ма­са, «Дін тура­лы заң­дағы» толы­қты­руға мән беріп жатқан не қоғам­дық ұйым­дар, не қазақ зия­лы­ла­ры мен ұлт­шыл аза­мат­та­ры, не дін жана­шыр­ла­ры, не Рес­пуб­ли­ка мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы үн қатып оты­рған жоқ.

«Дін­нің сөзін кім сөй­лей­ді, дін­ді кім қорғай­ды?» деген сұрақ ашық тұр. Өйт­кені бел­гілі ғалым, қазір­гі Евра­зия уни­вер­си­тетінің про­рек­то­ры Д. Қам­за­бекұ­лы айтқан: «Ислам тура­лы әңгі­ме айт­саң, саған 37-жыл­дың автор­лы­ғын бере салуы да кәдік», – деген үрей біздің халқы­мы­здың көкіре­гіне мықтап еніп алған. Себебі біз Алла­ның Құра­ни заң­ды­лы­ғын емес, үкі­мет заңы­нан қорқып, тір­шілік кешудеміз.

Бұлай айтып оты­рға­ным, біз­де елді ел ететін – дін екенін көте­ретін­дер әзір­ге кем болып отыр. Өзі де аз дін қай­мағы саналған дін қай­рат­кер­лерін кезін­де кеңес үкі­меті ұйым­да­сты­рған репрес­сия (1926–1931 жж.) сыпы­рып алған. Солай бола тұрған­мен, ұлт­тық бол­мысы­мы­зға сай Дін тура­лы толы­ққан­ды заң­ды халқы­мыз күтіп отыр. Бұл әбден пісіп жетіл­ген қажет­тілік. Оның нақты­лы көрінісі елі­міз­де алды­мен Дін істері жөнін­де­гі агент­тік, соңы­нан қосам­жар­ланған аты бар мини­стр­лік­тің құзы­ры­на Дін істері қосыл­ды. Елде қажет­тілік бол­ма­са, мұн­дай күр­делі мини­стр­лік құрыл­мас еді. Осы жер­де тұңғыш пре­зи­дент­тің: «…Ислам­дық қауіп-қатер» деген ұғым­ды ернінің ұшы­мен айта салу оп-оңай болға­ны­мен, оның үрей­лі қана­ты­ның кең­ге жай­ы­лып бара жатқа­ны сон­ша­лық, енді Ислам тара­пы­нан бола­тын миф­тік қауіп-қатер тура­лы емес, Ислам­ның өзін нақты қорға­удың қажет­ті­гін сөз ететін кез кел­ді…» («Сын­дар­лы он жыл», 2003 ж.) деген сөзін де алға тар­туға бола­ды. Өйт­кені дін – ұлт­тан да, тіл­ден де бұрын, Адам Ата кел­мей тұрған­да, өмір­ге келетін адам­ды тәр­би­е­лей­тін жол ретін­де Жара­ту­шы тара­пы­нан әзір­лен­ген нақыл-қуат. Сон­ды­қтан дінін сүй­ген қазақ толғағы жет­кен «Дін тура­лы» заң­ның өмір­ге келуін осы жаңа құры­лым­дар­дан күт­кен еді…

Әлем кар­та­сы­на назар сал­сақ, халқы біз­ден аз, жағ­дай­ла­ры біз­ден әлдеқай­да төмен қан­ша­ма мем­ле­кет­тер алпа­уыт елдер­ге жал­тақта­май-ақ, ешкім­ге ұқсап бақ­пай-ақ, жара­ты­лы­сын­дағы ұлт­тық абы­рой­ы­мен баян­ды тір­шілі­гін жасап отыр. Біре­уден артық, біре­уден кен­же қал­са да, ешкім­нен ықпай­ды, ешкім­нен бүге­жек­теп қай­мы­қ­пай­ды, ешкім­ге жал­тақта­май­ды, ешкім­ге ұқсағы­сы да кел­мей­ді. Өйт­кені өмір­лік қалып­тасқан өзін­дік ұлт­тық бол­мыс-біті­мі мен өзіне тән діни дәстүрі бар. Соны сақта­уы­мен де олар бақыт­ты өмір сүріп жатыр.

Ал біздің елде кезін­де ұйқы­лы-ояу жүр­ген қаза­қтың бей­қам­ды­ғын пай­да­ланған бүгін­гі үкі­мет има­ни сая­си ұйым құруға да заң­мен қатаң тый­ым салып тастаған. Сон­да руха­ни қай­на­ры­мы­здың бұлақ көзі – дәстүр­лі діні­мізді кім қорға­уы керек? Біз­де­гі Баты­сты өне­ге тұтқан сая­си күш жетек­шілері сол елдер­де­гі басты пар­ти­я­лар өздері ұста­на­тын дін аты­мен ата­ла­ты­ны­на неге зер­делі көз­бен ой салып қара­май­ды? Бұл дерт қазір Тәңір сый­ы­на оп-оңай иелік еткен үкі­меті­міздің де айы­қ­пас бас ауы­руы болып отыр…

Ойла­най­ы­қ­шы, елі­міз­ге еге­мен­дік қалай кел­ді? Халқы­мы­здың, тіп­ті кеше­гі отыз жыл ел биле­ген тұңғыш елба­сы­мы­здың осы­ған қыла­удай еңбе­гі сіңді ме? Ел еге­мен­ді­гін діні бөтен елдің тыр­нағы­нан қамыр­дан қыл тар­тқан­дай айы­рып, ама­нат­тап, тар­ту еткен Ұлы күш – Ол Алла таға­ла! Осы Ұлы күш пен оның діні елі­міз­де неге мой­ын­дал­мауда? Халы­қты Тәңір­ден алшақта­туға тыры­сып бағу­да­мыз, неге адам­за­тқа жол еткен Ислам дінін жоққа шыға­руға ықыластымыз?

Біз кеше­гі ашы­лып жабы­лған Діни агент­тік пен Дін істері және аза­мат­тық қоғам мини­стр­лі­гінің ашы­луын қан­ша­ма уақыт ел болып күт­тік. Осы мәсе­лені көтеріп, рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық-сая­си «Қаза­қстан» газетін­де (№4, 29.01. 2004 ж.) жари­я­ланған «Дін үкі­мет­ке керек бол­ма­са да, халы­ққа қажет!» деген мақа­лам­да жаз­дым. Оған сол кез­де­гі Пре­зи­дент аппа­ра­ты­нан Кон­фес­си­яа­ра­лық қаты­на­стар бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі Р. Жошы­ба­ев мыр­за­ның: «Біздің елі­міз Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша зай­ыр­лы мем­ле­кет болған­ды­қтан, Дін мини­стр­лі­гі біздің үкі­меті­міз­де болуға тиісті емес» деген жау­ап хаты әлі күн­ге менің мұраға­тым­да сақта­у­лы тұр. Сол «бол­май­ды» деген діни құры­лым­дар құрыл­ды ғой. Бол­май­ды деген нәр­се бол­ды ғой…

Тағы бір аз-кем дәлел: сол кез­де­гі дін мини­стрі БАҚ-қа бер­ген сұбхаттарында«Діни экс­тре­мизм мен терор­ризм­ге қар­сы іс-қимыл жөнін­де­гі 2017–2020 жыл­дарға арналған мем­ле­кет­тік бағдарлама»әзірлеп жатқа­нын айтып, жар құлағы жасты­ққа тимеді. Біраз діні таяз ғалым­дар: «Елі­міз­де діни тер­ро­ризм мен экс­тре­мизм эпи­де­ми­я­сы етек жай­ып барады»деп, жұрт­ты үрей­лен­діріп бақты. Бұдан да сорақы­сы – Аста­на­дағы Бей­біт­шілік және келісім сарай­ын­да өткен «Ислам және өрке­ни­ет» тақы­ры­бы­на арналған ІІ Рес­пуб­ли­ка­лық имам­дар фору­мы: «…Жол­да­уда жүк­те­ген мін­дет­тер­ді сапа­лы орын­дау мақ­са­тын­дадіни экс­тре­миз­мнің алдын алу, тұлға­лар­ды оңал­ту және оларға ақпа­рат­тық түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гі­зу үшін Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы жан-жақты білім­ді, білік­ті және­мем­ле­кет мүд­де­лерін қорғай ала­тын имам­дар кор­пу­сын жетіл­ді­ру қажет деп санай­мыз» деп Үндеу таста­ды. («Е.Қ.» мен «Айғақ» газе­тері­нен. Сәуір айы).

Ау, осы­лай­ша ұран­да­тып жатқан саба­з­дар өз сөз­деріне өздері неге зер­де­леп мән бер­мей­ді?! Неге олар «діни экс­те­мизм мен тер­ро­риз­мнен қорға­най­ық» деген сөзді «Алды­мен дін­ді –дін­ге жап­сы­ры­лған экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм ата­уы­нан қорғай­ық!» деген сөз­ге алма­сты­рып, жан­да­ры шырыл­дап, дәстүр­лі діні­міз­ге құр­меті мен жана­шыр­лы­ғын көрсетпейді?Бұл «бел­сен­ділер» дін емес, дін­нің атын жамы­лған­дар­дың салып жатқан ылаңы екенін неге өз аты­мен айтпайды?

Осы орай­да «Бодан халы­қты оры­стан­ды­ру мен шоқын­ды­ру тура­лы» Ресей пат­ша­сы­ның жар­лы­ғын іске асы­руға пат­ша архи­ерейі жаны­на гене­рал-губер­на­то­ры мен ояз­ба­сты­ғын ертіп, 1900 жылы 1200 қаза­қты шір­кеу түбіне жинап: «Құдай ретін­де Айсаға табы­на­сы­ң­дар, құран­ды тастаң­дар!» – деп, «Еван­ге­лий кіта­бын» тара­туға кел­гені тарих­та жазы­лған. Сон­да болыс Шал­бай Тыны­ке­ба­ла­сы: «Айса құдай емес. Біздің құдай­ы­мыз бар­ша дүниені, дүни­е­де болған нәр­се­лер­ді жара­ту­шы. Біз бұл кітап­тан бүгін құтыл­ма­сақ, ертең кеш бола­ды. Дін үшін өле­міз!» – деп, Ислам­ды қорғап, аттан салға­нын еске алай­ық. Шір­кін, біз де осы Шал­бай ата­ла­ры­мыз сияқты діні­мізді дін­сіз­дер­ден қорға­сақ қой…

Дін адам­ды басқа­ра­ды, дін ада­мға жол көрсетеді.Қазақ халқы о бастан дін заңы­мен өмір сүр­ген халық. Әрі­ге бар­май, бері­ден қай­ы­рған­ның өзін­де «Қасым хан­ның қасқа жолы», «Есім хан­ның ескі жолы», оның жара­сым­ды жалға­сы Әз Тәу­кенің «Жеті жарғы­сы» құран­ды бас­шы­лы­ққа алып жазы­лған­ды­ғын ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды. Үш заң­ның да ата­сы – Құран.

«Жеті жарғы» – има­ни жол­мен елді басқа­ру заңы. Қазақ ханды­ғын­да, әсіре­се осы Әз Тәу­ке хан­ның тұсын­да Пір­лер инсти­ту­ты мықты жұмыс жасаған. «Жеті жарғы» – осы инсти­тут дай­ын­даған дала­лық заң. Осы заң­мен жұмыс жасаған ел билеу жүй­есі­нен 1824 жылы Хан билі­гі, 1868 жылы Сұл­тан билі­гі жой­ыл­ды… Бүгін­гі таң­да қырық жамау болған біздің Ата заңы­мы­здан бастап, әр заңға толас­сыз толы­қты­ру­лар енгі­зуі­міз, осы Ата жұрт заң­да­ры­нан сабақ алмай, Баты­стың табиға­ты­мы­зға сай кел­мей­тін заң­да­рын тұта­стай көшіріп алуы­мы­здан болып отыр…

Елдің ел болып іргесін сөк­пе­уі – өткен тарихы­мыз көр­сет­кен­дей, елдің тұтас алған­дағы сенімінде.Ал жер бетін­де­гі сенім­нің әкесі әлім­сақтан – дін! Дін­сіз ел, дін­сіз отба­сы, дін­сіз адам бала­сы бол­май­ды. Адам бол­мысын­да діні­мен туған. Діни сені­мі­нен айы­ры­лған ел жер бетін­де мәң­гілік тұра алмай­ды, қан­ша­ма күш­ке иелік еткені­мен, кеше­гі Кеңес импе­ри­я­сы сияқты жой­ы­ла­ды. Құран­да: «Тәңірім арқы­лы білім алы­ң­дар» деп айты­лған. Қазір жер жүзіне, күл­лі жер бетіне таза­ру про­цесі келіп жатыр. Осы­ны біле тұра, кеше­гі кеңес үкі­метінің шек­пе­ні­нен шыққан, соның ате­и­стік мек­тебін­де білім алған біз­де­гі сая­си күш жетек­шілерінің бәрі асыл діні­міз­ге үрке қарап, оның мәң­гі тірі жол екен­ді­гін сезінбеуде.

Бізде өкі­мет пен үкі­мет­тің де дін­ге деген көзқа­ра­сы еке­уін­де екі түр­лі болып отыр. Бұл қай ақы­лға сыя­тын көрініс? Бұдан 20 жыл бұрын үкі­мет жанын­дағы төрт жыл жабы­лып қалған Діни хат­шы­лық қай­та ашы­лып, оның төраға­лы­ғы­на үкі­мет бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры бекітіл­ген бола­тын. Қазір ол құры­лым да құр­ды­мға жіберіл­ген. Елде сол құры­лым есебі­нен Әлем және дәстүр­лі дін­дер лидер­лері съезінің хат­шы­лы­ғы жұмыс жаса­уда. Бас­шы­сы – ҚР пар­ла­мент сена­ты­ның төраға­сы. Үш жыл­да бір рет өтетін Әлем­дік және дәстүр­лі дін көш­бас­шы­ла­ры­ның құры­л­тайы үшін арнайы құры­лған хат­шы­лы­қтың атқа­рар қыз­меті не? Хат­шы­лық мүше­лері­мен жыл сай­ын жина­лып, съез­де қабыл­да­на­тын дін сала­сын­дағы өзек­ті мәсе­ле­лер­ді қарай­ды. Өз елі­міздің емес, әлем дінінің мәсе­лесін қозғай­ды. Әлем аза­мат­та­ры­ның діни сенім бостан­ды­ғын қам­та­ма­сыз ету­ге атса­лы­са­ды. Соның бұл­тарт­пас дәлелі елі­міз­ге бір рет келіп кет­кен Рим Папа­сы­на бүгін­де арнайы ат сабы­л­тып, елші жіберіп, енді съез­ге қаты­суын өті­ну­де­міз. Шір­кін, осы ықы­лас өздерін бар­ша әлем­ге Ислам Әмір­лі­гі етіп жари­я­лаған көр­шілес Ауған елінің има­ни бас­шы­ла­ры­на да ауда­рыл­са ғой!

Ал біздің үкі­меті­міз ше? Өз іші­нен құры­лған екі ведом­ство­ны кезе­гі­мен бесі­гін­де тұн­шы­қты­рып, елде­гі дін жұмысын Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гінің әлжу­аз бір коми­теті дәре­же­сін­де ұстап оты­руға жет­кізді. Мәде­ни­ет деген 18 мың ғалам­ды өз құзы­ры­на алған дін құзы­ры­ның шағын ғана бір сала­сы емес пе? Көзі­міз көріп оты­рған бұл көрініс – екі жүзділік. Осы өкі­мет­тік құры­лым мен елде­гі әлжу­аз Діни коми­тет неге біріктірілмейді?..

Несін жасы­ра­мыз, үкі­мет: «Сенің қана­тың бар – ұш» десе: «Жоқ, мен – түй­е­мін» дей­тін; «Онда аңдып келе жатқан­дар сені ұстап алып қояды ғой» десе: «Мен тығы­лып қала­мын» деп, басын құмға тыға сала­тын; «Түйе екен­сің – онда саған жүк артай­ық» десе: «Жоқ, мен – құс­пын» деп, қана­тын көте­ретін түй­еқұс (стра­ус) сияқты діні­міз­ге екі жүзді көзқа­рас­пен қарап, өз бол­мысы­на ұқсас «құбыл­ма­лы діни құры­лым – Діни агент­тік пен Дін мини­стр­лік­терін» құрып, артын­ша қай­та жой­ып, сол қимыл­да­ры­мен үне­мі діни жолға қар­сы шығу­мен келеді. Бұл құры­лым өз халқы­ның тағ­ды­рын терең­нен қозғап, сабыр­лы­ғын Құранға әкеліп тіре­ген Абай­ды: «Бір Аллаға сиы­нып, кел, бала­лар, оқы­лық» деп, бала­дан бастап, бәрі­мізді има­ни тәр­би­е­ге шақы­рған Ыбы­рай Алтын­са­рин­ді неге тың­да­май­ды? Өздерінің баста­уыш білім­дерін діни мед­ре­се­лер­де алған Алаш көсем­дерінің діни ұста­ным­да­рын неге бас­шы­лы­ққа алмай­ды? «Қаза­қты ешқа­шан да өз діні­нен де, жазуы­нан да айны­та алмай­сың» деп, шеге­леп айтқан Ала­штың бас ұста­зы Бай­тұр­сы­нов емес пе? Дін­дар Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім, Ғұмар Қараш әрдай­ым қалың Ала­штың орта­сы­нан көрін­ген жоқ па? Сол Ала­штың І және ІІ съезіне қаты­сқан мол­да­лар тір­шілі­гі неге сабақ бол­масқа? Ислам­ды ұлт дәстүріне сай тану, түсі­ну, наси­хат­тау – солар­дан қалған мұра ғой. Бүгін біз мой­ын­да­ма­сақ та, кесе­несі көк тіреп, Түр­кістан­да тұрған әули­е­міз Йас­са­у­ий­ді дін­дар ретін­де алғаш таны­ған­дар да, таны­тқан­дар да осы­лар болатын…

Құрмет­ті Пре­зи­дент! Мем­ле­кеті­міздің Кон­сти­ту­ци­я­сын­да «Діни бір­ле­стік­тер жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік орган­ды Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті құра­ды» деп көр­сетіл­ген. Менің­ше, осы сөй­лем «Елде­гі дін­ге бай­ла­ны­сты шеші­мін тап­паған жұмыстың бәрін ел игілі­гіне сай шешу – пре­зи­дент құзы­ретіне беріл­ген» деп жазы­луы керек еді. Мұны күн­делік­ті өмір­дің өзі көзі­міз­ге көр­сетіп отыр. Бұл пре­зи­дент­ке халық сен­ген уәкіл­дік. Ал біз көтеріліп оты­рған бүгін­гі мәсе­ле­мен үкі­мет­пен бір­ле­се оты­рып, Рес­пуб­ли­ка мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы айна­лы­суы керек бол­са, қазір бұл ұйым­да нағыз тұлға­лар дара­лан­ба­уда. Бар­ла­ры­ның білім дәре­же­сі қари­лы­қтан аспаған­дар (өздері де мой­ын­дай­ды), ара­ла­рын­да тұлға болар діни ілім иелері қара көр­сет­пей отыр

Есіңіз­де болар, бұры­нғы мем­ле­кет бас­шы­сы­ның 2002 жылғы 8 ақпан­дағы өкі­мі­мен рес­пуб­ли­ка пар­ла­мен­тінің 2002 жылғы 31 қаңтар­да қабыл­даған «ҚР кей­бір заң актілеріне Діни сенім бостан­ды­ғы және діни бір­ле­стік­тер­дің қыз­меті мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заңын ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңесін­де қара­тып, «Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес емес» деген шешім шығар­тқан бола­тын. Дәл сол жол бүгін де қай­та­ла­нып отыр. Сіз де алды­ңы­зға барға­лы тұрған ҚР «Діни қыз­мет және діни бір­ле­стік­тер тура­лы» 2011 жылғы 11 қазан­дағы Заңы­на толы­қты­ру енгі­зу тура­лы» заңы­на тоқтау салып, заң­ды толы­қты­ру­мен ғана шек­тел­мей, оның тұта­стай қай­та жазы­луы­на бас-көз болуы­ңыз керек. Өйт­кені билік­ті діні­нен шек­те­мей, дін қуа­тын ел игілі­гіне жара­ту – пре­зи­дент­тің құзырында.

Қазір сіз «Мәң­гілік ел» иде­я­сын іске асы­руға шақы­рып жатыр­сыз. Алла жар бол­сын! «Мәң­гілік ел бола­мыз!» десек, діні­міз Ислам екен­ді­гі Ата заңы­мы­зда көр­сетіліп, елі­міздің има­ни көзқа­ра­сын қалып­та­сты­рай­ық, пре­зи­дент мыр­за! Сол кез­де діні­міз де, отыз жыл­дан бері өз дер­бес­ті­гіне жет­пе­ген тілі­міз де өзінің даңғыл жолы­на түседі. Сіз­ден осы ұсы­ны­сты қол­да­уды талап етеміз!Жаратушы бізді осын­дай ұлт етіп жаратқан екен, енді­гі жер­де оның діні мен дер­бес­ті­гін қорғау – пре­зи­дент­тің абы­рой­лы мін­деті болу­мен бір­ге, сол ұлт­тың әрбір аза­ма­ты мен дін иелерінің де парызы.

Осы орай­да мем­ле­кет­ті басқа­ру­дағы адам­дар өзінің руха­ни қазы­на­сын арт­ты­руы керек.Кезінде дін, муф­ти­ят мәсе­лесін елдік мәсе­ле ретін­де көтер­ген Алаш көсе­мі Әли­хан Бөкей­хан Жаратқан мен халы­қтың өз орнын көр­сетіп; «Күшті­ге сиын­саң – Құдай­ға сиын, әуелі Құдай­ға сеніп, Құдай­дан соң күшті – халы­ққа сен!» деген сөзін бай­рақ етіп қай­та көте­рер уақыт кел­ді. Бұл – ұлт­тық идея!

Осы күн­ге дей­ін өз атта­ры­нан өздері шошып жүр­ген Рес­пуб­ли­ка мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы «Рес­пуб­ли­ка­лық Ислам ұйы­мы» ата­уы­мен қай­та құры­лып, аты­на сай жұмыс жасаға­ны мақұл. Ұйым­ды Ислам аты­мен ата­удан бас муф­ти үкі­мет­тен қай­мы­ға­тын бол­са, қыз­меті­нен шет­тетіп, бұл жұмысты Аллаға ама­нат­тау керек. Алла ел ара­сы­нан өз дініне қожа болар тақуа­сын таба­ды. Бұған күмән кел­тіру­ге бол­май­ды. Елде­гі қазір­гі дін дер­тін (жал­пы дін­де­гі емес, Алла­ның дінін еш уақыт­та дерт шал­май­ды) мем­ле­кет­тік тұрғы­дан қол­дау арқы­лы қуат­тан­ды­рып, сауы­қты­ру керек. Бұлай айтып оты­рға­ным – дін жолын­да демо­кра­тия айтыл­май­ды, демо­кра­тия үкі­мет пен соның жұмысын тара­зы­лай­тын қоғам­дық ұйым­дар үшін қажет. Ал дін­нің жолы Құран­да мөр­леніп, көр­сетіліп қой­ы­лған. Ол еш уақыт­та өзгермейді.

Біз орыс пен қытай­ды неме­се алы­стағы АҚШ пен Баты­сты емес, Алла­ны ғана пана тұтуы­мыз керек. Көр­ші мем­ле­кет­тер біз­ге қия­нат­ты­қ­пен сұға­нақтық жаса­са, Тәңірім кеше­гі СССР сияқты ондай мем­ле­кет­ті жолын тауып, оп-оңай жоқ ете сала­ды. Елге Ата­жұрт діні өз бол­мысы­мен орал­са, жаста­ры­мы­здың өмір­ге деген, өздеріне деген сені­мі артып, бүгін­гі беті­мен кет­кен кор­руп­ци­я­ның тамы­ры­на бал­та шабы­ла­ды. Ел еншісіне бұй­ы­ры­лған ұлан-асыр қазы­на да өз игілі­гі­міз­ге жұмсалынады…

Бүкіл әлем елі­мізді мұсыл­ман мем­ле­кеті ретін­де Әлем­дік Ислам кон­фе­рен­ци­я­сы ұйы­мы өзінің толы­ққан­ды мүше­сі ретін­де танып отыр­са, біз­ге жат жұрт­тық будан­дасқан дін емес, дәстүр­лі өз Исла­мы­м­ыз керек. Бұл бос ұран, эмо­ци­я­лық үндеу емес. Кей­бір нәп­сінің құлы болған діні таяз бауыр­ла­ры­мыз сияқты Араб қар­жы­сы­на мал­да­нып, солар­дың айтуы­мен ора­за тұтып, солар­дың шыла­у­ын­да кет­пей, дін тіз­гініне өзі­міз қожай­ын болып, өз қолы­мы­зда берік ұста­уы­мыз керек.Дін – тірі, жан­ды дүние. Елдің дін тура­лы жаңа заңын дің­ге­гін­де діні бар аза­мат­тар әзір­леп, оны ұлт­тық үйле­сті­ру кеңесін­де дұры­стап қара­уы керек. Сон­да бүгін­де елден безіп, бөг­де елде әр ағым­да жүр­ген бауыр­ла­ры­мыз да ора­лып, өз үйіріне қосылады.

Әрине, бұл әңгі­ме – еге­мен елі­міздің әрбір аза­ма­тын ойлан­ды­рар мәсе­ле. Дін­нен тыс дін­сіз тір­шілік жасай­мыз деу – жай ғана тәкәп­пар­лық, шолақ ойлы­лық. Ел болу үшін, нағыз қазақ елі болу үшін, қол ұста­сып тір­лік ету­ге тәу­е­кел етуі­міз керек. Қазақ елі о бастан діні бар мем­ле­кет. Халы­қтың ішін­де дін­ді ұста­нып жатқан тақу­а­лар мен дін­ді сүй­етін жан­дар бар­шы­лық. Олар дін жолын Алла­ның разы­лы­ғы үшін ұстай­ды. Олар­дың жүрек­тері – мешіт. Олар Құдай­дан дұға тілей­ді. Мұн­дай жан­дар­дың жаны­на қасірет бат­са, Құдай сол мем­ле­кет­ті жаза­лап жібе­руі де мүмкін…

Бақты­бай АЙНАБЕКОВ

«Қаза­қстан қажы­ла­ры» діни бір­ле­сті­гінің төрағасы

Оқыр­манға арнау сөз 

ӨЗ ДІНІНЕ БЕКЕМ АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Егер сіз:

  • қаза­қтың дәстүр­лі дініне қаты­сты сая­сат­тың ұңғыл-шұңғы­лын біл­гіңіз келсе;
  • билік­ке бүге­жек­те­мей­тін тәу­ел­сіз сөз қоғам мен халы­ққа қажет десеңіз;
  • елде­гі жалғыз оппо­зи­ци­я­лық газет­ті сақтап қалуға мүд­делі болсаңыз;
  • елде­гі аза­мат­тық қоғам­ның жай-күй­іне жана­шыр болсаңыз;
  • сот пен оттан тап­паған ақиқат пен әділет­ке жүгі­нудің қажет­тілі­гі туса,

«ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Жазы­лу жер­гілік­ті жер­де­гі «Қаз­по­шта» бөлім­ше­лері арқы­лы жүреді.

Жазы­лу ката­ло­гын­да «ДАТ»-тың ресми мем­ле­кет­тік тір­ке­уде­гі ата­уы «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті деп көр­сетіл­генін ескертеміз.

Ката­лог­та көр­сетіл­ген жазы­лу индексі – 64258

Ал егер пошта бөлім­ше­сіне баруға уақы­ты­ңыз тап­шы бол­са, біз сіз­ге газет­ке жазы­лу­дың редак­ция арқы­лы жүр­гізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

  1. Газет тара­ту бөлі­мінің аты­на тір­кел­ген (Дін­мұ­хам­мед Сей­тқа­зы) +7–707-615–81-20 Кас­пи-голд номеріне тиісті жазы­лу баға­сы­на сәй­кес сома­ны аударасыз;
  2. Бұдан соң осы уатсап-номерге:
  3. толық аты-жөніңізді;
  4. жер­гілік­ті пошта­ның индексі (мін­дет­ті түр­де) мен тұрғы­лы­қты адресіңізді жазып жібересіз;
  5. жазы­лу баға­сы төмен­гі таб­ли­ца­да көрсетілген.

Тара­ту бөлі­мі сіздің аты­ңы­зға жазы­лу­ды рәсім­де­ген соң, ары кет­кен­де бір айдың ішін­де жазы­лу түбір­те­гін сіз­ге пошта арқы­лы неме­се уат­сап-СМС хабар­ла­ма арқы­лы жолдайды.

Әлбет­те, біз жақ­сы түсі­не­міз: бір жылға жазы­лған сіздің 4–5 мың тең­геңіз­ге бірер күн­дік азық-түлік неме­се 2 келі ет сатып сатып алуға бола­ды. Таң­дау өзіңіз­де – екі-үш күн­нің тамағын ала­сыз ба, жоқ әлде бір жыл бойы үйіңіз­ге газет жаз­ды­рып алу қажет пе?

Сон­ды­қтан әр тұрақты оқыр­ман өзінің тұрғы­лы­қты жерін­де және еңбек ұжы­мы ара­сын­да газет­ке жазы­лу науқа­нын ұйым­да­сты­ру­ды сұрай­мыз. Ол үшін құда-жек­жатқа, дос-жаранға, көр­ші-қолаңға, сіз тани­тын әрбір әділет­шіл аза­матқа «ДАТ»-қа жазы­луға қолқа салыңыз!

 «DAT» медиа-жоба­сы­ның редакциясы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн