
Есте болса, мамырда нөсер жауынның салдарынан Көкқайнар ауылындағы бірнеше үйді су басқан. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи аймақтарды аралау барасында ауылға ат басын бұрып, көпшілікпен осы мәселе төңірегінде тілдесті. Ол тұрғындардың сауалына жауап қатып, түйінді тарқатуға ат салысатынын айтты. Жергілікті әкімдік те мәселені біржақты ету үшін жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.
«Мен қалалық әкімшіліктің басшыларымен сөйлестім. Тамызда осы мәселе бойынша әкімшілікке кіріп күзге дейін мәселесін шешеміз», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи.
«Жобада Боралдай өзенінің жағалауын нығайту, арнасын кеңейту, түбін тереңдету жұмыстары көзделген. Жобалау мердігерін анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізуге өтінім берілген болатын. Конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін, жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар атқарылатын болады», – деді экология және қоршаған орта басқармасы су ресурстары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Омаров.