Суббота , 5 июля 2025

ЕНДІ ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

Соны­мен, 2018 – Ит жылы да тарих­тың терең қой­на­уы­на кет­ті. Қалай өтті? Кім­нің тағ­ды­рын­да қан­дай із қал­дыр­ды? Жал­пы қоға­мы­м­ыз, тәу­ел­сіз дей­тін елі­міз бен оның тұтқа­сы сана­ла­тын қаза­ғы­мы­зға қалай әсер етті – осы тұрғы­да ой толғасақ.

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ,
публицист-жазушы

Енде­ше тоқе­терін бір-ақ айтай­ын: эко­но­ми­ка­мыз кері кет­ті, елдің әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы бұры­нғы­дан да ауыр­лап, кедей­шілік қамы­ты қыса түсті. Езуі­мізді керіп, кер­ги сөй­лей­тін «әлем­нің дамы­ған отыз елінің қата­ры­на» енгені­міз қай­да – елу­ден де әрмен ысы­ры­лып, дамуы тым баяу мем­ле­кет­тер­дің сапы­на ығы­стық. Адам құқы бұзы­лған, ар-намысы тап­талған, жеке бастың билі­гі бәрі­нен биік тұрған Қаза­қстанға айнал­дық. «Жері бай­дың елі бай­дан» жаңы­лып, жател­дік жол­та­пқыш пай­да­кү­нем­дер­дің жай­ла­уы болып тын­дық.
«Неге олай бол­ды?» дей­міз бәрі­міз. Қым­бат­шы­лық жүй­кені жұқар­тып, еңсені езіп, тұқыр­тқан сай­ын, әркім­нің сая­си сау­а­ты ашы­ла түседі екен. Ас үйде де, так­си­де де, тіп­ті жалаңаш оты­ра­тын мон­ша­да да адам­дар­дың айтар әңгі­месі көп өзгер­ген. Соңғы жыл­дар­дағы тір­шілі­гінің тауқы­метін ашы­нып, ашы­лып, күй­іне айта­ды. Тың­дап отыр­саң, жетісіп жүр­ген, жуы­қта пре­зи­дент Н.Назарбаев айтқан ай сай­ы­нғы 500 мың тең­гелік жалақы­ны алып көр­ген бірі жоқ! 

«Қай­ы­рым­сыз бол­са зама­ның, тар қапас­тан несі артық?» дей­тін еді Әлжап­пар Әбі­шев­тің «Най­за­ғай» рома­ны­ның бас кей­іп­кері, күрес­кер ком­по­зи­тор Мәди Бапиұ­лы. Дәл сон­дай қоғам­да, аты –тәу­ел­сіз, заты – мүл­де басқа, қыспағы қатал, қай­ы­рым­сыз елде ғұмыр кешу­де­міз.
Сон­да бұл қашанға дей­ін созы­ла­ды? Мән­сіз мақта­ны­шы, өтірі­гі көп көлең­келі заман запы­ра­ны­нан қашан ары­ла­мыз? Не істеу керек?..
Бір жолы… Бір жолы болған­да, өткен – 2018 жыл­дың мамы­рын­да есі­мі елге мәшһүр ақсақал жазу­шы­мен теле­фон арқы­лы аман­дық-саулық сұрасқан соң, күйі тай­ған халы­қтың тұр­мысы тура­лы әңгі­ме­ге кірісіп кет­тік. «Апыр-ай, қой­дан да қоңыр ұлт екен­біз. Құдай сөй­тіп жара­тып­ты. Тұяқ сер­пу­ге де жара­май қал­дық-ау!» – деді тұй­ы­ққа тірел­ген ағамыз. 

«Билік бір­жо­ла бұға­у­ла­ды ғой, аға. Өліп жат­сақ та, ауыз аша алмай­тын жағ­дай­ға кел­тір­ді. Алаңға жеке­леп те шыға алмай­мыз. Аттап бастыр­май­ды. «Сары­арқа» кино­те­ат­ры­ның арғы жағы­на аяқ аттат­пай­тын бол­ды. Бір аза­мат айдың отыз күнінің, түні бол­са – түніне, күн­дізі бол­са ¬– күн­дізіне келі­се­міз деп, Алма­ты­ның әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек­тің аты­на өтініш жаз­са, бар-жоқты сыл­та­у­ра­тып, келісім бер­меп­ті. Менің ойым­ша, ешбір әкім­ге жалы­нып-жал­па­ю­дың қажеті жоқ! Билік­тің жүр­гіз­ген сая­са­ты­на қар­сы­лы­ғы­мы­зды үйде оты­рып та, түз­де жүріп те жаса­уға бола­ды ғой, аға, – дедім. – Мәсе­лен, Аста­на күні ата­лып өтетін 6 шіл­де­де бүкіл қаза­қстан­ды­қтар бір минут­тық қар­сы­лық акци­я­сын жасайық. 

Алаңға барып әуре бол­май­ық. Яғни, билік­ке қар­сы­лық былай бол­са: шіл­денің 6‑сы күні сағат 11-де кең­се­де­гі жұрт – кең­се­де, авто­бус пен поез­дағы жола­у­шы­лар – авто­бус пен вагон­да, базар мен дүкен­де, көше­де жүр­ген­дер – сол жер­лерін­де, емха­на­лар мен ауру­ха­на­дағы­лар – оты­рған, жатқан орын­да­рын­да, үйінің аула­сын­да жүр­ген­дер неме­се бал­ко­нын­да тұрған­дар: «Уа, халай­ық! Мен қар­сы­мын! Иә, бүгін­гі билік халы­қтың мақ­са­ты­на, тала­бы­на кереғар сая­са­тын тоқтат­сын! Елі­міздің бай­лы­ғын тонап, бай­ы­ған мил­ли­о­нер­лер мен мил­ли­ар­дер­лер халы­қтың қар­жы­сын мем­ле­кет­ке қай­тар­сын!» десін. Оған құлақ аспа­са, араға ай салып, қар­сы­лық акци­я­сы уақы­тын 5 минутқа ұзар­тып, тағы қай­та­лай­ық! Билік басын­дағы­лар тас­ке­рең болып кет­пе­се, көп­шілік­тің дауы­сын естір. Ар-ұят­тан ада болып кет­пе­се, ойла­нар, жөн­ге көшер, жасаған қателік­терін түзе­тер».
«Ай, бауы­рым, бұның ішке қона­тын бай­лам екен! Егер қорған­шақ болып қалған көп­шілік сер­піліп, қол­дай алса…» – деді сөзім­ді мұқи­ят тың­даған ағамыз.

Қызық содан кей­ін бол­ды. Ара­да 2–3 күн өткен. Бей­сен­бі­де үйі­міздің теле­фо­ны шыр ете қал­ды. Тұтқа­ны көтер­сем, арғы жақтан сызы­лған сыпайы дауыс естіл­ді. «Қала­лық әкім­шілік­тен пәлен­ше деген ініңіз­бін, аға. Сіз бүгін сағат 3‑те біз­ге келе ала­сыз ба?» дей­ді. «Шару­ам шаш-етек­тен ғой, бірақ сен­дер шақы­рған­да, бәрін былай ысы­рып қой­ып, барай­ын» дедім. 

Бар­дым. Ішкі сая­сат бөлі­мінің басты­ғы және бір шене­унік оңа­ша қабыл­да­ды. Жағ­дай­ым­ды сұраған әңгі­ме­ден соң, бір­ден мені шақы­рған мәсе­ле­ге көшті. «Аға, сіз елді көтер­гелі жүр екен­сіз» деді. Оны кім айт­ты деп сұрай­тын емес, наза­рдағы кісі­міз – теле­фо­ны­мыз тың­да­ла­тын шығар. Сол себеп­ті сөзді көбейт­пей: «Елді көте­ру оңай шаруа емес. Ол үшін алдын ала штаб құры­ла­ды, үндеу жазы­ла­ды, біреу жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на ала­ды. Қар­жы­лық жағ­дайы және бар. Ал мен «Жел­тоқ­сан» айғақ-кітап­та­рым­мен әлек­пін. Екі ай сай­ын бала­ларға арнап шыға­ра­тын «Жыл – он екі ай» деген жур­на­лым да мой­ным­да. Мен­де әлгін­дей үлкен іске уақыт та, жағ­дай да жоқ қой», – дедім. 

«Е, бәсе, өзі­міз де сіз тура­лы дәл осы­лай ойлап едік, аға», – десіп, еке­уінің де көңіл­дері жай тапқан­дай бол­ды.
Алай­да қызық әңгі­менің жалға­сы бар екен. Одан кей­ін­гі апта­ның бірін­ші күні сағат тілі 9‑дан өте бере теле­фо­ны­мыз тыза­қтай жөнел­ді. Көте­рей­ін. Қала­лық әкім­шілік­тен әне­бір күн­гі жігіт. Бұл жолғы дауы­сы қатқыл­дау естіл­ді. «Аға, бүгін сағат 3‑те біз­ге келесіз бе?» – деді әй-шәй жоқ. «Енді кел десең­дер, амал жоқ, барай­ын» дедім мен де іліп алып. Айтқан сәтін­де алда­рын­да бол­дым. Кіре­беріс бөл­ме­де біраз кісі бар екен – олар қал­ды, мен ішке ендім. Өткен жолғы еке­умен «жабық есік жағ­дай­ын­дағы» сөз бір­ден басталды. 

– Аға, сіз өткен­де біз­ге шыны­ңы­зды айт­пап­сыз, халы­қты көте­рей­ін деп жүр екен­сіз, естідік, – деді ішкі сая­сат бөлі­мінің басты­ғы ініміз. 

– Оны кім айт­ты?! Кім­ге айтыппын? 

– Хале­кеңе айтып­сыз… – деді. 

– Хале­кең деп оты­рған­да­рың Халел­хан Әділ­ха­нов па? – дедім. Ол – Жел­тоқ­сан қаһар­ма­ны. Қаза­ғым деп шырыл­дап жүр­ген арлы азамат. 

– Иә, сол кісі­ге айтыпсыз…

– Өте дұрыс! Халел­ханға айт­тым. (Кей­ін оның өзі­нен сұрап біл­сем, жел­тоқ­сан­шы ата­нып, бір ұйым­ды басқа­рып жүр­ген қызға айтып­ты). Бірақ мен халы­қты көте­ретін көсем емес­пін. Ал не айтқа­ным­ды мыжып, қай­та­ла­май-ақ қояй­ын, – дедім де орным­нан тұрдым. 

Тере­зе­ге барып:

– Менің жаны­ма келің­дер, – дедім қыспаққа алған екі іні­шек­ті тере­зе алды­на шақы­рып. – Ана алаң­ды көріп тұр­сы­ң­дар ма? 

– Көріп тұрмыз.

– Осы алаң­да 1986 жылы 17–18 жел­тоқ­сан­да не болға­нын, кім үшін, не үшін болға­нын білесің­дер ме?.. Сен­дер­дің аға-әкпе­лерің, мүм­кін, әке-шеше­лерің қаза­ғым, қаза­ғым­ның қаси­ет­ті жері, елі, тілі деп теп­кі­леніп, итке тала­нып, соққы­ға жығы­лып, қанға бөк­ті! Тәу­ел­сіздік деген сөзді айта алма­са да, күл­лі іс-әре­кет­тері­мен Алаш ары­ста­ры көтер­ген иде­я­ны ұран­дат­ты. Енді қай­да соның тәт­ті жемісі? Ел қай­да, жер қай­да? Тілі­міз не бол­ды? Қаза­ғы­мыз неге қасірет­ті күй­де? Неге олар үй-күй­сіз, жер­сіз қал­ды? Олар неге жұмыс­сыз? Ата-баба­лар ама­нат еткен бай­лы­ққа кім ие? Қоға­мы­м­ыз нелік­тен ауру-сырқау? Біздің елі­міз­де не себеп­ті бәрі ақы­лы? Білім де, емде­лу де… 

– Сіз тек қана жаман жағын көреді екен­сіз. Жақ­сы­лы­қтар да бар ғой, – деді қыз­меті үлкен інішек.

– Сол жақ­сы­лы­қта­ры­ң­ды жаса­лып жатқан жаман­шы­лы­қтар басып-жан­шы­ған­нан халқы­мыз бей­ша­ра, сор­лы күй­ге түсіп, қасірет шегу­де. Үлкен­дер­ді қой­ып, он екі­де бір гүлі ашыл­маған ұл-қызда­ры­мыз да өз-өзіне қол жұм­сап, мез­гіл­сіз көз жұму­да. Билік­тің сорақы сая­са­ты халы­қты күй­зеліс, күй­іні­шін де батып айта алмай­тын ауыр жағ­дай­ға кел­тір­ді. Бай­ғұс қаза­қтың барар жер, басар тауы қал­ма­ды. Әкім­шілік­ке кел­се, кір­гіз­бей­сің­дер; алаңға шық­са, поли­цей­лерің қол­да­рын қай­ы­рып алып кете­ді; сот­та­рың айып­пұл сала­ды, қамай­ды, сот­тай­ды. Сен­дер де мені жетіс­кен­нен, қат­ты сый­лаған­нан шақы­рған жоқ­сы­ң­дар. Сен­дер­ді сөй­летіп тұрған аста­ры­ң­дағы орын­тақта­рың. Осы орын­да Берік пен Бей­сен, я басқа бір қазақ отыр­са да, сөз­сіз, сөй­тер еді!

– Жоқ, аға, олай емес, – деді бірі ыршып түсе ақталып. 

– Дәл солай, бауыр­ла­рым. Мен – жау емес­пін! Елдің, халы­қтың, қалың қаза­қтың мүд­десі үшін жаза­мын, ойым­ды ашық бөлі­се­мін. Халық алаңға шық­са, бір­ге шыға­мын. Жиналған жұрт­тың санын бір ада­мға бол­са да қара­сын көбей­ту үшін, митин­гі­ге бара­мын. Бұл менің ғана емес, ниеті түзу, өзін қаза­қтың аза­ма­ты санай­тын, елдің бай­лы­ғын өз қаза­ғы­мыз иелен­сін, қаза­ғы­мы­здың тілі сал­та­нат құр­сын, жемқор­лы­ққа жол бер­мей­ік, ұрпақта­ры­мыз бақыт­ты өмір сүр­сін дей­тін кез кел­ген аза­мат­тың қаси­ет­ті боры­шы, адам­гер­шілік пары­зы, мерей­лі мін­деті! Сон­ды­қтан сен­дер бүй­тіп мені маза­лаған­ды доға­ры­ң­дар. Алтын уақы­тым­ды тек­ке алмаң­дар. Ең дұры­сы кор­руп­ци­о­нер­лер­мен күресің­дер, жылаған жұрт­тың сөзіне құлақ асы­ң­дар, – дедім де, шығып жүре бердім.

Есі­ме мынау жәйт түседі. 

«Өз басы­ның қамы­м­ен қалу – ұлт алдын­да қыл­мыс. Ғұмыр біреу. Жем­тік­ке, арам кәсіп­ке алдан­ба. Өзің үшін қыз­мет қыл­саң, өзі үшін оттаған хай­у­ан­ның бірі бола­сың. Еліңе, көп­ке қыз­мет ет. Көп­шіл бол. Ата жолы сол. Бұл жол­да құр­бы-құр­да­сы­ң­ның алды­на түс», – деп, бар­ша қаза­ққа ұлағат етіп­ті сонау жыл­да­ры Мәс­ке­уде құры­лған «Жас тұл­пар» ұйы­мы­ның мүше­сі, өмір бойы қаза­қтың мүд­десі үшін күре­су­ден шар­ша­май өткен Сәбетқа­зы Ақа­тай аға. 

Шір­кін-ай, осы ғажап ойға ұйып, өмірінің өзе­гіне айнал­ды­ра­тын заман­даста­ры­мыз, қатар­ла­ста­ры­мыз, қалам­даста­ры­мыз көп бол­са! Әсіре­се ұлт мүд­десі, мерей-мақ­са­ты мен тұта­сты­ғы, пат­ри­от­тық сезім­дері тура­лы сел­де­те сөй­леп, төгіл­те жаза­тын айна­лай­ын әріп­те­стерім­ді айта­мын, солар қан­сы­раған қаза­қтың жайы сөз бола­тын жиын, басқо­су­ларға неге кел­мей­ді? Мәсе­лен, 2016 жылы 21 мамыр күні жері­міз жатқа кет­пе­сін, сатыл­ма­сын деген мүд­де­мен Алма­ты көше­леріне шыққан халы­қтың ара­сы­нан «Еге­мен Қаза­қстан», «Ана тілі», «Қазақ әде­би­еті», «Жас қазақ», «Алма­ты ақша­мы», «Жұл­дыз», «Ақ жел­кен» секіл­ді газет-жур­нал­дар мен «Хабар», «Қаза­қстан», «Қазақ радио­сы» және басқа да хабар тара­ту құрал­да­рын­да қыз­мет істей­тін бір­де-бір жур­на­ли­сті, бас­па қыз­мет­керін, ақын-жазу­шы­лар­ды көре алма­дым. Солар алаңға, Алма­ты көше­леріне жері­міз үшін деп жала­у­лап шыққан жұрт­тың жүре­гіне маза бер­ме­ген мәсе­ле­лер жөнін­де ашық жаз­бай-ақ, хабар тарат­пай-ақ қой­сын, жәй ғана шығып, не болып жатқа­нын көріп, хабар­дар болу үшін де ара­ла­рын­да жүр­се, бұл өздері үшін де абы­рой, халы­қтық мүд­дені қозғап, көтеріл­ген­дер үшін де арқа­лан­ды­ра­тын жағ­дай емес пе еді?! 

Дәл осы жер­де бір кез­дері, Сәбетқа­зы аға­мы­здың көзі тірі кезін­де, газет­тер­дің бірін­де басы­лған ұлт мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты мақа­ла­сы­нан жазып алған тағы бір ойын алды­ңы­зға тар­тай­ын. «Өзіңді қорғау жеңіл, – деп­ті асыл аға­мыз. – Өзің бар­сың, ақы­лың мен қай­ра­тың бар. Қаза­қты қорға. Қазақ – Абы­лай зама­ны­нан кей­ін қорған­сыз қалған ұлт. Ұлты­ң­ды қорға­уды мұрат тұт. Сон­да сенің де қорға­ның болады…».

Мына без­бүй­рек билік өздері секіл­ділер­ді, қыз­мет үшін, қарақан басы үшін жинай­тын бай­лы­ққа бола саты­луға, сабы­луға бей­ім адам­дар­дың қата­рын бала­ла­тып, көбейт­ті. Сон­ды­қтан да біздің өкі­мет-үкі­мет­те, пар­ла­мент­те қон­жиып оты­рған «күштілер» де (солар­дың бір-еке­уі бол­ма­са, бәрі дер­лік бай­лар, мей­рам­ха­на, ойы­н­ха­на, базар, сауда кешен­дері, мыңғы­рған мал­да­ры бар) халы­қтың мүд­десі деген­де ауыз ашпай­ды. Билік­тің ұшар басын­дағы бір кісінің «а» дегенін аузы­нан қағып ала­ды, оң-терісіне ой жібер­мей­ді. Осы сөзі­міздің айдай ақиқат мыса­лы – істер­ге жұмыс таба алмай, сен­деліп көше-көше­ге, базар-база­рдың төңіре­гіне жина­лып, күн­көрісі үшін жұмысқа жал­да­на­тын елден, берілетін садақа­дан салық жинау тура­лы заң­ды құрақ ұшып қабыл­да­уы. Өздерін-өздері жұмыспен қам­та­ма­сыз етіп, әзер күн көріп, «шық­па, жаным, шық­па­лап» оты­рған қара халы­ққа қар­сы жасалған бұдан өткен өктем­дік болар ма?!. Бас бер­мей есе­леп өскен қым­бат­шы­лық алдын­да үретін иті, сыға­тын биті­нен басқа түгі қал­маған, момын, «е, құдай­лап» оты­рған халы­қты тығы­ры­ққа тіреді ғой. 

Сон­да бұл не? «Өлме­сең, өмірем қап!» деген сая­сат, ұста­ным ба? Обал-сау­ап қай­да қал­ды?.. Осы­дан сек­сен жыл­дан астам уақыт бұрын қаза­ғы­мы­здың бет­ке шығар қай­мақта­ры оққа бай­ла­нып, итжек­кен­ге айда­лып, олар­дың әйел, бала-шаға­ла­ры да жап­пай жаза­ла­нып, қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған қасірет­ті жыл­дар­да өңіріне орден таққан­дар болған. Міне, бүгін де сон­дай қазақ ұлты көресіні көріп, қия­нат­тың қылбұра­уы­на бай­ланған кер кезең­де атақ-дәре­же, төсіне тағы­ла­тын сөл­ке­бай­ларға бола ыржия күліп, бір-бір­лерін мақта­уға теңеу сөз таба алмай, асып-таса қуанған­дар, той-той­лаған­дар аз емес.
Мон­те­с­кьенің сөзіне сүй­ен­сек, «Награ­да үле­сті­ру іріп-шірудің бір бел­гісі. Ең нашар импе­ра­тор­лар ең көп награ­да тара­ту­шы­лар ретін­де атын шыға­ра­ды» екен. Біз­де мара­патқа малын­ды­ру – үлкен сая­сат. Бір жыл­да­ры, онда да пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да орден-медаль­дар аямай тара­ты­лған. «Пара­сат» орденін алған­дар­дың бірі марқұм Ақсе­леу аға Сей­дім­бек бола­тын. Сол әңгі­мені тағы да еріксіз еске алуға тура келіп отыр. Мақта­нып емес, басым­нан өткіз­ген ащы шын­дық болған соң…

«Аға, мына орденіңізді бер­ген иесіне қай­та­рып беріңіз, тарих­та қала­сыз» деп едім. Ол кісі «еңбе­гім сіңді» деп ашу­ланған. «Сіздің еңбе­гіңіз баяғы­да кере­мет сің­ген. «Білім және еңбек­те», «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан­да» қыз­мет атқа­рып жүр­ген кезіңіз­де «Ленин» орденін, бол­ма­са басқа­дай атақ­пен мара­пат­талға­ны­ңы­зда, айтар сөз басқа еді. Енді тәу­ел­сіз елміз деп, баба­лар­дан қалған бай­лы­қты заң­сыз мен­шік­теп, талан-тараж жасап жатқан­да, ауыл­ды малы­нан айы­рып, халқын жұмыс­сыз қал­ды­рып, мәң­гір­тіп жібер­ген­де алған «Пара­са­ты­ңыз» тура­лы не дей­сіз? Осын­дай бас­сызды­ққа барған билік­тің кешіріл­мес қыл­мысын қол­дап, қол­паштаға­ным үшін алдым дей­сіз бе?!» деп едім. 

Сол күні ашу­ланған, алай­да келесі күні жұрт сый­лай­тын аға­ма ауыр сөз айтып қой­дым-ау деп, таң ата теле­фон шалып, кешірім сұра­дым. Сон­да Ахаң: «Әй, Талғат, сен өзі кіш­кен­тай болға­ны­ң­мен, жүре­гің үлкен аза­мат екен­сің. Өте дұрыс айт­тың. Кешірім сұра­ма», – деп еді.
Өткен жыл­дың сәуір айын­да қаза­ғым, халқым деп жарғақ құлағы жасты­ққа тимей ғұмыр кеш­кен Сапа­бек Әсі­пов аға­мыз 93-ке қараған шағын­да көз жұм­ды. Дәл Сапе­кең сияқты қаси­ет­ті жері­міздің мәсе­лесі­мен түп­теп айна­лы­сқан ешкім жоқ! Сонау пат­ша­лық Ресей­дің зыми­ян­ды­қ­пен қалай отар­лаға­ны­нан бастап, жер­ді сату жай­лы мәсе­ле пар­ла­мент­ке қой­ы­лып, тар­ты­сты әңгі­ме әбден шиыр­шық атып, қызған кезін­де соның шулы орта­сын­да жүр­ді. Жазу­шы­лар одағы­ның «Жер және қазақ тағ­ды­ры» комис­си­я­сын басқар­ды. «Қазақ қасіреті», «Қатер­лі дерт, қал­жы­раған халық», «Қауқар­сыз қазақ мәсе­лесі» және орыс­ша «Тан­та­ло­вы муки Сте­пи» деп ата­ла­тын төрт кіта­бы қысты­ғып жүріп жазған еңбек­тері еді. 

Алай­да билік: «Жер­ді сатуға бол­май­ды!» деген аға­мы­здың да, оған қосы­лған­дар­дың да талап-сөз­дерін шыбын­ның ызы­ңы құр­лы еле­меді. 2004 жылы тәу­ел­сіздік күні қар­саңын­да Жазу­шы­лар одағын­да біраз кісілер­ге орден­дер мен медаль­дар тап­сы­рыл­ды. Солар­дың ішін­де сек­сен­де­гі Сапе­кең де бола­тын. Куәлі­гіне пре­зи­дент­тің өзі қол қой­ған «Ерен еңбе­гі үшін» медальі тап­сы­ры­лар сәт­те Сапа­бек аға: «Қазақ жерін сатқан­дар­дың қолы­нан ештеңе алмай­мын!» деп, мара­пат­тан бас тарт­ты. Міне, мәрт мінез! Міне, ұрпақтан-ұрпаққа өне­ге, үрдіс етіп, дүни­еқоңыз, ман­са­пқұ­мар, мара­патқұ­мар бей­бақтар­дың ар-намысын түрт­кілеп, ұят­та­рын оята­тын бітім-бол­мыс, кісілік ірілік!..

Біздің билік отан­шыл­дар­ды онша ұнат­пай­ды. Өздерін­де жоқ болған­нан кей­ін де мем­ле­кеті­міздің, қаза­ғы­мы­здың, халқы­мы­здың мүд­десі деп, табан­дап тұра­тын намысты аза­мат­тар­ды қала­май­ды. Олар­дың атта­рын атап кетіп, арам пиғыл­ды билік­тің қыжы­рын қай­та қоз­дыр­май-ақ, 2016 жылы атақо­ныс жері­міз үшін деп Аты­ра­удағы Иса­тай, Махам­бет атын­дағы алаңға жиналған қарақұ­рым халы­қтың ара­сы­нан суы­ры­лып шығып, дара­ланған Макс Боқа­ев пен Талғат Аян сын­ды жалын­даған жаста­ры­мы­зды жазы­қ­сыз жаза­лап, түр­ме­ге тығуын еске алай­ы­қ­шы. Олар не істе­ді? Қаза­қстанға, осын­дай бай­лы­ғы, әсіре­се аждаһа­лар елі үшін көздің құр­ты болған жері­міз­ге өзі­міз иелік етей­ік деп алаңға жиналған жұр­тқа ұйтқы болған­нан бөтен не деді? 

Сол кез­де халы­қтың қаһа­ры­нан ыққан Н.Назарбаев не деп еді, одан кей­ін айтқа­ны­нан шық­пай­тын, ат десе – ата­тын, шап десе – шаба­тын поли­цей, сот, про­ку­рор­ла­ры­на не істет­ті? Осын­дай айла, әдіс-тәсіл­дер­мен ешқан­дай қыл­мысты ісі жоқ, мем­ле­кеті­міз­ге, оның тәу­ел­сізді­гіне, айран­дай ұйы­ған тыны­шты­ғы­на зәре­дей де төн­дір­ген қау­пі жоқ аза­мат­тар­ды, онда да өрім­дей жаста­ры­мы­зды аса қауіп­ті қыл­мыс­кер етіп шығар­ды. М.Әбіләзовтың жаз­ба­ла­рын тарат­ты деген айып­пен алма­ты­лық Әсет Әбі­шев­ті, ақта­улық Абло­вас Жұма­ев­ты сот­та­ды. «Жиһад­шы­лар ісі» деген атпен 7–8 жылға қатаң режим­ге кесіл­ген Алмат Жұмағұ­лов пен Кен­же­бек Әбі­шев, Орал­бек Өміро­втың тағ­дыр­ла­ры да дәл солай. Өз басым сол аза­мат­тар­дың ұза­ққа созы­лған соты­на бастан-аяқ қаты­спа­сам да, бала-шаға, отба­ста­ры, ағай­ын-туы­ста­ры­ның азапты, қасірет­ті, сонау 1937–1938 жыл­дар­дағы­дай жәйт­ке тап болып жатқа­нын көре тұрып, үнсіз қал­май­ын, ара түсей­ін деп куә­гер ретін­де қаты­стым. Істі жүр­гіз­ген судья Қуа­ныш Әрі­пов пен про­ку­рор Дәу­рен Бұлғын­ба­ев­тың алдын­да бұл біз­ге бей­мәлім болып көрін­бей тұрған Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті адам­да­ры­ның қол­дан жасаған қыл­мысы екенін айттым. 

– Аға, айты­ңыз­шы, біз кім­біз? – деп сұрақ бер­ді 11 ай бойы абақты­да қама­лып, қолы кісен­деліп, қор­ша­уда оты­рған Алмат Жұмағұлов. 

– Сен­дер қаза­қтың пат­ри­о­ты­сы­ң­дар! Ал нағыз қыл­мыс­кер жиһад­шы­лар – осы қыл­мысты істі қол­дан ұйым­да­сты­рған­дар. Сен­дер қазақ халқы­ның мүд­десі үшін жер, тіл мәсе­лесін қозға­ды­ң­дар, жемқор­лық қыл­мыстың ұйы­ғы­на батқан елі­мізді қалай құтқа­ра­мыз деп шырыл­дап, күре­стің­дер. Сен­дер қуғын-сүр­гін құр­ба­ны­сы­ң­дар, түбі ақта­ла­сы­ң­дар. Алла бәріңе темір­дей төзім бер­сін! – дедім. 

Енді не бол­ды? Қара қытай қап­та­ды. Қаза­қстан қары­зға бат­ты. Сатыл­маған ештеңе қал­ма­ды. Бере­кесіздік бүкіл жүй­ені жай­ла­ды. Ең ауы­ры – ұл-қызда­ры­мыз бүлін­ді. Ертең­ге деген сенім­нен айы­рыл­дық. Бағыт-бағ­да­ры­мыз бей­мәлім, әйте­уір өзі­міз­ше ілгеріле­ген боп келе­міз. Бізді басын­бай­тын ел қал­ды ма? Өйт­кені бәріне қары­з­быз. Ара­ны ашы­лған той­ым­сыз билік Қаза­қстан­ды «Назар­ба­ев­станға» айнал­дыр­ды. Елдің, жер­дің иесі қазақ халқы екенін мүл­де ұмыт­ты. Біз баба­лар­дан мирас болған қаси­ет­ті жері­міздің де, елі­міздің де шын иесі едік. 

Мем­ле­кет бай­лы­ғы­ның 90 пай­ы­зы халы­қты­кі емес. Ірге­міз­де­гі қытай талай стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар объ­ек­тілері­мізді ием­ден­ді. Жері­міздің қан­ша бөлі­гін алға­нын «көсе­мі­міз» ғана біледі. Оны мен­шік­те­ген қытай­лар енді қай­тып шөп шық­пай­тын­дай ететінін жақ­сы біле­міз. Алай­да қар­сы жасап жатқан әре­кеті­міз мар­дым­сыз. «Қытай­дан қауіп жоқ» деді жаңа­жыл­дық жур­на­ли­стер кез­де­суін­де Нұре­кең. Сон­ды­қтан шығар, қытай пай­да­кү­нем­деріне салы­на­тын табыс салы­ғын азайт­ты, қытай тілін үйре­нуді өси­ет­те­ді.
Пре­зи­дент өси­етінің өңін айнал­ды­ра айта­ты­нын іші­міз сезеді. Себебі, сен­дер кере­мет­сің­дер, сен­дер­дей аза­мат­тар бар кез­де қазақ жері көр­кей­еді деп оты­рып, айтқа­ны­нан шық­пай­тын поли­цей­лері мен сот­та­ры­на жаза­лаң­дар деме­се, өр тұлға­лы ақын Арон Ата­бе­гі­міз, Талға­ты­мыз бен Мак­сы­мыз сот­та­лар ма еді?.. 

…Доңыз жылы­ның қысы жұм­сақтау болып тұр. Алай­да көңілі­міз алаң. Кел­ген жыл, менің­ше, – біздің біра­уыз, тір­тұ­тас, бір­лік­шіл, тір­лік­шіл болуы­мы­зға сынақ бола­тын жыл. Біз­ге демо­кра­ти­я­лық, халы­ққа қыз­мет ететін билік керек. Жеке бастың билі­гіне, бітіп бол­май­тын өтірі­гіне той­дық, іші­міз кепті… 

Енді қайт­пек керек?

Республиканский еженедельник онлайн