Вторник , 1 июля 2025

Елдегі жаппай жекешелендіру ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?

Қаза­қстан­ның билі­гі мен мем­ле­кет ішін­де­гі мем­ле­кеті іспет­ті, тек қана үстем тап өкіл­деріне айналған жаңа капи­та­лист-оли­гарх­тарға қыз­мет ету­ші «Самұрық-Қазы­на» акци­о­нер­лік қоға­мы өзіне қарас­ты «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы құра­мын­дағы стра­те­ги­я­лық үш мұнай өңдеу зауыт­та­рын­дағы мем­ле­кет­тік акция үле­стері мен жанар-жағар­май бекет­терін тағы да жеке­ше­лен­дір­мек болып, шешім қабылдады. 

Бұл жеке­ше­лен­діруді қаза­қстан­дық билік «вто­рая вол­на при­ва­ти­за­ция» деп атап отыр. Өткен жыл­дар­дағы «жеке­ше­лен­ді­ру науқан­да­ры­нан» аман қалған мем­ле­кет­тік нысан­дар мен ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дағы мем­ле­кет­тік үле­стер бүгін­гі күні жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­ны­на шығарылуда. 

Бұл жеке­ше­лен­ді­ру қара­пай­ым халы­ққа не береді? Егер бір тұжы­рым­мен ғана тұй­ы­қтай­тын бол­сақ, Қаза­қстан­ды биле­ген бұры­нғы пар­то­крат­тар мен олар­дың сыбай­лас жақын-жақы­бай­ла­ры­нан құралған «жаңа капи­та­ли­стер» одан ары бай­лы­ққа батып, тақыр про­ле­та­ри­атқа қай­та айналған халы­қтың негіз­гі бөлі­гі одан ары кедей­лене түседі. Ал «жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­ны» деп ата­ла­тын сұрқия эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың жай-жап­са­рын тал­дап айтар бол­сақ, билік басын­дағы­лар ара­сын­да ғана бола­тын мем­ле­кет­тік-мүлік­тік бөлістің егжей-тег­жей­іне тоқта­луға тура келеді.

Қан­дай мем­ле­кет бол­ма­сын, оның негіз­гі стра­те­ги­я­лық нысан­да­ры: жер асты қаз­ба бай­лы­қта­ры, темір-метал­лур­гия қор­ла­ры, энер­ге­ти­ка мен логи­сти­ка­лық ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры, мұнай мен газ кәсіп­шілік­тері, зауыт­тар мен фаб­ри­ка­лар, кос­мос, алтын өндірісі, т.б. кәсі­по­рын­дар мем­ле­кет қара­мағын­да болуы керекті­гі о бастан бел­гілі еді. Ал жап­пай жеке мен­шік­тен тұрған эко­но­ми­ка тек жабайы капи­та­лизм­ге, яғни артель, трест, син­ди­кат пен мафи­я­лық топ­тар басқарған эко­но­ми­каға әке­леді. Мұн­дай елде ешқа­шан да нары­қтық (рыноч­ный) қаты­на­стар туын­да­май­ды! Өкініш­ке қарай, енді, міне, Қаза­қстан­да осы «жабайы капи­та­лизм» үстем­дік құрып отыр. Елі­міз эко­но­ми­ка­сы­ның бүгін­гі жағ­дайы дамы­ған 30 елдер­дің қата­рын­да емес, елулік­ке де іле­се алмай, Афри­ка­ның арт­та қалған елдерінің қата­ры­на қарай кері сырғып барады. 

Біздің эко­но­ми­ка­дағы мен­шік­тік қаты­на­стар­ды шетел­дер­мен салы­сты­ра­тын бол­сақ, ғалам­ның алды­ңғы сегізді­гіне кіретін Англи­я­ның эко­но­ми­ка­сын­дағы шетел­дік­тер­дің үлес сал­мағы жал­пы өндіріс акци­я­ла­ры­ның 15 пай­ы­зы­нан аспай­ды. Жетілік­тің мықты­ла­ры­ның бірі – Фран­ци­яда 15–20 пай­ы­зға дей­ін­гі ара­лы­қтағы акци­я­ларға шетел­дік­тер­дің егелік етуіне тек қана ел пар­ла­мен­тінің рұқ­са­ты керек! Ара­лас эко­но­ми­ка­ны қол­да­нып, ғалам­дық екін­ші эко­но­ми­каға айна­лып оты­рған Қытай­да эко­но­ми­ка­ның 96 пай­ы­зы мем­ле­кет­тік, ал демо­кра­тия мен нары­қтық қаты­на­стар жүй­есі өте дамы­ған АҚШ-та эко­но­ми­ка­сы­ның 51 пай­ы­зы, Англи­яда – 56 пай­ы­зы мем­ле­кет қарамағында!

Ал біз­де­гі «ғұла­ма­лар» билік құрған Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның 96 пай­ы­зы қазір жеке мен­шік­ке айна­лып отыр. Жеке биз­нес­мен неме­се шетел­дік инве­стор өз қар­жы­сы­на салған зауы­ты мен фаб­ри­ка­сы­на өзі егелік етсе, ешқан­дай да жеңіл­діксіз толы­ққан­ды салы­ғын төлеп отыр­са, заң­ды негіз­де акци­я­ла­рын қор бир­жа нары­ғы­на шыға­рып неме­се өз ерік­тері­мен ұжым­мен бөлісіп отыр­са, оған ешкім­нің де тала­сы да, жұмыста­ры да бол­мас еді…

Бірақ біз­де мүл­дем басқа­ша бол­ды. Оның ең масқа­ра­лы­ғы – 90-жыл­дар­дың орта­сы­нан ауа басталған «жап­пай жеке­лен­ді­ру науқа­нын­да» мем­ле­кет қар­жы­сы­на салы­нған, табыс тауып, мың­даған аза­мат­та­ры­мы­зды асы­рап, мем­ле­кет қазы­на­сын төле­ген салы­ғы­мен тол­ты­рып жатқан завод-фаб­ри­ка­лар­ды, шах­та­лар мен мұнай-газ кені­ш­терін, яғни халы­қтың ырыс-несі­бесін жеке­лен­діріп, оны өз жақын­да­ры мен шетел­дік­тер­ге азын-аулақ қар­жы­ға сатып, үле­стіруді қан­дай жетістік­ке жатқы­зуға бола­ды?! Жаңа қожай­ын­дар осы өндірістер­дің табысы­нан бөлін­ген қар­жы­ларға уақы­ты жетіп, әбден тозып, істен шыққан жаб­ды­қтар мен қон­ды­рғы­лар­ды жаңа тех­но­ло­ги­я­ларға ауы­сты­ру­ды ма? Жеке­ше­лен­діріл­ген өндіріс орын­да­рын­да қан­ша жұмыс орын­да­ры ашылды? 

Бір ғана адам ұзақ жыл­дар бойы басқарған, білік­тілі­гі мен дамуы кері кет­кен билік­тің 2018 жыл­дың басын­да ақпа­рат агент­тік­тері арқы­лы арнайы таратқан хаба­ры­ның мәтінін қаз-қал­пын­да кел­тіріп көрей­ік («Интер­факс-Қаза­қстан»):

«16 янва­ря. Пав­ло­дар­ский, Аты­ра­ус­кий и Шым­кент­ский неф­те­пе­ре­ра­ба­ты­ва­ю­щие заво­ды будут при­ва­ти­зи­ро­ва­ны в рам­ках под­го­тов­ки к IPO АО «Наци­о­наль­ная ком­па­ния «Каз­Му­най­Газ», заявил министр наци­о­наль­ной эко­но­ми­ки Тимур Сулей­ме­нов. «Реа­ли­за­ция 14 акти­вов пере­не­се­на в пери­метр IPO их мате­рин­ских ком­па­ний в целях повы­ше­ния их сто­и­мо­сти», – ска­зал Т.Сулейменов на засе­да­нии правительства. 

В част­но­сти, в рам­ках под­го­тов­ки к IPO «Каз­Му­най­Га­за» будет реа­ли­зо­ва­но 7 акти­вов (доли уча­стия, при­над­ле­жа­щие КМГ): ТОО «Урих­тау Опе­рей­тинг», ТОО «Пав­ло­дар­ский неф­те­хи­ми­че­ский завод», TH KazMunaiGas N.V., ТОО «Пет­ро­Ка­зах­стан Ойл Про­дактс», ТОО «Аты­ра­ус­кий неф­те­пе­ре­ра­ба­ты­ва­ю­щий завод», ТОО «KMG Automation», ТОО «Тениз Сер­вис», сооб­щил Т.Сулейменов. Таким же обра­зом будут про­да­ны акти­вы АО «Наци­о­наль­ная ком­па­ния «Казах­стан темир жолы» (пять акти­вов: АО «Каз­те­мир­транс», АО «Пас­са­жир­ские пере­воз­ки», АО «Багаж­ные пере­воз­ки», АО «Вагон сер­вис», АО «При­го­род­ные пере­воз­ки»); и АО «Наци­о­наль­ная ком­па­ния «Казахте­ле­ком» (два акти­ва: ТОО «Нур­сат+» ООО «КТ-АйИкс»)…

Как извест­но, пра­ви­тель­ство Казах­ста­на утвер­ди­ло ком­плекс­ный план при­ва­ти­за­ции на 2016–2020 годы и спи­сок объ­ек­тов, под­ле­жа­щих пере­да­че в кон­ку­рент­ную сре­ду. В пере­чень круп­ных орга­ни­за­ций рес­пуб­ли­кан­ской соб­ствен­но­сти, под­ле­жа­щих при­ва­ти­за­ции в при­о­ри­тет­ном поряд­ке, вошли такие орга­ни­за­ции, как: АО «Наци­о­наль­ный науч­ный меди­цин­ский центр», нац­ком­па­ния «Казах­стан гарыш сапа­ры», наци­о­наль­ная гео­ло­го­раз­вед­че­ская ком­па­ния «Каз­гео­ло­гия», меж­ду­на­род­ный аэро­порт Аста­ны и дру­гие. На IPO будут выве­де­ны: наци­о­наль­ная желез­но­до­рож­ная ком­па­ния «Казах­стан темир жолы», наци­о­наль­ная неф­те­га­зо­вая ком­па­ния «Каз­Му­най­Газ», наци­о­наль­ная атом­ная ком­па­ния «Каза­том­пром», АО «Самрук-Энер­го», наци­о­наль­ная гор­но­руд­ная ком­па­ния «Тау-Кен Самрук», ТОО «Каз­цинк», АО «Каз­поч­та», АО «Эйр Аста­на» и дру­гие ком­па­нии. В Казах­стане с насе­ле­ни­ем 18 млн чело­век дей­ству­ют три НПЗ – Аты­ра­ус­кий, Пав­ло­дар­ский и Шым­кент­ский. «Каз­Му­най­Газ» и CNPC вла­де­ют по 50% долей Шым­кент­ско­го НПЗ. Аты­ра­ус­кий и Пав­ло­дар­ский заво­ды кон­тро­ли­ру­ют­ся «Каз­Му­най­Га­зом».

Ел эко­но­ми­ка­сы­на пай­да беріп тұрған, мем­ле­кет қазы­на­сы­нан мил­ли­ард­таған дол­лар қар­жы жұм­са­лып салы­нған кезек­ті мем­ле­кет­тік нысан­дар­дың да саты­лы­мға шыға­ры­ла­ты­нын сол агент­тік былай хабарлайды: 

«В рам­ках визи­та пре­зи­ден­та Казах­ста­на Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва в Объ­еди­нен­ные Араб­ские Эми­ра­ты под­пи­сан ряд доку­мен­тов о сотруд­ни­че­стве, сооб­щи­ла пресс-служ­ба гла­вы Казах­ста­на. Так, в ходе офи­ци­аль­но­го визи­та под­пи­са­ны: согла­ше­ние меж­ду пра­ви­тель­ством Казах­ста­на и ОАЭ о поощ­ре­нии и вза­им­ной защи­те инве­сти­ций, рамоч­ное согла­ше­ние об основ­ных прин­ци­пах при­об­ре­те­ния 49% акций акци­о­нер­но­го обще­ства спе­ци­аль­ной эко­но­ми­че­ской зоны «Мор­порт Актау», рамоч­ное согла­ше­ние об основ­ных прин­ци­пах уча­стия DP World в капи­та­ле АО «Управ­ля­ю­щая ком­па­ния СЭЗ «Хор­гос – Восточ­ные ворота». 

Ал енді мына әпер­бақан­дық әре­кет­ке не деу­ге бола­ды? Қаз-қал­пын­да – Интерфакс-Қазақстан:

Акти­вы Наци­о­наль­но­го фон­да Казах­ста­на попол­ня­ют­ся не теми тем­па­ми, кото­рые необ­хо­ди­мы, счи­та­ет министр наци­о­наль­ной эко­но­ми­ки Казах­ста­на Тимур Сулей­ме­нов. «Для попол­не­ния Наци­о­наль­но­го фон­да, в первую оче­редь (объ­яв­ле­ны на про­да­жу акции «Жил­стройсбер­бан­ка» Казах­ста­на – ИФ‑К)… Наци­о­наль­ный фонд мы силь­но задей­ство­ва­ли на тот же «Нур­лы жол», «Нур­лы жер» и видим, что его акти­вы у нас попол­ня­ют­ся не так быст­ро, как хоте­лось бы… Поэто­му перед нами зада­ча попол­не­ния Нац­фон­да сто­ит», – доба­вил он. Кро­ме про­че­го, при­ва­ти­за­ция нац­ком­па­ний, по сло­вам мини­стра, поз­во­лит при­влечь «стра­те­ги­че­ских инве­сто­ров с хоро­шим име­нем», кото­рые при­вне­сут «допол­ни­тель­ные управ­лен­че­ские тех­но­ло­гии и т.д.». – ска­зал Т.Сулейменов.

Тағы да айт­пасқа бол­мас. «Ұлт­тық қор» деген ел эко­но­ми­ка­сы­нан түс­кен пай­да­ның бір бөлі­гі­мен тол­ты­рыл­май­тын ба еді? Қазір қор­да қан­ша қар­жы қал­ды? Кезін­де «Қаз­ком­мерц­банк­ке» сауы­қты­руға деп беріл­ген 8 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры қашан қай­та­ры­ла­ды? Егер бұл банк 1 тең­ге­ге саты­лып, жой­ы­лып кет­се, оны кім қай­та­ра­ды? Жаңа қожай­ын ба? Бұл кезек­ті ала­яқтық емес пе? Ұлт­тық қор­ды шетел­ден алған қары­з­бен қалай тол­тыр­мақ? Ол қарыз кей­ін қай­та­ры­луы тиіс бол­са, қор­ды шетел­дік қар­жы­мен тол­ты­ру­дың мәнісі қан­дай бол­мақ?
Шама­сы, Ұлт­тық қор­ды тол­тыр­мақ түгілі, елдің бюд­жетін­де эко­но­ми­ка­ны жамап-жасқай­тын қар­жы қал­ма­са керек, енді «екін­ші жеке­ше­лен­ді­ру» деп ата­ла­тын алдам­шы эко­но­ми­ка­лық сая­сат пай­да болған сияқты. Сон­да халы­қтың ырыс-несі­бесін, яғни мем­ле­кет мүлік­терін түгел­ге дер­лік сату­дағы мақ­сат­та­ры не? Әлде бұл мыр­за­лар келе­шек­терін Қаза­қстан­мен бай­ла­ны­сты­рғы­сы кел­мей ме? Ел эко­но­ми­ка­да мем­ле­кет­тің үлесін осын­ша­ма азай­тқан­дағы билік­тің түп­кі мақ­сат­та­ры не? Бұлар сон­да нені көк­сеп жүр? Әлде мем­ле­кет­ті, оның жерінің асты мен үстін бөл­шек­теп, әлем­дік алпа­уыт­тар­мен бір­ге жеке­ше­лен­діріп алмақ па? Қорас­ын­да тышқақ лағы жоқ, не бір гек­тар егістік жері жоқ, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тас-талқан болып күй­ре­ген, не бір толы­ққан­ды егелік еткен зауыт­та­ры, не халық тұты­на­тын тау­ар­лар шыға­ра­тын фаб­ри­ка­ла­ры тағы да жоқ елді мем­ле­кет деу­ге бола ма?!..

Ақы­рын­да біздің «ғұла­ма­лар» елді де, эко­но­ми­ка­ны да банк­ро­тқа ұшы­ра­туға таяп қал­ды. Енді қалған-құтқан­да­рын сатып бітір­ген соң, шетел­дер­ге қашпақ ойла­ры бар ма? Бірақ қай­да қаш­са да, халық қаһа­ры­нан ешқа­шан да құты­ла алмай­тын­да­рын неге ғана ұқпай­тын­да­ры­на таң қал­май көр?! 

Филип­пин­нің бұры­нғы пре­зи­ден­ті, жемқор­лы­қ­пен елін тонап, 4,5 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры­мен шетел­дер­ге қашып, өлген­нен соң да жеті жыл бойы жер­лен­бе­ген Фер­ди­нанд Мар­ко­стың ащы өмірі біздің елді басқа­рып оты­рған әрбір шене­унік­ке сабақ болуы тиіс…

Ара­лас эко­но­ми­каға көшпей, нары­қтық қаты­на­стар­дағы әділет­тілік үстем­дік алмай, эко­но­ми­ка толы­ққан­ды дамы­м­ай­ды! Заң­ның үстем­ді­гі, мықты кадр сая­са­ты, мем­ле­кет­тік қыз­мет пен биз­не­стің бөлі­ну керекті­гі және де туын­даған әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді дер кезін­де шешу – бүгін­гі күн­нің ең басты тала­бы, ең өзек­ті мәсе­лесі!
Мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар мен жеке мен­шік кәсі­по­рын­дар ара­сын­да өндіріл­ген тау­ар­ла­рын өткі­зу жолын­да туын­да­май, эко­но­ми­ка­да нары­қтық қаты­на­стар ешқа­шан да қалып­тас­пай­ды. Эко­но­ми­ка­ны басқа­ру­да дамы­ған елдер­де­гі­дей ара­лас эко­но­ми­каға көшу керек. Яғни, нары­қтық қаты­на­стар мен әкім­шіл­дік жүй­ені үйлесім­ді түр­де заң­мен рет­теп, басқа­ру жол­да­ры. Мұн­дай эко­но­ми­ка­лық іс-шара­лар өз кезе­гін­де бәрін де нары­қтың өзі рет­тей­ді деп, эко­но­ми­ка­лық даму­ды беті­мен жібер­ген жабай­ы­лық пен тоғы­шар­лы­қтан ары­л­та­ды. Жал­пы­ға ортақ тәр­тіп орнап, эко­но­ми­ка­дағы бей­бе­ре­кет­сіздік пен анар­хи­я­ны болдырмайды. 

Жақын­да ғана Қаза­қстан­ның білік­ті де, теге­уірін­ді бас про­ку­ро­ры Қай­рат Қожам­жа­ро­втың баста­ма­сы­мен жүр­гізіл­ген іші­на­ра тек­се­ру­ден соң, елі­міз бой­ын­ша ком­му­нал­дық төлем­дер­дің көтеріңкі тариф­тер­мен заң­сыз алы­нып кел­ген­ді­гі аны­қтал­ды. Баға бел­гіле­уде өзін­дік құн есеп-қиса­бын (каль­ку­ля­ци­я­сын) тек­серіп, оны бекітіп, жыл бойы сақта­луын бақы­ла­у­ға тиісті Анти­мо­но­по­ли­я­лық коми­тет­тің қыл­мысқа тең біліксізді­гі мен жау­ап­сызды­ғы кесірі­нен тұты­ну­шы­ла­ры­мы­здың мил­ли­ард­таған тең­ге шығы­нға батқан­ды­ғы бел­гілі болды… 

Эко­но­ми­ка­ны халы­қтық, ұлт­тық мүд­де тұрғы­сы­нан басқар­ма­са, білім­ді де, білік­ті кадр таң­дау сая­са­ты бол­ма­са, баға бел­гіле­уді заң­мен рет­теп, бақы­лап отыр­ма­са, әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді дер кезін­де шешпе­се, сот­тар әділет­ті бол­ма­са, білім мен меди­ци­на ақы­лы бол­са, ондай мем­ле­кет пен сол мем­ле­кет­ті дұрыс басқа­ра алмаған, жеген нанын ақта­май­тын мың­даған шене­унік­тер­ді асы­ра­удың не қажеті бар деген заң­ды сұрақ қоюға кез кел­ген мем­ле­кет­ті асы­рап оты­рған салық төле­ушінің құқы бар! 

Енді не істеу керек? Ең басты­сы – ел эко­но­ми­ка­сы­ның негіз­гі ұсты­ны, тіре­уі әрі ірге­та­сы болып сана­ла­тын кәсі­по­рын­дар мен кені­ш­тер­дің акци­я­ла­ры­ның 51 пай­ы­здық үлесі мем­ле­кет­те, 35 пай­ы­зы ұжым­да, қалған үле­стер шетел­дік­тер мен Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на сатыл­са, міне, сон­да ғана нағыз әділет­тілік орнап, «халы­қтық эко­но­ми­ка мен ұлт­тық пат­ри­о­тизм» күшей­іп, мем­ле­кет­тің дамуы бар­лық жағы­нан да алға басады. 

Ал билік пен биз­не­сті тез ара­да бөлу керекті­гі де ең өзек­ті мәсе­ле! Билік пен биз­не­сті бірік­ті­ру ешқа­шан да әділет­ті қоғам орнат­пай­ды. Оның есесіне билік­те­гілер­дің бәрі де биз­нес­мен, әрі жемқор­ларға айна­лып, «билік пен жеке мүд­дені үйлесім­ді түр­де бас пай­да­сы мен қал­та тол­ты­ру көзіне» айнал­ды­ра­ды. Мен­ші­гін­де ауыл шару­шы­лы­ғы ком­па­ни­я­ла­ры мен авиа­ция, энер­ге­ти­ка, транс­порт сала­сы, мұнай-газ кені­ш­тері мен мұнай­ды өңдеп, бен­зин, соляр­ка, керо­син, мазут сияқты өнім­дер шыға­ра­тын зауыт­та­ры бар неме­се дәрі-дәр­мек пен тамақ өндірісі сияқты фаб­ри­ка­ла­ры бар биз­нес­мен жоғарғы билік­те оты­рған­да, ешқа­шан да баға арзан­дап, тұрақта­май­ды. Билік­те­гі биз­не­смен­дер мен олар­дың төңіре­гін ойқастаған оли­гарх­тар елге керекті жаңа зауыт­тар­ды ешқа­шан сал­дырт­пай­ды. Олар­дың жеке мүд­де­лері ұлт­тық, халы­қтық, мем­ле­кет­тік мүд­де­ден әрқа­шан да биік тұра­ды. Есесіне өз мұнай шикі­за­тын тол­линг тәсілі­мен ешқан­дай да кеден­дік салы­қ­сыз шетел (Ресей мен Қытай­ға) зауыт­та­ры­на апа­рып, өңдеп, дай­ын өнім­дер­ді тағы да салы­қ­сыз ішкі нары­ққа әкеліп, халы­қтың есесі­нен қырғын пай­да тауып оты­рған шене­унік­ке баға сая­са­ты мен мем­ле­кет­тің, халы­қтың қамы не керек?!
Шыдам деген жақ­сы қаси­ет, бірақ ұзақ шыда­уға өмір қысқа! Сон­ды­қтан да халық мимырт ұйқы­дан оянып, билік­тен өз мүд­десі мен үле­стерін талап ету­лері керек. 

Ілес­бек БАЙЖАНОВ
ҚР Журналистер
одағы­ның мүшесі, 
Шым­кент шаһары

Республиканский еженедельник онлайн