Четверг , 3 июля 2025

Ермұратқа АМАНАТ

  • Ермұрат бауы­рым, елім үшін деген қада­мы­ңы­зды қол­дай оты­рып, бұдан былай­ғы аза­мат­тық пары­зы­ңыз бен депу­тат­тық қыз­метіңіз­ге төмен­де­гі­дей ама­нат жолдаймын.
  1. Қоғам­ның бар­лық сала­ла­рын­да – өндіріс, құры­лыс, көлік, қыз­мет көр­се­ту, білім беру, ден­са­улық сақтау, тәр­тіп сақтау құры­лым­да­ры, сот, про­ку­ра­ту­ра және т.т. тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар ұйым­да­сты­ру бой­ын­ша заң қабылдау.

Мақ­сат – қазір­гі жағ­дай­дан басқа­ша, жұмыс­шы, қыз­мет­кер, жұмыс беру­ші, меке­ме неме­се кәсі­по­рын бас­шы­ла­ры және мем­ле­кет өкілі еңбек қаты­на­ста­рын­да тең құқы­лы және тең жау­ап­кер­шілік­ті субъ­ек­тілер болады.

Қазір жұмыс­шы, қыз­мет­кер өз еңбек және әле­умет­тік құқы­қта­ры бой­ын­ша, бас­шы­лар алдын­да – тек өті­ну­ші, сура­у­шы ғана болып тұр. Ал егер олар­дың тәу­ел­сіз кәсі­по­дағы бол­са, өздерінің еңбек және әле­умет­тік құқы­қта­рын сақта­уды талап ету­ші­ге айналады.

Қоғам тұрғы­сы­нан мақ­сат – еңбек­шілер бола­шақ демо­кра­ти­я­ның басты субъ­ек­ті бола­тын­ды­қтан, тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ арқы­лы олар­ды ұйым­дасқан, заң­ды сая­си мәде­ни­ет­ке бау­лу. (Кезін­де теле­ди­дар­дан, бір жағы­нан біздің елі­міз­де күл­кілі сияқты, ал шын мәнін­де ойлан­ды­ра­тын оқиға көр­сетіл­ді. Ол бір топ отстав­ка­дағы поли­ция офи­цер­лері мар­дым­сыз зей­не­тақы­ла­ры­на бай­ла­ны­сты Аста­на­да пикет­ке шықты. Егер олар­дың Баты­ста сияқты тәу­ел­сіз кәсі­по­дағы бол­са, қажет­ті және бедел­ді қорға­уды сол жасар еді).

Бұл заң­ның қоға­мы­м­ы­зға қосым­ша пай­да­сы – қазір­гі тәр­тіп сақтау, тер­геу, жаза­лау орган­да­рын­дағы адам­гер­шілі­гі әлі қалған қыз­мет­кер­лер­ді түр­лі заң­сыз жауы­зды­ққа айдап сала­тын, Назар­ба­ев кезін­де көтеріліп, оның билі­гін халы­қтан қорға­уда жүре­гі жоқ «төбет­тер­ге» айналған орта және жоға­ры бас­шы буы­нға бағын­бай, адам құқы­қта­рын сақтау мен заң тала­бы бой­ын­ша қар­сы әре­кет­ке жол ашы­луы мүм­кін. Солай, бірін­ші кезек­те, Ота­ны мен халқы­на қыз­мет ету баста­лар, тәр­тіп қорғау құры­лым­да­ры­ның халы­ққа жауы­зды­ғы азаяр!

2.Қалайда қай­та­ры­ла­тын офф­шор­дағы, ел ішін­де­гі ұрланған қар­жы­ны Ұлт­тық қорға шоғыр­лан­ды­рып, оның көле­мі, жұм­са­луы ашық, елге бел­гілі адам­дар мен адал қар­жы маман­да­ры, экс­перт­тері­нен құралған тәу­ел­сіз Халы­қтық комис­си­я­ның бақы­ла­у­ын­да болуы керек.

Маңы­здысы – елде ашық ғылы­ми-тех­ни­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық жоба­лар кон­кур­сы жари­я­ла­нып, Ұлт­тық қор есебі­нен КОБ өкіл­дерін қазір­гі халы­ққа ең қажет­ті, жұм­салған қар­жы қай­та­ры­мы, ұты­мы жыл­дам өндіріс орын­да­рын жаса­уға құлшындыру.

КОБ-ті қазақ жаста­рын еңбек­ке тар­тып, олар­ды жаңа тех­но­ло­ги­я­лық маман­ды­қтарға үйретіп, жоға­ры жалақы беріп, әле­умет­тік жағ­дай­ла­ры­на қарай­лас­са, мем­ле­кет тара­пы­нан түр­лі жеңіл­дік­тер мен ынта­лан­ды­ру шара­ла­ры қаралсын.

Әлім­хан НҰРЕКЕЕВ

ДАУЫС БЕРМЕГЕНДЕР ең құрып қалған қоғамда ӨМІР СҮРУГЕ ӘБДЕН ЛАЙЫҚ

Былты­рғы Қаңтар қырғы­нын­да “Көне мата­дан көй­лек тігіп кисем, көне көй­лек бола ма, жаңа көй­лек бола ма?” деп жазған посты­ма: “Ойба-а-ай, келістіріп тік­се жаңа көй­лек бола­ды! Ол шеберіне бай­ла­ны­сты! Ақ-көк, тік­кенің бәрі көй­лек…” деген­дер де болып еді.

Міне, кеше­гі сай­ла­удағы былы­қтың бәрі сол көне мата­дан көй­лек тігіп киген­нің кесірі. Тігісі­нен сөгіліп, шешіл­ді де қал­ды! Бүгін ұят­тан жұр­дай болып, жалаңаш отыр­сыздар! Жаңа Қаза­қстан, әділет­ті Қаза­қстан­да­ры­ңы­здың сиқы – осы! Әкім­дер­дің тап­сыр­ма­сын орын­дай­мыз деп, ақиқи жол­дан тай­ған мек­теп бас­шы­ла­ры мен аз-маз алған ақша­ла­ры үшін арын сатқан ұят­сыз мұғалім­дер, сіз­дер халы­қтың үкі­дей үлпіл­дет­кен үмітін үзген­деріңізді түсі­несіз­дер ме?

Әй, қай­дам, ондай бақыт қай­да сіз­дер­дей санасызға?!

Билік­тің түгі кет­пей­ді, оларға кере­гі де осы. Жаңа Қаза­қстанға сенетін­дер мен сен­бей­тін­дер болып, қақ жары­лып, өза­ра қыры­лы­сқан халы­ққа жаным ашиды. 

Ал анау халы­қтың сені­мін сатқан мұғалім­дер­дің әрқай­сысы­ның атын атап, түсін түстеп, “Қара­бет” деген атпен жұр­тқа жари­я­лау керек. Білім сала­сы­нан ала­ста­туға ат салы­су керек ондай­лар­ды. Ондай­лар ұрпақ тәр­би­е­ле­умен айна­лы­спа­уы тиіс!

Бір қарын май­ды шірі­тетін сол құма­лақ-мұғалім­дер үшін бүкіл мұғалім­ге күйе жақ­па­у­ла­ры­ңы­зды сұрай­мын. Мен де мұғалім­мін. Мұғалім деген атты ақы­рғы демі­ме дей­ін қорға­уға дай­ын мұғалім­мін! Өз ісіне адал, сай­ла­уда да адал­ды­қты сақтаған мұғалім­дер­ге алғыс! 

Мен жаңа Қаза­қстан бола­ты­ны­на сен­бе­гем, сен­бей­мін де” деп, жам­ба­сын жер­ден көтеріп, көше­ге шығып, өз дауы­сы­на өзі ие болып, дауыс беру­ге де жара­маған­дар, мын­да келіп, біл­гіш­сініп, пікір жазуға құқы­ла­ры­ңыз жоқ! Сіз­дер ең құрып қалған қоға­мға лай­ы­қ­сыздар! Сіз­дер үшін ешкім жақ­сы өмір жасап бер­мей­ді, соны біліңіздер!

Келесі сөз тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар жай­лы. Сіз­дер­дің шыдам­ды­лы­қта­ры­ңы­зға, төзім­ділік­теріңіз­ге, әділ­дік үшін таң­ды таңға ұрып шырыл­даған, әр дауыс үшін күрес­кен әр минут­та­ры­ңыз үшін басым жер­ге жет­кен­ше иіп, тағ­зым ете­мін! Жаңа Қаза­қстан­ның күнін жақын­да­та­тын жан­дар – сіздер! 

 Жемқор­лық жай­лаған билік тілің түгілі, түбіңе жетеді!

Жаңа Қаза­қстан үшін күрес енді басталды…

 Айгүл ЖҰМАДІЛ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн