Четверг , 3 июля 2025

Ер жігіт елге бітеді…

(Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның басқар­ма төраға­сы, Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы­ның пре­зи­ден­ті Сей­ітқа­зы Мата­ев 70 жаста!)

Бүгін­дері қаза­қтың тағы бір арда аза­ма­ты – Сей­ітқа­зы Бей­сенға­зы­ұ­лы Мата­ев 70 жасты еңсеріп отыр. Әдет­те білім­ге бай­ла­ны­сты ғана айты­ла­тын, қалы­қтап қыран да, өрме­леп жылан да шыға­тын «биік жар­та­сты» басқа­ша атқарған, тын­ды­рған ісің мен жинаған абы­рой-беделіңнің көр­сет­кі­ші деп қарас­ты­рар бол­сақ, Секеңнің де бүгін­гі жасы­на дей­ін­гі бастан өткер­гені бір адам­ның басы­на жетіп арты­ла­ды десе болған­дай. Дұры­сын­да, Секең жөнін­де­гі қысқа бая­ны­мы­зды әрі­ден бастасақ…

Әкесі Бей­сенға­зы ақсақал өткен арғы ғасыр­дың аяғын­да, яғни 1895 жылы Шығыс Қаза­қстан­дағы Өмір­зақ ауы­лын­да дүни­е­ге келіп, кеше­гі қазақ жаста­ры жалаңаш кеуде­лерін оққа төсеп, Одақтың мұз­дай қару­ланған жаза­ла­у­шы әскеріне қар­сы шыққан 1986 жылы бақи­лық бола­ды. Сүй­е­гі Семей жерін­де­гі Бек ауы­лы (Ново­по­кровск) қорымында.

Жара­ты­лы­сын­да еті тірі, қарап оты­ру деген­ді біл­мей­тін Бей­сенға­зы ақсақал Кеңес өкі­метінің алға­шқы жыл­да­ры кол­хоз­да сче­то­вод (есеп жүр­гі­зетін кіші бух­гал­тер) болып жұмыс істеп жүріп:

– Аға­шын дай­ын­дап бере­міз, бидай­ын бере­міз, енді қолы­мы­здағы бірер малы­мы­зды не деп бере­міз, отба­сы­ла­ры­мыз сол малға қарап оты­рған жоқ па? – деп, жүр­гізіліп жатқан өкі­мет науқа­ны­на қар­сы­лық біл­діреді. «Тап жау­ла­ры, қай­да­сың?» деп тиі­сер­ге қара тап­пай тұрған жас мем­ле­кет­тің шала сау­ат­ты ұрда­жық бел­сен­ділері кім­ді аясын, өздеріне де кере­гі сол еді: сөз­ге кел­ме­стен, Бей­сенға­зы ақсақал­ды Алтай өлкесіне жер ауда­рып жібе­реді. Сон­дағы Бей­сенға­зы ақсақал­дың кел­ген жері – орман­нан ағаш дай­ын­дай­тын «еңбек арми­я­сы». Кәдім­гі сонау 1920-жыл­дар­дан бастап, 1960-жыл­дар­дың орта­сы­на дей­ін елі­міздің түк­пір-түк­пірін­де ұйым­да­сты­ры­лып кел­ген мәж­бүр­леп жұмыс істе­ту орын­да­ры – «трудар­ми­я­лар».

1954 жылы Ста­лин қай­тыс болып, сәл де бол­са өзгер­ген жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты жасы алпы­сқа тақаған Бей­сенға­зы ақсақал Лебя­жье елді мекеніне келеді. Қызыл­сай ауы­лын­да өзінің ескі кәсібін қай­та бастай­ды – жылқы ұстап, бие бай­лап, қымы­з­бен емдей­тін сауы­қты­ру орнын аша­ды. Осы жылы біз сөз еткелі оты­рған мерей­той иесі Секең – Сей­ітқа­зы Бей­сенға­зы­ұ­лы өмір­ге келеді. Жал­пы Секең – Бей­сенға­зы ақсақал­дың кіші әйелі Әзи­ля Исақы­зы­нан туған үш ұл, бір қыздың ең кенжесі…

1960-жыл­дар­дың басын­да отба­сы Семей­ге қоныс ауда­ра­ды да, отба­сы­ның кен­же­сі Сей­ітқа­зы мек­теп табал­ды­ры­ғын осы Семей жерін­де аттайды…

Жас кезін­де мүл­дем басқа маман­ды­ққа ден қой­ып жүр­ген Секеңнің жазу­шы­лы­ққа келіп қалуы­ның да өзін­дік себебі жоқ емес. 1973–75 жыл­дар ара­лы­ғын­да өзі құрал­пы­лас жастар­мен бір­ге Кеңес Арми­я­сы қата­рын­да әске­ри боры­шын өте­ген Секең алды­мен авиа­ци­я­лық кіші маман­дар­ды даяр­лай­тын мек­теп­ке (ШМАС – шко­ла млад­ших авиа­ци­он­ных спе­ци­а­ли­стов) түсіп оқып, При­вольжск әске­ри окру­гінің шта­бы орна­ласқан Куй­бы­шев­те­гі авиа­ци­я­лық полк­те тех­ник болып қыз­мет атқа­ра­ды. Бір күні полк полит­ру­гі шақы­рып алып:

– Мен дема­лы­сы­ма кетіп бара­мын, сенің ике­міңді бұрын­нан бай­қап жүр­мін, менің біраз жұмыста­рым­ды саған атқа­руға тура келеді, округ­тік «На стра­же» газетінің номер­леріне бақы­лау жаса­уды саған тап­сы­ра­мын! – дей­ді. Әскер­де тап­сы­ры­лған істен бас тар­ту неме­се «қолым­нан кел­мей­тін еді» деп басқа­ша бір сыл­тау айту деген аты­мен жоқ. Сол­дат­тың әбден мезі қыла­тын бір­сы­ды­рғы өміріне қараған­да бұл да жақ­сы бол­ды. Осы­лай­ша Секең әскер­де жүр­ген­де-ақ алғаш рет газет­пен, жур­на­ли­стік жұмыспен айна­лы­сып, өзінің де ике­мін бай­қаған­дай бола­ды. Дәл осы жағ­дай кей­ін Секеңнің жур­на­ли­стік маман­ды­ққа келуіне де негіз болған сияқты.

Секеңнің адам­дар­мен қарым-қаты­на­стағы табиға­тын, жазу-сызуға ике­мін бай­қап қалған полк коман­ди­рі де бір күні «Мына бала­ның білі­мі ерекше тәрізді, бұны пар­тия қата­ры­на қабыл­дай­ық» деген ойын айтып, Секең осы әскер қата­рын­да жүріп-ақ пар­тия қата­ры­на мүшелік­ке кан­ди­дат­ты­ққа қабыл­да­нып, тиісті мерзі­мі­нен соң пар­ти­я­лық билет­ке де ие бола­ды. Кеңе­стік дәуір­де жас жігіт­тің әскер қата­рын­да жүріп неме­се сту­дент бола жүріп, пар­тия қата­ры­на өтуі – екінің бірінің пеше­несіне бұй­ы­ра бер­мей­тін сирек жағ­дай. Ал жас жауын­гер неме­се жас маман, я бол­ма­са сту­дент пар­тия қата­ры­на қабыл­дан­ды екен, ертең­гі күні оның бола­шағы­нан үлкен үміт күт­тіретін жақ­сы жұмысқа, қыз­мет­ке қабыл­да­нуын­да мүм­кін­дік­тер мол дей беріңіз…

Кеңес зама­ны жүй­есін­де­гі және бір жақ­сы дәстүр – ол қай­сы­бір ұйым­дар­да жұмыс істе­уші қара­пай­ым жас жұмыс­шы­ларға, қыз­мет­кер­лер­ге кей­де жер-жер­де­гі жоға­ры оқу орын­да­ры­нан ара­кідік түсіп тұра­тын, яғни оқуға түсу жеңіл­ді­гі­мен берілетін кво­та­лық орын­дар бола­тын. Міне, дәл сон­дай екі орын­ның әске­ри бөлім­ге де кел­генін біл­дір­ген бас­шы­лық бір күні Секеңді шақы­рып алып:

– Екі жер­ге ұсы­ныс бар: бірі – Мәс­ке­у­ге, екін­шісі – Алма­ты­ға, қай қала­ны таң­дай­сың, 2–3 күн­нен қал­дыр­май ойла­нып, жау­а­бын бер! – дейді.

Секең, әрине, отба­сын­дағы ең үлкен­дері Тіле­убек аға­сы­на теле­фон соға­ды. Аға­сы інісінің ел ішін­де болға­нын тәуір көреді, сөй­тіп аға­сы­ның ақы­лы­мен таң­дау Алма­ты­ға түседі. Осы­лай­ша, әске­ри қыз­метін біті­ре сала, Секең Алма­ты­ға жол тартады.

Алма­ты­да ол кез­де жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін­де декан – қаза­қтың бір­ту­ар аза­ма­ты, қазақ әде­би­етін­де­гі ғылы­ми сати­ра­ның негізін қала­у­шы, про­фес­сор Темір­бек Қожа­ке­ев бола­тын. Сапы­ры­лы­сқан жас талап­кер­лер­дің ішін­де ақшыл сары жас жігіт көзіне жылы ұшы­раған болу керек, бір көр­ген­де әлгі про­фес­сор аға­сы салған жерден:

– Сен бала маған ұнап қал­дың, сен ста­ро­ста бола­сың! – дей­ді ойла­нуға да мұр­ша берместен.

Секең бол­са аң-таң, керек десең, бұның оқуға қабыл­данға­ны жөнін­де­гі хабар­ла­ма (бұй­рық) да әлі шыға қой­ған жоқ болатын…

Қысқа­сы, Секеңнің жур­фак­тағы сту­дент­тік өмірі осы­лай баста­лып жүре береді. Өзі бол­са сол әскер­де­гі бел­сен­ділі­гін бұл жер­де де таны­тып жатыр… Бірін­ші кур­стан соң ком­му­нист Секең сту­дент­тік құры­лыс отря­дын басқа­рып, Нары­нқол жағы­на барып, үй, қашар тәріз­дес құры­лы­стар­ды жүр­гі­зеді. Үшін­ші кур­ста дәл өзі сияқты бел­сен­ді, курс комс­ор­гі бүгін­гі Баян жең­ге­міз­бен шаңы­рақ көте­реді. Оқу­ла­рын бітір­ген жас отба­сы­ның жолы Торғай облы­сы­на түсіп, бұлар Арқа­лы­ққа келеді. Ары­ны әлі ауы­зды­ғы­мен алы­сқан жас жур­на­лист Секең басқа еш жер­ге мой­ын бұр­ма­стан, ең алды­мен Е. Әуел­бе­ков­ке кіреді.

1960-жыл­дар­дың аяғы­нан 1980-жыл­дар­дың аяғы­на дей­ін Көк­ше­тау, Торғай, Қызы­лор­да облы­стық коми­тет­терін ұзақ жыл­дар бойы басқарған Еркін Нұр­жанұ­лы Әуел­бе­ков бұл кез­де Торғай облы­сын­да бола­тын. Сөй­тіп, өзі облы­стық газет­ке, Баян жең­ге­міз жур­на­лист ретін­де облы­стық радиоға жіберіледі.

Жас отба­сы көп ұза­май, 1982 жылы Қараған­ды­ға, Қаз­ТАГ-тың Қараған­ды облы­сы бой­ын­ша мен­шік­ті тіл­шісі болып ауы­са­ды. Бұл кез­дері қала­мы әбден төсел­ген Секең 1980-жыл­дар­дың аяғы­нан бастап бүкі­ло­дақтық «Изве­стия» газетінің Қаза­қстан бой­ын­ша тіл­шісі қыз­метіне келеді. Ол кез­де КСРО Жоғарғы Кеңесінің орга­ны болып табы­ла­тын «Изве­стия» газетінің билі­гі орта­лы­қта – Мәс­ке­уде. Апта­сы­на бір рет шығып тұра­тын жек­сен­білік «Неде­ля», «Союз» атты қосым­ша­ла­ры бар «Изве­стия» Одақтағы бедел­ді басы­лым­дар­дың бірі бола­тын. Міне, осы бедел­ді басы­лым­ның тіл­шісі қыз­метін Сәкең газет­тің енді­гі тәу­ел­сіз Қаза­қстан­дағы өкілі ретін­де 1996 жылға дей­ін атқарады.

1991 жылы, ел Тәу­ел­сізді­гінің таңы аты­сы­мен, Секең отба­сы­мен бір­ге Алма­ты­ғы шақы­ры­ла­ды. Тіке­лей бай­ла­ны­сып, бұлар­ды Алма­ты­ға шақы­рған – Н. Абы­қа­ев. Бұры­нғы Одақтан еншілерін алып, бас-басы­на бөлініп шыққан елдер­дің оң-солын түген­деп жатқан әрі-сәрі кезең болатын.

Осы 1991 жыл­дың қара­ша айын­да пре­зи­дент Назар­ба­ев қабыл­дап, бас­пасөз хат­шы­сы қыз­метін ұсы­на­ды. Мәсе­ле шешіл­ген күн­нің ертесіне-ақ Секең Назар­ба­ев­пен бір­ге Мәс­ке­у­ге ұша­ды. Осы­лай­ша, тәу­ел­сіздік­тің таңы аты­сы­мен, Секеңнің де енді­гі тәу­ел­сіз Қаза­қстан­дағы бел­гілі тұлға­лар­мен ара­ла­сы жиілеп, қоян-қол­тық жұмыс істе­уіне тура келеді. 2–3 жыл­дай Пре­зи­дент бас­пасөз хат­шы­сы қыз­метін атқарған Секең 1993–1994 жыл­да­ры пре­мьер-мини­стр­дің бас­пасөз хат­шы­сы қыз­мет­терін абы­рой­мен атқарады.

Секеңнің 1990-жыл­дар­дан кей­ін­гі қоғам­дық қыз­меті көзі қарақты қауы­мға жақ­сы таныс болған­ды­қтан, бел­гілі нәр­сені қай­та тізіп жаза берудің қажет­ті­гі бола қой­мас. Десе де, Секеңнің өмірін­де­гі маңы­зды бір-екі мәсе­лені айт­пай кет­пе­у­ге бол­май­ды: бірін­шісі – өзі ұзақ жыл­дар­дан бері бас­шы­лық жасап келе жатқан Жур­на­ли­стер одағы­на келуі де, екін­шісі – дүй­ім жұрт­шы­лы­ққа бел­гілі, Секең мен оның отба­сы­на түс­кен кеше­гі алмағай­ып сот процесі. 

Соны­мен, 2002 жыл. Дәл осы жылы, яғни бақи­лық бола­ры­нан бір жыл бұрын Камал Смай­ы­лов шақы­рып, кезін­де өзі де бас­шы­лық еткен Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­на бас­шы­лық қыз­метін қолға алу­ды ұсы­на­ды. Аға­мыз қыз­мет ұсын­ды екен, енді бас­шы­лы­қты өзім жүр­гі­зе­мін деген астам ойдан мүл­дем аулақ Секең енді­гі жер­де өзінің ұсы­ныс-баста­ма­сы­мен Үйле­сті­ру кеңесін (Коор­ди­на­ци­он­ный совет) ашып, аз уақы­тқа бол­са да, Камал аға­сы Т.Жүргенов атын­дағы Өнер ака­де­ми­я­сын­дағы ұста­здық қыз­метіне қоса, сол кеңес­ке де бас­шы­лық жасай­ды. Міне, екінің бірінің бой­ы­нан табы­ла бер­мей­тін ұста­зға, ақы­л­шы бола біл­ген аға буы­нға деген адал­ды­ғы­мен, өз кәсіп-маман­ды­ғы­на деген кәсі­би адал­ды­ғы­мен қалың жұрт­шы­лық көңілі­нен шыға біл­ген Секең әлі де осы Жур­на­ли­стер одағы атанған қаси­ет­ті қара шаңы­рақ пен билік­те­гі биші­ке­ш­тер­ге мүл­дем сүй­кім­сіз ашық диа­лог алаңы – өзі ірге­та­сын қалаған Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы­на бас­шы­лық жасап келеді.

Екін­ші мәсе­ле­ге, яғни Секеңнің жеке басы мен отба­сы­на ауыр сын болған сот про­цесіне келер бол­сақ, біз бұл жер­де пәлен деп ештеңе де айт­пай­мыз. Себебі кезін­де бас­пасөзі бар, теле­ар­на­сы бар – бар­ша ақпа­рат көз­дері­нен күн құрғат­пай беріліп оты­рған бұл жағ­дай­дан ары­сы Еуро­пар­ла­мент, «Жур­на­ли­стер­ді қорғау коми­теті» Халы­қа­ра­лық ұйы­мы­нан бастап, берісі көкірек көзі ояу, құлағы түрік әрбір қаза­қстан­дық аза­мат құлағ­дар. Сон­ды­қтан ұзын-ырға­сы бес жыл­дан аса уақы­тқа созы­лып, мың құбы­лған атал­мыш сот жұмысы – қаза­қстан­дық билік пен сол билік құрған жүйе қол­шоқ­пар­ла­ры­ның адам­шы­лы­қтан ада арзан табиға­тын тағы бір рет таны­тып бер­ген көрініс қана болды…

Ия, жас отба­сы бала-шаға­сын жетек­теп, жұмыс, қыз­мет бабы­мен облы­стан облы­сқа ауы­сып, жар­ты­лай әске­ри ғұмыр кешіп жүр­ген­де, өзі сенім артқан, өзі бір­ге қыз­мет істес­кен билік­пен текетірес арпа­лы­сып, ел аға­сы жасы­на кел­ген­де осын­дай қару­сыз май­данға түсе­мін деп ойлап па екен? Жоқ, әрине… Қоғам­ның, күн­делік­ті өмірі­міздің боя­у­сыз бар шын­ды­ғын – ащы­сы мен тұщы­сын елге жария етіп, жұмыр басты пен­де­лер­дің алғы­сы мен қарғы­сын қатар естіп, бір­дей арқа­лап өту – қала­мын қару еткен жауын­гер­лер­дің ғана басын­да бола­тын жағ­дай. Солай бола тұр­са да, өз көзқа­рас-ұста­ны­мы­на адал Секең – Сей­ітқа­зы Бей­сенға­зы­ұ­лы қару­сыз май­дан­ның кәні­гі жауын­гері ретін­де тек өзінің, жеке басы­ның атақ-абы­рой­ын ғана қорғап қой­ған жоқ, соны­мен бір­ге қалам ұстаған қалың қауым­ның да ар-абы­рой­ы­на қорған бола біл­ді. Көңіл­дері күп­ті болған қалың көп­шілік үшін де ең басты­сы осы болар. Өкіні­штісі – енді қал­пы­на кел­мей­тұғын ден­са­улық пен отба­сы-әулет­тің ұйқы мен күл­кі­ден айы­ры­лған уақыт-жыл­да­ры­ның орнын ешкім­нің де тол­ты­ра алмайтындығы…

«Ер жігіт­тің басы­на не келіп, не кет­пей­ді?» деп жата­ды дана халқы­мыз мұн­дай­да өзінің қилы тарихы­нан шыға­рып. Қазе­кең бұл сөз­дер­ді өзінің қилы тарихын­дағы қай­ма­на қаза­ғы үшін талай тар жол, тай­ғақ кешу­лер­ді басы­нан өткер­ген есіл ерлерінің тағ­ды­рын тіл­ге тиек ете оты­рып айт­са керек. Ата­лы сөз­ге, пәл­сә­па­лық терең мағы­на­сы бар тұжы­ры­мға айналған әлгі қанат­ты сөзді мына біздің зама­ны­мы­зда болып жатқан біре­уді біре­удің аяқтан шалуы, біре­у­ге біре­удің жала жауып аран­да­туы, әлім­жет­ті­гі, біре­удің иелі­гіне біре­удің қол сұғуы­нан бастап, кісі өлтіру­ге дей­ін­гі небір қитұрқы­лы­қтар мен зұлым­ды­қтар жай­лаған бүгін­гі біздің зама­ны­мы­зға бай­ла­ны­сты қол­да­нып, азы­ңқы­рап бара жатқан мына қоғам­ды ақтап алар­лы­қтай әре­кет жаса­уға әсте де болмайды…

Айна­лып кел­ген­де, ойды ой қуып, қалың ойдың құр­са­уын сөк­кен­дей бола­сың. Сон­да қан­дай ой келеді дей­сіз ғой, келетін ой мынау: бүгін­гі мына қырық ру болып оты­рған қазақ деген жұрт­тың жер басып жүр­гені – алды­мен оның биік те құдірет­ті рухы­ның ғана арқа­сы, қал­ды жүз­дер­дің жүгін көтеріп, елдің жаны­на батар соққы­ға арқа­сын төсеп жүр­ген Секең тәріз­дес қадау-қадау аза­мат­тар­дың арқа­сы ма дер­сің. Сон­ды­қтан бүгін­гі Секеңнің мерей­тойы – ол жеке таны­мал тұлға­ның ғана тойы емес, ол Секеңді білетін, Секеңе тілек­тес, қалам ұстаған ерекше қалың қауым­ның да тойы. Қуа­ны­шта­ры­ңыз көп бол­сын, қаси­ет­ті қауым, дей­міз қалға­ны­мыз шын ниетімізбен!

Қадір­лі аға­мы­зға құт­ты бол­сын айта оты­рып, мына жалған дүниенің нәрі мен зәрін, қуа­ны­шы мен қай­ғы­сын бір­ге көріп келе жатқан аға­мы­здың май­дан­дас «жауын­гер жол­да­сы» – Баян Най­ман­ханқы­зы жең­ге­міз­ге де шын пей­іл­мен алғыс айта­мыз! Ия-ия, алғыс айта­мыз, айдың-күн­нің ама­нын­да алды­ң­ды ораған алмағай­ып кезең­де ері мен аза­мат бала­ла­ры­на сүй­еу бола біл­ген­ді­гі үшін, нағыз қазақ қызда­ры­на тән сирек ақыл­ды­лық пен пара­сат­ты­лы­қтың, тек­тілік пен қай­сар­лы­қтың үлгісі бола біл­ген­ді­гі үшін.

Абай Орын­ба­ев,

ҚР білім беру ісінің құр­мет­ті қызметкері,

ҚР Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн