Пятница , 4 июля 2025

Европарламент депутаты Нұрсұлтан Назарбаевты ДИНОЗАВРҒА ТЕҢЕДІ

Страс­бург­те (Фран­ция) өткен Еуро­пар­ла­мент оты­ры­сын­да депу­тат­тар резо­лю­ция қабыл­да­мас бұрын Қаза­қстан­дағы адам құқы­ғы жай­лы ойла­рын ортаға салды. 

Депу­тат­тар­дың дені Аста­на Еуро­па одағы мен Қаза­қстан қол қой­ған кеңей­тіл­ген әріп­те­стік пен ынты­мақ­та­стық тура­лы келісім шар­тта­рын орын­да­май оты­рға­нын сына­ды. Резо­лю­ция автор­ла­ры­ның бірі, ALDE пар­ти­я­сы­ның өкілі Хай­ди Хау­та­ла «Қаза­қстан­да адам құқы­ғы­ның жағ­дайы жыл сай­ын нашар­лап бара­ды. Еуро­па одағы тез ара­да шара қол­да­нуы тиіс» деді.

Резо­лю­ци­я­ны ұсы­нған­дар­дың бірі, депу­тат Вольф Клинц­тің айтуын­ша, «Қаза­қстан мен ЕО ара­сын­дағы келісім­ге үш жыл­дан асса да, Қаза­қстан­да адам құқы­ғы­ның жағ­дайы жақ­сар­май тұр. Кей­бір сала­лар­да жағ­дай нашар­лай түскен».

«Адам­дар­ды түр­ме­ге қамай­ды, қинай­ды. Елде сөз бостан­ды­ғы жоқ. Билік сая­си қар­сы­ла­ста­рын қуда­лай­ды», – деді ол.

Еске сал­сақ, Қаза­қстан мен Еуро­па одағы ара­сын­дағы кеңей­тіл­ген әріп­те­стік пен ынты­мақ­та­стық тура­лы келісім­ге 2016 жылы қол қой­ы­лған. Бүгін­ге дей­ін Еуро­па одағы­на мүше 26 ел бұл құжат­ты рати­фи­ка­ци­я­лаған. Ита­лия мен Гол­лан­дия әлі мақұл­да­ма­ды. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бұл келісім­ді 2016 жылы науры­зда рати­фи­ка­ци­я­ла­ды. Қаза­қстан – Еуро­па одағы­мен келісім­ге қол қой­ған Орта­лық Ази­ядағы жалғыз ел.

Резо­лю­ция автор­ла­ры­ның бірі Марк Деме­сма­кер­дің сөзін­ше, адам құқы­ғы мен демо­кра­тия – бұл келісім­нің негіз­гі бөлі­гі. Ол «Назар­ба­ев режи­мі елде­гі аза­мат­тар­дың бостан­ды­ғын шек­теп отыр» деп сына­ды. Депу­тат­тың пай­ым­да­уын­ша, елде­гі қуда­лау, түр­ме­де­гі азаптау жай­лы қай­та-қай­та айтыл­са да, «нәти­же жоқ».

Депу­тат Гель­мут Шольц Қаза­қстан­да билік­ті сынаған­дар­ды «экс­тре­мист» деп айып­тап, қуда­лай­ты­нын айтты.

Еуро­пар­ла­мент мүше­сі Фабио Маси­мо Кастал­до өз сөзін­де «Қаза­қстан адам құқы­ғын сақтай алма­са, Еуро­па одағы үшін келісім­нің қан­дай маңы­зы бар?» деп, депу­тат­тарға сұрақ қой­ды. Кастал­до елде­гі режим­де «репрес­сия басым» деп, жур­на­ли­стер және бей­біт митин­гі­ге шыққан­дар қуда­ла­на­ты­нын атап көрсетті.

Депу­тат Хосе Игна­сио Зука­риа «Қаза­қстан пост­со­вет­тік елдер іші­нен бірін­ші болып БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне мүше бол­ды. Бірақ өз аза­мат­та­ры­ның қауіп­сізді­гін сақтай алмай отыр» деді. Ол Қаза­қстан­да діни қуда­лау барын баса айтты.

Депу­тат Ана Гомеш 2018 жылы Қаза­қстанға барған сапа­рын­да өзі­мен сөй­лескісі кел­ген аза­мат­тар­ды поли­ция ұстаға­нын айт­ты. Ол Қаза­қстан­да жеке басқа табы­ну күшей­геніне алаң­дай­ды. «Бұдан артық ел басын­да отыр­мауы тиіс дино­за­вр­лар­мен жұмыс істе­уді тоқта­туы­мыз керек», – деді Евро­пар­ла­мент депу­та­ты Ана Гомеш.

Құжат­та Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры жай­лы айты­лған негіз­гі мәсе­ле­лер мыналар:

  • Қаза­қстан Қыл­мыстық кодексінің 174 және 274-бап­та­рын (ұлта­ра­лық араз­дық қоз­ды­ру және жалған ақпа­рат тара­ту) қол­да­ну арқы­лы бел­сен­ділер мен жур­на­ли­стер­ді қуда­лай­ды. Қаза­қстан билі­гі бұл бап­тар­ды өзгерт­кісі келмейді.
  • Қаза­қстан­да сая­си тұтқын­дар­дың саны артқан.
  • Елде тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар­дың құқы­ғы бұзылады.
  • 2018 жылы Қаза­қстан билі­гі БАҚ жұмысы­на көп шек­теу қой­ған заң­ды қабыл­да­ды. Елде әле­умет­тік желілер жиі бұғатталады.
  • Әйел­дер­ді зор­лау үйрен­шік­ті жағ­дай­ға айналған. Елде пат­ри­ар­хат нор­ма­ла­ры үстем­дік құрады.

Резо­лю­ци­яда тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ бел­сен­ділері Нұр­бек Құшақ­ба­ев­тың, Әмин Еле­усі­но­втің, Лари­са Харь­ко­ва­ның, бел­сен­ділер Ардақ Әшім, Макс Боқа­ев, Ескен­дір Ерім­бе­тов, Еле­на Семе­но­ва, Абло­вас Жұма­ев­тың есім­дері ата­ла­ды, қамауда оты­рған Мұх­тар Жәкі­шев­ті, Макс Боқа­ев­ты, Ескен­дір Ерім­бе­то­вті, Сәкен Түл­ба­ев­ты, Махам­бет Әбжан­ды, Санат Бөке­но­вті боса­ту керекті­гін айтты.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн