Пятница , 4 июля 2025

ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІЕРДІҢ МОЙНЫНДА!

Алма­ты қала­сын­дағы №3 сай­лау окру­гі бой­ын­ша Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­тінің депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат Ермұрат Сей­тқа­зы­ұ­лы Бапи­дың САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Елге енген сая­си жылы­мы­қ­пен бір­ге шын мәнін­де «Жаңа Қаза­қстан» құра­тын сәт туды. Мұн­дай мүм­кін­дік­ті біз ұзақ күт­тік. Тәу­ел­сіздік­тің 30 жыл­дан астам уақы­тын­да біз әлем­дік өрке­ни­ет көші­нен көп кей­ін қал­дық. Кей­бір елдер «айфон­ның» алтын­шы нұсқа­сын шыға­рып жатқан­да, біз бал­та­ның басы мен күрек­тің сабын Қытай­дан сатып алып отырмыз.

Енді­гі жер­де халы­қтың кедей­шілік кеш­кен тір­шілі­гі мен қоғам­ның тұра­лаған тұр­мысын ертелі-кеш жыр­лап, қол қусы­рып, обы­нып оты­рған­нан түк шық­пай­ды. Біз «сая­си пәтер­лер» мен ала­у­ыз әле­умет­тік топ­тарға бөлін­бей, керісін­ше, Құдай бұй­ыр­тқан қазір­гі мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, өзгерістер үшін мей­ілін­ше қар­ма­нып қала­тын күн туды.

Енді­гі жер­де ешкім­ге және ештеңе­ге алаң­дай­тын жөні­міз жоқ. Біз елде өзгеріс жаса­уды билік­тен ғана күт­пей, білек сыба­нып, жаңа қоғам­ды, әділет­ті елді өзі­міз – бәрі­міз бір­ге жаса­уы­мыз керек.

Әлем­дік гео­са­я­си қатер елі­міздің іргесіне тірел­ген кез­де біз ұлты­мыз бен мем­ле­кеті­міздің қауіп­сіз және жарқын бола­шағы жолын­да жік-жік­ке бөлін­бей, жал­пы­ха­лы­қтық мүд­де­мен нақты нақы­штағы «Жаңа Қаза­қстан­ды» өз қолы­мы­з­бен құруы­мыз керек. Осы жолы қапы қал­сақ, бола­шақ ұрпақ бізді кешірмейді!

Мен ел Пар­ла­мен­тінің депу­тат­тық ман­да­ты үшін үміт­кер­лік сай­ы­сқа дәл осы мақ­сат­тар жолын­да түсіп отыр­мын. Маған лау­а­зым да, атақ-дәре­же де керек емес. Кере­гі – әділет­ті де әде­мі Қаза­қстан құру. Осы жол­дағы жан­та­ла­сар жұмыста ерік-жігерім мен қару-қай­ра­ты­ма мүм­кін­дік беретін, таба­ны­ма тіреу болар­лық бұдыр қажет. Сол «бұдыр» – Пар­ла­мент­тің мін­бері деп ойлаймын.

Бір ақиқат­ты мой­ын­да­уым керек: 25 жыл оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­ста жүріп, өзім­нің құр­мет­ті әріп­те­стерім­мен бір­ге айтар­лы­қтай нәти­же­ге жете алма­дық. Ел өзгер­меді – «баяғы жар­тас – сол жар­тас» күй­ін­де қалды.

Енді­гі жер­де халық бірі­гіп көте­руі тиіс, қазақ арқа­лап өтер ауыр­лы­қтың бір пұшпағы­на тіреу бол­сам, елім­нің ертеңіне жәр­дем етсем дей­мін. Елмен бір­ге өзгерістер жаса­уға қажыр-қай­ра­тым жете­ді деп ойлаймын.

  • Осы мақ­сат жолын­да пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға депу­тат­ты­ққа үміт­кер ретін­де қаты­са оты­рып, үш негіз­гі тар­мақтан тұра­тын бағ­дар­ла­ма ұсынамын:

І. Ұлт­тық және мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғысында:

  1. Пре­зи­дент­тік-пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка­ның тұғы­рын нығай­ту мақсатында:

а) аза­мат­тық қоғам мен мем­ле­кет­тік билік­тің мәмілелі баста­ма­сы арқы­лы Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­на «Жаңа Қаза­қстан» талап­та­ры­на сәй­кес өзгерістер енгі­зу неме­се «Екін­ші Рес­пуб­ли­ка­ның» жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сын қабыл­да­уға ықпал ету­ге баста­ма­шы­лық жасау;

ә) елде­гі қоғам­дық қаты­на­стар­ды халы­қтық-демо­кра­ти­я­лық дең­гей­ге жет­кі­зу үшін, ара­лас сай­лау жүй­есін жетіл­діру­ге ықпал ету;

б) сая­си пар­ти­я­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге алу мәсе­лесін­де­гі тосқа­уыл­дар мен бюро­кра­тизмді жоюға әсер ету;

в) адам құқы­ғы мен сөз бостан­ды­ғын толық қам­та­ма­сыз ететін заң­дарға қоғам тала­бы­на сәй­кес өзгерістер енгізу­ге күш салу;

г) қоғам­дық-көп­шілік жиын­дар еркін­ді­гі негізін­де сая­си-митин­гілік мәде­ни­ет қалып­та­сты­руға қажет­ті заң актілерін қабыл­да­уға баста­ма­шы­лық жасау;

  • Ушы­ққан гео­са­я­си әлем­де­гі Қазақстанда:

а) ұзақ жыл­дарғы авто­ри­тар­лық билік қалып­та­сты­рған бір­жақты сыр­тқы сая­сат жүй­есіне бір­лес­кен мем­ле­кет­тік-қоғам­дық реви­зия жасау иде­я­сын көтеру;

ә) Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық мүд­десіне нұқ­сан кел­тіретін одақтар мен бір­ле­стік­тер­дің нәти­же­сін тал­дай оты­рып, рес­пуб­ли­ка­ның бұл құры­лым­дар қата­рын­да қалу-қал­мауын қоғам­ның пікірін тың­дай оты­рып, мем­ле­кет­тік дәре­же­де бір­жақты шешу мәсе­лесіне баста­ма­шы­лық жасау;

б) сыр­тқы қатер­ден мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гін жет­кілік­ті дәре­же­де қам­та­ма­сыз ету үшін, өтпе­лі кезең­де­гі шұғыл шешім­дер қабыл­дау мүм­кін­ді­гін пре­зи­дент­тік билік­тің құзы­ры­на беру. Елге кенет төн­ген қатер – пар­ла­мент­тік сөз­бұй­даға сала­тын дис­кус­си­я­лық мәсе­ле емес;

в) мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гін нығай­ту мақ­са­тын­да ұлт­тық-пат­ри­от­тық қозға­лы­стар мен сая­си пар­ти­я­лар еркін­ді­гіне қол жет­кі­зу. Бұл мақ­сат­та қоғам мен билік­тің тұта­сты­ғы мен іс-қимыл бір­лі­гіне ықпал ету;

г) елді ішкі-сыр­тқы қауіп-қатер­ден бірін­ші кезек­те қорғай­тын ең басты әле­умет­тік күш – қазақ халқы екенін мем­ле­кет­тік идео­ло­гия дең­гей­іне көте­ру. Рес­пуб­ли­ка­ны мекен­дей­тін басқа ұлы­стар қазақ халқы өзінің бірін­ші қамқор­шы­сы, қорға­ны және жана­шы­ры екенін сезі­ну идео­ло­ги­я­сын қалып­та­сты­руға ықпал ету;

ғ) мем­ле­кет­тік билік­ке деген халы­қтың сені­мін қалып­та­сты­ру үшін, отар­лық-импе­ри­я­лық заман­да, кеңе­стік-тота­ли­тар­лық кезең­де кен­де қалған қаза­қтың есесін қай­та­ру баста­ма­сын көтеру;

д) ұлта­ра­лық қарым-қаты­нас мәсе­лесін билік­тің «тұрақты­лық» мүд­десі тұрғы­сын­да қалып­та­сты­ру сая­са­ты­на, соның сал­да­ры­нан пай­да бола­тын ұлта­ра­лық кикіл­жің­дер­ді қаза­қтың «есебі­нен» басып-жан­шу үрдісіне тосқа­уыл қою иде­я­сын көтеру.

ж) кедей­шілік кеш­кен халы­қтың әл-ауқа­тын көте­ру мақ­са­тын­да Қаза­қстан үкі­метінің жаңа эко­но­ми­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сын қабыл­да­уға ықпал ету; Үкі­мет­тің ел алдын­дағы тіке­лей жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ру үшін, ҚР пре­мьер-мини­стрінің Пар­ла­мент­ке есеп беру мін­детін заң жүзін­де қалып­та­сты­ру; ҚР Пре­зи­ден­ті алды­на Үкі­мет бас­шы­сын қыз­меті­нен алу (отстав­каға жібе­ру) жөнін­де­гі пар­ла­мент­тік баста­ма­ны Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дар негізін­де бекіту­ге ықпал ету;

з) тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­дағы Қаза­қстан­ның сая­си-эко­но­ми­ка­лық тарихын, назар­ба­ев­тық басқа­ру жыл­да­рын сара­лап, ресми құжат­тық баға беру үшін, люст­ра­ция тура­лы заң шыға­руға баста­ма­ша­лық жасау;

е) халық қазы­на­сы­нан ұрланған актив­тер мен капи­тал­ды елге қай­та­руға пәр­мен­ді ықпал ету үшін, арнайы заң қабыл­да­уға баста­ма көтеру.

ІІ. Алма­ты қала­сы­ның көлемінде:

  1. 90-жыл­дарғы эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс, өндіріс орын­да­ры мен ауыл шару­а­шы­лы­ғын жүй­есіз жеке­ше­лен­ді­ру, жап­пай жұмыс­сыздық сал­да­ры­нан урба­ни­за­ци­я­лық ішкі мигра­ци­яға душар болып, қала маңы­на көшіп келу­ге мәж­бүр болған қазақ қауы­мы­ның бүгін­гі әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лын мем­ле­кет­тік дәре­же­де сарап­та­уға ықпал етіп, арнайы үкі­мет­тік қау­лы қабыл­да­уға ықпал ету;
  2. Жер­гілік­ті эко­ло­ги­я­ны оңал­ту және ішкі транс­порт­тық қозға­лыс мәсе­лесін шешу мақ­са­тын­да қалаға сырт­тан кіретін көлік­тер­ді ақы­лы төлем жүй­есіне көші­ру жөнін­де үкі­мет­тік қау­лы қабыл­дау мәсе­лесін көтеру;
  3. Тұрғын үй құры­лы­сын спут­ник қала­лар мен қала­дан тысқа­ры ықша­маудан­дарға көші­ру мәсе­лесін көтеру;
  4. Сей­сми­ка­лық қатері күшті қала­да көпқа­бат­ты үйлер салу үрдісін тоқта­ту үшін арнайы заң қабыл­да­уға баста­ма­шы­лық жасау;
  5. Жылу-энер­ге­ти­ка ошақта­рын әрта­рап­тан­ды­ру мәсе­лесін көтеріп жүр­ген баста­ма­шыл топ­тарға рес­пуб­ли­ка­лық ведом­ство­лар алдын­да мей­лін­ше көмек көрсету;
  6. Құры­лы­старға мем­ле­кет­тік бақы­лау мәсе­лесін күшей­ту үшін, құры­лыс-архи­тек­ту­ра меке­месін қала әкім­ді­гінің ықпа­лы­нан шыға­рып, жер­гілік­ті жер­ге тәу­ел­сіз рес­пуб­ли­ка­лық вер­ти­каль құруға ықпал ету;
  7. Әбден тозы­ғы жет­кен сумен қам­та­ма­сыз ету, кәріз және жылу жүй­е­лерін күр­делі жөн­де­уден өткі­зудің бесжыл­дық бағ­дар­ла­ма­сын жаса­уға баста­ма­шы­лық ету;
  8. Қала­ны электр қуа­ты­мен толық қам­та­ма­сыз ету үшін, қосым­ша гене­ра­ци­я­лық қуат көз­дерін салу мәсе­лесін көтеру;

ІІІ. Ала­тау және Әуе­зов аудан­да­ры бойынша:

  1. Екі аудан­дағы көп­те­ген мек­теп­тер­де оқу­шы­лар саны­ның шама­дан тыс артуы­на бай­ла­ны­сты рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің есебі­нен қосым­ша мек­теп­тер салу бағ­дар­ла­ма­сын жасау;
  2. Тұрғын­дар­ды дәрі­гер­лік қам­ту жағ­дай­ын жақ­сар­ту мақ­са­тын­да отба­сы­лық емха­на­лар жүй­есін қалып­та­сты­руға мүм­кін­дік беретін заң актілерін дай­ын­да­уға ықпал ету;
  3. Екі аудан сай­ла­у­шы­ла­ры­ның ама­нат­тық тап­сыр­ма­ла­рын (мек­теп, ауру­ха­на, бала­лар ошақта­ры, мәде­ни-көп­шілік және бұқа­ра­лық спорт орын­да­рын салу жөнін­де­гі) топ­та­сты­рып, тиісті қала­лық және рес­пуб­ли­ка­лық атқа­ру­шы билік алды­на мәле­лер қой­ып, оның орын­да­луын бақы­ла­у­ға алу;
  4. Сай­ла­у­шы­лар­ды жер­гілік­ті жер­де айы­на бір рет қабыл­дау тәр­тібін қалып­та­сты­ру; олар­дың тиісті ведом­ство­лар мен заң-құқық орган­да­ры­на жол­данған талап-тілек­тері мен арыз-шағым­да­ры­ның қозға­лыс про­цесін қатаң бақы­ла­у­ға алу;

Әрине, депу­тат­тық құзірет (егер оған қол жет­се) бары­сын­да ұсы­ны­лып оты­рған бағ­дар­ла­маға нақты жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты өзгерістер енуі мүм­кін. Бірақ оның негіз­гі қағи­да­ты сақта­ла­ды. Себебі ұсы­ны­лып оты­рған бағ­дар­ла­ма­ның қоғам­дық-сая­си лейт­мо­тиві – менің сая­си көзқа­ра­сым мен аза­мат­тық ұста­ны­мым­ның алтын қазығы.

Елдің ертеңі – ердің мойнында!

Халық пен қоғам алдын­дағы аза­мат­тық және пер­зент­тік пары­зым­ды кір­шіксіз өте­у­ге бір Жаратқан жар болсын!

«Жаңа Қаза­қстан­ды» бір­ге жасайық!

Ермұрат БАПИ, ҚР Пар­ла­мен­ті сай­ла­у­ы­на №3 округ бой­ын­ша кандидат

САЙЛАУ ШТАБЫНА ШАҚЫРАМЫН!

Мен – Ермұрат Бапи, Алма­ты қала­сын­дағы №3 округ бой­ын­ша үміт­кер (кан­ди­дат) ретін­де ҚР Пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ы­на қаты­су науқа­нын баста­дым. Осы сая­си кам­па­ни­яға орай сай­ла­у­ал­ды штабыма:

  • үгіт­ші болуға ынта­лы ерік­тілер­ді (волон­тер)
  • сенім­ді өкіл болуға ықы­ла­сты бел­сен­ді азаматтарды;
  • жар­на­ма мамандарын;
  • жур­на­ли­стер мен блогерлерді;
  • тәу­ел­сіз бақылаушыларды;
  • ком­му­ни­ка­ция мен ІТ мамандарын
  • тұрғын үй ком­плек­с­тері мен тұрғы­лы­қты жер­де әле­умет­тік желілер чатын жүр­гі­зетін газет­тің тұрақты оқыр­ман­да­рын бір коман­да­да жұмыс істе­у­ге шақырамын!

Үгіт­шілер мен сенім­ді өкіл­дер үшін Алма­ты қала­сын­да тұру мін­дет­ті емес.

Мен сай­ла­у­ға түсетін №3 округ­ке Алма­ты қала­сы­ның Ала­тау және Әуе­зов аудан­да­ры кіреді. Осы аудан­дар­да тұра­тын және менің үміт­кер­лі­гім үшін жұмыс істе­у­ге ықы­ла­сты аза­мат­тар өз тұрғы­лы­қты жерін­де үгіт мате­ри­ал­да­рын тара­туға жәр­дем жасай­ды деген сенімдемін.

  • Сай­лау науқа­ны­на көмек­те­су­ге, Пар­ла­мент мәжілісіне халық аты­нан бара­тын тәу­ел­сіз депу­тат­тың жеңісіне ниет­ті аза­мат­тар маған тіке­лей хабар­ла­са ала­ды: 8−777−493−83−83, 8−701−299−90−28.

Сай­ла­у­ал­ды науқан­ды ұйым­да­сты­ру­шы штаб мына мекен­жай­лар­да орналасқан:

Ала­тау ауда­ны бойынша:

Мкр. Шаңырақ‑1, Өте­мі­сов көше­сі, 127а.

Тел. 8−701−382−49−95, 8−705−736−31−06

Әуе­зов ауда­ны бойынша:

Жұба­нов көше­сі, 94 (Алтын­са­рин көше­сінің қиы­лы­сы), 3‑қабат.

Тел.8–707-323–03-18, 8−747−855−97−40

Құр­мет­пен, Ермұрат БАПИ

  • Газет­тің арнайы нөмірінің ақы­сы ҚР Пар­ла­мен­ті сай­ла­у­ы­на қаты­су­шы үміт­кер Ермұрат Бапи­дың сай­ла­у­ал­ды қоры­нан төленді

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн