Пятница , 10 октября 2025

ЕТ НЕГЕҚЫМБАТ? Немесе билік ауысса, ет арзандай ма ?

Сол жаға­ла­удағы екі сиыр. Неме­се билік­ті ауы­стыр­сақ, ет баға­сы арзан­дай ма?

Бұл өте қызық сұрақ. Оған жау­ап алу үшін, сіз­ге осы жаз­ба­ны аяғы­на дей­ін оқып шығу керек. Қаза­қстан­да қан­ша мал бар? Осы­ны аны­қтап алай­ық. Бұл өте маңызды.

Қазір елі­міз­де 26 300 000 қой мен ешкі бар. 9 600 000 сиыр мен бұқа бар. 5 мил­ли­он жылқы бар. 320 мың түйе бар. 480 мың шошқа бар. 47 700 000 құс бар. Яғни, тауы­ғы, үйре­гі, қазы бәрін қосқан­да. Сон­да 20 мил­ли­он адам­быз десек, әр ада­мға 1,3 қой мен ешкі­ден, жар­ты сиыр­дан, ширек жылқы­дан, 2,3 жей­тін құстан келеді. Аз ба, көп пе – өздеріңіз шешіңіз­дер. Менің ойым­ша, бұл аз. Бірін­ші­ден, тез ара­да сиыр мен бұқа санын кемін­де 20 мил­ли­онға, ал жылқы санын 10 мил­ли­онға жет­кізу­ге тыры­су керек.

Жал­пы, біз­де­гі мал саны өсіп жатыр ма? Иә, биы­лғы жыл­дың басы­нан бері Қаза­қстан­да сиыр мен бұқа саны 23,4 пай­ы­зға, қой 7,8 пай­ы­зға, жылқы 12,2 пай­ы­зға, түйе 8,5 пай­ы­зға, құс 2,2 пай­ы­зға көбей­ген. Ал ешкі мен шошқа саны аза­ю­да. Бірақ бұл, менің ойым­ша, сұра­ны­сқа бай­ла­ны­сты сияқты. Демо­гра­фи­я­лық құры­лым өзгерістері, халал трен­ді шошқа етіне деген сұра­ны­сты азай­тқа­ны анық. Ал бір мас­са­лық түр­де ешкіні жеу қазақ халқы­ның гастро­но­ми­я­лық дәстүрін­де жоқ. 42 жыл өмір сүріп келе­мін. Қой­дың орны­на әдейі ешкі сатып алып, соны асып жеп жатқан бір­де-бір отба­сы­ны көрмеппін.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрілі­гің пай­ым­да­уын­ша, Қаза­қстан өзін толы­қтай сиыр және қой еті­мен қам­та­ма­сыз етіп отыр. Бірақ біз­ге Арген­ти­на­дан 800 мың тон­на жылқы еті импорт­та­ла­ды. Оны бел­гісіз себеп­тер­мен Аты­ра­удағы ТШО сатып алуда.

Бұдан бөлек, Қаза­қстан ет экс­пор­ты­ның көле­мін арт­ты­рып жібер­ген. 2024 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша сиыр етінің шетел­ге саты­лы­мы 1,4 есе­ге өсіп, 22 мың тон­наға, ал қой еті экс­пор­ты 2,2 есе­ге артып, 18 мың тон­наға жет­ті. Соны­мен қатар Қаза­қстан­да құны 29,3 мил­ли­ард тең­ге бола­тын австра­ли­я­лық тәжіри­бені енгізу­ге бағыт­талған 14 жоба жүзе­ге асы­ры­лу­да. Бұл жоба­лар жылы­на 50 мың тон­на ет экс­порт­та­уға және шама­мен 500 млрд тең­ге табыс алуға мүм­кін­дік береді. 2025 жылы Қаза­қстан Қытай­мен тоңа­зы­ты­лған сиыр еті, қой еті, шошқа еті, бал, балық, сүт өнім­дері, құс еті және басқа да тау­ар­лар­ды экс­порт­тау тура­лы хат­та­маға қол қой­ды. Сон­дай-ақ ел Гру­зия және Иран­мен вете­ри­на­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­тар бекіт­ті және Түр­кия, Ауған­стан, Пәкістан­мен ынты­мақ­та­сты­қты кеңей­тіп жатыр.

Үкі­мет нақты пози­ци­я­сын біл­діріп отыр. Ішкі нары­қта ет қым­бат­та­са да, Қаза­қстан ет экс­пор­тын тоқтат­пай­ды. Керісін­ше, дамы­та береді. Оны­сы бір жағы­нан түсінік­ті. Экс­порт­тық баға­лар арқы­лы біздің фер­мер­лер өздерінің қары­зда­рын, неси­е­лерін жабуға мүм­кін­дік ала­ды және енді ақы­рын­дап күшейе бастайды.

Ет қым­бат­шы­лы­ғы­ның себебі неде?

Қым­бат­шы­лық – кезін­де­гі назар­ба­ев­шыл­дық, яғни орас­ан жер­лер­ді ұстап оты­рған билік­ке жақын лати­фун­ди­стер жасап кет­кен про­бле­ма. Зардабы енді кел­ді. Лати­фун­ди­стер жер­дің бар­лы­ғын бөліп алды. Не өздері жұмыс істе­меді. Не жаңағы жер­ге елге мал баққы­зуға мүм­кін­дік бер­меді. Ауыл­да жай­ы­лым қал­дыр­ма­ды. Ал мал­ды қысы-жазы қора­да ұстау өте қым­бат. Дәл осы про­бле­ма 2005–2015 жыл­дар ара­лы­ғын­да қат­ты ушы­қты. Сол кез­де ама­лы тау­сы­лған шару­а­лар мал­дың бар­лы­ғын бауы­здап сата баста­ды. Еттің баға­сы түсіп кет­ті. Басқа амал қалмады.

Нақты ста­ти­сти­ка айтай­ын. 1990 жылы Қаза­қстан­да 9,7 мил­ли­он ірі қара, яғни сиыр мен бұқа болған. Қазір 9,6 мил­ли­он. Яғни, біз 30 жыл бойы жүріп-жүріп, біз­де 1990 жылы болған сиыр­лар­дың саны­на әлі жете алмай келе­міз. Себебі лати­фун­ди­стер құты­рған 2005–2015 жыл­дар ара­лы­ғын­да біз­де­гі ірі қара саны 6 мил­ли­онға дей­ін құл­ды­ра­ды. Халық мал жая­тын жер тап­пай, 3,7 мил­ли­он сиыр мен бұқа­ны сой­ып тастаған. Біз­де­гі қазір­гі қым­бат­шы­лы­қтың ең негіз­гі себебі – Назар­ба­ев режи­мі туғы­зған осы клан­дық монополия.

2015 жыл­да­ры сиыр 9,7 мил­ли­он­нан 6 мил­ли­онға кемі­се, жылқы 2 мил­ли­он ғана, қой 18 мил­ли­он бас қана болған. Біз негізі мал саны­ның жақ­сы өсуін тек соңғы 5 жыл­да ғана тір­кеп отыр­мыз. Соңғы 3 жыл­да ғана пай­да­лан­бай жатқан жер­лер­ді Жаңа Қаза­қстан тар­тып алып, нақты шару­а­ларға беріп жатыр. Егер лати­фун­ди­стер осы­лай лаң сал­маған­да, Қаза­қтан­да кемі 20 мил­ли­он ірі қара, 50 мил­ли­он қой, 10 мил­ли­он жылқы болар еді. Жеке өзім еттің қым­бат­тау себебін осы деп біле­мін. Мал саны­ның азды­ғы етке деген дефи­цит­ті және баға өсуін туды­ра­ты­нын эко­но­мист қана емес, кез кел­ген так­сист айтып бере алады.

Бірақ мен 1 кило­грамм еттің өзін­дік құнын есеп­теп бере ала­мын. Ол үшін сұра­ны­сқа ие және база­лық болып табы­ла­тын сиыр етін алай­ық. 2025 жыл­дың қыр­күй­ек айы бой­ын­ша Қаза­қстан­да 1 келі сиыр етін өндірудің толық өзін­дік құны 2800–3100 тең­ге ара­лы­ғын­да шыға­ды. Оның ішіне біз өсі­ру, күтіп-бағу, сою және алға­шқы өңдеу шығын­да­рын қоса алдық.

Тірі сал­мағы 300 келі бола­тын бұқа­ның 60 пай­ы­зы ғана товар­лық етке айна­ла­ды. Яғни, 300 кило­грам­дық бұқа­дан 180 келі ғана сатуға арналған ет шыға­ды деген сөз. Енді осы 180 келілік еттің өзін­дік құны­на қан­дай бап­тар кіреді? Негіз­гі бап­тар: жем-шөп және құра­ма­жем, вете­ри­на­рия мен дәрі-дәр­мек, энер­гия шығын­да­ры (электр, жанар­май, газ), ком­му­нал­дық қыз­мет­тер, еңбе­кақы, тасы­мал және логи­сти­ка, амор­ти­за­ция және жөн­деу шығын­да­ры, салы­қтар мен басқа опе­ра­ци­я­лық шығындар.

Бір келі еттің ең арзан өзін­дік құны 2800 тең­ге деп алсақ, соның 65 пай­ы­зы, яғни 2000 тең­гесі жем-шөп­ке кете­ді. Еңбе­кақы­ға 225 тең­ге, электр энер­ги­я­сы мен жанар­май­ға 180 тең­ге, вете­ри­на­ри­яға 85 тең­ге, мате­ри­ал­дарға 55, ком­му­нал­ды қыз­мет­ке 55, логи­сти­каға 85 тең­ге, қалған шығын­дарға 115 тең­ге кетеді.

2800 тең­ге деген бір келі еттің өзін­дік құны бол­са, енді бұған жаңағы фер­мер­дің табысын қосу керек қой. Фер­мер тегін, табыс­сыз жұмыс істей алмай­ды ғой. Оның бала-шаға­сы бар, кре­ди­ті бар, ішетін тамағы бар, шығын­да­ры бар. Сон­ды­қтан ол әр келі­ге кемін­де 500 тең­ге қосуы тиіс. Сон­да бұқа­ның 180 келі еті­нен 90 мың тең­ге ғана пай­да қала­ды. Бұқа өсіп, 300 келі­ге жет­кен­ше 1 жыл керек. Сон­да әр бұқа бір жыл күт­кен­де ғана фер­мер­ге 90 мың тең­ге табыс түсір­мек. Ол айы­на 7500 тең­ге ғана.

2800 тең­ге өзін­дік құны­на фер­мер­дің 500 тең­ге кірісін қос­сақ, бір келі ет 3300 тең­ге бола­ды. Енді осы жер­де дел­дал, посред­ник пай­да бола­ды. Ол фер­мер­ден оптом сата­тын база­рға жет­кі­зеді. Оған дел­дал 500 тең­ге қоса­ды. Солай баға 3800 тең­ге­ге жете­ді. Енді оған сол етті бөл­шек­теп шауып, халы­ққа сөре­де сата­тын база­рдағы сату­шы өз баға­сын қоса­ды. Оны да 500 тең­ге дей­ік. Сон­да бір еттің келісі кемін­де 4300 тең­ге­ге жетеді.

Енді фер­мер былай айтып отыр: менің жаңағы әр келі еттен таба­тын 500 тең­ге пай­дам маған аз. Сон­ды­қтан мен ішкі нары­ққа 3300 тең­ге­ден сатқан­ша, экс­пор­тқа 4800 тең­ге­ден сатып көрей­ін деп отыр. Бұл рет­те фер­мер әр келі­ден 2000 мың тең­ге пай­да таба ала­ды. Сон­да әр бұқа оған 1 жыл­да 360 мың тең­ге таза табыс әке­леді. Ал 100 бұқа – 36 мил­ли­он. Айы­на 3 мил­ли­он тең­ге. Бұл анағұр­лым қызық және өсу­ге, дамуға моти­ва­ция береді. Қазір Қаза­қстан­дағы фер­мер­лер­дің бар­лы­ғы өз еттерін сыр­тқа, экс­пор­тқа сатуға мүд­делі болып отыр. Сіз де фер­мер бол­саңыз, тура солай ойлар едіңіз.

Өздеріңіз көріп оты­рған­дай, әр келі еттің 2000 мың тең­гесі жем-шөп­ке кете­ді. Сон­ды­қтан біз­ге осы мәсе­лені қалай арзан­да­туға бола­ды деген­ді жаңа тех­но­ло­ги­я­лар тура­сы­нан ойла­сты­ру керек. Агро­на­но­тех­но­ло­ги­я­лар­дың дәуіріне аяқ бас­па­сақ, арзан ет тура­лы ұмы­та беруі­міз керек. Бұл жер­де НДС-тің ешқан­дай әсері жоқ екенін көріп отыр­сыздар. Етке НДС жүр­мей­ді. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жап­пай қосым­ша құн салы­ғы­нан боса­ты­лған және тіп­ті жаңа жыл­дан кей­ін оларға табыс салы­ғы бой­ын­ша жеңіл­дік­тер пай­да болады.

Ет баға­сын арзан­да­ту үшін біз билік­пен емес, жем-шөп­пен айна­лы­суы­мыз керек. Жем-шөп база­сын тол­ты­рып тас­та­сақ, жем-шөп­ті кез кел­ген фер­маға дрон­мен жет­кі­зетін арзан тех­но­ло­гия ойлап табу, там­шы­лап суа­ру, гид­ро­по­ни­ка, басқа да тех­но­ло­ги­я­лар­мен айна­лы­су – міне, біздің кон­струк­тив­ті жұмысы­мыз осын­дай болу керек.

Айбар ОЛЖАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн