Суббота , 5 июля 2025

Есебін көрмей, ешкімге сенбе: қой терісін жамылған қайырымдылық қорлары сенімді қалай жоғалтты

Biz Birgemiz Qazaqstan ұйы­мы­ның бас­шы­сы Пери­зат Қай­рат­тың ұсталға­ны тура­лы ақпа­рат жұрт­шы­лы­қты қай­ран қал­дыр­ды. Пери­зат көк­тем­гі су тасқы­ны кезін­де елге көмек беріңіз деп, Facebook парақ­ша­сын­да мем­ле­кет бас­шы­сы­на үндеу жасаған. Оған су тасқы­ны кезін­де көмек­ке жиналған 1,5 млрд тең­ге мен Пале­сти­на халқы­на жәр­дем беру­ге жиналған 200 млн тең­гені жымқыр­ды деген айып тағы­лып отыр. ҚМА деректеріне сәй­кес, Пери­зат Қай­рат халы­қтың қай­ы­рым­ды­лы­ққа бер­ген қара­жа­тын өз қажет­тілік­теріне жұм­саған. Агент­тік жари­я­лаған тізім­де Пери­заттың өз жеке басы­на сатып алған бұй­ым­да­ры мен жылжымайтын/жылжымалы мен­шік­тері көр­сетіл­ген. Осы­дан кей­ін әрқай­сы­мы­здың көкей­і­міз­де «Қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­на ақша ауда­ру­дың қажеті бар ма?» деген орын­ды сұрақ туындады.

Әле­умет­тік желілер­де­гі ашу мен нара­зы­лы­ққа толы пікір­лер­ді сара­лай келе, құдай бетін әрі қыл­сын, егер де ел басы­на тағы осын­дай қиын-қыстау күн туар бол­са, онда қай­ы­рым­ды­лық көр­се­тетін жан тап­пай қала­мыз ба деген ой қылаң береді.

Соны­мен, Қаза­қстан­дағы қай­ы­рым­ды­лық қоры төңіре­гін­де­гі дау-дамай ушы­ғар бол­са, бұл елде­гі жал­пы қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­на кері әсер етпей ме? Бұл сұраққа жау­ап­ты Ulysmedia.kz тіл­шісі іздеп көрді.

ИНТЕРНЕТ ЕШТЕҢЕНІ ҰМЫТПАЙДЫ 

Бүгін­де Пери­зат Қай­рат­тың ұсталға­ны және Қар­жы­лық мони­то­ринг агент­ті­гі күдік кел­тіріп оты­рған қар­жы­лық айла-шарғы­лар тура­лы мәлі­мет­тер жел­дей есіп, екі адам­ның басы қосыл­са, әңгі­ме арқа­уы­на айналған. Биыл көк­тем­де тасқын­нан зардап шек­кен­дер­ге көмек­те­су үшін, дәл осы Biz Birgemiz Qazaqstan қоры­на ақша ауда­руға шақы­рған үнде­улер де осын­дай жиілік­пен кең таралған еді. Ол кез­де бұл қорға таны­мал бло­гер­лер­мен қоса, AMANAT пар­ти­я­сы мен «Kaspi банк» сияқты алпа­уыт­тар қол­дау біл­дір­ген. Әрине, бүгін­де олар­дың бәрі де аты шулы қор мен оның бас­шы­сы­мен бай­ла­ны­сын жоққа шыға­руға асығады.

AMANAT пар­ти­я­сы­ның бас­пасөз қыз­меті мына­дай мәлім­де­ме жасады:

– Пар­тия «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің құры­л­тай­шы­сы емес және қор қыз­метіне ешқан­дай қаты­сы жоқ. Сәуір айын­да тасқын­ның қауіп­ті кезеңін­де AMANAT пар­ти­я­сы­ның «Жастар рухы» жастар қана­ты зардап шек­кен­дер­ге көмек көр­се­ту бой­ын­ша ауқым­ды жұмыс жүр­гізді. Бел­сен­ділер мен ерік­тілер көп­те­ген қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­ры, оның ішін­де «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жинаған гума­ни­тар­лық көмек­ті жет­кізу­ге атсалысты.

Ал «Kaspi банк» аталған қорға ақша ауда­ру функ­ци­я­сын толы­ғы­мен өшіріп таста­ды. Бірақ интер­нет ештеңені ұмытпайды!

ӘКІМШІЛІК РЕСУРСТЫҢ ҚОЛДАУЫНСЫЗ МҮМКІН ЕМЕС

Сон­ды­қтан Пери­зат Қай­рат пен оның қоры­ның артын­да кім тұрға­ны тура­лы сұрақ бүгін­де ашық күй­ін­де қалып отыр. Себебі неба­ры 32 жастағы ақтө­белік қыздың қорға аз уақыт ішін­де осын­ша қомақты қар­жы жинаға­ны­на ере­сек тұр­мақ, бала да сен­бей­ді. Ал кей­бір батыл бло­гер­лер «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғам­дық қоры­ның артын­да үлкен әкім­шілік ресурс тұрға­нын айту­да. Мыса­лы, бло­гер Айгүл Бала­ке­шо­ва өзінің «patriotkaragandy» паб­ли­гін­де былай деп жазады:

«Мем­ле­кет­тік орган­дар осы қор­ды жар­на­ма­лаған. Ал қазір не өзгер­ді? Нелік­тен қор­дан бас тар­тып отыр? Бұл қыз тәт­ті дауы­сы­мен және нағыз бала­лық, бұзық мінезі­мен жалғыз өзі қар­жы жымқы­руға бара алмас еді! Оған күш-қай­рат та, тәжіри­бе де жет­пес еді! Айқын көрініп тұр, жоға­ры жақтан «Biz Birgemiz»-ге ірі деме­ушілер­ді бағыт­тап оты­рған. Үміт­те­не­мін, ол тер­ге­уде бар­лық есім­дер­ді айта­ды, қан­дай атақта­ры мен таны­мал­ды­лы­ғы болмасын!

Бұл қорға мем­ле­кет­тік орган­дар жар­на­ма жасаға­ны бел­гілі. Ал қазір олар аш пәле­ден қаш пәле деп, баста­рын құмға тығып отыр. Қар­ша­дай қыз бүкіл ақша­ны өзі жара­туы мүм­кін емес, оған оның баты­лы да, тәжіри­бесі де жет­пей­ді. Төбе­де оты­рған дөкей­лер қал­та­лы деме­ушілер­ді «Biz Birgemiz» қоры­на ақша ауда­руға бағыт­тап, кей­ін сол ақша­ны бөліс­ке салған. Менің­ше, Пери­зат тер­ге­уде бәрін жай­ып салуы керек, мей­лі олар қан­дай шен­ділер бол­сын, бәрін жасыр­май айтуы тиіс.

Мем­ле­кет­тік орган­дар маған да хабар­ла­сып, осы қор­дың видео­сын тара­ту­ды, халы­ққа жасап жатқан жақ­сы­лы­қта­рын наси­хат­та­уды сұраған. Мен «Biz Birgemiz» қоры­ның ниеті ақ екеніне сен­дім, сон­ды­қтан «Инста­грам» парақ­шам­да өз ауди­то­ри­ям­нан қай­ы­рым­ды­лы­ққа қара­жат­ты осы қорға жібе­ру­лерін сұра­дым. Ал қазір мені пай­да­ла­нып кет­кен­дей өзім­ді жай­сыз сезініп отыр­мын».

«ӨЗІМІЗДІҢ» ҚОРЛАР ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ 

Мұн­да басқа бір мәсе­ле туын­дай­ды: неге мем­ле­кет­тік орган­дар «Арсе­лор­Мит­тал» сияқты ком­па­ни­я­лар­дың ісіне ара­ла­са алмай­тын­да­рын айтып, бұл жеке биз­нес деп жау­ап береді де, ал қоғам­дық қор­дың жұмысы­на кел­ген­де, оны тек­се­ру­ге құқы­лы болып шыға­ды? Олар тіп­ті қай қор­ды жар­на­ма­лап, қай қор­ды наза­рдан тыс қал­ды­руға бола­ты­ны­на дей­ін өздері шешеді. Сон­да мұның бәрі қан­дай кри­те­рий­мен аны­қта­лып жатыр?

Мыса­лы, 2024 жылғы 1 қаңтар­дағы Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның деректеріне сәй­кес, Қаза­қстан­да шама­мен 20 000 қай­ы­рым­ды­лық ұйы­мы тір­кел­ген. Бірақ олар­дың қан­ша­сын халық біледі? Ең бол­маған­да он шақты­сын біле ме? Ойла­нып қара­сақ, сіз еске түсір­ген қор­лар­дың ата­у­ла­ры қай­дан бел­гілі бол­ды? Мем­ле­кет­тік орган­дар мен таны­мал бло­гер­лер­дің олар­ды жар­на­ма­ла­у­ы­нан емес пе?

КІМГЕ СЕНІП, КІМГЕ СЕНБЕУ КЕРЕК

Мысал ретін­де: биыл сәуір айын­да су тасқы­ны кезін­де вице-пре­мьер Қанат Бозым­ба­ев әле­умет­тік желілер­де зардап шек­кен­дер­ге көмек көр­се­ту үшін қара­жат жина­уға арналған хабар­лан­ды­ру­лар­дың көбей­генін айтып, халы­қты бар­лы­ғы­на сене бер­ме­у­ге шақырды.

– Ресми түр­де жұмыс істей­тін аймақтық қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры бар, олар әкім­дік­тер мен жер­гілік­ті бел­сен­ділер тара­пы­нан бақы­ла­на­ды. Қаза­қстан­да рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де екі қор бар: «Демеу Қаза­қстан қоры» және «Қаза­қстан халқы­на» қоры, – деп атап өтті Бозымбаев.

Егер «Қаза­қстан халқы­на» қоры­ның атқарған жұмыста­ры бой­ын­ша сұрақ туын­да­са, онда олар­дың ресми сай­тын­дағы есеп беру бөлі­мін­де бар­лы­ғы егжей-тег­жей­лі көр­сетіл­ген. Қай уақыт­та қан­ша қара­жат жиналға­нын және ол қай­да жұм­салға­нын көру­ге бола­ды, ал «Демеу Қаза­қстан қоры» тура­лы бұлай сенім­ді айта алмай­мыз. Бұл қорға ақша аударған кәсіп­кер­лер өз қара­жат­та­ры­ның қай­да кет­кені тура­лы ешқан­дай ақпа­рат ала алмаған­да­рын айтып шағымданған.

«ОПЕРАЦИЯЛЫҚ» СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

Сол кез­де Ulysmedia.kz су тасқы­ны­нан зардап шек­кен аудан­дарға барып, Пре­зи­дент істері басқар­ма­сы­на сау­ал жол­да­ды. Бұл басқар­ма «Демеу Қаза­қстан қоры­ның» қыз­метін қамқор­шы­лы­ққа алған еді. Сау­ал­да ақша­ны ауда­ру тетік­тері, зардап шек­кен­дер­ге қан­дай көмек көр­сетілетіні және оның көле­мі тура­лы түсінік­те­ме беру сұрал­ды. Бір апта­дан кей­ін басқар­ма бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Б. Әбіл­ди­нов жау­ап беріп, былай деді:

– Елде­гі су тасқы­ны сал­да­рын жою үшін қара­жат жина­у­мен бір­не­ше қор айна­лы­са­ды, олар­дың бірі – «Демеу Қаза­қстан қоры».

Ол сон­дай-ақ қор қыз­метінің Аза­мат­тық кодекс, «Ком­мер­ци­я­лық емес ұйым­дар тура­лы» және «Қай­ы­рым­ды­лық тура­лы» заң­дар­мен рет­те­летінін түсіндірді.

– Су тасқы­ны сал­да­рын жою үшін жаса­ла­тын қай­ы­рым­ды­лы­қтар – жеке тұлға­лар мен заң­ды тұлға­лар­дың жеке баста­ма­сы. Сіздің сау­а­лы­ңы­зда көр­сетіл­ген мәсе­ле­лер күн­делік­ті опе­ра­ци­я­лық сипатқа ие және басқар­ма қор­дың ағым­дағы жұмысы­на ара­лас­пай­ды, – деп мәлім­деді Әбілдинов.

Қор жұмысы тура­лы қоғам алдын­да есеп беру үшін «Ұлы­сме­ди­а­ның» сұқ­бат алаңы­на шақы­рға­ны­мы­зда, «Демеу Қаза­қстан қоры­ның» бас­шы­сы Ербо­лат Садыр­ба­ев жау­ап бермеді.

КҮДІК СЕНІМСІЗДІКТІ ТУҒЫЗАДЫ

Қар­жы­лық мони­то­ринг агент­ті­гі бар­лық қай­ы­рым­ды­лық ұйым­да­рын тек­се­руді жос­пар­лап оты­рған жоқ. Деген­мен Пери­зат Қай­ратқа қаты­сты күдік пай­да болған кез­де тағы бір қай­ы­рым­ды­лық ұйы­мға бай­ла­ны­сты дау шықты. Бло­гер­лер Ерке­жан Шайх пен Айт­бек Аман­гел­ді құқық қорғау орган­да­ры­нан «Асар-Уме» қоры­ның жұмысын тек­се­руді сұра­ды. Олар­дың оқыр­ман­да­ры бұл баста­ма­ны қол­дап, қор бас­шы­лы­ғы­нан толық қар­жы­лық есеп беруін талап етті.

«Асар-Уме» қоры­ның бас­шы­сы Асхат Нұр­ма­шев бұл әре­кет­ті жос­пар­ланған шабуыл деп атады:

– Біздің қорға қысым көр­сетіліп жатыр. Бізді қара­лау жүр­гізілу­де. Біз бұл мәсе­ле­лер­дің нақты себебін біл­мей­міз, бірақ медиа тұлға­лар мен кей­бір таны­мал адам­дар ара­сын­да теріс қарым-қаты­нас пай­да болға­нын бай­қа­дық, – деді ол.

Есеп беруін талап еткен­дер­ге Нұр­ма­шев былай деп жау­ап берді:

– Біз жыл сай­ын есеп бере­міз. Егер ұмыт­паған бол­саңы­здар, әрине. Видео түсіріп, арнайы кесте­лер арқы­лы жасалған жұмыста­ры­мы­зды көр­се­те­міз. Біз­де қазір жыл сай­ы­нғы аудит жүріп жатыр. Сол аяқталған соң есеп бере­міз. Оны бар­лы­ғы көре алады.

ОЛ БІРДЕҢЕ БІЛДІ МЕ?

Бір ғажа­бы – Пери­зат Қай­ратқа қаты­сты ақпа­рат жари­я­ла­нар алдын­да Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва күт­пе­ген жер­ден «жеке және заң­ды тұлға­лар­дың науқас бала­ларға неме­се табиғи апат­тан зардап шек­кен­дер­ге көмек ретін­де ақша жина­уы­на тый­ым салы­нуы мүм­кін» деген әңгі­менің ұшын шығарды.13 қара­ша күні Мәжіліс кулу­а­рын­да Бала­е­ва билік Қаза­қстан­дағы бар­лық қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­рын бақы­ла­у­ға алу­ды жос­пар­лап оты­рға­нын хабар­ла­ды. Оның айтуын­ша, бұл қаза­қстан­ды­қтар­ды ала­яқтар­дан қорғау үшін қажет.

– Мәсе­ле талқы­ла­нып жатыр, жұмыс тобы құрыл­ды, – деп түсін­дір­ді министр. – Ұсы­ны­стар­ды жинап, сарап­шы­лар­дың пікір­лерін зер­де­леп жатқан­ды­қтан, әзір­ге нақты ештеңе айта алмай­мын. Сіз мұн­дай баста­ма­лар­дың жай­дан-жай қабыл­дан­бай­ты­нын түсі­нуіңіз керек. Спе­ку­ля­ция мен ала­яқтық фак­тілері бар. Сон­ды­қтан қай­ы­рым­ды­лы­ққа ақша жинау теті­гін жетіл­ді­ру мәсе­лесін қарас­ты­рып жатырмыз.

Қалай ойлай­сыз, бұл кез­дей­соқтық па? Мұны әркім өзі шешсін…

Айт­пақ­шы, Аида Бала­е­ва «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғам­дық қоры­ның бас­шы­сы­на қаты­сты тер­геу жай­лы пікірін біл­дір­ген кез­де де осын­дай ұста­ным­да болды.

– Қаза­қстан­да волон­тер­лік және қай­ы­рым­ды­лық қыз­мет бел­сен­ді түр­де дамып келеді, деген­мен бұл ала­яқтар­дың әре­кеті үшін қолай­лы жағ­дай туғы­зу­да. Сон­ды­қтан мен бар­ша қаза­қстан­ды­қты қай­ы­рым­ды­лық көмек көр­се­ту опе­ра­тор­ла­рын мұқи­ят зерт­теп, тек сенім­ді серік­те­стер­мен ғана жұмыс істе­у­ге шақырамын.

Жақын­да ғана мем­ле­кет­тік орган­дар­дың өкіл­дері қаза­қстан­ды­қтар­ды «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоры­ның сенім­ді екеніне сен­дір­ді емес пе? Сон­да қалай? Аида Ғалы­мқы­зы­ның «тек сенім­ді серік­те­стер­мен жұмыс істе­у­ге шақы­ра­мын» деген үнде­уі бір мем­ле­кет­тік орган­ның бір-біріне қара­ма-қай­шы­лы­ғы емес пе?

ЕСЕБІН КӨРМЕЙ, ЕШКІМГЕ СЕНБЕ

«Доб­ро­воль­ное Обще­ство «Мило­сер­дие» қоғам­дық қоры­ның дирек­то­ры Ару­жан Саин өз парақ­ша­сын­да қай­ы­рым­ды­лық жаса­у­шы­лар­ды алды­мен қор­лар­ды мұқи­ят тек­се­ру­ге шақырды.

– Ала­яқтар­дан құты­лу­дың жалғыз жолы – қор­ды дұрыс таң­дау үшін уақыт бөлу. Сай­тқа кіріп, қыз­меті­мен таны­су, есеп­терін қарау маңы­зды. Әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­лар мен бло­гер­лер­ді емес, қор­дың сай­тын­дағы нақты есеп­терін тек­се­ру керек, – деді Саин.

Ол басқа қор­лар­дың жұмысы­на қаты­сты пікір біл­діру­ге ықы­ла­сты еме­сті­гін айтты.

– Біз тек өзі­міз үшін, өз жұмысы­мыз үшін және көр­сет­кен көме­гі­міз үшін жау­ап бере ала­мыз. Біздің сайт­та әрбір садақа беру­ші, тіп­ті ол 1 тең­ге аудар­са да, өз садақа­сын көре ала­ды. Әрқай­сысы қара­жат­тың қай­да жіберіл­генін, нақты қан­дай бала­ларға көмек­тес­кенін, қан­дай жоба­ларға жұм­салға­нын, қор­дың жыл­дық есеп­терін және PWC ауди­тінің есеп­терін көреді. Біз әрбір балаға, жаб­ды­ққа, дәрі-дәр­мек­ке неме­се жобаға көмек көр­се­ту үшін, ақпа­рат­ты, құжат­тар­ды және негіз­де­ме­лер­ді жинай­мыз. Бұл – сөз­бен емес, құжат­пен негіз­дел­ген көмектер.

Ол қай­ы­рым­ды­лық сала­сын­дағы әрбір дау-дамай адал жұмыс істей­тін­дер­ге зиян тигі­зетінін айтты:

– Бұл халы­қтың сені­міне сел­кеу түсіреді. Ал қиын жағ­дай­ға тап болған­дар осын­дай ала­яқтар­дың кесірі­нен көмек ала алмай қала­ды, – деп түй­ін­деді ол.

Сон­ды­қтан біре­у­ге көмек жаса­мас бұрын, ол адам­ның шыны­мен науқас екеніне көз жет­кізіп алған дұрыс. Ол үшін қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­ның сай­ты­на кір­сеңіз жет­кілік­ті. Бәрі жазу­лы тұр. Бір өкіні­штісі – қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­ның кей­бірін­де тіп­ті ресми сайт­та­ры да жоқ. 

Сырым ҚАРЖАС

Республиканский еженедельник онлайн