Пятница , 4 июля 2025

Ел есіндегі 10 ОҚИҒА

«DАТ» газеті 2018 жылы елді елең қылған еле­улі 10 оқиға­ның нұсқа­сын анықтады. 

Жұмыссыздарға САЛЫҚ САЛУ

2018 жыл­дың күзін­де ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, елде «жұмыс­сыздарға салы­на­тын салық» деген нор­ма­тив пай­да бол­ды. Яғни, 2019 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап елдің салық жүй­есіне Біры­ңғай Жиын­тық Төлем (БЖТ) енгі­зу жос­пар­лан­ды. Ресми наси­хат бой­ын­ша, «жұмыс­сыздарға салы­на­тын салық» деп атаған төлем­нің бұл түрі өзін-өзі жұмыспен қам­ти­тын­дарға (базар сауда­сы­мен күнел­ту­шілер, арба сүй­ре­ушілер, жал­да­ма­лы құры­лыс­шы­лар, так­си­шілер, т.б.) тіке­лей қаты­сты. Жұмыспен қам­тыл­маған аза­мат­тар­ды меди­ци­на­лық сақтан­ды­руға, олар­дың зей­нет­кер­лік­ке шығуы­на және еңбек­ке жарам­сызды­ғы­на жәр­дем ете­ді деген бұл салық, түп­теп кел­ген­де, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын­дағы қар­жы­лық тап­шы­лы­қтың орнын жабуға арналған еді. 

Еске сала кетей­ік, 2008 жылы қабыл­данған Салық кодексі 9 жыл ішін­де 16 рет өзгер­тіліп, 3 рет қай­та жазыл­ды. Ал 2009 жыл­дан бастап бұл кодек­с­ке 130 өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізіл­ген екен.

Латын әліпбиінің ҚАБЫЛДАНУЫ

Елді елең еткіз­ген бір оқиға – елдің жазу жүй­есіне латын қар­пін­де­гі әлі­п­биді енгі­зу жөнін­де­гі ҚР пре­зи­ден­тінің жар­лы­ғы бол­ды. Қоғам­да бұл әлі­п­бидің жеке­ле­ген қаріп­тері мен дыбыст­а­луы­на қаты­сты қар­сы­лы­қтар бол­са да, бұған дей­ін ел ішін­де дау туғы­зған апо­строф­ты латын қаріп­тері қол­да­ныл­май­тын болды. 

Бұл жаңа­лық халық ара­сын­да толық қол­дау тауып кет­пе­се де, латын әлі­п­биінің бола­шақ әле­уеті қазақ халқын Ресей­дің импе­ри­я­лық қысы­мы­нан құтқа­руға себеп бола­ды деген сенім бар. Жаңа әлі­п­бидің қабыл­да­нуы жөнін­де жар­лық шыққан соң, елде­гі бірқа­тар ата­у­лар латын қар­піне көшіріліп, жеке­ле­ген газет­тер латын әлі­п­биінің негізін­де үлгілік нөмір­лер шыға­ра баста­ды. Осын­дай үрдістің жап­пай қол­дау табуы өз кін­ді­гін Ресей­мен бай­ла­ны­сты­рған келім­сек халы­қтың елден кете баста­уы­на түрт­кі бол­ды. Ал ресей­лік лау­а­зым­ды тұлға­лар мен сая­сат­шы­лар өз ықпа­лы­нан жылы­ста­уға бет алған Қаза­қстанға қоқан-лоқы көрсетуде.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ЖАҢА ЛАУАЗЫМ АЛУЫ 

Қаза­қстан пар­ла­мен­ті «ҚР Қауіп­сіздік кеңесі тура­лы» заңға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізіп, пре­зи­дент Назар­ба­евқа «Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы» деген жоға­ры құры­лым­дық және жаңа лау­а­зым бер­ді. Бұл заң­ның негізін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ҚК-іне өмір бойы бас­шы­лық жасау құзіретіне ие болды.

Сарап­шы­лар­дың пікірі бой­ын­ша, Назар­ба­ев өзінің 27 жыл­дық жеке-дара авто­ри­тар­лық билі­гін одан ары сақтап қалу мақ­са­тын­да бұл лау­а­зым­ды билік­тің бола­шақ тран­зи­ті үшін пай­да­ла­нуы мүм­кін. Себебі, қабыл­данған заң бой­ын­ша, жаңа үлгі­де­гі Қауіп­сіздік кеңесіне Қаза­қстан­дағы билік тар­мақта­ры және олар­дың бас­шы­ла­ры түгел­дей бағы­ны­шты бол­мақ. Тәу­ел­сіз сая­сат­кер­лер мен сарап­шы­лар, таны­мал заң­гер­лер бұл жағ­дай­ды Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­на қар­сы нор­ма ретін­де қабыл­да­ды. Бірақ «қой­дан жуас» Қаза­қстан халқы бұл нор­ма­ны үн-түн­сіз «жұтып қойды». 

Зейнетақы қорының ТОНАЛУ ҚАУПІ

Жыл жабы­лар жел­тоқ­сан­ның өткен апта­сын­да ҚР Ұлт­тық бан­кі Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры­ның (БЖЗҚ) 450 мил­ли­ард тең­гелік активі «ҚазА­гро» Ұлт­тық басқа­ру хол­дин­гіне инве­сти­ция ретін­де ауда­ры­ла­ты­нын хабар­ла­ды. Хабар­да айты­лған­дай, Қаза­қстан үшін бұл орас­ан зор сома «ҚазА­гро» ұлт­тық опе­ра­то­ры­на 15 жылға 10 пай­ы­здық үсте­ме қай­та­рым­мен берілмек.

Сарап­шы­лар мен әле­умет­тік желілер­ді қол­да­ну­шы­лар­дың пікірі бой­ын­ша, әрбір салық төле­ушінің жеке жинағы сана­ла­тын бұл қор­дың қар­жы­сын зиянға әбден батқан және қыз­меті ауыл халқы­на тиім­сіз хол­динг­ке беру­ге бол­май­ды. Оның үсітне БЗЖҚ-ның 250 мил­ли­он дол­лар қар­жы­сы бұған дей­ін Әзір­бай­жан халы­қа­ра­лық бан­кін­де талан-тара­жға түс­кенін ескер­сек, ҰБ мен үкі­мет­тің мұн­дай тәу­е­кел­ге баруы­на негіз жоқ. 

Еске сала кет­сек, ҚР үкі­меті мен ҰБ бас­шы-мене­джер­лерінің біліксізді­гі мен жау­ап­сызды­ғы және шетел­дік инве­стор­дың қар­жы­сы­на мем­ле­кет­тік рэкет жасау сал­да­ры­нан мол­до­ва­лық биз­нес­мен Ана­тол Ста­ти­дің шағы­мы бой­ын­ша, Қаза­қстан Ұлт­тық қоры активінің $22 млрд қар­жы­сы бұға­уға алы­нған бола­тын. Қаза­қстан­дық билік­тен зардап шек­кен шетел­дік инве­стор­ды Батыс пен АҚШ сот­та­ры және олар­дың қар­жы инсти­тут­та­ры қол­дап, Ұлт­тық қор­дың қауіп­сізді­гіне нақты қатер төнді.

Сайрагүлдің соты және ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ 

Өтіп бара жатқан жылы Қытай­дағы қан­даста­ры­мы­зға жасалған қысым өрши түсті. Бір деректер бой­ын­ша, жазы­қ­сыз қамауға алы­нған қаза­қтар­дың жал­пы саны 10 мыңға жуық көрі­неді. Олар­дың ара­сын­да 15 жастағы бала­дан 70 жастағы қари­яға дей­ін теңсіздік­тің тепе­рі­шін көру­де. Арғы бет­те­гі 1,5 мил­ли­онға жуық қазақ қытай­лық гено­цид­тің құр­ба­ны болуда.

Сон­дай қасірет пен қамаудың қау­пі­нен қашып, екі елдің шека­ра­сын бір­дей бұзып өткен, бер­гі бет­те қалған бала-шаға­сы­на қосы­лу­ды арма­нын­дай аңсаған қазақ қызы Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың Қаза­қстан­дағы соты дүниені дүр сіл­кін­дір­ді. Қапас­тың қау­пі­нен қашып құты­лған жас келін­шек ата-баба­сы­ның еліне келіп, ақыр соңын­да тағы да мұн­дағы бюро­кра­тизм мен без­бүй­рек­тік­тің құр­ба­ны бол­ды: өзінің қазақ елі оған аза­мат­тық түгілі, босқын мәр­те­бесін бере алмай отыр. Енді бірер айдан кей­ін Сай­ра­гүл­ге босқын атағы беріл­мей­тін бол­са, бала-шаға­сы шырқы­рап, соңын­да қалар жас келін­шек­тің Қытай­ға депор­та­ци­я­ла­нуы әбден мүмкін. 

Чемпионның ҚАЗАСЫ

19 шіл­де­де мәнер­леп сырға­на­у­шы Денис Тен­нің ұры­лар­дың қолы­нан қаза табуы бүкіл Қаза­қстан­ды дүр сіл­кінт­ті. Әлем­дік спорт аре­на­ла­ры мен бедел­ді халы­қа­ра­лық жары­стар­да ел намысын қорғап жүр­ген спорт­шы өз көлі­гінің айна­сын шешіп жатқан екі көлік ұры­сын тоқтат­пақ болып, қыл­мыс­кер­лер қолы­нан қаза тапты. 

 Күдік­ті ұры­лар­дың келесі күні ұсталға­ны­на қара­ма­стан, қаза­қстан­дық аза­мат­тық қоғам ішкі істер мини­стрінің отстав­каға кетуін, сон­дай-ақ қаза­қстан­дық поли­ци­я­ны рефор­ма­ла­уды талап етті. Гене­рал-пол­ков­ник Қасы­мов доға­ры­сқа кетудің орны­на ел пре­зи­ден­ті тара­пы­нан «ең таза министр» деген атқа ие болып, поли­цай­лар­дың фор­ма­лық киі­мін «рефор­ма­ла­у­ға» кірісті. 

Тәу­ел­сіз ақпа­рат көз­дерінің деректері бой­ын­ша, Назар­ба­ев­тың үкі­меті үшін Қасы­мов пен оның мини­стр­лі­гі «қар­жы табу мини­стр­лі­гінің» рөлін атқа­руға көш­кен. Бей­ре­сми деректер­ге қараған­да, ІІМ жүр­гі­зу­шілер мен тәр­тіп бұзу­шы­ларға аяу­сыз салық салу­дың нәти­же­сін­де ел бюд­жетіне жыл сай­ын 1 трил­ли­он тең­ге­ге дей­ін кіріс кір­гі­зеді екен.

Үш бірдей банктің БАНКРОТ БОЛУЫ

Биы­лғы жыл көле­мін­де ҚР Ұлт­тық бан­кі бір­ден үш қар­жы­лық инсти­тут­тың лицен­зи­я­сын қай­та­рып алды: тамы­зда – Qazaq Banki мен Эксим­банк, қыр­күй­ек­те – «Аста­на» бан­кі қыз­мет көр­се­туді тоқтат­ты. Бүгін­де бұл банк­тер­ге депо­зит салған мың­даған қаза­қстан­дық ақша­ла­рын қалай қай­та­рып ала­рын біл­мей, сең­дей соғылысуда. 

Қар­жы сала­сы тәу­ел­сіз сарап­шы­ла­ры­ның пікіріне қараған­да, бұл банк­тер­дің кенет­тен жабы­луы­на ҚР пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың тіке­лей қаты­сы бар. Бірін­ші­ден, қар­жы сала­сын­дағы хаба­ры «үш кла­стық» пре­зи­дент үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да үш банк­тің қыз­метіне қаты­сты негіз­сіз сын айтып, банк кли­ент­терін үркіту­ге себеп­кер болған. Екін­ші­ден, дүр­лік­кен салым­шы­лар өз ақша­ла­рын жап­пай қай­та­рып алуға кіріс­кен кез­де банк­тер­дің қыз­меті күрт қиын­дап, банк­рот­тық жағ­дай­ға тап болған. Төр­тін­ші­ден, аталған үш банк­ті жабу арқы­лы пре­зи­дент өзінің бақы­ла­у­ын­дағы банк­тер­ді басы артық бақта­ла­стар­дан құтқарған.

Елін әйгілеген ДАРА ДИМАШ

Біре­гей Бри­та­ни­я­ның аста­на­сы Лон­дон­да жеке кон­цер­тін бер­ген қаза­қтың дара дары­ны Димаш өзінің халқын әлем­ге тағы бір рет әйгіледі. Оның бер­гі жағын­да Ресей эст­ра­да­сы мен шоу-биз­несінің бел баба­сы Игорь Кру­той орман­дай оры­сты қоя тұрып, қаза­қтың қара бала­сын Мәс­кеу сахна­сы­на шыға­руға мәж­бүр бол­ды. Мэтр­ді мәж­бүр еткен – Дима­штың дүни­е­де тең­десі жоқ дауы­сы мен қара­пай­ым ғана аза­мат­тық аты еді. 

Музы­ка сала­сын­дағы маман­дар мен сол сала­ның сая­са­тын сара­ла­у­шы­лар­дың пікірі бой­ын­ша, Кремль­дің көсем­дері оры­стың ән өнері арқы­лы Дима­шты мил­ли­ард­тық қытай­дың қол­да­уы­нан тар­тып алу­ды көз­деп оты­рған сыңай­лы. Мәс­ке­уде­гі Кремль сахна­сын­да ән салып, «НТВ» арна­сы­ның «Орта­лық теле­ви­де­ние» бағ­дар­ла­ма­сын­да қонақта болған Димаш Игорь Кру­той­дың сүй­е­мел­де­уі­мен «Шар­шаған аққу­лар­дың махаб­ба­ты» әнін орын­дап, осқы­ры­нған орыс орда­сын бұз­ды. Соны­мен қатар Димаш Ресей­де­гі «Жыл әні–2018» бағ­дар­ла­ма­сы­на қаты­сып, енді Кремль сарай­ын­да өтетін жеке кон­цер­тіне дай­ын­дық үстінде.

Қазақ киносының СҰЛУ САМАЛЫ

Биыл Канн­да өткен 71-ші әлем­дік кино­фе­сти­валь­да қазақ қызы Самал Еслә­мо­ва «Үздік әйел рөлі» үшін берілетін «Паль­ма бұтағын» жеңіп алды. «Айка» деп ата­ла­тын ресей­лік фильм­ге түс­се де, Самал қазақ кино­сы­ның сұлу да, сау­мал сама­лы атан­ды. Енді­гі кезек­те әлем­дік кино көр­ме­лерінің сарап­шы­ла­ры қазақ кино­сы­на Самал салған жол­дың сіле­мі арқы­лы баға беретін болады.

Ең басты­сы – бөтен елде, өзгенің өнерін өркен­детіп жүр­се де, Самал-қыз қаза­қи қал­пы­нан, ұлт­тық тұғы­ры­нан тай­маған екен: тілі де, бал мінез бия­зы­лы­ғы мен ина­бат­ты­лы­ғы да ұлты­ның ұлаға­тын ұран етіп­ті. Сон­ды­қтан Самал­дың сара жолы бүгін­гі дүбәрә-дүлей талай қаза­ққа өне­ге бол­са дейміз… 

«ӨМІРЛІК ЖАЗА» және жазықсыз «жиһад»

Биы­лғы көк­тем­де сот шеші­мі­мен «экс­тре­ми­стік ұйым» ретін­де тый­ым салы­нған «ДВК» қозға­лы­сы­ның көсе­мі, Ақор­да режи­мінің оппо­нен­ті Мұх­тар Әбі­ля­зо­вқа қара­ша­да кезек­ті жаза кесіліп, ол «адам өлі­міне тап­сы­рыс беру­ші» ретін­де өмір­лік түр­ме жаза­сы­на кесіл­ді. Адво­ка­тын Ақор­да бел­гіле­ген сот­та ол бан­кир «Ержан Тәті­шев­тің өлі­мін әдейі ұйым­да­сты­рған» қыл­мыс­кер атан­ды. Еске сал­сақ, М.Әбілязов бұған дей­ін 20 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған бола­тын. Ал ең өкіні­штісі – заң­сыз «ҚДТ»-ны қол­да­ды деген айып­пен елде­гі бір­не­ше аза­мат жаза­ға тар­тыл­ды: олар­дың соңғы­сы – «үш жиһад­шы» өткен апта­да түр­ме жаза­сы­на кесілді.

«Он оқиға­ны» аны­қтаған редак­ци­я­лық кеңе­стің шеші­мін қағазға түсір­ген – Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн