Пятница , 4 июля 2025

Ел байлығын тонау

ЖАЛҒАСУДА

Елі­міз­де­гі ең ірі уран кені­ші «Буде­нов­ско­е­ның» 49 пай­ы­зы Ресей жеке мен­ші­гіне сатыл­ды, ал ол сауда­дан қаза­қтың қал­та­сы­на көк тиын пай­да түс­кен жоқ. Сон­да қазақ үкі­меті неге үнде­мей отыр?! Қазақ мем­ле­кетінің эко­но­ми­ка­лық мүд­десін, оның ұшан-теңіз бай­лы­ғын кім қорғау керек?! Қазақ елінің бай­лы­ғы­ның талан-тара­жға түс­пе­уін «Жаңа Қаза­қстан­да» кім қадаға­ла­у­ға тиісті?!

Жақын­да айдың-күн­нің ама­нын­да төбе­міз­ден жай түс­кен­дей жағ­дай болды!

Елі­міз­де­гі ең ірі уран кен орны, яғни әлем­де­гі ең ірі кені­ш­тер­дің бірі – «Буде­нов­ское» мен Степ­но­горск тау-кен химия ком­би­на­ты шетел­дік ком­па­ни­яға саты­лып кет­ті! Бұл мәмі­ле тура­лы «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы­ның қар­жы­лық есеп­тері жари­я­ланған­нан кей­ін ғана бел­гілі болды.

Кен орнын сату жөнін­де­гі келіс­сөз­дер мен мәмі­ле аса құпия, ең басты­сы – оның нақты иесі­нен, Қаза­қстан халқы­нан жасы­рын түр­де өткен. Мәмі­ле 2022 жыл­дың соңын­да, яғни Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгі­зу бой­ын­ша рефе­рен­дум өткізіл­ген­нен кей­ін жасал­ды. Кон­сти­ту­ци­я­ның «Жер мен оның жер қой­на­уы және басқа да табиғи ресур­стар Қаза­қстан халқы­на тиесілі» деген 6‑бабын аттап, тап­тап өткен.

2022 жылғы 14 жел­тоқ­санға дей­ін «Буде­нов­ское» кен орны­ның иесі Степ­но­горск тау-кен химия ком­би­на­тын бри­тан­дық ком­па­ни­я­лар – GANBERG UK LTD (60%) және GEXIOR UK Ltd (40%) бақы­лап отыр­ды. Екі кәсі­по­рын да офшор­дағы DEGEVOL UK Ltd ком­па­ни­я­сы­на қара­ды. Оны Қаза­қстан­да туған ресей­лік мил­ли­ар­дер Васи­лий Ани­си­мов пен атақты Кле­ба­но­втар отба­сы басқар­ды. Иә, биыл Екі­ба­стұзға «ерекше еңбе­гі сің­ген», қақаған қаңтар­да тұзқа­ла­ны мұзқа­лаға айнал­ды­рған аты­шу­лы Клебанов.

Kz.expert сай­ты жазған­дай, Кле­ба­но­втарға кен орнын сату­дан түс­кен 1 мил­ли­ард дол­лар Швей­ца­рия бан­кіне барып түсіп­ті. Яғни, ақша офшорға кет­ті, ал Қаза­қстан қазы­на­сы­на түк те жоқ, тіп­ті салық ретін­де де көк тиын түс­пе­ген. Халық тағы да өз қазы­на­сы­нан қағылды!

Мәсе­лен, қаза­қстан­дық және шетел­дік БАҚ кеңі­нен таратқан «Bloomberg» агент­ті­гінің хабар­ла­у­ын­ша, өткен жыл­дың соңын­да акци­я­ла­ры­ның 75 пай­ы­зы­на иелік ететін «Самұрық-Қазы­на» қоры­ның тала­бы бой­ын­ша, «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ком­па­ни­я­сы кен орын­да­рын бірін­ші кезек­те сатып алу құқы­ғын пай­да­ла­ну­дан бас тартқан.

Соны­мен қатар бір жарым жыл ішін­де «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ком­па­ни­я­сын­да ресей­лік­тер­мен жасы­рын келісім­ге қар­сы шыққан екі бас­шы мен үш топ-мене­джер ауы­сты­ры­лған­ды­ғы хабар­ланған. Бұл аса назар ауда­ра­тын жағдай!

Сон­да «Самұрық Қазы­на­мыз» қазы­на­мы­зды шетел­ге тара­ту­мен айна­лы­са ма, қай елдің мүд­десіне жұмыс істеп отыр? «Самұрық-Қазы­на­ның» Ресей­мен сыбай­ласқан сауда­сы­на қар­сы болға­ны үшін қуда­ланған бес аза­мат кім? Олар­ды қай­да ауы­сты­рып жіберді?!.

  • 2022 жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да ресей­лік «Роса­том» кор­по­ра­ци­я­сы «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» құра­мын­дағы «Буде­нов­ское» бірік­кен өнер­кәсібінің 49 пай­ыз акция үлесін (Степ­но­горск тау-кен химия ком­би­на­тын) 1,5 млрд дол­ларға сатып алған бола­тын. Сол Лон­дон бир­жа­сын­дағы лот­ты сату негізін­де Қаза­қстан­да туы­лған Васи­лий Ани­си­мов пен қаза­қстан­дық оли­гарх Алек­сандр Кле­ба­но­втың бала­сы – Якоб қал­та­ла­рын 1,5 мил­ли­ард дол­ларға толтырды.

Негізі, халық қазы­на­сын ұрлап сатқан­дар мен оны қорғаға­ны үшін қуы­лған пат­ри­от мене­джер­лер­дің орын­да­рын ауы­сты­ру керек шығар. Ел жақ­сы білетін, кезін­де уран­дағы ұлт­тық мүд­дені қорғаға­ны үшін он жыл түр­ме­де оты­рып шыққан «Жәкі­шев ісі» жалға­сып жатыр ма?

Айт­пақ­шы, «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы­ның экс-пре­зи­ден­ті Мұх­тар Жәкі­шев бұл оқиға тура­лы Арман­жан Бай­та­сов­пен сұқ­бат­та айып­тау пікірін білдірді.

«Аме­ри­кан­ды­қтар маған хабар­ла­сты. «Қаза­том­пром» «Росатом­ның» фили­а­лы ма? Қалай­ша Ресей оли­гар­хы Қаза­қстан­нан сұра­май-ақ, оның қым­бат кен бай­лы­ғын өзге елге сатып жібе­реді?» – деп таңқа­лып сұрады.

Иә, қаза­қтың ең үлкен уран кені­ші саты­лу­дан Кле­ба­но­втарға 1 мил­ли­ард 200 мил­ли­он дол­лар төлен­ді, ал Қаза­қстанға ешқан­дай пай­да түс­кен жоқ» – дей­ді елі­міз­де­гі атом өнер­кәсібінің аты­шу­лы тарланы.

Қаза­қ­ша айтқан­да, Қаза­қстан­ның уран кені­шін ресей­лік оли­гарх «Роса­то­мға» 1 мил­ли­ард 200 мил­ли­он дол­ларға сатып жібе­реді, ал қазы­на иесі қаза­ққа түк те жоқ!?. Ең бол­ма­са, халы­ққа салық ретін­де де бір тиын түспеген?!.

Мәмі­ле сома­сы жари­я­лан­баған­мен, 1,6 млрд дол­лар тура­лы сөз бар. Бұл рет­те «Буде­нов­ское» кен орнын­дағы уран қоры 114,2 мың тон­на­ны құрай­ты­нын, оның ақша­лай бала­ма­сы шама­мен 12 млрд дол­лар бола­ты­нын атап өткен жөн.

Нелік­тен «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» сатып алу­дың басым құқы­ғы­нан бас тарт­ты? Бас тар­тқы­зу­ды бас салып талап еткен «Самұрық Қазы­на­ның» қан­дай ойы бар?!. Бұл энер­ге­ти­ка­лық, эко­но­ми­ка­лық, тіп­ті ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі дер­лік стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар, елі­міз­де­гі ең үлкен кен орнын сатуға рұқ­сат бер­ген­дер кімдер?

Батыс әле­мінің Ресей­ге қар­сы эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­сы жағ­дай­ын­да кен орнын бақы­ла­уды жоғал­ту­дан Қаза­қстан жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­дан түсетін салық түсі­мі­нен де айы­ры­лу қау­пі бар.

Уран нары­ғы – әлем­дік эко­но­ми­ка­ның ерекше сек­то­ры. Бұл сек­тор­дың 90 пай­ы­зы­нан аста­мын бір­не­ше ірі уран өндіру­ші ком­па­ни­я­лар бақы­лай­ды. Әлем­дік уран өндірісінің үштен екісі­нен аста­мы 3 елге тиесілі: Қаза­қстан, Кана­да және Австра­лия, бұл рет­те Қаза­қстан үлесіне 45 пай­ыз келеді. Яғни, уран өндіру­ден Қаза­қстан 2009 жыл­дан бері әлем­де көш бастап тұр.

Жабы­қты­ғы сал­да­ры­нан уран нары­ғы өте тұрақты болып сана­ла­ды, сон­ды­қтан инве­сти­ци­я­лар үшін өте пер­спек­ти­ва­лы объ­ект болып табы­ла­ды. Енде­ше Қаза­қстан осын­дай зор бай­лы­ғы­нан айы­ры­лға­нын әлем­нің басты бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­нан бастап, қазақ бас­пасөзі де жары­сып жазып жатқан­да, бұл шулы оқиғаға неге біздің үкі­мет үнде­мей отыр? Айып­та­лып жатқан «Самұрық» құсы­мыз неге құмға басын тығып алған? Қаза­қтың қазы­на­сын қаза­қтан сұра­май сатып жібер­ген «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ком­па­ни­я­сы неге тіс жармайды?

Бас­пасөз­де айып­та­лып жатқан Кле­ба­но­втар неге түсінік бермейді?

Аты­шу­лы оли­гарх бұның бәрі шын бол­ма­са, ресми мәлім­де­ме жасап, айып­тап жазып жатқан БАҚ-тар­ды неге сотқа бермейді?!.

Біздің Бас про­ку­ра­ту­ра мен Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы агент­тік қай­да қарап отыр? Қаза­қтың құдай бер­ген қазы­на­сы Ресей мил­ли­ар­дері Ани­си­мов пен өзі­міздің оли­гарх Кле­ба­но­втар­дың қай ата-баба­сы­нан қалған мұра еді? Қаза­қтың бұл бай­лы­ғын оларға кім, қашан бер­ген? Не үшін берген?

Бас про­ку­ра­ту­ра мен Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы агент­тік атал­мыш мәлі­мет­тер­ді тек­се­руі, ал дәлел­ден­ген жағ­дай­да қар­жы­ны түгел елі­міз­ге қай­та­руы және кінәлілер­ді жау­а­пқа тар­туы тиіс.

Жал­пы, стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар кен орын­да­ры­ның шетел­ге саты­луы бой­ын­ша қатаң тек­се­ру жүр­гізіп, бар­лы­ғы­ның заң­ды­лы­ғын аны­қтау қажет.

Кон­сти­ту­ци­я­мен қорғалған халық қазы­на­сын, мем­ле­кеті­міздің ұлт­тық эко­но­ми­ка­лық мүд­десін қорға­уды талап етеміз.

Қазы­бек ИСА, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн