Пятница , 4 июля 2025

ЕКІ ШЫЛБЫР, БІР ТІЗГІН ҚОЛЫНА ТИГЕН ЖҰМАНҒАРИН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЕҢСЕРЕ АЛА МА?

Вице-пре­мьер Серік Жұманға­рин ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі қыз­метіне кірісті. Оның көкөніс баға­сы­мен қатар, тұрғын үй, тұта­стай алған­да бірқа­тар тау­ар­дың қым­бат­та­уы­мен күре­суіне тура келеді. Әріп­те­сті – экс-министр Нұр­лан Бай­ба­за­ро­втың әре­кеті­нен сырт­тай бақы­лау бір бөлек те, оның қыз­метін өз мін­детіне алу мүл­де басқа әңгі­ме. Ulysmedia.kz тіл­шісі сала­дағы бұры­нғы мини­стр­лер­ді еске түсіріп, Жұманға­рин­нің алдын­да қан­дай мін­дет­тер тұрға­нын шолып шықты. 

Айт­пақ­шы, бірқа­тар сарап­шы Нұр­лан Бай­ба­за­ро­втың отстав­каға кетуі өте қисын­ды және дұрыс қадам екенін айтып жатыр. Өйт­кені олар­дың пікірін­ше, экс-министр өз крес­ло­сын­да назар ауда­рар­лық ештеңе жаса­маған. Бірақ оның бұл қыз­мет­те бір жыл да отыр­маға­нын атап өткен жөн. Ал Бай­ба­за­ро­втан бұрын ең аз уақыт қыз­мет­ті бұл орын­тақта аты­шу­лы Қуан­дық Бишім­ба­ев (8 ай ғана) атқарған.

ЖҰМАНҒАРИН ЕКІ ШЫЛБЫРДЫ ҚОЛЫНА АЛДЫ

Ал біз Мини­стр­лер каби­неті­нен шық­пай-ақ тың лау­а­зы­мға ие болған жаңа ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі­нен бастай­мыз. Мини­стр­лік крес­ло­сы­на дей­ін Жұманға­рин пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры болған, әрі де болып қала береді. Ал эко­но­ми­ка оған «қосым­ша» жүк­тел­ді, яғни қазір Жұманға­рин­нің екі лау­а­зы­мы бар. Айлы­ғы да жау­ап­кер­шілі­гінің өскеніне қарай арта­тын болар. Бірақ ол эко­но­ми­ка­дағы қиын­ды­қтар­ды еңсе­ре ала ма? Басты мәсе­ле осы!

55 жастағы Серік Жұманға­рин Ақтө­бе­ден шыққан, үйлен­ген, үш бала­сы бар. Кей­де хариз­ма­шыл, кей­де батыл. Көп­шілік оны әйгілі «жыным­ды кел­тір­меңіз­ші!» деген сөзі­нен біледі.

Биыл егін­ді шегірт­ке­лер қыра бастаған кез­де Жұманға­рин жән­дік – шын мәнін­де кере­мет ақуыз таға­мы, әрі халал өнім екенін айтқа­ны бар. Осы­ны ескер­сек, Жұманға­рин­нің Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің бас­шы­сы ретін­де не істей ала­ты­нын ойлау қорқы­ны­шты. Шегірт­кені кон­сервілеп сат­па­сақ игі. Осы сөзі­нен кей­ін Жұманға­рин Мәжіліс кулу­ар­ла­рын­да шегірт­кені ешкім­ге жеу­ге ұсын­баға­нын, тек зиян­кестер тура­лы білетінін айтқа­нын жеткізді.

«Бәсе» арна­сы Серік Жұманға­рин 2016 жылы Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гін­де Табиғи моно­по­ли­я­лар­ды рет­теу және бәсе­ке­ле­стік­ті қорғау коми­тетінің жетек­шісі болып тұрған кез­де «пара ретін­де 10 пәтер алға­нын», «тоғы­зын әйелінің аты­на рәсім­де­генін» жазған бола­тын. Алай­да бұл пәтер­лер­ді вице-пре­мьер өз еңбе­гі­мен тапқа­нын, ешқан­дай заң­сыз әре­кет жаса­маға­нын айт­ты. Тіп­ті сол кез­де вице-пре­мьер «заң­гер­лер­мен ақыл­да­сып жатыр­мыз» деп, ақпа­рат таратқан арна­мен алы­са­тын­дай пікір айтқан. Алай­да кей­ін оның бұл бағыт­тағы әре­кеті қан­дай болға­ны тура­сын­да ешқан­дай мәлі­мет тарамады.

Көріп оты­рға­ны­мы­здай, жаңа мини­стр­дің бэк­гра­ун­ды бар­шы­лық. Ол биз­не­сте жұмыс істе­ген, моно­по­ли­яға қар­сы ведом­ство­ны басқарған, онда нары­қтағы «Қаза­қ­те­ле­ком­ның» үлесін азай­ту үшін Kcell-ді жеке қолға сату керекті­гін айтқан. Алай­да кей­ін­нен басқа актив­ті – Altel/Tele2 («Мобайл Теле­ком-Сер­вис» ЖШС) катар­лық инве­стор­ларға 713,1 млрд тең­ге­ге сату тура­лы шешім қабыл­дан­ды. Мәмі­ле биыл қыр­күй­ек­те жабы­ла­ды деп уәде етіл­ген, бірақ бұл мерзім кей­ін тағы бір жылға ұзар­тыл­ды. Жұманға­рин Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық комис­си­яда, Сауда және эко­но­ми­ка­лық даму, сон­дай-ақ Инду­стрия мини­стр­лі­гін­де де жұмыс істеген.

АҢДАМАЙ СӨЙЛЕП, ОРЫНТАҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Нұр­лан Бай­ба­за­ро­втың қыз­меті­нен кетуі эко­но­ми­ка­дағы жағ­дай­дың нашар­ла­уы және әре­кет­сізді­гі, сон­дай-ақ оның «отқа май құй­ған» кей­бір сөз­дері­мен байланысты.

Кей­ін­гі бір­не­ше айда ел эко­но­ми­ка­сы бір­ша­ма мәсе­лені бастан кешір­ді: ұлт­тық валю­та құл­ды­рап, азық-түлік баға­сы өсіп, бюд­жет дағ­да­ры­сы терең­дей түсті, мем­ле­кет­тік актив­тер­ді сату бой­ын­ша ірі мәміле­лер жасал­ды. Әлбет­те, мұн­дай­да биік мін­бер­лер­ден пай­ым­дап отыр­май, уәкілет­ті орган батыл шешім­дер қабыл­да­уы керек еді.

Бай­ба­за­ро­втың отстав­каға кетуі Мини­стр­лер каби­неті толық ауы­спай­ты­нын біл­діреді. Сарап­шы­лар­дың кей­бірі кей­ін­гі кез­де «Каб­мин тарай­ды» деген әңгі­мені де көбірек айта бастаған-тын.

Бәл­кім, Бай­ба­за­ров үшін инфля­ци­яға бай­ла­ны­сты жақын ара­да тұрғын үй қым­бат­тай­ты­ны тура­лы мәлім­де­месі де қыз­меті­нен кетуіне себеп болған болар! Экс-министр 2 жел­тоқ­сан­да Үкі­мет­те жур­на­ли­стер­дің құры­лыс мате­ри­ал­да­ры­ның қым­бат­та­уы тура­лы сұрағы­на солай жау­ап берген.

Кей­ін­гі кез­де бас­пасөз өкіл­дері шене­унік­тер­дің бәрі­нен тең­ге неге күрт әлсіреп, қым­бат­шы­лық күшей­іп кет­кенін көбірек сұрай бастаған. Бұл сұрақтың көбі әсіре­се Бай­ба­за­ро­вқа бағыт­тал­ды. Мыса­лы, жаңа жыл­дық мере­ке­лер қар­саңын­да баға қан­дай бола­ты­ны тура­лы тұрақты сұраққа ол аймақтар­дағы ауыл шару­а­шы­лық жәр­мең­ке­лері олар­дың қым­бат­та­уын теже­у­ге көмек­те­сетінін айтты.

Жал­пы алған­да, оның соңғы мәлім­де­ме­лері мен эко­но­ми­ка­да не болып жатқа­нын түсін­діру­ге тыры­суы көбі­не­се ақы­лға қонбайтын.

ЭПИЛОГ

Олжас Бек­те­но­втің Каб­мин бас­шы­лы­ғы­на кел­геніне бір жылға жуы­қтап қал­ды. Кей­бір сарап­шы­лар келесі жыл­дың қаңтар-ақпан айла­рын­да Мини­стр­лер каби­неті отстав­каға кете­ді деп есептейді.

Бірақ егер біз мем­ле­кет бас­шы­сы­ның кадр­лық мәсе­ле­лер­де­гі так­ти­ка­сын тал­дай­тын бол­сақ, ол шах­мат тақ­та­сын­дағы фигу­ра­лар­ды оңды-сол­ды сер­ме­ген­ді қала­май­ды, бірақ ұқып­ты, жай­ба­рақат қозға­луға тырысады.

Бір жылға жуық уақыт ішін­де үкі­мет­тен Бағ­дат Мусин, Ермек Мар­жы­қ­па­ев пен Нұр­лан Бай­ба­за­ров кет­ті. Келесі жыл­дың басын­да Каб­мин­нің бәрін бір­ден өзгер­тудің мән-мағы­на­сы бола ма? Сырым ҚАРЖАС

Республиканский еженедельник онлайн