Суббота , 5 июля 2025

Ермұрат БАПИ: «АҒАШ АТҚА ТЕРІС МІНГІМ КЕЛМЕЙДІ»

  • «DAT» медиа-жоба­сы­ның 25 жыл­дық (15 сәуір, 1998 ж.) мерей­той­ы­на орай­ла­сты­ры­лған мұрағат­тық жари­я­ла­ным­дар легінің кезек­ті кей­іп­кері – газет­тің бүгін­гі бас редак­то­ры Ермұрат Бапи. Газет­тің кей­ін­гі оқыр­ман­да­ры­ның есіне сал­сақ, Ермұрат мыр­за алға­шқы «ДАТ»-ты құру­шы­лар­дың бірі және осы жоба­ны бір газет­тен екін­шісіне көшіріп, 25 жыл­дан бері шыға­рып келе жатқан бір­ден-бір табан­ды жур­на­лист. Оның төмен­де ықшам­да­лып жари­я­ланған, «Сол­ДАТ» газеті бас редак­то­ры­ның орын­ба­са­ры, марқұм Ғалым­жан Мұқа­но­вқа бұдан 24 жыл бұрын бер­ген пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға қаты­сты сұх­ба­ты маз­мұ­ны жағы­нан күні бүгін­ге дей­ін өзек­тілі­гін жой­ған жоқ.

Әріп­тесі­міз жур­на­лист Ермұрат Бапи № 20 Зай­сан сай­лау окру­гі бой­ын­ша пар­ла­мент мәжілісінің дода­сы­на түсу­ге бел буды. Кезін­де Зай­сан аудан­дық «Достық», Шығыс Қаза­қстан облы­стық «Ком­му­низм туы» («Дидар»), рес­пуб­ли­ка­лық «Еге­мен Қаза­қстан» газет­терін­де қыз­мет еткен, Қазақ радио­сы бас дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры болған жур­на­ли­стің бұл шеші­мін толы­сқан аза­мат­тық қадам деп санау керек. Қазір ол – тәу­ел­сіз жур­на­лист, Қаза­қстан рес­пуб­ли­ка­лық Халық пар­ти­я­сы (ҚРХП – 1998–2000 жж.) атқа­ру коми­тетінің мүшесі.

– Ере­ке, Қаза­қстан­дағы сая­сат май­да­ны­на бір­ша­ма уақыт­тан бері ара­ла­сып жүр­геніңіз­бен, көп­шілік қауым өзіңізді тәжіри­белі сая­сат­кер, өзін­дік ой-пікірі, өмір көрі­гін­де шың­далған өрелі толға­ны­ста­ры бар аза­мат ретін­де толық танып үлгер­ме­ген тәрізді. Беліңізді бекем буып, мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат болып тір­кел­ген екен­сіз, тала­бы­ңыз оң бол­сын! Бір сөзіңіз­де «пар­ла­мент – той төрін­де­гі гене­рал емес» деп қал­ды­ңыз. Әуелі сол «той­ы­ңыз» бен «гене­ра­лы­ңы­здың» мәнін ашып алсақ…

– Өкініш­ке орай, біздің пар­ла­мент той төрін­де­гі деко­ра­ци­я­лық гене­рал рөлі­нен аса алмай-ақ қой­ды. Оның өзі Сұл­тан­мах­мұт­тың «біз­дер­де мына­дай бар, мына­дай бар» дегені тәрізді, демо­кра­тия атри­бут­та­ры­ның біз­де де түгел екенін көр­се­ту үшін ғана көл­де­нең тар­ты­ла­тын әде­мі әше­кей­лер­ді мең­зе­се керек. Ойла­нып қара­сақ, онда елге таны­мал, «аты жер жара­тын» аза­мат­тар аз емес. Алай­да солар­дың басым көп­шілі­гі өзінің депу­тат­тық мерзім ішін­де тек бір адам­ның – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың әуеніне төң­керіліп, оның айтқан­да­рын заң­да­сты­рып беру­ден басқа­ны біл­ген емес. Тіп­ті кей-кей­де олар өздерін сай­лаған Қаза­қстан халқы­ның емес, рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­тінің алдын­да есеп беру­ге тиіс сияқты болып көрінеді.

Жарай­ды, өзге­лерін айт­паған­да, Қара­тай Тұры­сов, Жабай­хан Әбділ­дин сияқты атағы да, абы­ройы да жет­кілік­ті ақсақал депу­тат­тар аға ретін­де ағы­нан жары­лып: «Нұре­ке! Бір сәт ойла­най­ық, мен бұл шешім­деріңіз­бен келіс­пей­мін!» – деп, сөздің ашы­ғын айта­тын-ақ жөні бар. Жоқ, олар да, өзге­лер де үнсіз. Өйт­кені билік басын­дағы­ларға ұнай­тын, олар­дың көңіл­дері­нен шыға­тын заң актілерін кон­вей­ер­ше лек-легі­мен қабыл­да­удан қол­да­ры боса­май­ды. Және де сол заң­дар­дың көп­шілі­гі өмір­ге үйлесім­сіз, тіп­ті кей­де мүл­де кереғар болып шығып, үздіксіз толы­қты­ру­лар мен өзгер­ту­лер арқы­лы жамау­лы-жасқа­у­лы күй­де күн кешеді. Бүгін­гі дәу­рен мәң­гілік емес екенін ескер­сек, Кон­сти­ту­ци­я­ны бел­ден басып, елба­сы­ның өкілет­тік­терін жасан­ды сай­лау жолы­мен жеті жылға ұзар­тып бер­ген қазір­гі депу­тат­тар­дың прин­ципсіз сая­са­ты жөнін­де келе­шек ұрпақтар күні ертең не дей­тінін болжа­удың өзі қиын.

Ал осы тәріз­дес кон­фор­мизм­ге, жеке-дара билік иесінің үстем әміріне теге­урін­ді тосқа­уыл қою үшін, пар­ла­мент депу­тат­та­ры өз сенім-мүд­де­лерін табан­ды­лы­қ­пен қорғай білетін, тұғыр­на­ма­ла­ры шынайы демо­кра­ти­я­лық прин­циптер­ге берік негіз­дел­ген сая­си күрес­кер­лер болуға тиіс деп ойлаймын.

– Сіз билік басын­дағы­лар­дың ыңғай­ы­на көне бер­мей­тін, «дініне берік» депу­тат кор­пу­ста­ры­ның ғұмы­ры көбі­не­се «қыр­шы­ны­нан қиы­лып кететінін» жете ескер­мей тұрған тәріздісіз…

Тағы да үлкен өкініш­ке орай деп айтай­ын, мұн­дай қауіп мен­де де жоқ емес.Бүгінгі өкі­мет өзінің үстем, тіп­ті кей кез­дер­де озбыр әре­кет­терін демо­кра­тия, нарық пер­десі­мен мүл­тіксіз бүр­ке­ме­ле­у­ге барын­ша машы­қта­нып алған. Ал авто­ри­тар­шыл режим демо­кра­тия мас­ка­сын киіп алып,халық билі­гі, жал­пы­а­за­мат­тық құн­ды­лы­қтар тура­лы дәм­ді дәрістер оқи бастаған­да, былай­ғы жұрт оның ішкі сырын бір­ден тап басып, тани алмай, әрі-сәрі аңта­ры­лған күй­де қалуы әбден мүмкін.

Мәсе­лен, демо­кра­тия дүм­пуі­мен оппо­зи­ци­ядан он шақты адам депу­тат­ты­ққа өтіп, пар­ла­мент­те­гі мамы­ра­жай тір­лік­тің қоңы­р­жай кли­ма­тын кел­мес­ке кетір­се, өзі өктем, өзі өкпе­лі өкі­мет енді қайт­пек керекті­гін түр­лі сце­на­рий­лер құру жолы­мен жанұ­шы­ра іздей бастай­тын­ды­ғы анық. Дәл қазір осын­дай оңтай­лы сыл­тау оның оң қал­та­сын­да тұр. Жұрт болып, құл­шы­на қар­сы шығып, әйте­уір әзір­ше бетін қай­тарған «Жер тура­лы заң» ертең күн тәр­тібіне қай­та­дан орал­май қой­май­ды (2016 жылғы «Жер митин­гілерін» еске алы­ңыз – Ред.). Халық ама­на­тын арқа­лап кел­ген депу­тат­тар, әлбет­те, оған қар­сы тұрып, мәсе­лені бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­ду­мға шыға­ру­ды талап етуі ықти­мал. Міне, сон­да біздің билік басын­дағы­лар халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа даб­ыл қағып, жер­ді жеке мен­шік­ке беру нарық эко­но­ми­ка­сы­ның бұл­жы­мас заңы екен­ді­гін, ал Қаза­қстан­ның «керітарт­па пар­ла­мен­ті» өзінің эко­но­ми­ка­лық өресізді­гі­нен атал­мыш заң жоба­сы­на қар­сы өре түре­гел­ген­ді­гін және мұның өзі сая­си дағ­да­ры­сқа әкеп тіре­ген­ді­гін әлем­нің ұлт­та­ры мен ұлы­ста­ры­на әде­мілеп «ұқты­рып бер­мек». Соны­мен, әрі кет­кен­де алдағы көк­тем­ге дей­ін жаңа пар­ла­мент­тің заң шыға­ру өкілет­тік­тері «мерзі­мі­нен бұрын доға­ры­лып кетуі» ғажап емес. Менің ойым­ша, бұл вари­ант қазір­дің өзін­де пре­зи­дент әкім­шілі­гінің қой­на­уын­да ава­ри­я­лық жағ­дай­ға арнап қай­на­ты­лып жатқан «бом­ба­лы балқай­мақтың» бір түрі бол­са керек.

Әлем­дік қар­жы дағ­да­ры­сы­ның әлі күн­ге дей­ін беті қайт­пай тұрға­нын, оның Қаза­қстан­ды да шар­пып өткенін есі­міз­ге тағы бір мәр­те түсіріп көрей­ік­ші. Бәл­кім, біздің өкі­мет осы тығы­ры­қтан қалай тезірек шығып кетудің амал­да­рын асы­ға ойла­нып, соның сал­да­ры­нан аяғын анда-сан­да шалыс басып алып жүр­ген болар?

Мен мұн­дай пікір­лер­ге түбе­гей­лі қар­сы адам­мын. Аны­ғы­рақ айтқан­да, біздің елі­міз­де етек алып оты­рған қай­ыр­шы­лық пен азып-тозу аху­а­лы­ның себеп­тері қар­жы дағ­да­ры­сы­на ғана тіреліп тұрған жоқ. Оны айта­сыз, жаңағы әлем­дік дағ­да­ры­сқа шапа­ны­ның шалғай­ын да шал­дыр­маған елдер бар. Біз­де­гі бар кіл­ти­пан қоғам­ның бүкіл сая­си құры­лы­мы­ның бір ғана адам­ның мүд­десіне сай жасалған­ды­ғын­да. Мәсе­лен, үкі­мет­ті, Жоғарғы сот­ты, рес­пуб­ли­ка­ның бас про­ку­ро­рын, әділет мини­стрін, бар­лық облыс әкім­дерін пре­зи­дент өз қала­уы бой­ын­ша жеке-дара тағайындайды.

Енде­ше мем­ле­кет билі­гінің атал­мыш инсти­тут­та­ры пре­зи­дент­ке ғана тәу­ел­ді, Назар­ба­евқа ғана есеп береді. Заң актілерін белі­нен басып, құқық бұзу­шы­лық жөні­нен өзі көш­бас­шы болып жүр­ген Юрий Хит­рин (1997–2000 жж. ара­лы­ғын­дағы ҚР бас про­ку­ро­ры – Ред.), зей­нет­кер­лер алдын­да абы­рой­дан жұр­дай Ната­лья Кор­жо­ва сияқты лау­а­зым иелері халық алдын­да жау­ап беретін бол­са, олар әлдеқа­шан қыз­мет­тері­нен қуы­лар еді. Егер осы тәріз­дес шене­унік­тер күні бүгін­ге дей­ін қыз­мет тұтқа­сын қолын­да берік ұстап отыр­са, онда олар­дың еңбе­гі пре­зи­дент тара­пы­нан лай­ы­қты баға­ла­ну­да деген қоры­тын­ды шық­пай ма?

Міне, дәл осы себеп­тен елде­гі сая­си құры­лым­ды түбе­гей­лі өзгер­тіп, пре­зи­дент­тің шексіз билі­гін өкі­мет­тің өзге тар­мақта­ры­ның рөлін көте­ру арқы­лы шек­теу қажет. Жоға­ры сот төраға­сы сай­ла­на­тын бол­сын, ал бас про­ку­рор, әле­ует­ті құры­лым­дар­дың мини­стр­лері пар­ла­мент тара­пы­нан тағайындалсын.

Пре­зи­дент тая­у­да «Хабар» теле­ар­на­сын­да сөй­ле­ген сөзін­де пар­ла­мент­ке ұры-қары­лар, мем­ле­кет қазы­на­сын тонаған адам­дар жола­тыл­ма­сын деген ыңғай­дағы әңгі­ме­лер айт­ты. Бұл, әрине, дұрыс-ақ, бірақ сол ұры­лар­дың аты ата­лып, түсі түстел­ме­ген жер­де олар­дың ақ-қара­сын тәу­ел­сіз сот әбден аны­қта­май тұрған­да, елба­сы­ның ниеті Әке­жан Қажы­гел­дин сияқты қар­сы пікір айтып, елді «дау­ры­қты­рған­дар­ды» пар­ла­мент­ке өткіз­бе­удің ама­лын сездіреді.

Осы орай­да мына мәсе­лені еске­русіз қал­ды­руға тағы бол­май­тын шығар. Сай­лау науқа­ны­ның қар­саңын­да оппо­зи­ция жетек­шілерінің және олар­ды қол­дай­тын аза­мат­тар­дың адресіне әртүр­лі айып­тар тағы­лу­да. Осын­дай әңгі­менің бір пара­сы өзіңіздің аты­ңы­зға да бай­ла­ны­сты айты­ла бастаға­ны мәлім…

– Бұл сұраққа жинақтап жау­ап қай­тарған жөн болар. Қазір Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік идео­ло­гия жоқ, есесіне басқа идео­ло­гия қары­шты қадам­дар­мен дамып келеді: ол – оппо­зи­ци­яға қар­сы күрес. Осы­нау бір­жақты идео­ло­ги­я­ның сал­да­ры­нан оппо­зи­ция өкіл­дерінің, әсіре­се оның жетек­шісі Ә. Қажы­гел­дин­нің аты­на алу­ан түр­лі ғай­бат­та­у­лар айты­лып, халы­ққа оны құбы­жық етіп көр­се­ту жолын­да толас­сыз әре­кет­тер жүріп жатыр. Егер бұры­нғы пре­мьер шыны­мен мем­ле­кет қазы­на­сын жалаңа­штап кет­кен бол­са, оны кез кел­ген жер­де ұстап, жау­а­пқа тар­ту өкі­мет үшін еш қиы­нға түс­пес еді. Мәсе­ленің өзі сол – билік басын­дағы­лар­дың қолын­да Әке­жан Мағ­жанұлы­ның кінәсін мой­ны­на қоя­тын бір­де-бір айғақты құжат жоқ. Ал ол жөнін­де айты­лып жүр­ген алып-қашпа әңгі­ме­лер құрғақ қиял­дың жемісі екені талай рет дәлелденген.

Қажы­гел­дин­нің, менің ойым­ша, жалғыз-ақ кінәсі бар: ол өзінің аза­мат­тық құқын пай­да­ла­нып, Қаза­қстан пре­зи­дент­ті­гіне қай тұрғы­дан да лай­ық екенін ашық айта алды және дәлел­деп те бер­ді. Өзінің Кон­сти­ту­ция бер­ген құқын жүзе­ге асы­руға ниет­тен­ген адам­ды қуғы­нға ұшы­ра­ту – құқы­қтық деп ата­ла­тын мем­ле­кет үшін бет­ке шір­кеу бола­тын-ақ мәселе.

Ол аз десеңіз, бүгін­гі таң­да біздің елі­міз­де халы­қты демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ге қар­сы қою сая­са­ты қызу жүріп жатыр. Халы­ққа ұлт­тық-пат­ри­от­тық, жаңа­ша ұлт­шыл­дық (нео­на­ци­о­на­лизм) иде­я­ла­ры «табан­ды­лы­қ­пен» тық­па­ла­нып, Қажы­гел­дин тәрізді «орыс­шыл сая­сат­шы­лар­дан» бой­ын аулақ ұстау жөнін­де­гі наси­хат көрі­гі күн­нен-күн­ге қыза түсу­де. Сон­ды­қтан билік басы бұл күн­дері қаза­ққа – қаза­қты қар­сы айдап салып отыр дей ала­мыз. Егер осын­дай аран­да­ту­шы­лық наси­хат нәти­же­сіз аяқта­лып, Қажы­гел­дин­нің ел ішін­де­гі беделі арта түс­се, ресми өкі­мет ұлт­тар араз­ды­ғын жасан­ды түр­де туын­да­туы ықти­мал. Ал пре­зи­дент төтен­ше жағ­дай жари­я­лап жіберіп, оны Қаза­қстан халқы­ның қала­у­ы­мен істе­дім деп ақта­луы мүм­кін. Сон­да қаза­қтың қалың орта­сы­нан қай­нап шыққан оппо­зи­ция өкіл­дері өз халқы­на дұшпан­дық пиғыл­да ма?

Өткен­де пре­зи­дент «негіз­гі мәсе­ле – сай­лау емес, халы­қтың, мем­ле­кет­тің бір­лі­гі» деген ойды шеге­лей айт­ты. Ал мұның мәніне тереңірек үңіл­сек, оның аржағын­да халы­қтың ойын демо­кра­ти­я­лық про­це­стер­ден бұрып әке­ту ниеті тұрға­нын бажай­лау қиын емес. Бұл – сай­ла­у­ға сая­си мән бер­мең­дер, яғни халық бір­лі­гі деген желе­умен өкі­мет­ке қолай­лы кан­ди­дат­тар­ды қалай да өткізіп қалы­ң­дар деген сөз, сон­дай меңзеу.

Қазір біздің елі­міз­де ұлт­тық, нәсіл­дік айыр­ма­шы­лы­қтар­ды, діни наным­дар­дың әркел­кілі­гін ашы­қтан-ашық алға тар­тып, ұлт­тық негіз­де­гі пар­ти­я­лар мен қозға­лы­стар­ды демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ге қар­сы айдап салу сая­са­ты бастал­ды. Бүгін­де билік басын­да жүр­ген­дер Назар­ба­ев­ты Әке­жан Қажы­гел­дин­нің шабуыл­да­ры­нан (?) қорғау жөнін­де­гі қоғам­дық штаб (!) құру қамын­да деген сөз бар. Халы­қтың бір бөлі­гін екін­ші бөлі­гіне қар­сы қою­дың мұнан өткен қан­дай сорақы мыса­лы болуы мүмкін?!

Міне, сон­ды­қтан да оппо­зи­ция жетек­шілерін, оларға шама-шарқы жет­кен­ше жәр­дем­десіп жүр­ген мен сияқты жігіт­тер­ді «ағаш атқа теріс мін­гізіп» қою мем­ле­кет дең­гей­ін­де­гі сая­сатқа айнал­ды дей ала­мын. Егер АҚШ бүгін­гі таң­да Қаза­қстанға қол ұшын бер­мей отыр­са, оған қазақ халқы емес, билік басын­дағы­лар­дың жасан­ды сая­са­ты кінәлі, өз халқын гено­цид қатеріне ұшы­ратқан ресми өкі­мет айыпты.

Демо­кра­тия үшін күрес жолы­на қалай түс­кеніңізді біл­гі­міз келеді.

Қажы­гел­дин аппа­ра­тын­да (1994−97 жж. – Ред.) жұмыс істе­ген­мін. Сол кез­де пре­мьер­ге қан­дай күр­делі жағ­дай­да жұмыс істе­у­ге тура кел­генін өз көзім­мен көр­дім. Қажы­гел­дин үкі­меті елде­гі рефор­ма­лар­ды одан әрі дамы­ту жөнін­де нақты бағ­дар­ла­ма­лар жасап, қау­лы қабыл­даға­нын (1996 ж.), ал пре­зи­дент жария түр­де ол қаулы­ның күшін жой­ға­ны­на куә бол­дық. Бұл – пре­мьер-мини­стр­дің беделін ашы­қтан-ашық аяқа­сты ету болатын.

Қазір біреу біліп, біреу біл­мес. Кезін­де Қажы­гел­дин отстав­каға кету жөнін­де екі рет арыз бер­ген бола­тын. Себебі ол елде­гі эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­дың тұй­ы­ққа тірел­генін көре біл­ді және бұл тығы­ры­қтың сая­си себеп­терін де түсініп отыр­ды. Жеке адам­ның шексіз билі­гіне негіз­дел­ген қоғам­да нары­қтық рефор­ма­ның алға басуы мүм­кін емес. Әке­жан Мағ­жанұ­лы үкі­мет­тен кетіп бара жатып, есік­ті тарс жауып, осы­ның бәрін ашық айт­са, Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық аре­на­дағы беделі бір­ден күрт құл­ды­рап кет­кен болар еді.

Менің күрес жолы­на түсуі­ме Қажы­гел­дин­нің тіке­лей әсері көп бол­ды. Екін­ші­ден, елде­гі жағ­дай­ды бір­ша­ма биік­тен көру мүм­кін­ді­гім болған еді. Сон­да жер­гілік­ті әкім­дер­дің, мини­стр­лер­дің шын аху­ал­дың өңін айнал­ды­рып көр­се­ту­ге тыры­са­ты­нын, ал оның өзі халы­қтың жағ­дай­ын онан әрі нашар­ла­та түсетінін пай­ым­да­дым. Осы­ның бәрі мені демо­кра­тия жолын­дағы күрес соқ­пағы­на жете­леп кел­ді дер едім.

Мен Қажы­гел­дин­нің бар­лық көзқа­рас­та­рын бір­ден қол­дай бер­мей­тінім­ді жасыр­май­мын. Бұл әсіре­се оның интер­на­ци­о­на­лизм жөнін­де­гі иде­я­ла­ры­на бай­ла­ны­сты. Әке­жан Мағ­жанұлы­ның рес­пуб­ли­ка­дағы жал­пы дағ­да­ры­стан бүкіл ұлт­тар­дың бірі­ге оты­рып шығуы тура­лы пози­ци­я­сын қол­дай оты­рып, ұлта­ра­лық қаты­на­стар­дың кей­бір нәзік мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ой-пікір­лерін қабыл­дай бер­мей­тінім рас.

–  Көп­те­ген пар­ти­я­лар сай­лау қар­саңын­да аяқ асты­нан мыр­за­лық таны­тып, әртүр­лі қай­ы­рым­ды­лық акци­я­ла­рын жасап-ақ жатыр. Бірақ сіз мүше­сі болып табы­ла­тын ҚРХП-ның ондай әре­кет­терін әлі ести алмай жүрміз…

– Біз «Отан», «Аза­мат­тық пар­тия» тәріз­дес, билік басын­дағы­лар қолы­мен құрған қоғам­дық ұйым­дар­дың көз­бо­я­у­шы­лық әре­кет­теріне еліктемейміз.

ҚРХП-ның ел эко­но­ми­ка­сы­на, мәде­ни­етіне жасаған нақты көме­гі аз емес. Амал нешік, бүкіл ақпа­рат­тық өрі­сте моно­по­лия құрып оты­рған мем­ле­кет­тік БАҚ-тар біздің ондай акци­я­ла­ры­мы­зды көр­се де, көр­ме­ген­дей болып, көз­дерін тарс жұмып ала­ды. Ол ол ма, біздің елге жасаған жәр­де­мі­мізді бол­дыр­май тастау жөнін­де әре­кет­тер жасап, сол көмек­ті қабыл­даған бас­шы­лар­ды қыры­на алып жүретінін қайтерсіз!

Мәсе­лен, бүгін­гі таң­да мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесін нақты маз­мұн­мен толы­қты­ру мәсе­лесі өткір қой­ы­лып оты­рға­нын жақ­сы білесіз. Біз қазақ тілін озық әдісте­ме бой­ын­ша үйре­ту­ге арналған ком­пакт-диск оқу құра­лын әзір­леп, олар­ды мек­теп­тер­ге тегін таратқан едік. Және де бұл – рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша атал­мыш сала­дағы тұңғыш қадам бола­тын. Міне, сол оқу құрал­да­ры бүгін­ге дей­ін оқу­шы­лар­дың қолы­на жет­кізіл­мей отыр. Себебі тағы да бел­гілі: қазақ тіліне қажет болға­ны­мен, Қажы­гел­дин­нің баста­ма­сы­мен тын­ды­ры­лған шару­а­ны қалай да алға бастыр­мау керек.

Мен сіз­ге керісін­ше сұрақ қояй­ын: сон­да осын­дай ізгі баста­ма­лар­ды тұн­шы­қты­ру – халы­ққа қарай­лас қылық деп айта ала­мыз ба? Мен айтар едім: бұл бір адам­ның жеке-дара шексіз билі­гіне сызат түсір­ме­удің айласы.

Сұх­бат соңы­на қарай өзіңіз дауы­сқа түсіп оты­рған округ жөнін­де­гі пікіріңізді есті­гі­міз келеді.

Мен кан­ди­дат болып тір­кел­ген Зай­сан сай­лау окру­гінің аумағын­дағы халық біры­ңғай ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен шұғыл­да­на­ды. Осы орай­да ойға келетін мәсе­ле – Қажы­гел­дин үкі­метінің тұсын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­ту­дың нақты бағ­дар­ла­ма­сы жаса­лып, онда фер­мер­лер­дің шағын және орта қала­лар­ды азық-түлік өнім­дері­мен ырғақты түр­де қам­та­ма­сыз етіп тұруы көз­дел­ген бола­тын. Сол бағ­дар­ла­ма, амал нешік, күні бүгін­ге дей­ін жүзе­ге аспай келеді. Егер мәжіліс депу­та­ты атан­сам, осы мәсе­ленің оң шешілуін бірін­ші кезек­те қолға алмақшымын.

Жал­пы, Зай­сан өңірі – өзім­нің туған өлкем. Осы­ған орай айта­ты­ным – Қаза­қстан­ның Қытай­ға өтіп кет­кен біраз жерінің жағ­дайы жаным­ды ауыр­та­ды. Мәсе­лен, мен дүни­е­ге кел­ген Алты­нқазған жай­ла­у­ын­да сонау пат­ша зама­ны­нан-ақ алтын­ның мол қоры бар екені аны­қталған. Өкініш­ке қарай, ол жер де Н. Назар­ба­ев пен Қ.Тоқаев (1999 – 2002 жж. ҚР пре­мьер-мини­стрі – Ред.) мыр­за­лар­дың волюн­та­ри­стік шеші­мі бой­ын­ша Қытай­дың қара­мағы­на беріліп кет­ті. Сон­ды­қтан Қаза­қстан­ның аумақтық тұта­сты­ғын сақта­уды өзім­нің аза­мат­тық пары­зым деп санаймын…

Әңгі­меңіз­ге рах­мет. Өзіңіз сай­лау нәти­же­сін­де жеңіс тұғы­ры­на көтерілетініңіз­ге сенім­дісіз бе?

Егер сай­лау адал да әділ, ашық өткізілетін бол­са, сай­ла­у­шы­ла­рым­ның кем деген­де 50 пай­ыз дауы­сы­на ие бола ала­тын­ды­ғы­ма анық көзім жетіп тұр. Бірақ сол сай­ла­удың демо­кра­ти­я­лық нор­ма­ларға сай өтуіне қазір­дің өзін­де күмәнім үлкен. Мәсе­лен, өзге емес, облыс әкі­мінің дәл өзі Вита­лий Мет­те қазір­гі пар­ла­мент депу­та­ты Аман­бек Рама­за­но­вты жаны­на ертіп алып, сай­ла­у­шы­лар­ды соны жақтап дауыс беру­ге ашы­қтан-ашық үгіт­тей бастады…

Сұх­бат­тасқан – Ғалым­жан МҰҚАНОВ*

«Сол­ДАТ» № 8, 9 қыр­күй­ек, 1999 жыл

  • *Ғалым­жан Мұқа­нов (1953–2007) – әде­би­ет­шіаудар­ма­шы, ақын, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты. 1999–2000 жыл­да­ры «Сол­ДАТ» газеті бас редак­то­ры­ның орын­ба­са­ры болған.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн