Четверг , 27 ноября 2025

Ет комбинаттары НЕГЕ БОС ТҰР?

ҚР премьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

​Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерінің терең өңдеу дең­гей­ін 70 пай­ы­зға жет­кі­зу бой­ын­ша нақты тап­сыр­ма бер­ген еді. Алай­да ауыз тол­ты­рып айта­тын нәти­же әлі де жоқ. Көбі қары­зға бел­ше­сі­нен батқан, талайы шикі­зат сатып ала­тын ақша таба алмай, қаңы­рап бос тұр.

Бүгін­гі депу­тат­тық сау­а­лым­да ет сала­сын тіл­ге тиек етіп, соның терең өңде­уі­мен айна­лы­су үшін құры­лған, бірақ қаңы­рап бос тұрған бір­не­ше меке­ме­лер­дің про­бле­ма­сын жет­кіз­гім келіп отыр.

Қазір­гі таң­да Ақтө­бе, Алма­ты және Ақмо­ла облы­ста­рын­да ет өні­мін толық өңдей ала­тын ет ком­би­нат­та­ры бар (жыл­дық қуат­ты­лы­ғы 2 мың тон­на­дан аса­тын зама­на­уи кәсі­по­рын­дар). Олар­дың тех­ни­ка­лық мүм­кін­ді­гі мен инфрақұры­лы­мы қой етін де, сиыр етін де экс­пор­тқа шыға­руға жарап тұр, халы­қа­ра­лық талап­тарға сай. Өздеріне қарас­ты мал бор­дақы­лау алаңы да, мал азы­ғын дай­ын­дай­тын жер­лері де бар.

Айта кету керек, «лен­та­сы қиы­лған­нан» бастап бұл меке­ме­лер шикі­зат тап­шы­лы­ғы­на душар бол­ды. Қары­зға батып, еңсесін көте­ре алмай қалды.

Өзіңіз білетін­дей, ауыл­дағы мал аула­да сой­ы­ла­ды! Бұған заң­мен шек­теу қой­ыл­са да, бұл талап орын­да­лып оты­рған жоқ. Етті көп рет­те жеке тұлға­лар сатып алып, база­рға таси­ды. Соны­мен қатар ет ком­би­нат­та­ры қосым­ша құн салы­ғын төле­у­ге мәж­бүр болған­ды­қтан, олар­дың шару­а­ларға ұсы­на­тын сатып алу баға­сы жеке тұлға­ларға қараған­да 12 пай­ы­зға төмен. Одан бөлек шека­ра бекет­терін­де дұрыс қадаға­лау болған жоқ. Мал­дың көбі оңды-сол­ды Өзбек­станға кетіп жат­ты. Аусыл ауруы да аяқтан шалға­ны белгілі.

Бай­қа­саңыз, бір­де талап орын­дал­май­ды, бір­де шека­ра­дағы олқы­лық, бір­де қосым­ша құн салы­ғы! Осы аталған себеп­тер­дің бар­лы­ғы кәсіп­кер­ге де, оның меке­мені басқа­ру сапа­сы­на да қаты­сты емес. Мұның бар­лы­ғы мем­ле­кет­тің қауқар­сызды­ғы­нан болып отыр. Енде­ше терең өңдеу сала­сы­ның үлесін, Пре­зи­ден­ті­міз тап­сы­рған­дай, 70 пай­ы­зға жет­кі­зу мүм­кін бол­май­ты­нын сіз­дер де, біз­дер де жақ­сы түсініп отырмыз.

Ком­би­нат­тар­дың қаңы­рап бос тұруы­на облыс әкім­дік­терінің бей­жай қарап оты­рға­ны аса алаң­да­та­ды. Меке­ме солар­дың тер­ри­то­ри­я­сын­да, мал өсіру­шілер де солар­да. Қары­зға бел­ше­сі­нен батқан ет ком­би­нат­та­рын қол­ты­қтап, демеп, олар­ды қаңы­рат­пай, тығы­ры­қтан шыға­ру жолын ізде­удің орны­на «жаңа ет ком­би­нат­та­рын сала­мыз» дей­тін­дері тіп­ті ашу­лан­ды­ра­ды. Ашық айтай­ын, жаңа объ­ек­тілер салын­са да, олар­дың бола­шағы бұлы­ңғыр. Себебі жоға­ры­да айты­лған жүй­елі про­бле­ма­лар шешіл­мей, жұмыс дұрысталмайды.

Не істе­мек керек?

Жау­ап біреу – ет сала­сын­дағы бар­лық ірі кәсі­по­рын­дарға, әсіре­се экс­порт­тық әле­уеті бар неме­се терең өңде­у­ге мүм­кін­ді­гі мол ком­би­нат­тарға қар­жы­лық сауы­қтан­ды­ру (финан­со­вое оздо­ров­ле­ние) жүр­гі­зу қажет. Бұл тап­сыр­ма­ны мини­стр­лік­тер де емес, ұлт­тық хол­динг­тер де емес, бірін­ші рет­те облыс әкім­дері орын­да­уы тиіс! Әкім­дер өздерін­де­гі әле­умет­тік кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­ларға жер­гілік­ті бюд­жет­тен қара­жат бөліп, банк­тер мен қар­жы ұйым­да­рын­да кепіл­дік­те тұрған ком­би­нат­тар­ды қай­та сатып алып, оларға айна­лы­мға қажет ақша­сын беріп, құтқа­руға міндетті.

Айна­лым қара­жа­ты­на ақша табу қиын бол­са, шару­а­лар­мен бір­ге кла­стер­лік жүйе құрып неме­се коопе­ра­тив­тер­ге сенім­ді басқа­руға беріп, экс­пор­тқа шығар­тып неме­се сол әле­умет­тік кәсіп­кер­лік пала­та­лар арқы­лы ет өні­мін сатып алу­дың жаңа схе­ма­сын енгі­зу қажет. Мұн­дай қадам үш тара­пқа да тиім­ді бола­ры хақ. Әкім­дер Пре­зи­дент қой­ған тап­сыр­ма­ны орын­дай­ды, шару­а­лар төрт түлі­гін тұрақты түр­де сатуға жол аша­ды, ал ет ком­би­нат­та­ры қай­та «тіріліп», экс­пор­тқа нақты жұмыс істейді.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты​​​ Анас БАҚҚОЖАЕВ 

Республиканский еженедельник онлайн