Четверг , 19 июня 2025

«ЕЛБАСЫ» АТАУЫ барлық заңнан ЖОЙЫЛУЫ ТИІС!

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның отыз жыл­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты рақым­шы­лық жасау тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы заңы­ның жоба­сы» қабылданды.

Біз ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты, «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның мүше­сі Қазы­бек Иса­ның заң жоба­сын­дағы «елба­сы» деген ата­удың заң­сызды­ғы тура­лы айтқан сөзін жари­я­лап отырмыз.

Қазы­бек Иса, Мәжіліс депутаты:

– Менің сұрағым заң­ды әзір­ле­ген Ішкі істер министрлігіне!

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның отыз жыл­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты рақым­шы­лық жасау тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Заңы жоба­сы­ның» 4‑бабы рақым­шы­лық жасау қол­да­ныл­май­тын адам­дар­ды айқын­даған. Осы бап­тың 13-тар­мағы­на: «ҚР Тұңғыш Пре­зи­ден­тінің – Елба­сы­ның өміріне қол сұғу­шы­лық» та (166−1 бап) кіргізілген.

Бұл жер біз­ге түсініксіз болып тұр.

«ҚР Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы» деген атау тұңғыш рет бұдан ширек ғасыр бұрын, 2000 жылы 20 шіл­де­де Пар­ла­мент­те 18 минут­та қабылданған…

Ал 2023 жылы 11 қаңтар­да Пар­ла­мент­тің VII шақы­ры­лы­мын­да біз «ҚР Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы тура­лы заң­ның» күшін жой­ған­быз. Ол 2023 жылы 13 ақпан­да күшіне кірген.

Енде­ше неге бұл жаңа заң жоба­сын­да «ҚР Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы» деген атау заң­сыз қол­да­ны­лып тұр?! Бұл қан­дай заң­ды­лы­ққа жата­ды?! Бұл жер­де тек «экс-пре­зи­дент» деп қана ата­луы керек қой!

ҚР Қыл­мыстық кодексінің атал­мыш 166–1 бабы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Тұңғыш Пре­зи­ден­тінің – Елба­сы­ның қыз­метін қам­та­ма­сыз ету сала­сын­да заң­на­ма­ны жетіл­ді­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2010 жылғы 14 мау­сым­дағы № 290-IV Заңы» бой­ын­ша кіргізілген.

Ал 2023 жылы 11 қаңтар­да «ҚР Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы» тура­лы заң­ның күші жой­ы­лға­нын жаңа айттық.

Енде­ше «Тұңғыш Пре­зи­дент – Елба­сы» деген ата­удың да заң бой­ын­ша күші жой­ы­луы керек қой?!.

Кей­ін қабыл­данған заң бұры­нғы заң­ның күшін жояды заң бой­ын­ша. Сон­ды­қтан бар­лық заң­дар­дан, бар­лық жер­ден «Тұңғыш Пре­зи­дент – Елба­сы» деген атау жой­ы­луы тиіс!

«D»

Республиканский еженедельник онлайн