Қазақстан Журналистер одағының сыйлықтары мен марапаттарының лауреаттары жарияланды
Қазақстан Республикасы Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев отандық БАҚ өкілдерін кәсіби мереке – алда келе жатқан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, әріптестеріміздің қызметіне жоғары баға берді. Сондай-ақ осы мерекеге орай жыл сайын өтетін дәстүрлі байқау жайлы айтып, оның қорытындысын жариялады.
Құрметті әріптестер, ардақты достар!
Сіздерді келе жатқан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қара бұлттай төнген пессимистік болжамдарға қарамастан, қазақстандық журналистика жаңа формаларға еніп, өсіп-өркендеп келеді, жаңа жұлдызды есімдер пайда болуда. Биыл 68 журналист қазақ тілінде 300-ден астам жарияланым, ал 92 журналист орыс тілінде 460-қа жуық материал жолдады. Бұл деректер жас журналистердің өз әріптестерімен бәсекеге түсіп, өздерін көрсеткісі келетінін және қазылар алқасының пікірін білгісі келетінін айғақтайды.
Байқаудың негізгі міндеттерінің бірі – БАҚ-тың кәсібилігін арттыру, беделін көтеру, ел азаматтарына шынайы ақпаратты көбірек ұсыну және журналистердің құқықтарын кеңейту. Себебі дәл біз, медиа саласының өкілдері, қоғамның кемшіліктері мен келеңсіздіктерін ашып көрсететін бірегей «санитарлармыз». Еститін мемлекет журналистердің үнін естуі тиіс, өйткені олар арқылы халықтың үні естіледі.
Қазақстанның әлемдік баспасөз еркіндігі рейтингіндегі соңғы орындары ел имиджіне нұқсан келтіреді және демократияның дамуына тосқауыл болады. Ал демократия негізін Ұлы Дала өркениетінің бабалары қалаған.
Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, ертеңгі күнге деген сенім мен оптимизм тілеймін! – деді Сейтқазы Бейсенғазыұлы.
«Құрметті журналист» атағына лайық деп танылғандар:
Карим Бакриденов – Астана қаласы
Хельча Исмаилова – Алматы қаласы
Ерғали Жұмаханов – Абай облысы
Байқал Баяділов – Ақмола облысы
Ғалымжан Төреханов – Ақтөбе облысы
Светлана Қайырғалиева– Атырау облысы
Бекділ Сәдібеков – Шығыс Қазақстан облысы
Құрманбек Әлімжан – Жамбыл облысы
Мырзағали Нұрсейітов – Жетісу облысы
Сырымбек Тұяқов – Батыс Қазақстан облысы
Сергей Высокосов – Қарағанды облысы
Мария Мостовая – Қостанай облысы
Кенжалы Ерімбетов – Қызылорда обылсы
Әнуарбек Жәнібек – Маңғыстау облысы
Светлана Чистякова – Павлодар облысы
Владимир Синенко – Солтүстік Қазақстан облысы
Орынбасар Сүттібаев – Түркістан облысы
Сара Смағұл – Ұлытау облысы
Балтабек Түйетаев – Шымкент қаласы
Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалі – 2025
Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалі экология саласындағы қоғамдық пайдалы қызметі үшін, балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетудегі қайырымдылық жұмысы үшін елдің саясаткерлеріне, қоғам қайраткерлеріне, журналистер мен азаматтарға табысталады. Бұл марапатқа өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. өз кәсібіне сіңірген ерен еңбегі мен көпжылдық жетістіктері үшін ие бола алады.
2025 жылы Қазақстан Журналистер одағының Алтын медаліне ие болғандар:
Шолпан Мұлдағалиева (Абай облысы) – «Семей–Хиросима «Полигон» зерттеу орталығының негізін қалаушы. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге жапон тілін, оригами өнерін, арт-терапияны үйрету бойынша қайырымдылық акциялар мен әлеуметтік жобалар жүргізеді; қыздар мен әйелдерге қатысты гендерлік зорлық-зомбылық мәселелерін жүйелі түрде шешумен айналысады.
Иван Мизин (Ақмола облысы) – Степногорск қаласының колледж студенті. Өрт кезінде екі баланы құтқарып, сыртқа алып шықты. Өзі күйіп қалса да, балаларды аман алып қалды.
Жанболат Жұбанов (Ақтөбе облысы) – эколог, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмегін көрсетіп келеді.
Ольга Гумирова (Алматы) – «Петроглифтерді іздеушілер» қоғамдық қорының атқарушы директоры. Қазақстандағы петроглифтерді және басқа да археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және насихаттау бағытындағы көпжылдық еңбегі үшін марапатталады. Ольга Гумированың жетекшілігімен ғылыми еріктілер тобы археология ескерткіштерін зерттеу және сақтау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді, елдің бай археологиялық мұрасын сақтау мақсатында көрмелер мен конференциялар ұйымдастырады.
Нұрсұлтан Динабеков (Астана) – Астана қалалық Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің аға инспекторы. 2024 жылдың қараша айында суицид жасаған қызды құтқарып қалды. Полицей 2‑қабаттағы балкон терезесінен кіріп, пышақ жарақаты бар тұрғынды тауып алып, оны медицина қызметкерлеріне тапсырды. 2025 жылдың сәуірінде кезекшілік кезінде полицейлер «Арқар» көпірінен секірмек болған ер адамды байқады. Полиция капитаны Динабеков ер адамның артынан мұздай суға секіріп, оған құтқару шеңберін кигізіп, жағаға алып шықты. Сол жерде жедел жәрдем тобы күтіп тұрған. Капитан Нұрсұлтан Динабеков 2020 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді.
Сағындық Ордабеков (Жамбыл облысы) – хирург, ғылым докторы, профессор. Оның бастамасымен туған ауылында фельдшерлік пункт салынды; 200 адамға арналған асхананың құрылысын қаржыландырды, мазарына апаратын жол салды, өзі оқыған Үшбас ауылындағы мектептің үздік оқушыларына жыл сайын 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындап келеді.
Еркін Пидахмет (Жетісу облысы) – Көксу ауданы Мұсабек ауылының тұрғыны. Ол 15 жыл бойы көшеттер отырғызып, қазіргі таңда нағыз паркке айналған орман алқабын қалыптастырды. Биыл 6 гектар жерге 15 мың көшет отырғызды. Ауыл тұрғыны өсірген орман аптап ыстық пен күшті желден қорғайды, болашақта ағаштардың бір бөлігі құрылыс материалы ретінде пайдаланылмақ.
Тұрарбек Тілемісов (Батыс Қазақстан облысы) – Орал қаласындағы ірі кәсіпорын басшысы. Өз қаражатына онкологиялық науқастарға арналған хоспис салып берді. Сел кезінде арнайы қор құрып, оған 50 млн теңге аударды, техника және құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Сел салдарынан зардап шеккен мүмкіндігі шектеулі жанның отбасына баспана сыйлады, туған ауылының тұрғындарына қаржылай көмек көрсетіп келеді.
Михаил Максимов (Қарағанды облысы) – құрылысшы, волонтер. Достарымен бірге әр апта сайын 350 адамға ыстық тамақ таратуды ұйымдастырып келеді. Бұл қайырымдылық шара «Берекелі жұма» деп аталады.
Берік Дәутбаев (Қызылорда облысы) – кардиохирург, 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Жыл сайын 170-тен астам күрделі операция жасап, ауыр дертке шалдыққан науқастардың өмірін сақтап қалуда.
Ғалымжан Әбдукаримов (Түркістан облысы) – № 1 ТЖД-нің бас маманы. Өрт кезінде Ғалымжан Әбдукаримов әріптестерімен бірге жанып жатқан үйдің екінші қабатынан 12 адамды, бірінші қабатынан 3 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Осындай жағдай Шоқтас ауылында да қайталанды – газ баллоны жарылып, өрт шыққан кезде сержант бір адамды өлімнен аман алып қалды.
Бекжан Үркінбаев (Шымкент) – № 9 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. 2024 жылғы 2 қазанда «Нұрсат‑2» шағынауданында тоғыз қабатты үйдің 6‑қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан 30 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.
2025 жылғы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы байқауының лауреттары:
1. Ескендір Зұлқарнай – «Егемен Қазақстан» газетінің аға тілшісі
2. Мұхтар Мырзалин – Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық «Шалқар» газетінің редакторы
3. Динара Мыңжасарқызы – «Nege.kz» порталының тілшісі
4. Асылбек Тойбеков – ҚР Президенті телерадио кешені, «Жібек жолы» телеарнасының тілшісі
5. Нұрболат Туысбайұлы – «Қаржылық сауат» телеграм-каналының авторы
6. Гаухар Әлдібекова – «Kursiv.media.kz» сайтындағы өлімнен кейінгі донорлық туралы фильм.
7. Юрий Беккер – «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі
8. Алла Бочкор – «Алсиб» құпия трассасы туралы зерттеу материалы. «Тайыншиские вести» газеті, Солтүстік Қазақстан облысы
9. Фарид Дандыбаев – «Костанайские новости» газетінің тілшісі. Қала өмірі туралы очерктер
10. Олег Зотов – «Qaz-auto» журналының бас редакторы. Очерктер топтамасы үшін. Тараз қаласы
11. Татьяна Ковалева – репрессияға ұшыраған әйел-дәрігер туралы деректі фильм. «Хабар» телеарнасы
12. Қажжан Сұрағанов – инженер-құрылысшы, 82 жаста. «Балуансакя волчица» және басқа әңгімелердің авторы.
Атырау облыстық Журналистер одағы филиалы тағайындаған Әбділдә Мұқашев атындағы сыйлыққа «Umarov-news» басылымының журналисі Талғат Умаров (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы)ие болды.
Фотожурналист Рахымбай Ханалинің атындағы сыйлық
hotooner.kz ақпараттық-білім беру сайтының фоторепортері Қуанышбек Қариге берілді.
Байқаудан тыс жұмыс ретінде:
Жұмабай Доспанов – «Қару мен қалам» атты кітабы үшін (майдангер-журналистер туралы очерктер).
Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық публицистика сыйлығы жазушы Ұлықбек Есдәулетке берілді.
2025 жылғы байқаудың әділ қазылар мүшелері:
Нұрмұханбет Дияров, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының жауапты хатшысы, Ақтөбе.
Шархан Қазығұл, жазушы-публицист, «Меценат.кз» тәуелсіз әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты, «КҮЛПЕТ» романының авторы, Астана.
Тұрсынбек Сұлтанбеков, Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің бас редакторы.
Нұрбол Оқуов, «ҚАЗАҚСТАН РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
Тоқтар Кенжеғалиев, «Приуралье» газетінің бас редакторы, Орал қаласы.
Татьяна Морозова, «Журналистика» кафедрасының уақытша меңгерушісі, аға оқытушы, магистр, М. Қозыбаев атындағы СҚУ, Петропавл қаласы.
Лейла Уразбаева, «Semey ainasy» ақпараттық агенттігінің жетекшісі, Семей қаласы.
Александра Сергазинова, «Тобол инфо» ақпараттық агенттігінің редакторы, «Наш Костанай» газеті директорының орынбасары.
Ирина Волкова, «Время» және «Литер» газеттерінің штаттан тыс тілшісі, Павлодар облысы.
ҚазТАГ
РЕДАКЦИЯДАН:
«Дат» («Общественная позиция») газеті редакциясының ұжымы да қолына қалам ұстаған үлкенді-кішілі барлық әріптестерін кәсіби мерекесімен қызу құттықтайды. Бәріңізге ұлттық сананы жаңғырту, елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту, Тәуелсіз мемлекетіміздің Туын жоғары ұстап, оның халықаралық қауымдастықтағы лайықты орнын табуы үшін адал да қажырлы еңбек етіп, аянбай күресетін отаншыл ұрпақ тәрбиелеу жолында толағай табыс тілейді. Қоғам тынысының тамырын ұстап отырған аса жауапты – саяси, әлеуметтік, рухани маңызы зор қызметте қаламдарың мұқалмасын! Халық та, билік те үнімізді әрқашан жақсы естіп, еліміз, халқымыз үшін пайдасы зор, тиімді шешімдер қабылдана берсін!