Четверг , 3 июля 2025

Жанболат МАМАЙ: Тоқаев – қой терісін жамылған АВТОКРАТ БОЛЫП ШЫҚТЫ

Ақпан­ның 28-інде Қаза­қстан­ның бір­не­ше қала­сын­да билік­ке қар­сы бей­біт митин­глер өткені мәлім. Билік режи­міне қар­сы Алма­ты­да өткен сол акция он сағат­тан астам дра­маға ұла­сты: қала­ның күш қол­да­ну­шы арнайы жасақтар құра­ма­сы Жан­бо­лат Мамай бастаған демо­крат­тар тобын тағы да кетт­линг­ке қама­ды. Қала­ның қақ орта­сын­да интер­нет желісі толық бұғат­тал­ды. Балу­ан Шолақ атын­дағы Спорт сарай­ы­ның маңы­на тірі жан­ды жақын­дат­па­ды. «Спец­наз» әскерінің қор­ша­уын­да ас-сусыз тап­жыл­май тұрған жастар тобы­ның жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай біздің газет­ке «қор­ша­удағы» митинг­тің мән-жай­ын және сей­сен­бі күні аста­на­да АҚШ елшілі­гі мен Еуро­па одағы өкіл­ді­гінің дипло­мат­та­ры­мен өткен кез­де­су төңіре­гін­де айтып берді.

– Жан­бо­лат, өткен жек­сен­бі күн­ге Дем­пар­тия бел­гіле­ген нара­зы­лық мар­шы тағы да поли­ци­я­ның арна­у­лы жасағы­ның қор­ша­уы­на (кетт­линг) тап бол­ды, Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка алаңын­да өтуі тиіс болған митинг­тің жолы кесіл­ді. Сол митин­гі­де айтыл­мақ болған тақы­рып­тар­дың қысқа­ша нұсқа­сын баян­дап берсеңіз.

– Иә, бұл күні біз Балу­ан Шолақ атын­дағы Спорт сарай­ы­нан Рес­пуб­ли­ка алаңы­на дей­ін шеру­ге шыға­мыз деп жари­я­лаған едік. «Жер шетел­дік­тер­ге жалға беріл­ме­уі тиіс!», «Еуро­пар­ла­мент қара­ры­ның талап­та­ры орын­дал­сын!» және «Неси­елік амни­стия мен әрбір көп бала­лы отба­сы­на лай­ы­қты бас­па­на беріл­сін!», яғни елде сая­си рефор­ма­лар баста­луы керек деген талап­пен митинг өткі­зуді жос­пар­ла­дық. Митин­гі­ден бір күн бұрын жер мәсе­лесіне қаты­сты жасалған Тоқа­ев­тың үнде­уі біздің көңілі­міз­ден шыққан жоқ. Себебі оның «ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның жер­лері шетел­дік­тер­ге жалға беріл­мей­ді» деген сөзін­де күмән бар еді. Мәсе­лен, басқа бағыт­та қол­да­ны­ла­тын жері­міздің тағ­ды­ры не бол­мақ? Сон­ды­қтан тек қана ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның жер­лері емес, жал­пы қаза­қтың жері шетел­дік­тер­ге сатыл­ма­сын, жалға беріл­месін деген талап қой­мақ бодық.

Ал Еуро­пар­ла­мент­тің Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры­на қаты­сты қара­рын жақ­сы білесіз­дер. Онда Еуро­одақ депу­тат­та­ры Қаза­қстан­дағы адам құқы­ғы мәсе­лесін қатаң сынап, соған жау­ап­ты шен­ділер­ге қар­сы санк­ция салу қажет­ті­гін баса айт­ты. Біз бұл талап­ты толық қол­дай­мыз. Адам құқы­ғын тіке­лей аяқа­сты етіп жүр­ген шене­унік­тер­ге санк­ция салы­нуы тиіс. Олар­дың тізі­мін қазір біз дай­ын­дап жатыр­мыз. Міне, осы мәсе­ле­лер­ді көтеріп, өткен жек­сен­бі­де алаңға шықтық. Бірақ оның нәти­же­сі назар­ба­ев­тық-тоқа­ев­тық кетт­линг болды.

– Иә, сағат­тап қор­ша­уда тұру­дың тиім­ділі­гі бол­ма­сы анық. Сон­ды­қтан билік­тің күш көр­се­ту­ші құры­лым­да­ры машы­қта­нып алған «кетт­линг» тәжіри­бесіне қар­сы қан­дай қоғам­дық әре­кет жаса­уға бола­ды деп ойлайсыз?

– «Кетт­линг» деген азапты тоқта­ту­дың бір ғана жолы бар. Ол – халы­қтың жап­пай алаңға шығуы. Жүз шақты адам­ды мың­даған арнайы жасақ оп-оңай бөліп-жарып, қор­шап ала­ты­ны анық. Бұл билік оған әбден дағ­ды­ла­нып, үйреніп алған. 28 ақпан күні де негіз­гі топ­тан бізді бөліп, 30-дан астам адам­ды қор­шап алды. Ал мың­даған адам алаңға шық­са, оны қалай қор­шай­ды? Қауқа­ры жет­пес еді.

Сон­ды­қтан халы­қ­пен жұмысты күшей­туі­міз керек. Үгіт-наси­хат­ты, ағар­ту­шы­лық бағыт­тағы ісі­мізді жалға­сты­ра­мыз. Біз көтер­ген және жал­пы Қаза­қстан халқын маза­лаған талап­тар орын­да­луы үшін, халық бір­не­ше он мың­дап алаңға шығуы керек. Егер жап­пай шық­сақ, талап та орын­да­ла­ды, «кетт­линг» те бол­май­ды. Ондай қор­ша­уда халық емес, билік тұрар еді сон­да. Әзір­ше ондай жағ­дай­ға жете алмай тұр­мыз. Бірақ поли­ция бізді қан­ша қор­шап, қинап, азапта­мақ бол­са да, бұл біздің сағы­мы­зды сын­ды­рған жоқ. Митинг­ке, шеру­ге шығу­ды бұдан былай да жалғастырамыз.

– Айт­пақ­шы, сей­сен­бі күні сіз бастаған бір топ оппо­зи­ция өкілін аста­на­да бедел­ді шетел­дік елшілік­тер қабыл­да­ды. Сол кез­де­су­де кетт­линг құр­са­уын­да өткен митинг мәсе­лесі сөз бол­ды ма?

– Сұрағы­ңыз өте орын­ды. Режим­нің аза­мат­тық қоғам өкіл­деріне қар­сы басбұ­зар­лық әре­кетін әшке­ре­ле­удің бір­ден-бір жолы – халы­қа­ра­лық ұйым­дар­мен тығыз жұмыс істеу және ақпа­рат құрал­да­рын­да қалып­тасқан жағ­да­ят­тың ақиқа­тын айту. Сон­ды­қтан біз өткен сей­сен­бі күні аста­наға барып, АҚШ пен Еуро­одақ елшілік­терін­де кез­де­су өткіздік. Еуро­па одағы­ның Қаза­қстан­дағы Елшісі біз­бен онлайн бай­ла­ныс арқы­лы (қазір ауы­рып жатқа­ны­на бай­ла­ны­сты) сөй­ле­сті. 28 ақпан күні болған билік­тің заң­сыз әре­кет­тері тура­лы егжей-тег­жей­лі баяндадық.

Соны­мен бір­ге Қаза­қстан­дағы сая­си жағ­дай­ды, Назар­ба­ев пен Тоқа­ев билі­гінің іс-әре­кеті және басқа да өзек­ті мәсе­ле­лер­ді талқы­ла­дық. Әсіре­се біздің ерекше тоқталға­ны­мыз – Қаза­қстан­да адам құқы­ғын бұзып жүр­ген шен­ділер­ге санк­ция салу мәсе­лесі бол­ды. Менің­ше, мұн­дай адам­дар­дың екі тізі­мі болуы тиіс. Бірін­шісі – қыл­мыстық бұй­ры­қты орын­дап жүр­ген шен­ділер мен жан­дай­шап қыз­мет­кер­лер. Яғни, сот­тар, про­ку­рор­лар, тер­ге­ушілер және басқа да шен­ділер. Ал екін­шісі – сол бұй­ры­қты беріп, билік­тің ұшар басын­да оты­рған­дар. Есте бол­са, әйгілі Қарар­ды талқы­лау кезін­де Еуро­па пар­ла­мен­тінің вице-пре­зи­ден­ті Тоқа­ев­тың өзін санк­ция тізі­міне енгі­зу керек деген­ді айт­ты. Бірақ ол жүзе­ге аса ма, аспай ма – оны уақыт көр­се­те­ді. Ресей мен Бела­русь сияқты елдер­дің тәжіри­бесіне қараған­да, санк­ци­я­ны ел бас­шы­ла­ры­на емес, дәл осы орын­да­у­шы­ларға салы­ну­да. Тіп­ті біз­де де солай болған­ның өзін­де, санк­ци­я­ның нәти­же­сі болар еді. Осы­ның өзі жоғарғы билік­ке біл­діріл­ген сестің бел­гісі бола­ры анық.

– Билік­тің сая­си тех­но­лог­та­ры жал­да­ма­лы бло­гер­лер мен «нұр­бот­тар­дың» көме­гі­мен әле­умет­тік желі­де «Мамай – билік­тің жоба­сы» деген дал­ба­са даб­ы­раға қан­дай жау­ап берер едіңіз?

– Менің­ше, сәл де бол­са ойла­на ала­тын адам бұл дал­ба­са қаңқуға сен­бей­тіні анық. 28 ақпан күн­гі жағ­дай­ды өз көз­деріңіз­бен көр­діңіз­дер. Абай көше­сі – Алма­ты­дағы орта­лық, авто­көлік те, жаяу жүр­гін­шілер де көп жүретін жер. Соны билік түгел­дей жауып таста­ды. Мет­ро стан­са­сы­ның жұмысын тоқтат­ты. Жүз­де­ген арнайы жасақты үйіп-төк­ті. Интер­нет­ті бұғат­та­ды. Әкім­дік­тің жал­да­ма­лы аран­да­ту­шы­ла­рын әкеліп, біз­ге қар­сы шабуыл­дар жаса­ды. Егер «билік­тің жоба­сы» бол­сақ, күштік құры­лым­дар осын­дай бас­сыз әре­кет­ке барар ма еді? «Бақы­ла­уда» бол­сақ, мұн­ша­ма әуре-сар­саңға түсер ме едік?

Сол күні Алма­ты қала­сы­ның бас­шы­лы­ғы түгел­дей сол алаң­да жүр­ді. Неге? Себебі – олар­дың үрейі ұшты. Әйт­пе­се қала­ның орта­лық көше­сін жауып, елді осын­ша дүр­лік­тір­мес еді.

Айт­пақ­шы, билік­тің аран­да­ту­шы­ла­ры «Мамай­ды поли­ция ұста­ма­ды» дей­ді. Менің­ше, 11 сағатқа жуық қару­лы, мұз қор­ша­уда тұрған­нан, поли­ция бөлі­мін­де оты­рған әлдеқай­да жай­лы. Себебі ғима­рат ішін­де оты­рас­ыз, әрі поли­ция сізді 3 сағат­тан артық ұстай алмай­ды. Ал дала­да ас-сусыз, тоңып тұру оңай емес, әрі ден­са­улы­ққа да зиян. Бұл – билік­тің соңғы кез­де ойлап тапқан арнайы ама­лы. Бір жағы­нан, «ешкім­ді ұстаған жоқ­пыз» дей­ді, екін­ші жағы­нан, бел­сен­ді аза­мат­тар­ды осы­лай азаптап, жігерін жасы­тқы­сы келеді. Бұл бос тір­лік, біз, керісін­ше, осын­дай текетіре­сте қай­рат­та­на түсеміз!

– Айт­пақ­шы, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Ұлт­тық сенім кеңесін­де қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру тура­сын­да айтқан баста­ма­ла­ры мен демо­крат­тар­дың кетт­линг­ке қама­луы тұс­па-тұс кел­ді ғой…

– Тоқа­ев­тың ол баста­ма­ла­ры кері кет­кен­дік екенін соңғы митинг көр­сетіп бер­ді: нара­зы­лы­ққа шыққан аза­мат­тар­ды қорқы­ту-үркіту, қамау, кетт­линг жасау – ешқан­дай оңды баста­ма бол­ма­ды. Оның пре­зи­дент болға­ны­на науры­здың 20 күні 2 жыл тола­ды. Бұл аз уақыт емес. Осы екі жыл­дың ішін­де Тоқа­ев­тың халы­ққа бер­ген ешқан­дай уәдесі орын­дал­ма­ды. Қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру бағы­тын­да алға бас­пақ түгілі, кері кетіп бара­мыз. Мыса­лы, аста­на­да поли­ция түр­месін­де бел­сен­ді Дулат Аға­діл қаза бол­ды. Ол кез­де кім пре­зи­дент бол­ды? Тоқа­ев. Одан кей­ін жұм­бақ жағ­дай­да Дулат­тың ұлы Жан­бо­лат Аға­діл көз жұм­ды. Мұның да сыры ашыл­ма­ды. Ондаған бел­сен­ді түр­ме­ге қамал­ды. Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның құры­л­тай­ын өткіз­бек болған­да, біз­ге қар­сы репрес­сив­ті күшті қол­дан­ды. Бір­де-бір оппо­зи­ци­я­лық пар­тия тір­кел­ген жоқ.

Сарап­тап қара­сақ, Тоқа­ев­тың айтқан бір сөзі жүзе­ге аспап­ты. Екі жыл өтті, енді ол Назар­ба­ев­тың таса­сы­на тығы­лып оты­ра алмай­ды. Елде болып жатқан репрес­си­я­ларға, қуда­ла­у­ға тіке­лей жау­ап­ты адам – Тоқа­ев. Мұны біз ашық айта­мыз. Менің­ше, Тоқа­ев­тың өзі де қой терісін жамы­лған авто­крат болып отыр. Оған да демо­кра­ти­я­лық өзгерістер­дің қажеті шама­лы. Себебі сая­си рефор­ма­лар жүзе­ге асса, Тоқа­ев­тың өзі де билік­тен кету­ге мәж­бүр бола­рын түсі­неді. Ашық, әділет­ті сай­ла­уда оның өзі де, пар­ти­я­сы да тас-талқан болып жеңіледі. Оны Тоқа­ев жақ­сы біліп отыр. Сон­ды­қтан құр сөз­бен уәде береді де, іске кел­ген­де бәрі керісін­ше болуда.

– Ал Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге алу мақ­са­тын­да қан­дай жаңа жұмыстар жасалуда?

– Еуро­де­пу­тат­тар Қаза­қстан бой­ын­ша қара­рын­да Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның мәсе­лесін де қозғап, оны тір­ке­мей жатқа­нын атаған бола­тын. Кеше аста­наға барға­ны­мы­зда да, шетел­дік дипло­мат­тар пар­ти­я­ны тір­кеу мәсе­лесін қадаға­лай­ты­нын айтты.

Қазір­гі билік пар­ти­я­ны қай жағ­дай­да тір­кей­ді? Халы­қа­ра­лық қысым бол­са, әрі елдің ішін­де нара­зы­лы­қтар туын­да­са. Баты­стың қысы­мы бастал­ды. Біз де бұл жағ­дай­да қарап қал­май, Дем­пар­ти­я­ны тір­кеу про­цесін қай­та қолға алсақ деген ойы­мыз бар.

Қазір қай­та­дан баста­ма­шыл топ қол жинау жұмысын баста­уды жос­пар­лап отыр­мыз. Яғни, пар­ти­я­ны тір­ке­уді қай­та қолға алмақ­пыз. Егер билік бұған тағы да жол бер­ме­се, бұл қысы­мға жау­ап­ты адам­дар­дың тізі­мін жасап, Батыс Еуро­па мен АҚШ-қа барып, олар­ды әшке­ре­лей­міз. Санк­ция тізі­міне қосу­ды сұрай­мыз. Басқа ама­лы­мыз қалмайды.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн