Пятница , 4 июля 2025

Ереуілдеген ел бар

4 сәуір күні Маңғы­стау облы­сы Жаңаө­зен қала­сын­да «БерӘлі Маңғы­стау Company» мұнай сер­висі ком­па­ни­я­сын­да жұмыс істе­ген 100-ден астам адам «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның кең­сесі алды­на жинал­ды. Жиналған­дар ара­сын­да кран­шы­лар, көтер­гіш маши­на жүр­гі­зу­шілері, шебер­лер, жера­с­ты ұңғы­ма­ла­ры­на жөн­деу жүр­гі­зетін опе­ра­тор­лар бар. Олар өздерін «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы мен оған еншілес меке­ме­лер­ге тұрақты жұмысқа алу­ды талап етті. Көбі – тәжіри­белі мұнайшылар.

«1 сәуір­ден бастап еңбек келісім­шар­ты­ның күші жой­ы­лып, Жаңаө­зен­де­гі жұмыс­сыздар қата­рын толы­қты­рып жатыр­мыз», – деді мұнай­шы­лар­дың бірі сей­сен­бі күні тараған виде­о­лар­дың бірінде.

Жұмыс­шы­лар­дың сөзіне қараған­да, был­ты­рғы нара­зы­лық пен ере­уіл­ден кей­ін «Өзен­мұ­най­газ» оларға өзіне еншілес «БерӘлі Маңғы­стау Company» ком­па­ни­я­сы­нан жұмыс бер­ген. Алай­да кей­ін­гі айлар­да тен­дер­де «Кез­би» ком­па­ни­я­сы жеңіп шығып, меке­ме жұмыс­шы­ла­ры жұмыс­сыз қалған.

«Біз­ге жеке кәсі­по­рын­дар керек емес. Шар­шап кет­тік. Бұл – біздің төр­тін­ші ере­уілі­міз. Ден­са­улы­ғы­мыз бар, ашы­ғын айт­сақ, отба­сы­мы­здың шырқы бұзы­лып жатыр. Жеке ком­па­ни­яға істеп шар­ша­дық. Біре­се ақша, біре­се жалақы үшін күресіп, әбден мезі бол­дық», – дей­ді 4 сәуір күні жұмыс­шы­лар үнде­уін оқы­ған мұнай­шы­лар­дың бірі.

Нара­зы­лар­дың бірі, бри­га­да шебері Есен­жан Әбдірахы­мұ­лы 4 сәуір күні кеш­кісін «Азатты­ққа» 200-ден астам адам жұмыс­сыз қалға­нын, бірақ олар­дың кей­бірі «Өзен­мұ­най­газ» кең­сесі алды­на келе алмаға­нын айтты.

Ол мұнай­шы­лар талап­та­ры орын­дал­ма­са, тарқа­май­ты­нын жет­кізді. «Біз тара­май­мыз. Осын­да тұра бере­міз. Біз­ге тұрақты кәсі­по­рын­нан жұмыс керек», – деді ол.

Тағы бір жұмыс­шы Нұр­сұл­тан Нұры­мұ­лы жұрт тара­май тұрға­нын рас­та­ды. «Мәсе­ле­міз шешіл­мей­ін­ше, осын­да тұра беру­ге бекін­дік», – деді ол.

Компа­ния дирек­то­ры­ның өндіріс мәсе­ле­лері жөнін­де­гі орын­ба­са­ры Нұр­лан Жүз­ба­ев «Азатты­ққа» 31 наурыз күні еңбек келісім­шар­ты­ның күші жой­ы­лға­нын рас­та­ды. Оның сөзіне қараған­да, «БерӘлі Маңғы­стау Company» меке­месі тен­дер­де жеңіліп, жұмыс ала алмай қалған екен.

«250 адам жұмыс­сыз қал­ды. Оларға бұй­рық тап­сы­рыл­ды. Тен­дер бол­ды. Жеңім­паз деп таны­лған кәсі­по­рын төмен баға ұсы­нған. Біз де барын­ша төмен баға ұсы­нуға тыры­стық, алай­да нәти­же­сін­де жеңіліп қал­дық», – деді «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­на жера­с­ты ұңғы­ма­ла­рын жөн­деу бой­ын­ша қыз­мет көр­се­тетін меке­ме бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Жүзбаев.

«Азаттық» әзір­ге «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы өкіл­дері­нен нара­зы­лы­ққа қаты­сты түсінік­те­ме ала алмады.

«Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның құра­мы­на 16 өндірістік меке­ме кіреді. Ком­па­ни­я­ның ресми сай­тын­дағы ақпа­ратқа қараған­да, кәсі­по­рын­да 9 мың­нан астам адам жұмыс істей­ді. Ком­па­ния Өзен және Қара­ман­ды­бас кені­ш­терін иге­ру­мен айналысады.

2021 жылы жаз­да және күз­де «Кез­би» ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры бір­не­ше рет ере­уіл жасап, жалақы өсіруді және еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды талап еткен. 2023 жылы мамыр айын­да 26 жұмыс­шы Аста­наға барып, Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі мен «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы ғима­рат­та­ры­ның алдын­да екі апта қонған. Жұмыс­шы­лар­дың бір бөлі­гі жұмыстан шыға­ры­лып, олар тамы­здан бері «БерӘлі Маңғы­стау Company» меке­месіне жұмысқа орналасқан.

Azattyq.org

  • Редак­ци­ядан: Маңғы­стау мүй­ісін­де жиі-жиі қай­та­ла­нып тұрған нара­зы­лық ере­уіл­дерінің себеп-сал­да­ры – тұр­мыстық тауқы­мет екені бел­гілі жәйт. Бірақ мұн­дағы қайт­пас халы­қтың қай­сар­лық табиға­тын­да қан­дай құдірет бар? Бұл сұрақтың бірқы­ды­ру жау­а­бын таны­мал қазақ қай­рат­кері, маңғы­ста­улық ақын Светқа­ли Нұр­жан­ның (Айт-Ман) жаз­ба­сы­нан көшіріп алдық.

Светқа­ли НҰРЖАН. (Айт-Ман) 

Маңғыстаудың мұңын,

Жетібайдың қайғысын

КІМ ЖЕҢІЛДЕТПЕК?

1.

Жеті­бай­дан мұнай мен газ шыға бастаға­ны­на 62 жыл бол­ды! Бірақ одан маң­дайы ашы­лған, абы­ройы жабы­лған ел көр­медім. Жер­гілік­ті жұрт­тың бұл ағыл-тегіл есеп­сіз бай­лы­қтан көр аза­бын тірілей тар­тқан бей­нет­тен басқа тапқан барқа­да­ры шама­лы: сол баяғы жұмыс­сыздық, кем­бағал жоқ­шы­лық, дауа­сыз дерт, қатал табиғат, одан да өтіп қатая түс­кен бет­бағы заман­ның без-бей­несі, бей­мез­гіл өлім, руха­ни індет­тер, тәртіпсіздік… 

Мен осы Жеті­бай кен­тін­де он жыл мек­теп­те оқы­дым, бір жыл кең­ша­рын­да жылқы бақтым, бір жыл ұлу­тас карьерін­де қара жұмыс істе­дім. Сон­ды­қтан бұл қоны­стың тарихын да, тағ­ды­рын да өз бой­ым­нан өткізіп таны­ған пен­де­мін. Басқа бай­лы­ғын айт­паған­да, ұлу­та­стың өзі күл­лі Совет­тер Одағы­на, 28 шетел­ге шығарылатын.

Бірақ одан қарқәл­лә­зи болған кент­ті не көп­ті көріп ем дей алмай­мын. Көше­лері күні кеше­ге шей­ін тау-тау болып үйіл­ген қоқы­стан көрін­бей­тін, елдің еті үйреніп кет­кен­ді­гі сон­ша­лық, оған мән де бер­мей­тін жағ­дай­ға жет­кен; мек­теп­тері­міз сәл жаң­быр жау­са, опы­ры­ла құлаған кез­дер де бол­ды; емха­на мен ауру­ха­на, туыт­ха­на жанын­да ашық-шашық дәрет­ха­на бар-ды: қыс бол­са, – көка­яз мұз, күз бен көк­тем­де – ызы­наған жел, жаз­да быжы­наған шыбын мыңғы­рып-шыңғы­рып «той жасап» жата­тын! Мүжәл­сіз ауру да, жас босанған ана да лаж­сыз соған баруға мәж­бүр-тін. Ол сол қал­пын­да Ай астын­да 40 неше жыл тұрды!..

Кент­тің жарым халқы әлі сол 40−50−60 жыл бұрын салы­нған шірік үйлер­де тұра­ды. Кот­те­дж­дер­дің төбесі көріне бастаға­ны­на 5–6‑ақ жыл­дың жүзі бол­ды… Баяғы­да Жеті­бай­да үлкен парк болған, кей­ін күтім­сіздік­тен мас­кү­нем­дер жина­ла­тын оры­нға айна­лып, ақы­ры құрып тын­ды; орта­лы­ғын­да бір мәде­ни­ет үйі (клуб), Авто­ба­за аулын­да қысқы-жазғы клуб­тар жұмыс істей­тін. Кей­ін бір ала­яқ орны­на «базар салам» деп, орта­лы­қтағы Шамы­ғұл Ыбы­рай­ы­мұ­лы атын­дағы мәде­ни­ет үйін өртеп жібер­ді! Орны­на базар емес, тауы­қе­тек­тей ғана клуб салын­ды. Авто­ба­за­дағы клуб­тар да ұрғы­ны­мен құрыды.

Соны­мен осын­дай үлкен кент­те адам­дар­дың руха­ни қанаға­тын өтей­тін ештеңе қалып жары­ма­ды. Бұдан кей­ін мәде­ни­ет тура­лы, руха­ни­ят жай­лы не айтуға бола­ды?! Ал біре­улер­дің атағын шыға­ру үшін ғана салған мешіті­нен азға­на жыл­дар ішін­де сам­саған сала­фит­тер өріп шықты! Оны уақы­тын­да қадаға­лаған не жер­гілік­ті билік, не заң орын­да­ры бол­ма­ды. Міне, өз қолы­мен өз пер­зент­тері­нен жау жасап шыға­рып жатқан біз­ден басқа қан­дай ел бар, айтыңызшы?!.

 «Сөз – сөздің қуғын­шы­сы», ел аузын­да жүр­ген бір кеп­ті айта кету­ге мәж­бүр­мін: 2011 жылы той­шы­ке­ш­тер осы жер­де мұнай аты­лға­ны­ның 50 жыл­ды­ғын той­лай­ды. Соған кел­ген қонақтың бірі әлем­ге әйгілі Аль­фред Нобель­дің неме­ресі еді дей­ді білетін­дер. Бұл жер­дің бай­лық көле­мі­нен толық хабар­дар әлгі мей­ман алды­нан Дубай сияқты дулы­ға­сы бұлт жай­қаған шаһар шыға­ды деп ойлап қалған ғой, осы­нау Жеті­бай атты қоты­раш кент­ті көр­ген­де, басын шай­қап: «Бұл жер­де ұлы қыл­мыстар жасалған!» – дей бер­се керек.

Ал сол «ұлы қыл­мыстар­дың» автор­ла­ры осы жер­дің бай­лы­ғы­на шетел­дер­ден «Эдем-бақта­рын» салып алып, сай­раң­дап жүр! Бары­нан қай­ыр көр­ме­ген жеті­бай­лы­қтар бол­са, көз­деріне тірілей көр-топы­рақ құй­ы­лып, аштық жари­я­лап, нара­зы­лы­қта­ры­мен жоғарғы жақтың наза­рын аудар­мақ болып әлек. Ал жоғарғы жақ бай­ла­уы жоқ сай­ла­у­лар өткі­зу­мен әлек… 

Әлі күн­ге дей­ін ешкім­ге есеп бер­мей­тін мұнай ком­па­ни­я­ла­ры бар Маңғы­ста­уда! Олар қашан мем­ле­кет­ке қай­та­ры­ла­ды, қашан жемісін жер­гілік­ті халық жей­ді? Қашан руха­ни һәм эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік орнай­ды? Мәлім­сіз. Өйт­кені кули­бай­чик-күй­еу бала­лар әлі битіне секіріп жүр!

Құдай-ау, қашан бұл елге басбіл­гі аза­мат­тар ие бола­ды?! Қашан мынау ата­у­сыз азаптың шеті көрі­неді?! Қашан бұл ел өз жерінің игілі­гін өзі көреді?! Қашан руха­ни індет­тер мен діни дерт­тер­дің емі табы­ла­ды? 30 жыл бойы вор-сал­тан­ның залым сая­са­ты жасап шығарған ауы­зы ала ұлт­тың келе­ше­гі мен көре­ше­гі қан­дай бол­мақ? Сана­сы мұнай­ға ғана бай­ланған қаза­қтың жүре­гін Құдай­ға қалай бай­лай­мын деп қай­ғы шегетін аза­мат­тар қай­да?.. Біз осы түп­сіз құр­дым­ның жиегін­де тұрған жоқ­пыз ба? Біздің осы­нау әлжу­аз хәлі­мізді діни лаң­кестер мен сая­си сай­қал­дар, сепа­ра­ти­стер пай­да­ла­нып кет­пей ме? Жеті­бай­дағы нара­зы­лық басқа елді мекен­дер­дің жара­сын қоса тыр­нап, тағы да адам болжап бол­мас ірен-тоза­нға айна­лып кет­пей ме?.. Жан-жағы­мы­здан қапы­сыз бағып-танып оты­рған аждаһа-мем­ле­кет­тер бір-ақ қар­пып жұтып қой­май ма? Билік­те бұл қай­ғы­лар­мен ауы­рып жүр­ген біреу бар ма өзі?..

Мұн­ша­лы­қты күр­делі уақыт­та өлке бас­шы­сы Н.Ноғаев нен­дей шешім таба­ды? Оның таң­да­у­лы коман­да­сы бұл мәсе­ле­де қан­дай істер бітіріп жатыр? Пар­ла­мент­тің келісі­мі­мен мем­ле­кет бас­шы­сы орны­на қай­та тағай­ын­даған Әли­хан Смай­ы­лов үкі­меті не ойлап отыр?.. Түйт­кіл­ді сау­ал­дың түбі көрін­бей­ді. Ал оның түбіне бүгін жет­пе­сек, ертең сол құр­дым-сау­ал­дар өзі­міздің, яки елі­міздің түбіне жетуі әбден мүмкін!

2.

Біздің бала күні­міз­де ақсақал­дар айта­тын: «Шір­кін, Жеті­бай­дың несін айта­сың, – осы мұнай ашы­лып, шәр орнаған­ша, бұл жер «төрт түлік мал­дың ана­сы» еді. Қақа­лып өскен май­қа­ра жусан мен сіңбірік, қазо­ты мен торғай­от, ырғалған еркек пен бұралған боздан қара жер көз­ге шалын­бай­тын. Жатқан түйе, жай­ы­лған қой көрін­бей­тін…» деп. Біз олар ерте­гі айтып оты­рған­дай тың­да­у­шы едік. Кей­ін өзім жазған­дай: «Сәбетіңнің кере­леп Мақтан­шағы, – Боз дала­ның бұзы­лып мақ­пал сәні, – Фон­тан­да­ры мұнай­дың – бөрік­терін, – Атып бол­май аспанға жатқан шағы» еді ол кез. Ал Жеті­бай біз көр­ген­де, шынын­да да, «мақ­пал сәні бұзы­лған» – қара дауыл­дар мен ала­то­па­лаң шаң­ның «отаны»-тұғын. Олар­дың екпінінің күштілі­гі сон­ша, төмен­гі сынып оқу­шы­ла­ры­на мек­теп­ке бару мұң еді. Май­лақы шаң­ды дауыл­дар­дан соң үйлер­дің қабы­рға­ла­ры мен дуал­да­ры тұтас май жаққан­дай ала­ба­жақта­нып қала­тын. Сөйт­сек, Ана-Жер, Ата-Топы­рақтың – түбі бере­кет әкел­мей­тін мұнай деген кеса­патқа, Құдай­дың бер­месін тар­тып алуға кіріс­кен кесел­ді құзғын­дарға қар­сы ышқы­нған қар­сы­лы­ғы екен ғой сол кез­де­гі шаң­ды дауылдар!..

Иә, Жеті­бай­да алғаш мұнай аты­лған 1961 жыл­дан бері оны қан­ша ақын жырға қосты. Олар­дың бәрі де бұл өлкенің «жарқын бола­шағы­на» сен­ген. Сен­ген­нен де төмен­де­гі тебіреністеріне арқау еткен.

Ақбе­рен ақын Ғафу Қай­ыр­бе­ков «Жеті­бай отта­ры» өлеңінде:

Сонау бір тезек шоғынан

Маң­дай­дың тері кепкенше,

Қан­ша­ма бол­ды жол құрбан

Біз мынау отқа жет­кен­ше! – деп емірен­се; ақжар­ма Төле­ген Айбер­ге­нов Жеті­бай жұмыс­шы­ла­ры­на арнаған жырында: 

Мен – қара төс­пін, қай­ғы­дан бақыт жасаған,

Шатыр­лап жатқан най­за­ғай­лы аспан – босағам! – деп те бір тебіренді-ау.

Ал Бақыт­жан Абы­зов деген жас ақын сол кез­де былай толғаған: «Жеті қазы­на бар бол­са, – Біре­уі соның – Жеті­бай!». Сағат Әбдуға­ли­ев марқұм «Жеті­бай­дағы жаң­быр» атты құс­ни сөзін­де: «Ноян най­за­ғай ұран сап, – Ойнат­ты от сап­ты биші­гін. – Нау­ша қыр жатыр-ау Нұр аңсап, – Құй­шы, күн!..».

…Талай­дан там­баған тан­дыр-желін аспан ерекше иіп, күн бүгін де құй­ып тұр. Кеше кеш­тен бүгін сәс­ке­ге шей­ін көз көр­сет­пес шаң­ды дауыл бораған. Біз Ермұқан Мәдіғұл, Оңай­бек Әбді­лов – үше­уміз Мұнай­шы­дағы Сисен­бек ағам­ның 7 күн­дік садақа­сы­нан шығып, тұңғыш мұнай аты­лған аты­шу­лы «6‑скважина» басын­да ере­уіл­деп жатқан ауыл­даста­ры­мы­зға арнап бар­дық. Дауыл мен жаң­быр астын­да әбден өңдері қашқан бауыр­ла­ры­мыз дүр сіл­кініп қар­сы алды. Аман­да­сып, ора­за­ла­ры­на – қабыл, жыл-жаста­ры­на құт­ты бол­сын айтқан соң, ағаш (киіз) үйге баста­ды. Онда оннан аса жігіт­тер аштық жари­я­лап жатыр.

Әбден қал­жа­у­рап оты­рған олар­мен тіл­десіп шығып, көп­шілік­пен жаң­быр астын­да біраз сұх­бат құр­дық. Елі­міздің құры­лыс­шы жігіт­тері ұсы­нған жұмыстарға неге бар­маған­да­рын сұраға­ны­мы­зда біре­уі: «Оларға тағар кінә­міз жоқ, бірақ біз оны билік­тің осы ситу­а­ци­ядан шығып кету үшін жасап оты­рған айла-шарғы­сы деп қабыл­да­дық. Ал оны түр­лі саққа жүгір­тіп құй­қы­л­жы­тып жатқан кей­бір жазғы­штар­дың «пікір­лері» біз­ге қызық емес. Сон­ды­қтан Жеті­бай жұр­ты­на мынау қалып­тасқан күр­делі жағ­дай­дан – ыңыр­шағы шыққан жұмыс­сызды­қтан құты­ла­тын түбе­гей­лі шара­лар керек. Басқа­сы­на көн­бей­міз. Әбден алда­на-алда­на, титы­ғы­мы­зға жет­тік», – деді. Басалқа сөзі­мізді және қашан да өздерінің жағын­да бола­ты­ны­мы­зды, кеше ғана аяқтай барып жанай­қай­ла­рын Ақор­даға дей­ін жет­кіз­гені­мізді, бұдан кей­ін де ылғи бай­ла­ны­ста екен­ді­гі­мізді; күл­лі зия­лы қауым­ның біздің даб­ы­лы­мы­зға үн қоса бастаған­да­рын; Маңғы­ста­удан мәжіліс­ке сай­ланған жігіт­тер­дің де бұл тарап­та жұмыста­нып жатқан­да­рын баса айттық!..

Қошта­сар­да олар: «Аға­лар, сіз­дер­дің осы жер­дің шаңын да, қай­ғы­сын да елмен бір­ге жұтып жүр­ген аза­мат­тар екен­деріңізді біле­міз. Біз­ге өлке бас­шы­сы Н.Ноғаев, басқа да тиесілі бас­шы­лар келіп, зары­мы­зды өз құлақта­ры­мен тың­даға­ны, тың­дап қана қой­май, қор­да­ланған кесел­ді түй­ін­дер­ді шеш­кені керек. Шешіл­ме­се, бір жағы­на шыққан­ша қар­сы­лы­ғы­мы­зды жалға­сты­ра бере­міз. Осы жан дау­сы­мы­зды жоға­ры­ға жет­кіз­сеңіз­дер екен» десті…

…Сәуір­дің ілкі суық жаң­бы­ры орай да борай жауып тұр. Көзді ашқы­з­бай­ды. Ал нөсер астын­да қалып бара жатқан жел өтін­де дір­дек қаққан жетім жапы­рақтай бауыр­ла­рым­ның жүз­дерін айғы­здаған ылғал – жаң­быр­дың суы­нан гөрі, өз үйі – өлең төсе­гін­де оты­рып, неше заман теңді­гін таба алмаған Қазақ атты қорған­сызым­ның көз жасы құсап еле­степ кет­ті. Ол жасты кім сүрт­пек, кім құрғат­пақ?.. Абай айт­пақ­шы: «Қазақ та адам бала­сы» емес пе?.. Әлде қан­да­сы үшін қары сырқы­ра­май­тын­дай, Билік­тің ата-тегі басқа ма?..

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн