Понедельник , 30 июня 2025

ЕДЕЛ-ЖЕДЕЛ СОТ Мамайды Байбекке ЖЕҢДІРІП БЕРДІ

  • 15 мау­сым­да Алма­ты­ның Әуе­зов аудан­дық №2 сотын­да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бай­бек пен Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай ара­сын­дағы дауға қаты­сты сот шеші­мі оқыл­ды, деп хабар­ла­ды «Азаттық». Сот Жан­бо­лат Мамай­ды шене­унік жай­лы шығарған фильм­ді өшіру­ге міндеттеді. 

Судья Рай­хан Сар­та­е­ва Бай­бек­ті жемқор­лық жаса­ды деп айып­таған фильм­де­гі мәлі­мет­тер шын­ды­ққа жана­спай­ды деп тап­ты. Осы­лай­ша Бай­бек­тің «ар-намыс пен бедел­ге нұқ­сан кел­ті­ру» бой­ын­ша сотқа түсір­ген шағы­мы толық қанағат­тан­ды­рыл­ды, дей­ді сот шеші­міне сіл­те­ме жасаған «Азаттық».

«Сот шешім күшіне енген­нен кей­ін, он күн­нің ішін­де 28 минут қаза­қ­ша және 26 минут орыс­ша шыққан фильм­ді өшіруді мін­дет­те­ді. Бірақ біз өшір­мей­міз. Сот шеші­мін апел­ля­ци­яға бере­міз. Қаза­қстан­дағы сот­тар­дан өтіп, халы­қа­ра­лық ұйым­дарға шағым­да­на­мыз. Бұл сөз бостан­ды­ғын тұн­шы­қты­ру» деді сот­тан кей­ін жау­ап­кер­дің бірі Инга Иман­бай «Азаттық» тілшісіне.

Сарап­шы­лар Бай­бек­тің «бас­шы­лы­ғы­мен» өткен бұл сот сая­си сарын­да өтті деп баға­лай­ды. Бұл орай­да сот­та жау­ап беру­шілер жағы­ның адво­ка­ты Ғалым Нұр­пей­і­сов былай деді (қаз-қал­пын­да):

 «Меня очень силь­но уди­ви­ла ско­рость рас­смот­ре­ния дан­но­го дела в суде. Все дела, кото­рые свя­за­ны с поли­ти­че­ским аспек­том, они поче­му-то про­хо­дят в уско­рен­ном режи­ме. Пред­по­ла­гаю, что дан­ный уско­рен­ный режим был необ­хо­дим для того что­бы сокра­тить кор­руп­ци­он­ное поле.

Соглас­ны ли мы с реше­ни­ем суда? Нет. Мы не рас­смат­ри­ва­ли лич­ную жизнь ист­ца, то есть Бай­бе­ка, мы рас­смат­ри­ва­ли его дея­тель­ность в пери­од с 2015 по 2019 годы. Соот­вет­ствен­но вся инфор­ма­ция о его дея­тель­но­сти была предо­став­ле­на сто­ро­ной ответ­чи­ка в пол­ном объ­е­ме… В любом слу­чае мы не соглас­ны с дан­ным решением».

Еске сал­сақ, Бай­бек пен Мамай ара­сын­дағы сот дауы­ның туын­да­уы­на сәуір айын­да шыққан фильм-зерт­теу түрт­кі болған. Жан­бо­лат Мамай сәуір­де Youtube-тегі «Демо­кра­ти­я­лы Қазақстан/Демократический Казах­стан» арна­сын­да «Бауы­р­жан Бай­бек: Назар­ба­ев сынып­та­сы бала­сы­ның жемқор биз­нес-импе­ри­я­сы» атты видео жари­я­лаған. Деректі фильм сти­лін­де түсіріл­ген видео­да Жан­бо­лат Мамай Алма­ты­ның бұры­нғы әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек­ті «мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жүріп үлкен биз­нес-импе­рия құр­ды», «Алма­ты әкі­мі болған 4 жыл­да 1 мил­ли­ард дол­лар заң­сыз ақша тап­ты», «құры­лы­сқа және көлік тұрағы­на» қала аумағы­ның және Іле-Ала­тау ұлт­тық пар­кінің «жерін бер­ді», «пара алды», «көмір мафи­я­сын құр­ды» және Алма­ты­дағы ЖЭС-2-ні «газға көшіруді кеше­уіл­дет­ті», «адам құқы­қта­рын бұз­ды» деп айыптаған.

Сей­сен­бі күні сот жоға­ры­да айты­лған­нан бөлек, Мамай мен Иман­бай­ды 860 мың тең­ге көле­мін­де сот шығы­нын төле­у­ге мін­дет­те­ді. Олар пси­хо­ло­ги­я­лық-линг­ви­сти­ка­лық сарап­та­ма­сы үшін тағы да 75 мың тең­ге төле­уі тиіс.

Жау­ап беру­ші тарап аудан­дық сот­тың шеші­міне қар­сы апел­ля­ци­я­лық шағым бер­мек. Әлбет­те, билік­ке бағы­ны­шты қала­лық сот та Жан­бо­лат жақты жақтап шық­па­сы айқын. Бірақ қалай болған­да да, Мамай­ды Бай­бек­ке жеңдіріп бер­ген сот­тың тарихы қалың елге тара­ды. Бауы­р­жан Бай­бек айран­дай болған абы­рой­ын ел іші­нен жиып-теріп ала алма­сы айқын.

ДАТ-ақпа­рат

 

Бұл екі арада

ЕШҚАШАН СОТ БОЛМАҒАН

заңгер Қазақстан Жоғарғы сотының коллегия төрағасы болып тағайындалды.

Бұдан бір аптаға толар-томас бұрын – 10 мау­сым күні ғана ҚР Жоғарғы соты­ның судья­сы болып сай­ланған Қанат Мусин кеше Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың жар­лы­ғы­мен Жоғарғы сот­тың әкім­шілік істер алқа­сы­ның төраға­сы болып тағайындалды.

Бір қызы­ғы – кеше шыққан жар­лық 15 күн­нен кей­ін – шіл­денің 1‑інен бастап қол­да­ны­сқа енеді екен. Ал ең қызы­ғы – Қанат Мусин өзінің 30 жыл­дық заң­гер­лік еңбек өтілін­де ешқа­шан сот сала­сын­да судья болып қыз­мет етпе­ген. Енді ешқа­шан сот ісін жүр­гізіп көр­ме­ген заң­гер бақан­дай Рес­пуб­ли­ка Жоғарғы сот­тың әкім­шілік істер кол­ле­ги­я­сын басқа­ра­тын болды.

Егер Мусин мыр­за­ның өмір­ба­я­ны­на көз жүгір­тер бол­сақ, ол әр жыл­да­ры про­ку­ра­ту­ра орган­да­рын­да, Әділет мини­стр­лі­гі сала­сын­да және басқа­ру әкім­шілік­терін­де ортан қол қыз­мет­те болған. Әбүй­ір болған­да, оның еңбек өтілін­де ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­та­ты болға­ны жөнін­де ақпа­рат барын жасы­руға бол­май­ды. Бірақ біздің елде депу­тат­тар қалай «сай­ла­на­ты­ны» айты­ла-айты­ла бітіп бол­мас жырға айналған тақырып…

Әлбет­те, сот­тан әділет ізде­ген халық сот­тың өз іші былы­ққа батып жатқа­ны­нан бей­ха­бар. Мәсе­лен, сот­тың төмен­гі буын­да­рын былай қой­ған­да, Жоғарғы соты­ның ішін­де төраға Жақып Аса­нов пен оның орын­ба­са­ры – Аза­мат­тық істер кол­ле­ги­я­сы­ның төраға­сы Мей­рам­бек Тай­мер­де­но­втың ара­сын­да тар­тыс жүріп жатқа­ны жөнін­де біздің инсай­дер-тіл­шілер ақпа­рат жина­сты­ру үстін­де. Бұл енді газет­тің алдағы сан­да­ры­ның бірін­де жария бола­тын бөлек әңгі­менің тақырыбы.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн