Воскресенье , 6 июля 2025

Екібастұз қаласын КІМ ҚАТЫРДЫ?

  • Бұдан бұрын жал­пақ жұр­тқа жария болған­дай, 27 қара­ша­да Пав­ло­дар облы­сы­ның Екі­ба­стұз қала­сы Жылу энер­гия орта­лы­ғын­дағы (ТЭЦ) жары­лы­стың сал­да­ры­нан 30 гра­ду­стық аяз­да жылу­сыз қалған еді. Ал кеше – жел­тоқ­сан­ның 7‑інде ҚР үкі­метінің бас­пасөз қыз­меті «Екі­ба­стұз­дағы бар­лық үйге жылу беріл­ді» деп хабарлады.

«Бұл ақпа­рат шын­ды­ққа сай ма, қатып қалған қалаға жылу расы­мен де бері­ле баста­ды ма?» деген сау­ал­мен біздің тіл­ші­міз оқиға орта­сын­да – Екі­ба­стұз қала­сын­да жүр­ген бел­гілі бло­гер-жур­на­лист Оңғар Қаб­ден­ге хабар­ласқан еді.

– Бұл жаң­сақ ақпа­рат, «үй» мен «пәтер» деген ата­удың ара-жігін ажы­ра­тып хабар­лау керек еді, – деді өз біл­гені мен көз­бен көр­гені бой­ын­ша үкі­мет таратқан ақпа­ратқа түзе­ту енгіз­ген Оңғар Қаб­ден. – Бар­лық апат­ты үйлер­ге жылу жет­кізіл­гені рас, бірақ ол жылу бар­лық пәтер­лер­ге тегіс жет­кен жоқ. Жылу­ды жоға­ры­ға көте­ру жұмыста­ры жүр­гізіліп жатыр.

– Жылу­ды жоға­ры­ға көте­ру сон­ша­лы­қты қиын жұмыс боп па? Үйге барған жылу жоғарғы қабат­тағы пәтер­лер­ге неге көтеріл­мей тұр?

– Үйлер­ге «ТЭЦ»-тен кел­ген жылу­ды жоға­ры­ға жет­кі­зу үшін, алды­мен қысым­ды көте­ру керек. Ал энер­ге­тик маман­дар мен комис­сия мүше­лері қысым­ды көте­ру­ге қорқып отыр, пәтер құбыр­ла­ры мен бата­ре­я­лар жары­лып кетуі мүм­кін. Сей­сен­бі күні жылу қысы­мын көтер­ген кез­де, 15 үйдің құбы­ры жары­лып, тағы да жылу­сыз қал­ды. «Жау­ап­кер­шілік» деген мәсе­ле жау­ап­ты лау­а­зым­гер­лер­дің зәресін ұшы­рып тұрған сияқты.

– Оңғар, қатып қалған қалаға өзің қалай тап бол­дың? Аза­мат­тық баста­ма айдап бар­ды ма?

– Өзі­ме тіке­лей жет­кен ақпа­рат­ты тара­та бастап едім, екі­ба­стұз­ды­қтар жеке­ме шықты: «Келіп, көзің­мен көріп кет. Ертең жазы­қ­сыздар шырыл­дап, сот­та­лып кет­пе­сін. Елге де, билік­ке де жетер­лік нақты ақпа­рат тарат­шы» деп. Мұн­да жедел жет­кен­де­гі мақ­са­тым: бар­ды – бар, жоқты – жоқ деп көр­се­ту еді.

– Қала­да өз көзің­мен көр­ген апат сал­да­ры­ның дәл бүгін­гі жал­пы жағ­дайы қалай болып тұр?

– Апат­тың сал­да­ры халы­ққа ауыр тиді. Апат болға­лы он күн өтті. Осы он күн ішін­де мате­ри­ал­дық тап­шы­лық жағын былай қой­ған­да, халық мораль­дық-пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­да шар­шап кет­ті. Суық тиіп, бала­ла­ры ауы­рып, қарт әке-шеше­сі сырқат­та­нып қалған жұр­тқа ақыл айту да қиын. Ең басын­да 30 гра­ду­стық аяз­да қатып жатқан пәтер­лер­ді көріп, абды­рап қал­дық – мұз құрсанған.

– «ТЭЦ»-тегі апат тех­ни­ка­лық кем­шілік­тер­дің кесірі­нен пай­да болған ба, жоқ әлде оның басқа да себеп­тері бар ма екен?

– «ТЭЦ»-тегі апат неден шыққа­нын әркім әрқа­лай айта­ды. Ресми нұсқа­да қысым­ды күрт арт­ты­рған­нан шірі­ген құбыр­лар жары­лған дей­ді. Ал Екі­ба­стұз­дың халқы басқа нұсқа айта­ды. Менің біл­генім – бұл апат халы­ққа жасалған қастан­дық! Құбыр­лар­дың әбден шіруі қастан­дық емей – немене?! Қала­ның ком­му­нал­дық жағ­дай­ын осын­дай сорақы­лы­ққа кім жеткізді?!

Иә, тер­геу бастал­ды. Сон­ды­қтан әзір­ге нақты ештеңе айта алмай­мын. Ал, шірі­ген жүй­енің кесірі­нен апат болға­ны айдан анық.

– Қала халқы қалай – апат­тың ауыр сал­да­ры­на шыдап тұр ма?

– Енді қай­те­ді? Басқа барар жері жоқ, бүкіл қала мұз құр­санған. Енді кешелі-бері халы­қтың нара­зы­лы­ғын туды­рып тұрған мәсе­ле – Мәжіліс депу­та­ты Дүй­сен­бай Тұрға­нов пен вице-пре­мьер, сауда және инте­гра­ция мини­стрі Серік Жұманға­рин­нің тариф­ті өсі­ру керек дегені.

Не үшін тариф­ті өсіреді? Халы­қты апатқа ұшы­ратқа­ны үшін бе? Алмақтың да сал­мағы бар ғой. Халық ақша­сын төлеп отыр. Уақы­ты­лы. Ал, бұлар неге шірі­ген құбыр­ла­рын ауы­стыр­маған. Айна­лып келіп, мем­ле­кет­ке алақан жая­ды. Онда мем­ле­кет стра­те­ги­я­лық объ­ек­тілер­ді жеке­мен­ші­гіне алсын.

– Мини­стр­дің мің­гірі бел­гілі жәйт – халы­қтың қанын сорып, күн көр­ген үкі­мет­тің қылығы…

– Дүй­сен­бай Тұрға­нов та оңып тұрған жоқ. Ол осы­дан бір жыл бұрын ғана Алек­сандр Кле­ба­но­втың мен­ші­гін­де­гі «ЦАЭК»-тің (Цен­траль­но-Ази­ат­ская Элек­тро­энер­ге­ти­че­ская Кор­по­ра­ция) бас дирек­то­ры­ның бірін­ші орын­ба­са­ры болған. Ал қала­ны қаты­рған – «ЦАЭК»! Бұлар қала халқын сор­латқан апат­тың өзі­нен пай­да тауып қалғы­сы келеді…

– Ал енді жылуы жоқ, бата­ре­я­сы қатып қалған пәтер­лер­де тұрғын­дар қалай күй кешіп жатқа­нын көр­дің бе?

– Әрине! Олар қат­ты ашу­лы. Атарға оғы жоқ олар­ды да түсі­ну­ге бола­ды. Тұр­мыстық тех­ни­ка­ла­ры бұдан былай істер-істе­месі бел­гісіз. Қан­ша­ма мил­ли­онға жасаған күр­делі жөн­де­улері быт-шыт бол­ды. Пәтер­де­гілер жер үйлер­де­гі туы­ста­рын саға­лап кет­кен. Бір пәтер­де жоқ деген­де бір адам күзет­ке қалған.

– Мөл­шер­мен қан­шы халық жылу­сыз қалға­ны жөнін­де нақты есеп бар ма?

– Екі­ба­стұз билі­гі халы­қтың нақты санын айт­па­ды. Алға­шын­да 150-ге жуық үй жылу­сыз қал­ды деген. Кеше­гі – сей­сен­бі күн­гі есеп бой­ын­ша, жылу жет­пе­ген 12 үй қалған. Сол 12 үйде 1200-ге жуық пәтер бар. Әр пәтер­де орта есеп­пен 3 адам тұра­ды десек, доғал есеп 40–50 мың­ның шама­сын­да бола­тын шығар..

– Үкі­мет тара­пы­нан көмек көр­сетіліп жатқа­нын біле­міз, бірақ ол көмек­тің нақты жер­де­гі ықпа­лын Екі­ба­стұз тұрғын­да­ры сезініп жатыр ма?

– Жан жақтан көмек­ке кел­ген бри­га­да­лар апат­ты жыл­дам еңсе­ру­ге көмек­те­сті. Семей, Аста­на, Қараған­ды, Пет­ро­павл, Пав­ло­дар, Ақсу қала­ла­ры­нан кел­ген кәсі­би дәне­кер­ле­уші, сле­сарь маман­дар күні-түні тоқта­май жұмыс істе­уде. Бар­лық апат­ты үйлер­де­гі бата­ре­я­лар мен құбыр­лар­ды под­вал­дан бастап жаңар­тып, ауы­сты­рып жатыр.

Жылу маги­страль­да­рын қала тұрғын­да­ры өз күш­тері­мен мұз­дан ерітіп жатқа­ны жөнін­де әле­умет­тік желілер­де виде­о­лар жари­я­ла­нып еді, бүгін­де маги­страль толық іске қосыл­ды ма?

– Маги­страль­дар әлі толық іске қосыл­ды деп айта алмай­мын. Өйт­кені, жұмыс әлі біт­кен жоқ. Қысым­ды көте­ру­ге тағы бір жер­ден жары­ла ма деп қорқып оты­рған сыңайлы.

Бір ғана ТЭЦ-тің бүкіл қала­ны жылу­мен қам­туы қателік болға­нын мой­ын­дап жатқан жер­гілік­ті бас­шы­лық бар ма? Қала­да бір­не­ше жылу беру ошағы болуы керек еді ғой?

– «Қателік­тер­ді түзетіп, жұмыс істей­міз, бола­шақта қай­та­лан­ба­уы үшін» деп жатыр. Бірақ, біздің елде қашан қателік­тен сабақ алып еді? Ары­сты айтып, қақ­сап жүр­ген­де Тараз қай­та­лан­ды. Сол сияқты ертең қыстың көзі қыра­уда тағы бір жер­де шулап қал­ма­сақ болғаны.

Расын­да да, елдің қиыр сол­түсті­гін­де – суық кли­мат­та орна­ласқан бүкіл қала­ны бір ғана «ТЭЦ»-тің жылы­туы санаға сый­май­тын жәйт қой! Жал­пы, Қаза­қстан­ның көп­те­ген қала­сын­дағы жағ­дай осын­дай болуы керек. Егер жалғыз «ТЭЦ»-те апат бол­са, бүкіл қала мұз құр­са­на­ды. Жылу жүй­есін әрта­рап­тан­ды­рып, бір­не­ше жылу беру ошағын салу қажет­ті­гі билік­тің сана­сы­на кір­мей­тін мәсе­ле ме? Тіп­тен миым жетпейді!

– Үкі­мет тара­пы­нан барған комис­сия тұрғын­дар­дың шығы­нын Алек­сандр Кле­ба­но­втың «ЦАТЭК» ком­па­ни­я­сы өтей­ді деген сөз шығып еді, бұл мәсе­ле қалай жүзе­ге асып жатқа­ны­нан хаба­рың бар ма?

– Нақты Кле­ба­нов пен «ЦАТЭК»-ке қаты­сты ақпа­рат жоқ. Бұлар тағы да жауыр­ды жаба тоқып, аяғын­да «ТЭЦ» қыз­мет­кері кінәлі болып шыға ма деген күді­гім бар. Апат қысым­ның көтеріл­гені­нен бол­ды дей­ді. Енде­ше қысым­ды көте­ру тура­лы кім бұй­рық бер­ген? «ТЭЦ» бас­шы­лы­ғы мен әкім­шілік қана бұй­рық бере ала­ды. Тер­геу бары­сын­да осы жәйт аны­қта­луы керек деп ойлаймын.

Бас­пасөз өкіл­дері қаты­сқан бри­финг­те мен осы сұрақты көтер­дім: «Зардап шек­кен пәтер­лер­дің ақы­сын кім өтей­ді?» деп. «ТЭЦ»-тің құры­л­тай­шы­ла­ры өтей­ді деп анық айтыл­ды. Ал оның қожай­ы­ны – Клебанов!

Әлем­желі­де пре­зи­дент Тоқа­ев неге апат­ты қалаға бар­ма­ды деген сұрақ туып жатыр. Пре­зи­дент келіп, жағ­дай­ды өз көзі­мен көруі керек пе еді, әлде пре­мьер-мини­стр­дің кел­гені жет­кілік­ті бол­ды ма?

– Пре­зи­дент­тің кел­гені­нен апат­тың сал­да­ры жедел жой­ы­ла­ды деп ойла­май­мын. Ол тиісті тап­сыр­ма­сын бер­ді. Ал пре­мьер Әли­хан Смай­ы­лов өзінің орын­ба­са­ры Скляр­ды тырп етіп, қала­дан шық­пай­сың деп қал­ды­рып кет­кені өте дұрыс шешім бол­ды. Жұмыс­шы­лар саны 800-ге дей­ін көбей­іп, 24 сағат жұмыс режи­міне көшіріл­ді. Пәтер­лері­міз не бола­ды деп алаң­даған жұрт­шы­лық көңіліне бұл да бір сер­пін бер­ді. Халық та жан-жақтан кел­ген жұмыс­шы­лар­дың қары­ны ашып қал­ма­сын, тоңып қал­ма­сын деп, қазан­да­рын ала жүгіріп, аула-аула­да асар­ла­тып, тамақ пісіріп, бір­лі­гі мен бере­кесін көр­сет­ті. Біз ұлт болып ұйыс­сақ қана бар­лық апат­ты жеңе ала­ды екенбіз.

– Рас айта­сың, Оңғар мыр­за! Біз­де ұлт­тың мүд­денің бір­лі­гі кем­шін боп жатқан сияқты. Оқиға орта­сы­нан жет­кіз­ген хабар-оша­рың үшін мың да бір алғыс!

Сырым ДАТОВ,

«

ҚАТУДЫҢ КЕЗЕГІ Рудный қаласына келді…

  • Кеше кеш­кісін газет қат­та­лып жатқан­да, Руд­ный қала­сын­да да апат­ты жағ­дай­дың қау­пі туды деген хабар кел­ді (қаз-қал­пын­да).

Из-за пони­же­ния дав­ле­ния про­изо­шло пере­мер­за­ние тру­бо­про­во­да в горо­де Руд­ном в Коста­най­ской обла­сти, сооб­ща­ет Tobol Info. «…Про­изо­шло пере­мер­за­ние тру­бо­про­во­да очи­щен­ных сто­ков от Соко­лов­ско­го нако­пи­те­ля до Васи­льев­ско­го испа­ри­те­ля, кото­рый нахо­дит­ся на балан­се ТОО «Руд­нен­ский водо­ка­нал» из-за пони­же­ния дав­ле­ния в тру­бо­про­во­де», – сооб­щи­ли в отде­ле ЖКХ аки­ма­та Рудного.

Все­го замо­ро­же­но 2 200 м тру­бо­про­во­да от Соко­лов­ско­го нако­пи­те­ля до Васи­льев­ско­го испа­ри­те­ля, уже ото­гре­то 1000 м

При­чи­ны слу­чив­ше­го­ся выяс­ня­ют­ся. На объ­ек­те рабо­та­ют ава­рий­ные бри­га­ды ТОО «Руд­нен­ский водо­ка­нал» в коли­че­стве восемь еди­ниц тех­ни­ки и 20 чело­век, АО «ССГПО» — две еди­ни­цы тех­ни­ки и 10 чел, ТОО «Руд­нен­ские теп­ло­се­ти» — одна еди­ни­ца тех­ни­ки и 10 чел. Ото­грев тру­бо­про­во­да про­из­во­дит­ся путем откры­то­го огня.

Каз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн