Пятница , 4 июля 2025

Ерлан ҚАРИН: Ел бірлігі, қоғам тұтастығы АЙРЫҚША МАҢЫЗДЫ 

«Egemen Qazaqstan» газетінің 2024 жылғы 5 мау­сым күн­гі санын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік кеңес­шісі Ерлан Қарин­нің «Бір­лік пен даму: Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­си бағ­да­ры­ның басты негіз­дері» атты мақа­ла­сы жарық көр­ді. Елі­міз­де жүр­гізіліп жатқан рефор­ма­лық өзгерістер­дің қоғам дамуы­на ықпа­лын сара­лаған автор бұл еңбе­гін­де әділет­тілік­ке негіз­дел­ген жаңа қоғам құру жөнін­де ой толғап, осы тура­лы өз пай­ы­мын қалың қауым наза­ры­на ұсы­на­ды. Ең бір бөліп айта­тын жайт – Ерлан Қарин ел жұрт­шы­лы­ғы­на Қаза­қстан­ның қазір­гі даму кезеңін­де­гі Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев қалып­та­сты­рған Қаза­қстан­ның идео­ло­ги­я­лық тұғыр­на­ма­сы­ның негіз­дерін барын­ша тал­дап, мей­лін­ше терең түсіндіреді.

Ә деген­де «Елі­міздің даму жо­лындағы осы маңы­зды мезет­те бү­кіл қоғам болып, өркен­де­ген, демокра­тиялық, әділет­ті Қазақ­стан­ды құру иде­я­сы­ның төңіре­гіне топ­та­суы керек» деген Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Пре­зи­дент лау­а­зы­мы­на кіріс­кен­нен кей­ін­гі алға­шқы сөзін кел­тір­ген мем­ле­кет­тік хат­шы алды­мен «Әділет­ті Қаза­қстан­ның мәні неде?» деген сұраққа жау­ап іздей­ді. Даму­дың жаңа кезеңіне қадам басқан Қаза­қстан­ның идео­ло­ги­я­лық тұғыр­на­ма­сын мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев наурыз айын­да Аты­ра­уда өткен Ұлт­тық құрыл­тайдың үшін­ші оты­ры­сын­да айқын­дап бер­генін айта келе: «Әділ­дік» деген ауқым­ды ұғым осы идео­ло­ги­я­ның арқа­уы­на, ал «Әділет­ті Қаза­қстан» деген түсінік мем­ле­кет бағ­да­ры­ның басты идео­ло­ге­ма­сы­на айнал­ды», – дейді.

Қарин­нің пай­ым­да­уын­ша, «Әділет­ті Қаза­қстан» – мем­ле­кет­тік идеоло­гияның өзе­гі әрі мем­ле­кет­тік сая­сат­тың түп­кі мақ­са­ты. Соны­мен бір­ге бұл – қоғам сана­сы­на орны­ққан бола­шақтың бет-бей­несі. Ол кеше ғана неме­се жұрт айтып жүр­ген­дей, соңғы екі-үш жыл­да ғана пай­да болған жоқ. Қасым-Жомарт Тоқа­ев Пре­зи­дент қыз­метіне кел­ген күн­нен бастап әділ­дік­тің қастер­лі қағи­да­ты­на айры­қ­ша мән беріп келеді. Әділет­ті мем­ле­кет құру иде­я­сы қасірет­ті Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін мем­ле­кет­тік сая­сат­тың ғана емес, бүкіл қоғам­ның идео­ло­ги­я­лық темірқа­зы­ғы­на айнал­ды. Өйт­кені ол қоғам­ның сұра­нысына да, мем­ле­кет­тің ұста­ны­мы­на да сай келеді. Яғни, «Әділет­ті Қа­зақстан» ұлт­ты ұйы­сты­ра­тын идея­ға айналды.

«Әділ­дік де­ге­німіз – бәрін бір қалы­пқа салып, теңе­сті­ру емес. Әділ­дік – ең алды­мен құқы­қтар мен мін­дет­тер­ді бәріне бір­дей бөлу деген сөз. «Әділ­дік» ұғы­мын дәл осы­лай ұғы­нып, түй­сі­ну қажет. Ол бар­лық рефор­ма­ның өн бой­ын­да тұр», – дей­ді автор.

Әрі қарай соңғы жыл­да­ры мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі көп­те­ген шешім осы әділ­дік иде­я­сы­на орай қабыл­да­нып келе жатқа­ны айты­лып, оған нақты мысал­дар кел­тіріледі. «Шын мәнін­де, Әділет­ті Қаза­қстан – бәз­біре­улер айтып жүр­ген­дей, билік­тің ойлап тапқан жасан­ды идея­сы емес, Пре­зи­дент­тің стра­те­ги­я­лық бағ­да­ры­ның иде­я­лық негізі», – дей келе: «Пре­зиденттің елі­мізді түбе­гей­лі және жан-жақты жаңғыр­туға қаты­сты байып­­тамасының түп­кі мәні осын­да жатыр» деп түйіндейді.

Бұл мақа­ла­дан қара­пай­ым оқыр­ман, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның қыз­мет­кер­лері, сарап­шы­лар, сая­сат­та­ну­шы­лар, әртүр­лі дең­гей­де­гі өкілет­ті билік өкіл­дері мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың 2019 жыл­дан бері дәй­ек­ті түр­де жүр­гізіп келе жатқан, идео­ло­ги­я­лық сипа­ты «Әділет­ті Қаза­қстан» тұжы­рым­да­ма­сын­да көрініс тапқан сая­са­ты қан­дай тұжы­рым­дарға негіз­дел­генін анық біліп, өздерінің күн­делік­ті қыз­метін­де, үгіт-наси­хат және ұйым­да­сты­ру жұмыста­рын­да нәти­желі пай­да­ла­на алады.

Мем­ле­кет­тік кеңес­шінің түсін­діруін­ше, ол басты бес тұжы­ры­мға негіз­дел­ген. Пре­зи­дент оның әрқай­сысын әртүр­лі кезең­де ұсы­нып, сая­си өмір­ге бір­тін­деп енгізіп келеді. Айта­лық, «Әртүр­лі пікір – бір­тұ­тас ұлт» атты алға­шқы тұжы­рым «Әділ­дік және Әділет­ті Қаза­қстан дегені­міз не?» деген сау­алға жау­ап береді. Оның түй­іні тең құқы­лы, сын­дар­лы талқы­лау арқы­лы бәріне ортақ бай­лам жасап, шешім қабыл­дау қажет деген пай­ы­мға келіп тіреледі.

Ал «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет» атты екін­ші тұжы­рым «Әділ­дік қалай орнай­ды?» деген сау­алға «ел-жұрт­пен тығыз байланыс­та болып, олар­дың мұң-мұқта­жын тың­дай білу арқы­лы орны­ға­ды» деп жау­ап бе­ру­­ге негіз­дел­ген. Сон­дай-ақ бұл тұжы­рым­да­ма елі­мізді дамы­туға қа­тысты басты мәсе­ле­лер бойын­ша қоғам­ның бар­лық өкілінің пікірін еске­ре оты­рып, бай­ып­ты әрі ортақ шешім қабыл­да­на­ты­нын аңғартады.

Үшін­ші тұжы­рым – «Заң және тәр­тіп» әділ­дік орна­ту­дың әдіс-тәсіл­дерін айқын­дай­ды, яғни «Әділ­дік­ті қан­дай жол­мен орна­та­мыз?» деген сау­алға жау­ап береді. Заң­ды мүл­тіксіз сақтау, бар­ша­ның заң алдын­да тең болуы, ең басты­сы заң бұзған адам­ның қалай­да жаза­сын алуы – қоғам­да әділ­дік­ті орны­қты­ру­дың басты шар­ты. Осы­ның бәрін іс жүзін­де орын­дау өте маңы­зды. Соны­мен бір­ге заң­ды­лық пен құқы­қтық тәр­тіп­ті қам­та­ма­сыз ету – мем­ле­кет­тің ғана мін­деті емес. Бұған бүкіл жұрт­шы­лық ұдайы атса­лы­суға тиіс.

Төр­тін­ші тұжы­рым – «Күшті Пре­зи­дент – ықпал­ды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» Әділет­ті Қаза­қстан­ның инсти­ту­ци­о­нал­дық ауқы­мын айқын­дай­ды, яғни «Әді­летті Қаза­қстан» қан­дай болуы керек?» деген сұраққа жау­ап береді. 2019–2021 жыл­дар­дағы сая­си ре­фор­малардың төрт топ­та­ма­сы және 2022 жылғы сая­си жаңғы­ру бағ­дар­ла­ма­сы осы тұжы­рым­ды нақты жүзе­ге асы­руға арнал­ды. Соның нәти­жесінде билік тар­мақта­ры арасын­да тиім­ді тепе-теңдік жүй­есі бар мем­лекеттік құры­лым­ның жаңа инсти­ту­ци­о­нал­дық үлгісі қалыптасты.

Бесін­ші тұжы­рым – «Адал аза­мат» ұғы­мы «Әділет­ті Қаза­қстан­ды кім қалып­та­сты­ра­ды?» деген сау­алға жау­ап бере оты­рып, ел-жұр­ты­мы­здың руха­ни-ада­ми кел­беті бола­шақта қан­дай бола­ты­нын және аза­мат­тық қоғам қалай дами­ты­нын көр­се­те­ді. Мем­ле­кет бас­шы­сы: «Адал аза­мат» – жақ­сы қаси­ет­тер­ге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жол­мен жететін, адал­дық пен әділ­дік­ті бәрі­нен биік қоя­тын адам» деген еді. Идео­ло­ги­я­лық тұғыр­на­ма тура­лы айтқан­да, мына мәсе­ле­ге назар аударған жөн. Бұл – қан­дай да бір қатып қалған қағи­да­лар­ды үгіт-наси­хат арқы­лы жасан­ды түр­де жап­пай санаға сіңі­ру емес, керісін­ше, біздің қоғам­ның руха­ни бір­лі­гін нығай­та түсетін шынайы құн­ды­лы­қтар­ды дәріп­теу деген сөз», – дей­ді Ерлан Қарин.

Мем­ле­кет­тік кеңес­шінің рефор­ма­лар­дың нәти­же­сі, Жаңа Қаза­қстан тура­сын­да айтқан пікір­лері де назар ауда­рар­лық. Ол өзгерістер әп-сәт­те жаса­ла қой­май­ты­нын, рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­ру үшін, орас­ан зор күш-жігер, қисап­сыз уақыт қажет екенін, кім не десе о десін, Қаза­қстан рефор­ма­лар жолы­мен сенім­ді қадам басып келе жатқа­нын, соңғы бес, тіп­ті көп­те­ген сала­да түбе­гей­лі әрі жүй­елі бет­бұрыс жасалға­нын айта­ды. Оған мысал ретін­де сая­си жүй­енің құры­лы­мы қай­та жасақталға­нын, сая­си рефор­ма­лар кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­маға ұла­сып, елі­міз­де­гі мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың мәр­тебесі мен рөлі едәуір артқа­нын айта­ды. Бұған Кон­сти­ту­ци­я­лық сот жұмыс істей бастаға­нын, Пре­зи­дент­тің құзы­ры­на кіретін мәсе­ле­лер азай­ып, керісін­ше, Пар­ла­мент­тің құзы­реті кеңей­генін қосы­ңыз. Ара­лас сай­лау жүй­есі ен­гізілді, сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­кеу рәсі­мі жеңіл­деді. Тұңғыш рет ауыл әкім­дері тіке­лей сай­ла­на­тын бол­ды. 2021–2023 жыл­дар­дағы сай­лау қоры­тындыс­ын­да ауыл әкім­дерінің үштен екісі жаңар­ды. Был­тыр алғаш рет аудан және облы­стық маңы­зы бар қала әкім­дерін сай­ла­дық. Ал мұн­дай сай­ла­у­лар 2025 жыл­дан бас­тап тұрақты өткізілетін болады.

Ең басты­сы – рефор­ма­лар қоғам­дық қаты­на­стар­дың сипа­тын бір­жо­ла өзгерт­ті, ұлт­тың сая­си мен­та­ли­теті өсіп, аза­мат­тық бел­сен­ділі­гі артып келеді, тұрғын­дар елдік мәсе­ле­лер­ге еркін ара­ла­са­тын бол­ды, жұрт­тың бір-біріне деген жана­шыр­лы­ғы нығая түсті, қоғам­дық пікір сая­си өмір­ге едәуір ықпал ете бастады.

Әрине, кер­тарт­па­ның кесірі – кең дүниені тар қылар демек­ші, жеке­ле­ген аза­мат­тар мен жұрт­тың мінез-құлқын­дағы, қоғам сана­сын­дағы қатып қалған қасаң пікір­лер мен ұғым-түсінік­тер жой­ыл­ма­са, мем­ле­кет­тік сая­сат пен ел эко­но­ми­ка­сын­дағы әрқан­дай рефор­ма еш нәти­же бер­мей­тіні бел­гілі жайт. Өйт­кені күні өткен, әбден тозы­ғы жет­кен әдіс пен құралға, күмән мен уай­ы­мға негіз­дел­ген ешкі­шіл­дік пен озық білім, жетіл­ген ғылым, жаңа тех­ни­ка мен тех­но­ло­ги­яға арқа сүй­ей­тін өрке­ни­ет­ті даму жолы ешқа­шан бір арнаға то­ғыс­пайды. Сон­ды­қтан аза­мат­тар­дың өмір­лік ұста­ны­мы, құқы­қтық және кәсі­би білі­мі, сая­си бел­сен­ділі­гі, отан­шыл, мем­ле­кет­шіл қаси­ет­тері уақыт тала­бы­на сай ұнам­ды өзге­руі тиіс.

Мем­ле­кет­тік кеңес­ші 2022 жылы қоғам өкіл­дерінің ұсы­ны­сы­на орай Мәжіліс және мәс­ли­хат депу­тат­та­рын ара­лас сай­лау жүй­есі енгізіл­генін, бірақ, өкініш­ке қарай, іс жүзін­де бір ман­дат­ты округ­тер­дің кей­біре­уін­де оң үрдіспен қатар жағым­сыз жайт­тар да болға­нын айта­ды. «Ашы­ғын айт­сақ, бірқа­тар округ­те бағ­дар­ла­ма­лар мен иде­я­ларға негіз­делген еркін бәсе­ке түрін­де­гі сая­си күрес­ке куә бола алма­дық. Онда алды­мен рушыл­ды­ққа жол беріл­ді. Тіп­ті кей­бір жер­де қыл­мыстық топ­тар билік­ке ену­ге де әре­кет жаса­ды», – дей келе: «Жаңа сая­си мәде­ни­ет қалып­тас­тырмай, жасам­паз құн­ды­лы­қтар негізін­де қоғам­дық эти­ка­ны жа­ңартпай, әділет­ті қоғам құру мүм­кін емес екені айдан анық» деген қоры­тын­ды жасай­ды. Осы­ған орай Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Аты­ра­уда сөй­ле­ген сөзін­де жал­пы­ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды нақты айқын­дап бер­генін айта­ды. Бұл:

– Тәу­ел­сіздік және отаншылдық;

– Бір­лік пен ынтымақ;

– Әділ­дік және жауапкершілік;

– Заң мен тәртіп;

– Еңбекқор­лық және кәсі­би біліктілік;

– Жасам­паздық пен жаңашылдық.

Автор: «Мем­ле­кет бас­шы­сы жал­пы­ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды бір тұжы­рым­да­маға бірік­тіріп, ұлт­тың жаңа сапа­сын қалып­та­сты­руға мүм­кін­дік беретін идео­ло­ги­я­лық бағыт-бағ­да­ры­мы­здың біры­ңғай жүй­есін жаса­ды. Сон­ды­қтан осы идео­ло­ги­я­лық-гума­ни­тар­лық тұғыр­на­ма ішкі сая­сат­тағы білім мен тәр­бие беру, мәде­ни-ағар­ту жұмыс­тарының басты бағы­ты­на айна­луы керек», – деп түйіндейді.

Оның пай­ым­да­уын­ша, жал­пы­ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды әдісте­мелік тұрғы­да негіз­дей оты­рып, жан-жақты дәріп­те­удің әдет­тегі жалаң үгіт-наси­хат­тан айыр­машылығы – бұл тәсіл бір­ден нәти­же бер­ме­се де, стра­те­ги­я­лық жағы­нан алған­да әлдеқай­да тиім­ді. Жаңа құн­ды­лы­қтар жүй­есі әр аза­маттың мінез-құлқы мен күн­делік­ті іс-әре­­кеті арқы­лы қалып­та­суы керек. Сол себеп­ті билік «Таза Қаза­қстан» эко­ло­ги­я­лық акци­я­сы­на баса мән беріп отыр. Мем­ле­кет бас­шы­сы өз сөзін­де осы жал­пы­ұлт­тық науқан­ның маңы­зы зор екенін ұдайы айтып жүр­генін көп­шілік бай­қаған да болар. Шын мәнін­де, елді жаңғыр­ту әркім­нің өз үйін, аула­сын, көше­сін таза­лау сияқты қара­пай­ым шару­а­лар­дан, әр адам­ның өз мінез-құлқы мен мә­дениетін өзгер­ту­ден басталады.

Сон­да жаңа қоғам­дық эти­ка қалып­та­сты­ру ісі қазір жүр­гізіліп жатқан рефор­ма­лар­дың дәй­ек­ті түр­де жүзе­ге асы­ры­луы­на, сол ар­қылы Қаза­қстан­ның өркен­де­уіне қажет­ті негіз­гі алғы­шар­тқа айналады.

Бұл мақа­ла­дағы ең бір назар ауда­рар­лық нәр­се – қоғам­дық пікір­дің redline‑ы. «Қазір біздің қоғам­да сая­си ұста­ны­мы әртүр­лі аза­мат­тар, атап айтқан­да, либе­рал­дар, социалис­тер, кон­сер­ва­тор­лар, оңшыл­дар, сол­шыл­дар және цен­три­стер бар. Олар түр­лі сая­си иде­алға және құн­дылықтарға сенеді. Осы орай­да біз пікір алу­ан­ды­ғын дамы­та оты­рып, ең алды­мен жал­пы­ұлт­тық мүд­де­міздің бір­тұ­та­сты­ғы­на баса мән беруі­міз қажет. Бұл тұрғы­да ел ішіне іріт­кі сала­тын әре­кет­тер­ге ғана емес, жұрт­ты аран­да­тып, дау-дамай туғы­зуы мүм­кін кез кел­ген сөз­ге абай болған жөн. Өкініш­ке қарай, тым шолақ ойлай­тын кей­бір әсіре­бел­сен­ділер, кей­де тіп­ті іс-әре­кеті ақы­лға сый­май­тын адам­дар көп­шілік­ке өзінің сыңаржақ көзқа­рас­та­рын күшпен таңып, жұрт­шы­лы­қтың пікірін өз ыңғай­ы­на қарай бұрғы­сы келеді.

Қаза­қта «ала жіп­ті атта­мау» деген ұғым бар. Біздің сая­сат­та да мұны берік ұста­ну керек. Яғни, елді­гі­міз­ге, бір­лі­гі­міз­ге, ынты­мағы­мы­зға сызат түсіретін дүни­е­ден алшақ болған жөн. Қоғам­дағы пікір­та­лас кезін­де аттап өту­ге бол­май­тын шек, яғни «Redline» нақты бел­гі­ле­ну­ге тиіс. Бұл дегені­міз – қан­дай да бір тақы­рып­ты талқы­ла­у­ға тый­ым салу неме­се цен­зу­ра жасау емес. Бұл – сая­си пікір­та­лас кезін­де ұстам­ды болып, сабыр сақта­уға шақы­ру. Ел алдын­да жүр­ген аза­мат­тар, яғни қоғам бел­сен­ділері, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның қыз­мет­кер­лері, бло­гер­лер, аза­мат­тық сек­тор­дың өкіл­дері бере­келі бір­лі­гі­міз­ге сызат түс­пе­сін десе:

– этно­са­ра­лық қаты­на­старға және тіл мәселесіне;

– дін саласына;

– сыр­тқы сая­сатқа қаты­сты ахуал­ды ушы­қтыр­мауға баса мән беруі қажет.

Біздің қоғам бұл мәсе­ле­лер­ге қа­тысты жан­жал туғы­за­тын сөз тара­туға, ашу-ыза­ға толы мәлім­де­ме жаса­уға бол­май­ты­нын жақ­сы түсі­неді. Бұл тура­сын­да білік­ті маман­дар мен сарап­шы­лар ғана кәсі­би тұрғы­дан пікір тала­сты­ра алады.

Мем­ле­кет елдің ынты­мағын бұ­зып, шаңы­рағын шай­қал­тқы­сы келе­тін кез кел­ген әре­кет­ке заң арқы­лы қатаң тосқа­уыл қояды. «Шек­тен шығуға жол жоқ» деген қағи­да әрдай­ым бас­шы­лы­ққа алы­на­ды. Біз дін бостан­ды­ғын қол­дай­мыз, алай­да соқыр сенім мен надан­ды­ққа қар­сы­мыз. Біз отан­шыл­ды­қты қол­даймыз, алай­да ксе­но­фо­бия мен әсіреұлт­шыл­ды­ққа қар­сы­мыз. Біз либе­ра­лизмді қол­дай­мыз, алай­да жүген­сіздік пен ниги­лизм­ге қарсымыз.

Бар­ша адам­дар, әсіре­се қоғам­дық-сая­си өмір­ге бел­сене атса­лы­сып жүр­ген аза­мат­тар өзінің сая­си көзқа­ра­сы мен ұста­ны­мы­на қара­мас­тан, жал­пы­ұлт­тық мүд­дені, мем­лекеттілікті сақтау және нығай­ту мәсе­лесін бәрі­нен биік қоюға тиіс!» – дей­ді Ерлан Қарин.

Мақа­ла­да мем­ле­кеттің ішкі мәсе­ле­лері тура­лы да айты­ла­ды. Оған қаты­сты «Ішкі сая­сат дегені­міз – ең алды­мен халы­қ­пен тіке­лей жұмыс істеу деген сөз, яғни адам­дар­мен ашық әңгі­ме­лесіп, тұрақты диа­лог орна­ту қажет. Соны­мен бір­ге ысқы­ры­ғы жер жара­тын бәз­біре­улер­ді көп­шілік­тің сөзін сөй­леп жүр­ген адам деп түсі­ну әбес­тік. Мұн­дай қателік­ке ұры­нуға жол жоқ. Сон­ды­қтан диа­лог­тың сын­­дарлы, маз­мұн­ды әрі мағы­на­лы болға­ны жөн. Енде­ше қазір­гі таң­да мем­ле­кет­тік аппа­рат үшін бар­лық әле­умет­тік топ­тар­мен және аза­мат­тық қоғам өкіл­дері­мен тіке­лей қарым-қаты­на­ста болу – ең маңы­зды мәсе­ленің бірі», – деген тұжы­рым бар.

Бұл – өте орын­ды әрі өзек­ті пікір. Өйт­кені қазір көп­те­ген үлкен­ді-кішілі меке­ме бас­шы­ла­ры, тіп­ті жер­гілік­ті жер­лер­де­гі ғана емес, облыс, рес­пуб­ли­ка дең­гей­ін­де­гі бас­шы­лар­мен қара­пай­ым халы­қты былай қой­ған­да, жур­на­ли­стер­дің хабар­ла­суы­ның өзі қиын. Олар­дың көбі БАҚ қыз­мет­кер­лері­мен, әсіре­се газет-жур­нал тіл­шілері­мен жүре сөй­ле­седі. Соның сал­да­ры­нан жур­на­ли­стер қажет­ті деректер мен дәй­ек­тер­ді уақты­лы ала алмай­ды. Бір қызы­ғы – теле­ар­на­лар­дың түсірілім тобы, бло­гер­лер келетін бол­са, бәрі бір­дей бөде­не­дей жорға­лап, тіл алғыш бала­дай том­дыл­дап жүгі­ре жөне­леді. Осын­дай кез­де Алаш ары­ста­ры Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы мен Мір­жақып Дулатұ­лы газет тура­лы, оның қоғам­дағы рөлі тура­лы айтқан пікір­лері қай­да қалған деген ой келеді…

Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин­нің мақа­ла­сын­дағы негіз­гі ой – біз озық ойлы ұлт ретін­де әрдай­ым стра­те­ги­я­лық бағ­да­ры­мы­зды берік ұста­нып, ұлт­тық мүд­де­міз бен өмір сал­ты­мы­зды дәй­ек­ті әрі табан­ды түр­де қорға­уы­мыз керек. Қаза­қстан ішкі және сыр­тқы сая­са­тын біре­у­ге ұнау үшін неме­се қан­дай да бір үрдіс­ке іле­су үшін жүр­гіз­бей­ді. Біз ең әуелі ұлт мүд­десін, төл ұста­ным­­дарымызды бас­шы­лы­ққа ала­мыз. Жаһан­дық сая­сат­та көңіл­шек­тік пен аңғал­ды­ққа жол беру­ге әсте бол­май­ды. Көп век­тор­лы неме­се бей­та­рап сая­сат жүр­гі­зу оңай әрі ыңғай­лы деген пікір бар. Бұл шын­ды­ққа жана­спай­тын диле­тант­тық тұжы­рым деу­ге болады.

Қаза­қстан көп век­тор­лы, салиқа­лы сая­сат жүр­гізіп отыр. Мұн­дай сая­сат ұста­ну, әсіре­се жер жүзі сан тара­пқа бөлін­ген қазір­гі кезең­де өте қиын және орас­ан зор күш-жігер­ді талап еді. Бірақ гео­са­я­си орны­мы­зды ескер­сек және елі­міздің мүд­десін ойла­сақ, бұдан басқа жол жоқ. Сон­ды­қтан қазір­гі­дей қиын кез­де ұлт­тық мүд­де­мізді қорғап, өз ұста­ным­да­ры­мы­зды сақтау үшін, ел бір­лі­гін және қоғам­ның тұта­сты­ғын нығай­та түсу айры­қ­ша маңызды.

«D»

Республиканский еженедельник онлайн