Суббота , 5 июля 2025

Жазықсыз Тайжан НЕГЕ ҰСТАЛДЫ?

«Қараған­ды оқиға­сы» ел ішін­де біраз толқу туды­ру­да. Жер­гілік­ті билік пен құқық қорғау орган­да­ры да бұл толқу­дың өршіп кет­пе­уіне күш салу­да. Сон­дай әсі­ре сақты­қтың бір дәлелі – қоғам бел­сен­ділерін талқы жиы­нға шақы­рған таны­мал ұлт­жан­ды қай­рат­кер Мұх­тар Тай­жан­ды поли­ция ұстап алып кет­ті. Бұл оқиға­ның мән-жайы қалай болған еді?

Мұх­тар Тай­жан қаңтар­дың 8‑і күні осы оқиғаға қаты­сты кез­де­су өтетіні тура­лы Facebook желісі арқы­лы хабар­лап, ел аза­мат­та­рын, қоғам бел­сен­ділерін ой-пікір бөлі­су­ге шақы­рған еді. «Мало­вод­ный, Шең­гел­ді, Шым­кент­те дәл сон­дай қай­ғы, ауыр оқиға­лар болға­ны бәрі­міздің есі­міз­де, – деп жазған еді Мұх­тар өз парақ­ша­сын­да. – Бұн­дай оқиға­лар қай­та­лан­бас үшін бүгін­гі таң­да не істе­уі­міз керек? Қолы­мы­здан біраз нәр­се­лер келеді, себебі бұл елдің иесі – біз, жау­ап­кер­шілік біздің мой­ны­мы­зда. Бала­ларға қан­дай ел қал­ды­рып кете­міз? Олар да бұл про­бле­ма­лар­мен өмір сүру­лері керек пе?.. 

Баба­ла­ры­мыз ұлт­тық жағ­дай пай­да болған­да, жеке өза­ра рені­ш­терін қой­ып, бір­ге жина­лып, ақыл­да­са­тын. Біз де сөй­тей­ік! Менің ұсы­ны­сым – әр қала­да ұлт­шыл­дар жина­лып, ақыл­дас­сын. Басқа­ларға да, билік­ке де қаза­қтың ынты­мағын көр­се­тей­ік!.. Бар­шаңы­зға есік ашық, жур­на­ли­стер, орган адам­да­ры да, келіңіз­дер, тың­даңы­здар, айна­лып кел­ген­де, сен­дер де қазақ бала­сысы­ң­дар».
Осын­дай мәмілелі әңгі­ме­ге шақы­рған сөз­де қан­дай қауіп бар еді? Мұх­тар халы­қты қар­сы­лық көр­се­ту­ге шақы­рып па еді? Жоқ!
Бірақ осы хабар желі­де тараған­нан кей­ін-ақ, іле-шала Мұх­тар Тай­жан­ды поли­ция қыз­мет­кер­лері есі­гінің алды­нан ұстап, қала­лық ішкі істер депар­та­мен­тіне алып кет­кен еді. 

Ескер­те кететін бір жәйт – поли­ци­яға дей­ін Мұх­тар мыр­за­ға про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері келіп, кез­де­судің мән-маз­мұ­ны жөнін­де сая­сат­кер­мен әңгі­ме­ле­с­кен екен. Бұл жөнін­де Мұх­тар­дың өзі «про­ку­рор­лар­дың келуі кез­де­су өткізу­ге кедер­гі бол­май­ды» деп, Facebook арқы­лы хабар таратқан-ды. 

Алай­да олай бол­ма­ды: қоғам бел­сен­дісі Алма­ты­дағы «Аста­на» қонақ үйін­де­гі кез­де­су­ге бару­дың орны­на, поли­цай­лар­дың табан­ды тала­бы­мен қала­лық ішкі істер депар­та­мен­ті­нен бір-ақ шықты. Артын­ша «Аста­на» қонақ үйінің әкім­шілі­гі жиын өткізу­ге орын беру­ден бас тарт­ты. Әрине, әкім­шілік­тің бұл әре­кетіне про­ку­ра­ту­ра­ның тый­ым салуы әсер еткені айдан анық еді. Осы­лай­ша ұлт тағ­ды­ры­на қаты­сты мәсе­лені талқы­ла­мақ болған бел­сен­ділер жиы­ны өтпей қалды. 

Мұх­тар мыр­за­ның өз аузы­мен айтуы­нан бел­гілі болған­дай, кез­де­су өткізу­ге келе жатқан Тай­жан­ды Алма­ты қала­лық ішкі істер депар­та­мен­тінің қыз­мет­кер­лері алып кетіп, 4 сағат бойы ұстаған. Поли­ция мен сая­сат­кер­дің ара­сын­дағы «әңгі­ме» келесі күні – қаңтар­дың 9‑ында қай­та­дан жалғасқан екен. Депар­та­мент­тен шыққан кей­ін, Мұх­тар Тай­жан желі­де­гі тіке­лей эфир­де мына­дай мәлім­де­ме жасады:

«ДВД»-дан шықтым, түр­лі сұрақтар қой­ыл­ды, жау­ап бер­дім. Бүгін­гі таң­да ешқан­дай про­бле­ма­ны көріп тұрған жоқ­пын. Өз ұста­ны­мым­нан бас тар­тқан емес­пін, бас тарт­пай­мын да! Желі­де жазы­лған жаз­ба­ла­рым­ның бар­лы­ғы өзім­дікі, өзім жазған­мын. Жау­ап керек бол­са, бере ала­мын, өйт­кені бір­не­ше жыл­дан бері елде­гі өзек­ті мәсе­лені айтып келе­міз. Рас, Қаза­қстан­да мем­ле­кет құру­шы ұлт бар, ол –қаза­қтар. Бұл мәсе­лені айтып оты­рған себебім басқа ұлт­тарға жасалған шабуыл емес, басқа ұлт­тар­ды жек көру, заң жағы­нан ерекше­ле­ну деген түсінік бол­мауы тиіс. Бірақ мораль­дық тұрғы­да ғасыр­лар бойы осы елде қазақ ұлты­нан басқа ешкім тұрған жоқ, жерін басқа ешкім қорғаған жоқ. Басқа елдер­де де, Еуро­па мен Ази­яда да мем­ле­кет құру­шы ұлт бар, ол – табиғи құбы­лыс. Мем­ле­кет құру­шы ұлт тек қана Аме­ри­ка­да жоқ. 

Күні кеше ғана «Нұр Отан­ның» бас­шы­сы Мәу­лен Әшім­ба­ев өте орын­ды пост жаз­ды. Ол да мой­ын­дап отыр. Менің жос­па­рым –Аста­наға жол жүрем. Ертең, аман­дық бол­са, идео­ло­гия мәсе­лесі­мен айна­лы­са­тын жау­ап­ты адам­дар­мен кез­десіп, келіс­сөз жүр­гі­зем. Бүгін­гі идео­ло­ги­я­ны ауы­сты­руы­мыз, өзгер­ту­мі­міз керек. Сон­да бола­шақта осын­дай қан­ды оқиға­лар бол­май­ды. Үмітім үлкен, идео­ло­ги­я­мен айна­лы­са­тын­дар келіс­сөз­ге бара­ды деп сене­мін, бәрі­міз бірі­гіп, жаңа зама­на­уи идео­ло­ги­я­ны жаза­мыз. Бүгін­гі идео­ло­гия 27 жыл бұрын, қазақ ұлты­ның саны 38 пай­ыз болған кез­де тиім­ді болған шығар. Одан бері демо­гра­фия өзгер­ді, Қаза­қстан­ның өзі де өзгер­ді, біз­ге заманға сай, жаңа идео­ло­гия керек деп санай­мын. Атса­лы­суға дай­ы­н­мын, аста­на­лы­қтар осы қада­мға бара­ды деп санай­мын. Маған қол­дау көр­сет­кен бар­шаңы­зға рахмет!».

Міне, «Қараған­ды оқиға­сы­нан» кей­ін, ұлт тақы­ры­бы­мен «өз қотыр­ла­рын өздері қасы­мақ» болған аза­мат­тар­дың бей­күнә ынта­сы­на осын­дай тосқа­уыл қой­ыл­ды. Сон­да қазақ халқы­ның ұлт­тық мәсе­лесін аста­на­лық билік жеке-дара, Ақор­да­ның аясын­да ғана шешуді көз­деп отыр ма?

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн