Пятница , 23 мая 2025

Ерсайын ЕРҚОЖА: БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРМАЙ, білім саласында жақсылық болмайды

«ДАТ» жоба­сы­мен 20 жыл бойы шыққан газет­тер­дің бел­сен­ді авто­ры, басы­лым­ның жана­шы­ры Ерсай­ын Ерқо­жа ертең – қара­ша­ның 9‑ында 70 жасқа толады. 

Сая­сат­та сая­си теңдік­ті талап ететін «сол­шыл» көзқа­ра­сы­мен таны­лған Ере­кеңнің де білім сала­сын­дағы жүген­сіздік­пен алы­сып жүр­геніне 20 жыл­дан асқан екен. 2000 жыл­дар­дың басын­да осы табан­ды көзқа­ра­сы үшін оған қастан­дық та жасал­ды: бетіне шашы­лған қышқыл ерітін­дінің әсері­нен бір көзіне зақым кел­ді. Сол кез­де «ДАТ»-тың «Жұма-таймс» газеті «Сол­шыл» сол көзі­нен айы­рыл­ды» деп жазған еді. Кей­ін­нен – 2008 жылы «Сол­шыл» 60-қа тол­ды» деп жаз­дық. Достық, әріп­те­стік, аға-інілік рәуі­ш­те­гі сол дәстүр­ді сақтап, бүгін біз «сол­шыл» аға­мы­зды «солақай» әңгі­ме­ге шақырдық.

Ере­ке, 70 деген жетелі жасқа да жет­кен екен­сіз, құт­ты бол­сын! Деген­мен, бұрын­да­ры қоғам­дық өмір­де өте бел­сен­ді едіңіз, соңғы жыл­да­ры сыр­тқа­ры жүруіңіз біраз­ды алқым­даған жасы­ңы­зға бай­ла­ны­сты ғана жағ­дай ма, жоқ әлде алы­са-алы­са шар­ша­ды­ңыз ба?

– Елеп-ескеріп, құт­ты­қтап жатқан­да­ры­ңы­зға рах­мет! Жет­піс деген аз жас емес, әкем небәрі 59 жасын­да өмір­ден өтті. Осы жасқа жет­кені­ме шүкір. Әлі де сол – шамам кел­ген­ше білім сала­сын­да еңбек ету­де­мін.
Иә, кей­ін­гі кез­де әртүр­лі жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты бай­ы­рқап қалға­ным рас. Бір кез­дер­гі тепе­рі­ш­тен барар жер, басар тауым қал­маған күн­дер бол­ды. Сол кез­де «ДАТ» газеті менің қол­ты­ғым­нан сүй­еп, ел-жұр­тқа ара­ша сөз айтқан еді. Бүгін­де теле­ди­дар мен ради­о­ның маңы­на жолат­пай­ды, жазған-сызға­ным­ды тек әле­умет­тік желі арқы­лы ғана жари­я­лап жүр­мін. Көзім жұмы­лған­ша, елдің жағ­дай­ы­на, бола­шаққа алаң бола­тын шығармын. 

Екін­ші жағы­нан, отба­сын­дағы әртүр­лі жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты да қоғам­дық бел­сен­ділі­гім азай­ған кез­дер бол­ды. Жол­да­сым қай­тыс болып, үш жыл­дай салт басты, сабау қам­шы­лы күй кештім. Кей­ін­нен үйленіп, шаңы­рағы­мы­зға егіз сәби келіп, үйі­шілік тұр­мыстан қолым боса­ма­ды. Бұрын­да­ры пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың аты­на білім сала­сын­дағы олқы­лы­қты­рға қаты­сты бір жыл­дың ішін­де елу­ден астам хат жол­даған екен­мін. Кей­ін­гі кез­де екі-үш айда бір хат жазып жүр­міз. Өйт­кені жоғарғы билік­тің ешбір мәсе­лені түзе­мей­тінін біле­міз, бірақ айтуға тиіс­піз, елдің алдын­да, бола­шақ ұрпақтың алдын­дағы мін­деті­мізді орын­да­уы­мыз керек қой. 

– Сол мін­дет­ті атқа­ру жолын­да тоқы­ра­уға тірел­ген елдің тоқе­тер тура­сын ақсақал ретін­де айты­ңыз­шы: басты кіна­рат кім­нен неме­се неден?

– Оған бір­ден-бір жау­ап­кер – пре­зи­дент Назар­ба­ев! Өйт­кені мем­ле­кет­те­гі бар­лық билік тек өзінің ғана уысын­да. Лау­а­зым­ды билік­те­гі шене­унік­тер­ді мини­стр­лер мен облыс әкім­деріне дей­ін өзі тағай­ын­дай­ды. «Сай­лан­ды» деген аты бол­ма­са, пар­ла­мен­тіңізді де, сот жүй­есін, құқық қорғау меке­ме­лерінің бас­шы-қос­шы­ла­рын да өз біл­гені­мен ғана сапы­ра­ды. Енде­ше білім беру сала­сы да осы жүй­е­ден алыс кет­кен жоқ. «Жұмыс істе­мей­ді» деп, көп­ке топы­рақ шашқан­нан гөрі, «жұмыс істет­пей отыр» дегені­міз жөн. Сон­ды­қтан елдің тоқы­ра­уын бір адам­ның билік жүй­есі­нен көр­ме­сек, басқа кім­нен көреміз?! 

– Енде­ше сол билік­тің былы­қ­па әре­кет­теріне тосқа­уыл қоюға елді үндей­тін қоғам­дағы зия­лы қауым­ның дауы­сы неге шық­пай қал­ды? Бала-шаға­ның қамы үшін деп, қорқын­шақтау, қуда­ла­удан жасқа­ну – ұлт­тық мүд­де­ге сатқын­дық жаса­у­мен бір­дей деп ойла­май­сыз ба?

– Шын­ды­ғын­да, елдің алдын­да жыл­ты­ң­дап жүр­ген­дер –«саты­лған­дар», өзінің бала­сы мен неме­ресі үшін елдің мүд­десін ысы­рып қой­ған­дар. Көп­те­ген аза­мат­тар­ды біле­мін: билік­тің айда­уы­на жүріп, айтқа­ны­на көніп, сая­сат­тан бас тарт­ты. Солар­дың бала­ла­ры бүгін­де ержетіп, олар да билік­тің биі­гі­нен дәмелі болған­да, зия­лы ата­у­лы мүл­де бүге­жек­теп қал­ды, өз ұрпағы­ның жағ­дай­ын күйт­те­у­ге мәж­бүр бол­ды. Ертең­гі күн­нің басқа­ша бола­ты­ны, бүгін­гі әр қада­мы­ңа жау­ап беретін тарих деген тара­зы бар екені түй­сік­теріне кір­мей­тіні өкінішті. 

Мәң­гілік ештеңе жоқ. 2002 жылы «ел бас­шы­сы елін неге ойла­май­ды, өзі билік­тен кет­кен­нен кей­ін, бала-шаға­сы, құда-жек­жа­ты­ның күні не бола­ды?» деп, «ДАТ»-та мақа­ла жари­я­лаған едім. Ара­да 15 жыл­дан артық уақыт өтсе де, сол айты­лған­ның маңы­зы әлі күн­ге жой­ы­лған жоқ. Осы күн­де есін жиған, сая­сат­та шаруа­сы жоқ, қара­пай­ым қаза­қтың өзі пре­зи­дент теле­ди­дар­дан сөй­леп жат­са, арна­ны ауы­сты­рып жібе­реді. Халық жалған­ды­қтан жалы­ғып біт­ті.
Сіз зия­лы­лар қай­да дей­сіз? Пре­зи­дент жыл сай­ын бес-алта­уын жинап алып, жағ­дай­ын жасап, жел­пін­діріп жібе­реді. Ел іші­нен қара­пай­ым адам­ды қабыл­дап, елдің жағ­дай­ын сұрап­ты деген­ді естідіңіз бе? Жоқ, әрине! 

Пре­зи­дент ел ара­лаған­да да, алдын ала дай­ын­дап қой­ған жер­ге бара­ды. Егер келе жатқан жолы­нан бұры­лып, кез кел­ген ауы­лға бар­са, мүл­де басқа жағ­дай­ды көзі­мен көрер еді. Біздің де пре­зи­дент барған жер­ге жолы­мыз түсетіні бар: сөйт­сек алдын ала дай­ын­далған үйге жиһаз апа­рып, қорас­ы­на мал кір­гізіп, дастар­ха­нын жай­на­тып қой­ып, пре­зи­дент кете салы­сы­мен бәрін жиып-теріп алып кететіні жалғыз маған ғана емес, дүй­ім елге мәлім жайт. 

Кезін­де 1989 жылы өзі­міз қарғап-сіле­ген Кол­бин­нің өзі 2000 жылы ел аумағын­дағы құжат­тар қазақ тіліне көшірілуі керек деген бағ­дар­ла­маға қол қой­ған еді. Енді, міне, Тәу­ел­сіздік­тің 28 жылын­да мем­ле­кет­тік тіл­ді енді­ре алмай оты­рған мүш­кіл жағ­дай­ы­мы­зды кім­нен көре­міз? Мәс­ке­уден көре­міз бе? 

Ал Дариға Назар­ба­е­ва оңтүстік­те­гі Оты­рар ауда­ны­на барып, Ары­стан­бап­тың басын­дағы жазу­лар­ды көріп: «Неге бар­лы­ғы қазақ тілін­де, орыс­ша бір ауыз сөз жоқ!» деп рен­жіп­ті. «Әрбір аудан­ның әкі­міне тікұ­шақ беру керек» деген де осы Дариға. Одан кей­ін қытай тілін үйре­ну­ге шақыр­ды. Әкесі үкі­мет пен пар­ла­мент­тің жұмысы қазақ тілін­де жүр­гізіл­сін десе, қызы орыс тілін­де бол­сын деп шалқа­я­ды. Қызы осы­лай деген­де, қалған шене­унік­тер­ге не жорық? 

– «Алма аға­шы­нан алы­сқа барып түс­пей­ді» деген бар ғой… Ере­ке, үлкен сая­сат­тағы сау­ат­сызды­қтың сал­да­рын білім сала­сы­на қарай ойы­сты­рай­ық. Қаза­қстан­да тәу­ел­сіздік­тің 28 жылын­да білім сала­сын 14 министр басқа­рып­ты. Яғни, әрқай­сысы орта есеп­пен бір жарым жыл­дан десек, Саға­ди­ев екі жыл­дан астам уақыт қыз­мет­те отыр екен. Оның «кесім­ді орта­ша уақыт­тан» артық оты­руы іскер­лі­гіне бай­ла­ны­сты ма, әлде елба­сы­ның білім­ді рефор­ма­лау жөнін­де­гі тап­сыр­ма­сы­ның мерзі­мі солай болып тұр ма?

– Сөзіңіз­ге бір түзе­ту енгі­зей­ін: Бірға­ным Әйті­мо­ва мен Мұрат Жұры­нов кезін­де мини­стр­лік­ті үш жыл­дай басқар­ды. Бірақ олар қан­ша отыр­са, сон­ша отыр­сын – осы он төр­тінің біріне де риза болған емеспін. 

Бүгін­гі министр Ерлан Саға­ди­ев білім беру сала­сы­на кері кет­кен­нің кебін кигізді. Кез кел­ген министр қар­жы­лық дей­сіз бе, рулық-клан­дық дей­сіз бе – бір топ­тың ада­мы болып сана­ла­ды. Олар – пре­зи­дент­тің аузы­нан шыққан тап­сыр­ма­ның бай­ы­бы­на бар­ма­стан, орын­да­уға кірі­седі. Пре­зи­дент білім беру сала­сы­ның мама­ны емес: беріл­ген тап­сыр­ма­ны орын­дау үшін, мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база қам­ты­лған ба, маман­дар жет­кілік­ті ме – оны еске­ру, зерт­теу, зер­де­леу мәсе­лесі ешкім­нің қапе­ріне кір­мей­ді. Әрі-бері­ден соң, беріл­ген тап­сыр­ма су құр­ды­мға кетеді.

– Білім сала­сы­на бай­ла­ны­сты сіздің қолы­ңы­зда қазір қан­дай нақты деректер бар?

– Қаза­қстан­да 198 237 оқу­шы­ға оқи­тын орын жоқ, демек, 20 мың мек­теп жетіс­пей­ді екен. Үш жыл­да 100 мек­теп салы­нып­ты, сон­да 20 мың мек­теп­ті қана­ша жыл­да салып біті­ру керек? Бір пар­та­да үш бала отыр­са, 128 мек­теп үш кезек­те оқи­ды. Жеке мен­шік мек­теп­тер­ге тоқтал­май-ақ қояйын… 

Мек­теп­тер­дің кадр мәсе­лесі әлі күн­ге шеші­мін тапқан жоқ. 1996 жылы елде 21 педа­го­ги­ка­лық инсти­тут бол­ды, үкі­мет­тің бір ғана қаулы­сы­мен соның бар­лы­ғын ака­де­мия мен уни­вер­си­тет­тер­ге айнал­дыр­ды. Алма­ты­дағы Қыздар педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­ты мен Арқа­лы­қтағы инсти­тут қана қал­ды. Сөй­тіп, бүгін­де 131 уни­вер­си­тет – эко­но­мист, 61‑і – заң­гер маман­дар­ды дай­ын­да­ды. Мек­теп­ке мұғалім жетіс­пей­тінін 2000 жыл­дан бері ескер­тіп келе­міз. 2004 жылы бір айдың ішін­де құр­тқан 10 педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тет­ті он жыл бойы қал­пы­на әрең кел­тір­ді. Осы жағ­дай­ға жол бер­ген – білім сала­сын біл­мей­тін мини­стр­лер емес пе? 

Биыл Саға­ди­ев әр оқу­шы­ға қар­жы бөлу қажет­ті­гін айт­ты. Ол мәсе­лені 2000-жыл­дар­дың басы­нан бері зар­лап келе­міз: оның ішіне мұғалім­нің айлы­ғы, мек­теп­тің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сы, құқы­қтық мәсе­ле­лер кіреді. Әр аудан­дағы мек­теп­тің оқу­шы­ға деп бөлетін қар­жы­сы әртүр­лі. Мәсе­лен, Түр­кістан ауда­нын­да бір оқу­шы­ға 38 мың тең­ге деп бел­гі­лен­се, қасын­дағы Оты­рар ауда­ны­на – 88 мың тең­ге. Осы жаңа­лық келесі жыл­дан бастап Алма­ты мен Шым­кент қала­сы­на, 2020 жыл­дан бастап рес­пуб­ли­ка аумағын­дағы бар­лық мек­теп­тер­ге енгізіл­мек. Оқу­шы­ға қар­жы бөлін­ген соң, мек­теп бас­шы­ла­ры тиісті білім дең­гей­інің сапа­сы жақ­са­руы­на көңіл бөледі. Саға­ди­ев мек­теп­те бір­де-бір жыл еңбек етпе­ген, ауыл мен аудан­ның мек­тебі­нен хаба­ры жоқ: осы жаңа­лы­қты мек­теп­тер­ге қан­ша­лы­қты ендіре­ріне күмәнім көп. 

– Осы білім мен ғылым сала­сын басқа­руға лай­ық болған, бірақ билік жұмыс істет­пе­ген білім мини­стрі бол­ды ма? 

– Кезін­де үш мини­стр­лік­ті қосқан­да, марқұм Шай­сұл­тан Шаях­ме­тов орын­ба­сар­лы­ққа тек білім сала­сын жақ­сы білетін, мек­теп­тің бар­лық бас­пал­дағы­нан өткен маман­дар­ды таң­да­ды. 1993 жыл­дың аяғы­на дей­ін білім сала­сын­дағы жұмыстар жақ­сы дең­гей­де жүр­гізіліп жат­ты. 1994 жылы Мұрат Жұры­нов министр болып тағай­ын­далған­нан бастап, білім сала­сы құл­ды­рау кезеңіне тап бол­ды. Тәу­ел­сіздік қолы­мы­зға тегін түс­кен­нен кей­ін­гі кезең­ге арнап, «Қаза­қстан­дағы білім сала­сы: дағ­да­рыс пен күй­ре­удің 25 жылы» деген кітап жаз­дым. Осы 14 мини­стр­ге қаты­сты бар шын­ды­қты жазып шықтым. Шаях­ме­то­втен басқа, білім беру жүй­есін сақтап қалуға үлес қосқа­ны болған жоқ. 

Ере­жеп Мәм­бетқа­зи­ев­тің қыз­мет уақы­ты аз бол­ды, бірақ білім сала­сын жақ­сы білетін еді. Одан кей­ін­гілерінің ештеңе­ден хаба­ры жоқ, бүл­дір­ген­нен басқа түк бітірмеді. 

– Енде­ше Тәу­ел­сіздік­тен бер­гі уақыт­та мини­стр­лерін судай сапы­рған, мек­теп пен білім­ге қаты­сты әртүр­лі рефор­ма­лар­дың саны­нан жаңы­лған, сан­сыз бағ­дар­ла­ма түз­ген осы сала­ның бүгін­гі сық­пы­ты қан­дай?

– Айна­лып кел­ген­де, пре­зи­дент өзі бер­ген тап­сыр­ма­сын орын­да­та алма­са, ол неге елді басқа­рып отыр деген сұрақ туа­ды. Жүз мек­теп­ті екі жыл­да салып біті­ру керек деген тап­сыр­ма­сы­ның түрін қараңыз­шы: төрт жыл­да әрең салып бітір­ген әкім­дер тап­жыл­ма­стан әлі орын­да­рын­да отыр. 

Ал енді білім беру сала­сын сыбай­лас жемқор­лық жай­лаға­нын қалай түсі­ну­ге бола­ды? Оңтүстік­те мек­теп­ке мұғалім болу үшін, 700 мың­нан бір мил­ли­онға дей­ін ақша сұрай­ды екен. Түр­кістан қала­сын­да бір мек­теп­тен екін­шісіне ауы­су үшін 700 мың тең­ге сұрап­ты. Мек­теп дирек­тор­лы­ғы­ның құны бұрын 3–4 мың дол­лар еді, қазір ол баға шары­қтап кет­кенін сіз сұра­маңыз, мен айт­пай-ақ қояй­ын. Жемқор­лық жөні­нен Білім мини­стр­лі­гі алға­шқы бес­тік­ке кір­ген соң, одан басқа не күту­ге болады? 

Кезін­де мек­теп дирек­то­рын сай­лау жөнін­де ұсы­ныс айтқан едік. Сай­ланған бас­шы мұғалім­нің жағ­дай­ын жаса­уға тыры­са­ды, қай­та­дан орнын­да қалуға еңбек ете­ді. Егер мін­детін атқа­ра алма­са, қолы­нан іс келетін маман сай­лау арқы­лы бас­шы­лы­ққа келер еді. Облы­стық, аудан­дық білім беру сала­сын­дағы бас­шы­лар­ды да сай­лау жүй­есін ұсын­дық. Бірақ біз­ге «ондай өзгеріс жасай­тын уақы­тқа жет­кен жоқ­пыз» деген қар­сы уәж айтыл­ды. Демек, билік кез кел­ген сай­лау деген науқан­нан ат-тон­да­рын ала қаша­ды. Жер­гілік­ті жер­де­гі ірілі-ұсақ лау­а­зым иелері­нен бастап, пре­зи­дент­ке дей­ін­гі сай­ла­уды өз уыста­рын­да ұстап, елдің еркін тежеп ұстауда. 

– Мек­теп­тер­де үш тіл­ділік бағ­дар­ла­ма­сы­ның іске асуы­на қалай қарай­сыз? Мәсе­лен, гео­гра­фия, био­ло­гия, химия, физи­ка пән­дерін ағы­л­шын тілін­де жүр­гі­зу мәсе­лесі көтеріліп жатыр…

– Осы мәсе­лені 2003 жылы сол кез­де­гі министр Жақ­сы­бек Құле­ке­ев пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша көтер­ген еді. Ол кез­де жеке­ле­ген пән­дер тура­лы сөз бол­ма­ды. Жал­пы кеңе­стік кезең­нен, 1960-жыл­дар­дан бері үштіл­ділік деген мәсе­ле бар. Шет тілі­нен –ағы­л­шын, неміс, фран­цуз тіл­дері үйре­ну үшін оқытылды. 

Ал пән­дер бой­ын­ша шет тілін­де сабақ жүр­гізу­ге қаты­сты айтарға сөзім жоқ! Осын­дай есуас жүй­ені енгі­зуді талап еткен министр ме, жоқ әлде пре­зи­дент­тің өзі ме? Менің­ше, бұған мини­стр­дің пәр­мені жетпейді… 

Мәсе­лен, мек­теп­тер­де 300–400 мың­ның айна­ла­сын­да мұғалім, оқы­ты­ла­тын 22 пән бар десек, сол мұғалім­дер­ді пән­дер­ге бөл­сек, әрқай­сысы­на бір пән­нен 10 мың­ның айна­ла­сын­дағы маман керек. Әр пән­ге он мың маман­ды бір жыл­да дай­ын­дау, тіп­ті тер­мин­дер­ді жат­татқы­зып, ағы­л­шын тілін үйретіп шыға­ру мүм­кін бе? Саға­ди­еві бол­сын, пре­зи­ден­ті бол­сын – осы жаңа­лы­ғы бос тір­лік. Бар­лық мек­теп­ті ағы­л­шын тілін игер­ген маман­мен қам­та­ма­сыз ете­міз дегені – барып тұрған сауатсыздық. 

Ол үшін ЖОО төрт жыл ішін­де атал­мыш пән­дер­дің тер­минін, мето­ди­ка­сын ағы­л­шын­ша толық игеріп шыққан мұғалім­дер дай­ын­да­уы керек. Ал жол орта­да және аяқ асты­нан жасы қыры­қтан асқан пән мұғалім­деріне тер­мин үйре­ту, тіл үйре­ту оңай емес, үйрене қоюы да екіталай. 

– Осы үштіл­ділік мәсе­лесінің аста­ры сая­сатқа барып тіре­леді деген ел ішін­де­гі пікір­ге нен­дей ой қоса­сыз? Сон­да ұрпақты мәң­гүрт ететін бұл сая­сат­тың мақ­са­ты қандай?

– Мақ­са­ты – мал сияқты айдап жүру­ге көнетін ұрпақ тәр­би­е­леу ме деп қорқа­мын. Бала­ларға, әсіре­се қаза­қтың бала­сы­на қасақа­на істеліп оты­рған сая­сат осы деп ой түй­дім. Үш тіл­ді игер­ген­нен кей­ін, қаза­қтың бала­ла­ры шет­тері­нен шетел­ге барып оқи­ды деген не сөз? Қаза­қтың ен дала­сын, бай­тақ өлкені Назар­ба­ев­тың айна­ла­сын­дағы­ларға таста­уы­мыз керек пе? Ел мен жер­ге ие бола­тын ұрпақтың басын қаты­ру неге керек? 

– Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың кезек­ті тап­сыр­ма­сы­мен мұғалім­нің ста­ту­сын айқын­дау тура­лы заң жоба­сы қара­лып жатыр: сіз осы сала­ның мама­ны ретін­де бұл заң­да басты мәсе­ле не болуы керек деп ойлайсыз?

– Бұл мәсе­лені де 2000-жыл­да­ры мұғалім­нің мәр­те­бесін аудан көле­мін­де­гі шене­унік­тің дәре­же­сіне жет­кі­зей­ік деп ұсы­ныс жаса­дық. Алды­мен – ала­тын ақша­сын көбей­тіп, кім бол­са, соның қол­ба­ла­сы­на айнал­дыр­мау керек дедік, аудан әкім­шілі­гінің тап­сыр­ма­сын орын­да­у­шы, мек­теп дирек­то­ры­ның «құлы» болу­дан құтқа­ру­ды көздедік. 

Екін­ші­ден – мұғалім­ге берілетін жеңіл­дік­тер­ді рет­теу: бас­па­на алу, тегін меди­ци­на­лық көмек­ке, дема­лыс орын­да­ры­на жібе­ру­ге, т.б. әле­умет­тік пакет­тер­ге қол жет­кі­зу керек. Мұғалі­мің мәр­те­бесі аны­қтал­са, ұрпақ тәр­би­есіне қосы­лған үлкен бір үлес болар еді.
Осы­дан 18 жыл бұрын көтеріл­ген мәсе­ле­ге атқа­ру­шы билік пысқы­рып та қараған жоқ. Енді келіп, пре­зи­дент тап­сыр­ма бер­ген соң, орын­да­ла қала­ды деген­ге сен­бей­мін. Билік басын­да елге жаны ашы­мас шене­унік­тер оты­рған­да, мұғалім­нің мәсе­лесі шешіл­мей­ді. Заң жоба­сын дай­ын­дау жөнін­де­гі тап­сыр­ма­ның артын­да – кезек­тен тыс сая­си науқан – сай­ла­удың исі шыға­ды. Сай­лау кезін­де­гі жұмыстар­ды, билік­тің былы­ғын іске асы­руға жұм­сай­тын мұғалім­ді мәз қылу­дың әре­кеті. Билік жүй­есі жаңар­май, сай­лау заңы­на өзгеріс енбей, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар сақтал­май, билік­тен жақ­сы­лық күту­ге болмайды. 

Мұғалім­нің мәр­те­бесі заң­ды­лық тұрғы­сын­да аны­қтал­са, ер-аза­мат­тар мек­теп­ке барар еді. Біз оқы­ған кез­де мек­теп­тер­де ер мұғалім­дер 95 пай­ы­зды құрай­тын еді. Мұғалім­нің мәр­те­бесі де жоға­ры еді, ел-жұрт­тың сый-құр­метіне бөленіп жүретін. Ер адам­ның уақы­ты мол, күні-түні мек­теп­те жүреді, әйел­дер сияқты үй шаруа­сы­на асы­қ­пай­ды. Бүгін­гі таң­да бұл жағ­дай керісін­ше: шәкірт­тер­дің тәр­би­есі тек қыздарға жүк­тел­ген. Мек­тебі бар, үйі бар – екі жақты да қам­туға тыры­са­ды, оның үстіне тол­ты­ра­тын қағаз да көбей­ді, ала­тын айлы­ғы мар­дым­сыз. Жыл сай­ын үсте­ме қосыл­ды деп, билік жар салға­ны­мен, қым­бат­шы­лық қамы­тын­да ол үсте­ме тиын-тебен­ге айналды. 

– Білім жүй­есіне Ұлт­тық біры­ңғай тестілеу әдісінің (ҰБТ) енгеніне он бес жыл болып­ты. Мек­теп бітіру­ші түлек­тің білім дең­гей­ін аны­қта­уы тиіс осы жүйе өзінің қажет­тілі­гін дәлел­дей алды деп ойлай­сыз ба? 

– Мен әуел бастан ҰБТ деген­ге қар­сы­мын. Пре­зи­дент­тің мақта­нуын­ша, Қаза­қстан­да 130-дан астам ұлт пен ұлыс бар. Енде­ше оның қай жері ұлт­тық? Нешетүр­лі ұлт пен ұлы­стан құралған Ресей­дің өзін­де мем­ле­кет­тік тест деп аталады. 

Осы әдіс 1993 жылы бастал­ды: мақ­са­ты – ауыл­дағы бала ата-ана­сы­мен кел­ген соң, екі ай бойы қала­да тен­тіреп жүр­мей, төрт емти­ханды бір күн­де тап­сыр­ту еді. Таң­даған маман­ды­ғы бой­ын­ша емти­хан қор­тындыс­ын бір күн­нің ішін­де біліп, ауы­лы­на қай­та­ды. Бүгін­гі күн­ге дей­ін сол мақ­сат өз үдесі­нен шыға алма­ды. Бұрын қала­да екі ай жүріп қал­ма­сын десек, енді ауы­лға барып, тағы бір жарым ай нәти­же­сін сары­ла күте­ді. Ком­пью­тер жүй­есі, интер­нет бар: тесті тап­сы­рған соң, қор­тындыс­ын, қан­ша балл алға­нын бір күн­нің ішін­де шыға­руға бола­ды ғой?! 

Сөйт­сек, тестің теті­гін ұстаған­дар сол уақыт ішін­де нешетүр­лі қитұрқы әре­кет­тер­ге барып, сыбай­ла­стар өзінің қалаған оқу­шы­сын өткізу­ге пай­да­ла­на­ды екен. Мәсе­лен, МАИ-ға барып, емти­хан бер­сеңіз, қан­ша сұраққа жау­ап бер­геніңізді, өткен-өтпе­геніңізді бір­ден айта­ды. Сол сияқты осы жүй­ені де бір күн­де шешу­ге бола­ды. Тіп­ті, менің ойым­ша, дарын­ды бала­лар қалаған маман­ды­ғы­на өтіп кете­ді деген қауіп бар сияқты. Білім­ді жастар көбей­се, билік­ті уысын­да ұста­уға қауіп төн­бей ме?.. 

– Осы білім­ге қаты­сты мәсе­ле­лер­ді көтеріп жүр­ген, сіз жетек­шілік ететін «Ұрпақ тағ­ды­ры – білім» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің бүгін­гі тір­лі­гі қандай? 

– Білім жүй­есін­де­гі жүген­сіздік­тер­ді пре­зи­дент­ке, үкі­мет­ке, пар­ла­мент­ке жазған­нан нәти­же шық­паған соң, 1999 жылы «Ұрпақ тағ­ды­ры – білім» деген қоғам­дық қозға­лы­сты құрған едік. Елге таны­мал аза­мат­тар бол­ды: тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, марқұм Базар­бек Төте­на­ев, тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры Әну­ар Акчу­рин үше­уміз баста­ма­шы топ­та бол­дық. Бүгін бұл ұйым жабы­лған. Осы ұйым­ның жұмысы үшін көлі­гім­ді, үйім­ді сат­тым, елу үш жасқа кел­генім­де жұмыстан қуыл­дым, ақы­ры, амал жоқ, жаптым… 

– Ел үшін жасар ама­лы­ңыз тау­сыл­ма­сын, аға! Сіз­ге ден­са­улық, отба­сы­ңы­зға аман­дық тілейміз! 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн