Пятница , 4 июля 2025

Есенғалиша ЕСІРКЕУ

Не деген тама­ша күн…

Қызыр жай­лап қаза­қтың бар ошағын,

Қаза­ны қай­нап жатыр қарашаның.

Өйт­кені,

Мүл­де бөлек, жаңашамын!..

Әлем­ге ерім-абыз, елім-аңыз.

Неге біз көп нәр­сені кем ұғамыз…?

Сағын­тып өткен-кет­кен нұр­сыз шақты,

Ауыр­тып жүрек­тер­ді неғыламыз?

Шыға­рып, баты­ра­тын біз ғой Күнді…

Жол нұр­лы, арман нұр­лы, ізгі ой нұрлы.

Ешбір ел бола алмай­ды сіз­дей «мұң­лы»,

Ешбір ел таба алмай­ды біз­дей құлды!..

Құлға-құл, жарам­саққа жалшы-ғұмыр.

Саза­рып, сараң­дан­бай сал­шы, дүбір!

Тар­тын­бай тағ­дыр тар­тқан таралғыдан,

Алқын­бай арма­ны­ңа қар­сы жүгір!

Рахат, беріл­мей­міз мұң-қайғыға.

Айт­пай­мыз ұлтын сүй­ген ұл жай­лы да.

Себебі – бар­лық ұлт­тың бауырымыз,

Көр­ме­ген ата-бабаң мұн­дай­ды да…

Бауыр­мыз – бар­лық ұлтқа қолбаламыз,

Тәуір­міз, әлі-ақ ертең зор боламыз!

Құл-мой­ын, құл-табан­ның күнін күйттеп,

Күй­ініп неме­не­ге қорланамыз?!

Көз сатып, тел­міре­міз күн­де алысқа,

Күн­ге сәлем береді күн­бағыс та.

Кім­ге сәлем береміз?..

Кім қарай­ды?

Қыра­ны күн көтер­ген біз байғұсқа!

Қаза­қ­пыз…

Нұр­сыз жол­ды нұсқамаймыз.

Азатпыз…

Алтын соққан ұстадаймыз.

Аза­бы – бар­лық ұлт­тан өзгешеміз,

Ғажа­бы – өзі­міз­ге ұқсамаймыз!..

Бақыт БЕДЕЛХАН

Республиканский еженедельник онлайн