Пятница , 4 июля 2025

ЕРДОҒАНҒА ЕЛДЕН ХАТ

Түр­кия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Режеп Тай­ып Ердоған мыр­за­ға!

Аса құрмет­ті Режеп Тай­ып Ердоған мырза!

Қаси­ет­ті Рама­зан айын­да үлкен құр­мет­пен Сіздің ару еліңіз­ге бей­біт пен бере­ке-бір­лік тілей­міз! Асы­ра сіл­теу мақта­у­сыз, Сіз біздің зама­ны­мы­здың бүкіл түрік өрке­ни­еті мен ислам әле­мінің қорға­у­шы­сы мен арқа сүй­ері бол­ды­ңыз. Түр­кия бүкіл әлем­ге даму мен өркен­де­удің біре­гей үлгісін көр­сет­ті. Сіз­дер бар­лық қиын­ды­қтар­ды жеңіп, Түр­кия елін дамы­ған құры­лыс инду­стри­я­сы мен халы­қа­ра­лық сауда және қар­жы орта­лы­ғы­на айнал­дыр­ды­ңыз. Сіз өз халқы­ңыз үшін ғана емес, бүкіл әлем­нің әділ дамуы үшін жұмыс жасап оты­рға­ны­ңы­зды әлем көзі көріп отыр. Сіз түрік өрке­ни­етінің бар­лық бауыр­лас халы­қта­рын елдік­ке шабыт­тан­ды­рып, ауы­з­бір­лі­гі­міз­ге дем беріп отыр­сыз. Көп­те­ген елдер­дің биле­ушілері бүгін­гі күн­ді баға­лай алмай оты­рған шақта Сіз­дер бола­шаққа қыз­мет жасай­сыздар. Олар үшін Сіз ұстазсыз. Оларға елдік пен көре­ген­дік­ті, кең ойлау мен батыл жаса­уды үйретіңіз. Әлем­ге және Түрік әле­міне жасап оты­рған игілік­ті істеріңізді ортақ баба­ла­ры­мыз қол­дап, Алла жәр­дем­ші бол­сын! Сіз­ге және сіздің отба­сы­ңы­зға, халқы­ңы­зға ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз!

Аса құрмет­ті Режеп Тай­ып Ердоған мырза!

Сіз­ге Түрік халы­қта­ры өрке­ни­етіне аса қажет, кере­мет­тей идео­ло­ги­я­лық жоба­ны ұсы­ну үшін, осы хат­ты арнайы жазып отыр­мыз. Бұл ортақ баба­ла­ры­мыз – көне Түрік­тер құрған Ғұн импе­ри­я­сы­ның кемең­гер қол­бас­шы­сы Мүде хан­ның (Мете хан) Ұлы мем­ле­кет­шіл тұлға­сы жай­лы кино­ро­манға әлем­дік кино түсі­ру мис­си­я­сы. Кино­сце­на­рий­дің авто­ры мен автор­лық құқық иесі – Қаза­қстан­ның көр­нек­ті көне түрік тарих­шы­сы, ойшыл абыз Қой­шы­ға­ра Салға­ра ғалым аға­мыз. Қаси­ет­ті ару­ақтар­дың рухы адам таң­дай­ды деген бар. Қой­шы­ға­ра аға­мы­зды Мүде хан­ның рухы таң­дағанға ұқсай­ды. Ғалым кино­ро­ман­ды жазу мақ­са­ты­мен тіл бөгетіне қара­май, үш жыл Қытай архив­терін­де ғасыр­лар шаңын жұтып, Мүде хан мен ғұн­дар жай­лы көне деректер­ді барын­ша зерт­те­ді. Кино­ро­ман 2010 жылы кітап болып, жары­ққа шықты. Кино­ро­ман­ның авто­ры ғалым­дар­да сирек кез­де­сетін логи­ка мен терең ойлау қабілетінің арқа­сын­да Мүде хан­ның екі мың жыл­да өшу­ге айналған тари­хи тұлға­сын асқан шебер­лік­пен қал­пы­на кел­тір­гені – бөлек әңгі­ме. Сарап­та­ма бой­ын­ша, бұл шығар­ма – Мүде хан жай­лы жазы­лған деректер­дің ішін­де­гі әлем­дік кино түсіру­ге жарай­тын бір­ден-бір ең көр­кем туынды.

Мүде хан тұлға­сы әлем тарихын­дағы тең­десі жоқ мем­ле­кет­шіл­дік үлгісі­мен ерекше­ле­неді. Қуа­ты басым­дау елдің пат­ша­сы соғы­сқа сыл­тау іздеп, жас Мүде ханға үш рет елші жіберіп, намысын қор­лап, бірін­ші ретін­де сый­ға атақты тұл­па­рын, екін­ші ретін­де жаңа үйлен­ген сұлу жарын, үшін­ші ретін­де ара­дағы мың шақы­рым бос жатқан жерін бер­ме­се, соғы­са­ты­нын айта­ды. Бұл қор­лық Мүде хан­ның жаны­на бат­са да, ел аман­ды­ғын жеке мүд­десі­нен жоға­ры санап, алға­шқы екі шар­тқа көнеді. Ал жауы жер сұрап кел­ген кез­де: «Жылқы құлын тап­са, ғұн әйелі қыз тап­са, оры­ны тола­ды. Ал ел асы­ра­у­шы­сы – Жер Ана­ны кім туып береді ғұн­дарға?!» – деп, халқын жер қорға­уға рух­тан­ды­рып, рух күшей­ту сая­са­ты­ның арқа­сын­да бар­лық соғы­стар­да жеңіс­ке жете­ді. Мүде хан­ның осын­дай кемең­гер рухы мен елдік сая­са­ты ғұн импе­ри­я­сы негізін қалап, елдік идео­ло­ги­я­сы импе­ри­я­ның бес ғасыр жаса­уы­на себеп­ші болады.

Әлем­дік ел бас­шы­ла­ры тарихын­да көне түрік­тер мем­ле­кетінің Мүде хандай елба­сы­ның мем­ле­кет­шіл­ді­гі – бүкіл пен­де­шіл әлем­ге тең­десіз үлгі бола­ты­ны һақ. Оның кино­сы да әлем­дік тари­хи бест­сел­лер бола­ты­ны һақ.

Қаза­қстан қоға­мын­да кино­ро­ман­ның осы аса құн­ды сюжеті кере­мет­тей абы­рой жинап, он жыл бұрын бел­гілі режис­сер­лар кино түсіру­ге Үкі­мет­тен бата мен қара­жат сұра­ды. Алай­да бел­гілі қай­шы­лы­қтар­дан Мүде хан жай­лы кино түсі­ру жоба­сы аяғы­нан шалын­ды. Содан бері Тұран одағы­ның идео­ло­ги­я­лық қазы­на­сы – Мүде хан кино­сы дүни­е­ге шық­пай, абы­рой­лы мис­сия қор болып тұр.

Бұл кино әлем сахна­сы­на шық­са, Сіздің Тұран одағын­дағы мис­си­яңыз бен Түрік өрке­ни­етінің абы­ройы үшін мықты идео­ло­ги­я­лық импульс бола­ты­ны анық. Әйел себеп­ші болған Тро­ян соғы­сы жанын­да Мүде хан­ның мем­ле­кет­шіл пара­са­ты евро­цен­тризм идео­ло­ги­я­сы­на жер мен көк­тей үлгі болуы айдан анық.

Біз – Елор­да билері ақсақал­дар кеңесі Қаза­қстан­да ғалым­дар­дың басын қосып, Ұлт­тық идео­ло­гия мен Тұран идео­ло­ги­я­сы мәсе­лесін көтеріп оты­рған қазақ зия­лы­лы­ры­ның қоғам­дық бір­ле­сті­гі­міз. Біз Тұран одағы­ның туы­сқан Түрік халы­қта­ры­ның өрке­ни­етін сақтау жай­лы сая­са­тын толық қол­да­уға аса мүд­делі бауыр­лас Қазақ елі­міз. Сіз, Тұран одағы­ның халы­қта­ры­ның рухы күше­юі үшін, Түрік халы­қта­ры өрке­ни­етінің идео­ло­ги­я­сын жасау аса маңы­зды шаруа екенін жақ­сы білесіз. Сол себеп­тен Сіз­ге осы тари­хи және идео­ло­ги­я­лық маңы­зы бар кино­ның әлем сахна­сы­на шығуы­на көмек беруіңізді сұраймыз.

Мүде хан кино­сын Одақ көш­бас­шы­сы Түр­кия мен қара­шаңы­рақ Қазақ елдерінің бір­лес­кен кино­сту­ди­я­сы шыға­руы­на да идео­ло­ги­я­лық негіз бар. Сол себеп­тен біз бір­лес­кен кино­ком­па­ния құруға мүд­делі­міз. Кино­ны Қазақ дала­сын­да түсір­ген абзал екені түсінік­ті. Кино­ның мың­нан бір туар дара сюжеті жұм­салған бюд­жет­ті есе­леп қай­та­руы­на кепіл болады.

Құр­мет­ті Пре­зи­дент, Сіз­ден Мүде хан кино­сын түсіруін қол­дап, қай­та­рым­ды қара­жат бөлуіңізді сұраймыз!

Аса құр­мет­пен,

Асхат БАЗАРХАНҰЛЫ,

«Елдік кеңес» қоғам­дық бірлестігі

Ұлт­тық идео­ло­гия бөлі­мінің меңгерушісі

Республиканский еженедельник онлайн