Пятница , 4 июля 2025

Жанболат балама ҚОЛ ЖИНАЙМЫН!

Елде әне-міне демо­кра­тия орнай­ды деп жүр­гені­міз­де 75-ке де келіп қалып­пыз. Қаза­қстан­ды демо­кра­ти­я­ның елесі кез­ген­мен, өзінің орнай­тын түрі жоқ. Бір төбенің басын шыр айна­лып, халы­қтың мұңын жоқтай­тын про­ле­та­ри­ат дик­та­ту­ра­сы­ның орны­на ата­уы «нұр»-мен баста­ла­тын дик­та­ту­ра­ны орна­ты­сқа­ны­мы­зды біл­мей де қал­дық. Енді келіп, бәрі­міз де сол нұр шашы­раған «сәу­ле­лер­ге» бай­ла­нып, тыпыр ету­ге әлі­міз кел­мей қалды.

Деген­мен де, қараңғы­лы­қтан жарық іздеп, баста­рын қатер­ге тік­кен демо­крат аза­мат­та­ры­мыз да бар. Соның бірі, әрі жас бол­са да ірісі – Жан­бо­лат бала­мыз /Мамай/ деп есеп­тей­мін. Оның демо­кра­ти­я­лық пар­тия құра­мын деп, жанын шүпе­рекке түй­іп жүр­генінің өзі неге тұрады?!

Бұл аза­мат­ты сонау «бала» кезі­нен бай­қап жүр­міз. Алған беті­нен айны­ған күнін көр­ген жоқ­пыз. Енді­гі үміт – дәл осы Жан­бо­лат­та және оның айна­ла­сын­да жиналған пат­ри­от аза­мат­тар­да. Қол­дан кел­се, оған жәр­дем беріп, түй­ме­дей кем­шілі­гін түй­е­дей етіп көр­се­те бер­мей, жолын ашуға қол ұшын созуы­мыз керек.

Айта бер­сең сөз көп. Тұяғы бүтін тұл­пар­ды, қана­ты бүтін сұңқар­ды көр­ген­деріңіз бар ма? Мен көр­медім. Әйте­уір біл­гіш­сініп, сыз­бай­ланған­нан, көкірек қаққан­нан ешнәр­се шық­пай­ды. «Бапи жаман», «Қуа­ныш жаман», «Мамай жаман» – сон­да кім жақ­сы?! Осы­лай­ша және тағы 30 жыл бір-бірі­мізді жаман­дап, бір-бірі­мізді жаға­дан алып, сын айтып, мін тағып, жүре бере­міз бе?

Енді міне босқа сан­дал­май, нақты іске кірі­сетін сәт кел­ді. Жан­бо­лат аша­тын пар­тия сіз­ге ұна­май­ды ма, онда басқа­сы­на өтіп ал. Бірақ жөні түзу басқа пар­тия және жоқ. Мәсе­ле – алды­мен «нұр­ланған» дик­та­ту­ра­ны құла­ту­да болып тұр.

«Нұро­тан­ды­қтар» 30 жыл­да бір ғасыр­дың жолын жүріп өттік деп жүр-ау. «Елу жыл­да – ел жаңа» деген бар. Енді орын­да­рын өз ерік­тері­мен демо­крат­тарға боса­та­тын уақыт жетті.

Қай­сы бір жылы Мұх­тар Шаха­нов елге келіп, «Халық рухы» пар­ти­я­сын құра­мын деген­де, айнал­ды­рған жеті күн­де 700 қол жинап бер­ген­біз. Енді біз Мамай­дың пар­ти­я­сы­на да жет­кілік­ті қол жинай­мыз, оның баста­уыш ұйы­мын құрамыз.

Өзі­ме кел­сем, 1964 жылы Таш­кент­те қазақ жастар ұйы­мын құруға атса­лы­сып, тәжіри­бе жинаға­ным бар. М.Горбачевтің тұсын­да көп­тің қол­да­уы­мен «І‑хатшы» болып кете жаздағанмын.

30 жыл­дан бері түк тын­дыр­ма­са да, өре түре­геліп, сай­ла­у­лар­ды бұр­ма­лап, қара халы­қты тұй­ы­ққа тіреп жүр­ген­дер­ден той­ған қазы­ғұрт­тық аза­мат­тар аз емес. Сол жер­ле­стерім­нің көме­гі­мен Жан­бо­лат­тың рухын, оның сая­си мәр­те­бесін көте­рей­ік! Ол пре­зи­дент, ски­пер, әкім, министр бола­мын деп жүр­ген жоқ. Елді өзгер­тей­ік деп жүр. Соны түсінейік!

Тастан­бек БЕРДІҚҰЛ,

Қазы­ғұрт ауданының

Құр­мет­ті азаматы.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн