Четверг , 18 декабря 2025

ЕЛДЕГІ РУШЫЛДЫҚ неге өршіп барады?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Бек­те­нов Олжас мыр­за­ға!

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев біз үшін «Тәу­ел­сіздік бәрі­нен де қым­бат» деп айтқан. Ата-баба­мы­здың қайт­пас қай­сар­лы­ғы мен қажы­мас күресінің нәти­же­сін­де кел­ген Тәу­ел­сіздік­ті сақтап тұру үшін, біз­ге бір­лік, тұта­стық, ынты­мақ қажет!

Алай­да соңғы кез­дері қоғам­да бір­лік пен тұта­сты­қты нығай­ту­дан гөрі, халы­қты жік­ке бөлу­ге бей­ім үдеріс күшей­іп келеді. Жеке­ле­ген кон­тент өндіру­шілер мен кәсіп­кер­лер рулық сана­ны жала­у­ла­тып, күн­делік­ті тұты­на­тын фут­бол­ка мен шапан­дарға ру ата­уын жазып, олар­ды «бренд» неме­се «мар­ке­тинг­тік өнім» ретін­де саты­лы­мға шыға­ру­да. Әле­умет­тік желілер­де жастарға рушыл­дық пси­хо­ло­ги­я­ны таңа­тын кон­тент шек­тен шығып кет­ті. Бұл ұлт­тың бір­лі­гін іші­нен құр­та­тын қауіп­ті тен­ден­ция киноға да жетті.

​Осын­дай келіс­сіз, қажет­сіз тақы­рып­ты арқау еткен арнайы фильм про­катқа шығып­ты. Бұл арқы­лы кино түсіру­шілер­дің не айт­пақ болға­ны түсініксіз?! Қаза­қтың рула­рын салы­сты­ра­тын, кем­сі­тетін фильм­дер­дің мақ­са­ты қан­дай? Тіп­ті бұл фильм­ді жар­на­ма­лау үшін жасалған арнайы экз­по­зи­ци­яда руға бөлі­нуді қой­ып, Қаза­қстан­ның кар­та­сын үш жүз­ге бөліп қой­ған­ды көр­дік. Бұл не деген бассыздық?

Ол – ұлт үшін ең сезім­тал тақы­рып­ты айқай­ла­тып, әле­умет­тік кон­тент, кино тақы­ры­бы­на айнал­ды­рып, көре­рмен жинау. Түбі бұл жақ­сы­лы­ққа әкелмейді.

Твор­че­ство­лық бостан­дық қажет. Бірақ твор­че­ство­лық бостан­дық мына алай-дүлей заман­да, ұлт­тың бір­лі­гін бұзып, мем­ле­кет­тілік­тің тамы­рын қиюға қабілет­ті дең­гей­ге шық­па­уы тиіс.

Жасөс­пірім­дер үшін кино және меди­а­кон­тент­тің тәр­би­елік ықпа­лы жоға­ры екенін ескер­сек, бұл мәсе­ле­ге бей­жай қара­уға бол­май­ды. Даны­шпан Абай «Ата­ның бала­сы бол­ма, адам­ның бала­сы бол» деп бекер айт­паған. Рушыл­дық тен­ден­ция – қоғам ішін­де мем­ле­кет­тік ойлау қабілетін кор­ро­зи­яға ұшы­ра­тып, мем­ле­кет­тілік­ті шашы­ра­туға әке­летін қауіп­ті құбылыс.

Ғалам мәң­гі бол­са, сон­ша мәң­гі бола­тын Қаза­қстан­ды құра­мыз десек, ұлт ішін­де арты­қ­шы­лы­ғы­мы­зды кем­шілік деп көр­се­тетін, бір ұлт ішін­де­гі рулар­ды бір-біріне айдап сала­тын аран­да­ту­шы­лық мате­ри­ал­дарға тый­ым салы­нуы керек. Осы­ған бай­ла­ны­сты келесі шара­лар­ды қабыл­дау орын­ды деп санаймын.

​1. Ақпа­рат және мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі жаны­нан кино­про­катқа шыға­тын отан­дық фильм­дер­дің маз­мұ­нын алдын ала көр­кем­дік-эсте­ти­ка­лық, идео­ло­ги­я­лық, ұлт­тық бір­лік тұрғы­сы­нан сарап­тай­тын тұрақты комис­сия құру­ды шұғыл түр­де іске асы­ру қажет.

​2. «Ұлт­тық код» және «мәде­ни ерекшелік» ұғы­мын желеу етіп, қоғам­ды бөл­шек­те­у­ге, рушыл­дық пен жік­шіл­дік­ті наси­хат­тай­тын әре­кет­тер­ге нақты тосқа­уыл қою керек.

3. Мәде­ни сала­да, әле­умет­тік желі­де Қаза­қстан­ның бар­лық халы­қта­ры­ның бір­лі­гін көр­се­тетін, жал­пы­ұлт­тық «Біз Қаза­қ­пыз» деген мағы­на­дағы кон­тент­ті көбей­ту­ге кірі­су­ге тиіспіз.

Осы рет­те Пре­зи­ден­ті­міз өз халқы­на Жол­да­уын­да: «Өске­лең ұрпақ бақыт­ты, бере­келі өмір сүру­ге тиіс. Сол үшін бәрі­міз бір ұлт болып, табан­ды еңбек етуі­міз керек. Бұл – бар­ша­мы­зға ортақ өте маңы­зды жұмыс, аса жау­ап­ты аза­мат­тық және ұлт­тық мін­дет», – деп, мем­ле­кеті­міздің мызғы­мас сая­са­тын анықтады.

Ерлан САЙЫРОВ

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «AMANAT» фрак­ци­я­сы­ның мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн