Воскресенье , 2 ноября 2025

Ел газеттеріне БАНКРОТ БОЛУ қаупі төніп тұр

Елде­гі қағаз үлгісін­де шыға­тын бас­пасөз құрал­да­ры «Қаз­по­шта» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның моно­по­ли­я­лық қыз­меті сал­да­ры­нан өте қиын қар­жы­лық жағ­дай­ға тап болу­да. Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да депу­тат Ермұрат Бапи осы про­бле­ма тура­сын­да Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва­ның, Бәсе­ке­ле­стік­ті қорғау және дамы­ту агент­ті­гінің төраға­сы Марат Ома­ро­втың және «Қаз­по­шта» АҚ Басқар­ма төраға­сы Беке­жан Жаке­ев­тің аты­на депу­тат­тық сау­ал жолдады.

Соңғы 2–3 күн­нен бері Қаза­қстан­ның біраз аймағы­нан менің аты­ма шұғыл және уақыт күт­тір­мей­тін мәсе­ле көтер­ген бір­не­ше өтініш келіп түсті. Алма­ты, Семей, Түр­кістан, Шым­кент және басқа да өңір­лер­дің жур­на­ли­стік ұжым­да­ры даб­ыл қаққан бұл мәсе­ленің мән-жайы мына­дай (қаз-қал­пын­да):

«Соңғы уақыт­та «Қаз­по­шта» АҚ тара­пы­нан көр­сетілетін қағаз газет­тер­ге қаты­сты қыз­мет ақы­ла­ры­ның бір­не­ше есе өсірілуі рес­пуб­ли­ка­лық тәу­ел­сіз басы­лым­дар­мен қатар, аймақтық, облы­стық және аудан­дық газет редак­ци­я­ла­ры­ның алаң­да­у­шы­лы­ғын туғы­зып, оларға банк­рот болу қатерін төн­діру­де.
Атап айтқан­да, биы­лғы жыл­дың шіл­де айын­да пошта арқы­лы мерзім­ді басы­лым­дар­ды тара­ту қыз­метінің ақы­сы 1000 пай­ы­зға дей­ін артқан бола­тын. Бұл өзгеріс бас­пасөз ұжым­да­ры үшін қат­ты соққы болып, өңір­лік және аудан­дық газет­тер­дің қар­жы­лық жағ­дай­ы­на ауыр тиді.
Ал жуыр­да бас­пасөз­ге жазы­лу қыз­меті үшін бұры­нғы 17 пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме бір­ден 41,76 пай­ы­зға дей­ін көтеріл­гені жөнін­де хабар­ла­ма алдық. Бұл шешім редак­ци­я­лар мен жур­на­ли­стер қауы­мы үшін күт­пе­ген және ауыр соққы болып отыр.

Салы­стыр­ма­лы түр­де айтай­ын: Мыса­лы, апта­лық газет­тің орта есеп­пен 8 мың тең­гелік жазы­лу ақы­сы­ның 3 мың 200 тең­гесі «Қаз­по­шта­ның» тара­ту шығы­ны­на жұмсалады;

3 мың тең­ге­ге жуы­ғы қағаз бен бас­па­ха­на шығы­ны­на кетеді;

1 мың тең­ге­ге жуы­ғы кең­се жал­да­уға, көлік және бай­ла­ныс (интер­нет) қажет­тілі­гін өтейді;

Сон­да қалған 1 мың тең­ге ғана редак­ция қыз­мет­кер­лерінің жалақы­сы­на жұм­са­ла­ды. Бұл жағ­дай­да қағаз үлгісін­де шыға­тын газет­тер­ді сақтап қалу мүм­кін емес!
Осы­ған бай­ла­ны­сты Сіз­дер­ге төмен­де­гі сұрақта­ры­мы­зды жол­дай­мыз:
1. Ақпа­рат құрал­да­ры­мен жаса­ла­тын келісім­шар­ттар неге тек бір тарап­тың – «Қаз­по­шта­ның» мүд­десін қорғай­ды? Бұл «Қаз­по­шта­ның» мүд­десін көз­де­ген көпе-көр­неу моно­по­ли­я­лық жағ­дай емес пе?
2. Қыз­мет ақы­сы­ның көтерілуі тура­лы шешім неге алдын ала ескер­тіл­мей­ді және БАҚ өкіл­дері­мен талқы­лан­бай­ды?
3. Көп­те­ген өңір­лер­де мерзім­ді басы­лым­дар оқыр­ман­ның қолы­на уақы­ты­лы жет­пей жата­ды. Бұл үшін мини­стр­лік тара­пы­нан «Қаз­по­шта» ком­па­ни­я­сы­ның жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ру мақ­са­тын­да неге талап­тар қой­ыл­май­ды?
4. Сала­лық мини­стр­лік­тің есіне салай­ық: редак­ци­я­лар жазы­лу­дан түс­кен қара­жат­ты бір­ден алу мүм­кін­ді­гі­нен айы­ры­лған. Ақша тоқ­сан сай­ын бөліп беріледі. Осы қара­жат «Қаз­по­шта­ның» есеп­шо­тын­да жатқан кезең­де кім­нің мүд­десіне қыз­мет ете­ді?

Бұл сау­ал­дар – бір ғана басы­лым­ның емес, бүкіл рес­пуб­ли­ка­лық және өңір­лік қағаз үлгісін­де­гі газет­тер шыға­ра­тын бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның ортақ мәселесі».

Бұл мәсе­лені мен Бала­е­ва бикенің өзіне жеке жолы­ғып, жур­на­ли­стер қауы­мы­ның арыз-арма­ны ретін­де тіке­лей өзіне айтуы­ма болар еді. Бірақ жағ­дай­дың күр­делілі­гі сол – бұл про­бле­ма­ны бір мини­стр­лік шең­берін­де шешу мүм­кін емес. Сон­ды­қтан «Қаз­по­шта­ның» баса­көк­те­ген моно­по­ли­я­лық қыз­метіне қаты­сты мәсе­ле ел Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов мыр­за­ның, Бәсе­ке­ле­стік­ті қорғау және дамы­ту агент­ті­гі мен «Самұрық-Қазы­на» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы­ның құлағы­на жет­сін деп, бұл депу­тат­тық сау­ал­ды жария түр­де жол­дап отырмын.

Бәрі­міздің есі­міз­де болуы керек және бір­лесіп шешіуі­міз тиіс бір маңы­зды мәсе­ле бар: Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі мен әр дең­гей­де­гі әкім­дік­тер мем­ле­кет­тік ақпа­рат тап­сы­ры­сы­на (госин­форм­за­каз) жал­пы жиы­ны мил­ли­ард­таған тең­ге қар­жы жұм­сай­ды. Бірақ осы мил­ли­ард­тар­дың тең жар­ты­сы­на жуы­ғын «Қаз­по­шта» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы сыпы­рып ала­тын бол­са, бұл мем­ле­кет­тік сая­сат­тың логи­ка­лық қисы­ны қан­дай бол­мақ? Тек «Қаз­по­шта­ны» қар­жы­лан­ды­ру үшін ғана ма?

Ал ел Пре­зи­ден­ті мен мем­ле­кет­тің сая­са­тын наси­хат­тау мәсе­лесі қай­да қал­мақ? Біз неге бір ком­па­ни­я­ның қар­жы­лық жағ­дайы үшін ұлт­тық сая­сат­ты құр­бан етуі­міз керек?!

Сон­ды­қтан көтеріл­ген мәсе­ле­лер­ге түсінік­те­ме беріп, БАҚ редак­ци­я­ла­ры­на жария түр­де және ақы­лға сый­ым­ды жау­ап беру­леріңізді сұрай­мын! Әйт­пе­се әртүр­лі дең­гей­де газет­тер шыға­ра­тын редак­ци­я­лар бас­шы­лы­ғы Түр­кістан қала­сы­на жина­лып, ел Пре­зи­ден­ті аты­на Ашық хат жол­да­уға дай­ын­да­лып жатқа­нын сіз­дер­дің естеріңіз­ге саламын!

Ермұрат БАПИ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн