Пятница , 4 июля 2025

Жанболат Мамай «ҚАҢТАР» ҮШІН құрбан болмайды

  • Сей­сен­бі­де – 1 қара­ша күні бел­гілі болған­дай, Ұлы­бри­та­ния пар­ла­мен­тінің өкіл­дері қамаудағы сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай­дың ісі негізін­де Қаза­қстан­дағы «Қаңтар оқиға­сы­на» қаты­сты тек­се­ру жүр­гі­зу жөнін­де арнайы комис­сия құрды.

Бұл тура­лы комис­сия төраға­сы, бри­та­ни­я­лық сая­сат­кер және заң­гер, кезін­де Англия мен Уэль­стің про­ку­рор­лық қыз­метін басқарған лорд Кен­нат Мак­до­нальд бастаған онлайн кон­фе­рен­ци­яда мәлім­де­ме жасал­ды. «Азаттық» радио­сы­ның хабар­ла­у­ы­на қараған­да, комис­сия құра­мын­да бри­та­ни­я­лық сая­сат­кер Энд­рю Мит­чел, Бри­та­ния пар­ла­мен­тінің мүше­сі Руш­на­ра Али, ағы­л­шын адво­ка­ты Тай­аб Али, Қаза­қстан жағы­нан – Жан­бо­лат Мамай­дың адво­ка­ты Ернар Кен­же­ба­ев, таны­мал құқы­ққорға­у­шы-заң­гер Евге­ний Жовтис және аты-жөн­дерін жасы­рын қал­ды­ру­ды қалаған тағы бірер аза­мат бар.

Ағы­л­шын­дық адво­кат Таяб Алидің сөзіне сіл­те­ме жасаған «Азатты­қтың» хаба­ры бой­ын­ша, «комис­сия 2020 жыл­дың қаңта­рын­да болған оқиғаға аса көп назар аудар­май­ды, бірақ комис­сия мүше­лері Мамай­дың ісі бой­ын­ша фак­тілер­ді қарастырмақ».

Мамай­дың адво­ка­ты Ернар Кен­же­ба­ев онлайн кон­фе­рен­ци­яда Мамай­ға қаты­сты тер­геу аяқта­лып, іс сотқа жіберіл­генін айт­ты. Еске сал­сақ, өткен апта­да билік про­ку­ра­ту­ра­сы Жан­бо­лат Мамай­ға тағы­лған «жап­пай тәр­тіп­сіздік ұйым­да­сты­ру» айы­бын «бей­біт митинг өткі­зу заңын бұзу» және «жалған ақпа­рат тара­ту» бабы­на ауы­сты­рған еді.

Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, бедел­ді халы­қа­ра­лық құқы­ққорға­у­шы ұйым­дар­дың тала­бы­мен пре­зи­дент­тік сай­ла­удың қар­саңын­да билік Жан­бо­лат Мамай­ды бостан­ды­ғын шек­теу неме­се шар­тты түр­де сот­тау жаза­сы­мен абақты­дан боса­туға мәж­бүр болып отыр.

ДАТ-ақпа­рат

Бри­та­ни­я­лық пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның баста­ма­сы­мен құры­лған үкі­мет­тік комис­сия қазір­гі уақыт­та Жан­бо­лат Мамай мен «Қаңтар оқиға­сы­на» қаты­сты қамауға алы­нған және жазы­қ­сыз сот­ты болған аза­мат­тар­дың ісін зерт­те­уді баста­ды. Комис­сия куә­гер­лер, қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы топ­тар, халы­қа­ра­лық құқық қорға­у­шы ұйым­дар жол­даған бар­лық куә­гер­лік құжат­тар мен айғақтар­ды қарас­ты­ра­ды. Биыл жыл соңын­да комис­сия осы мәсе­ле­ге қаты­сты ашық тың­дау өткі­зуді жос­пар­лап отыр. Комис­си­я­ның наза­ры­на қажет­ті куә­гер­лік құжат­тар мен шағым­дар­ды www.inquirycommission.com. веб-сай­ты арқы­лы жол­да­уға болады.

Ал біз төмен­де Евро­пар­ла­мент­те өткен онлайн-тың­да­уда Жан­бо­лат Мамай­дың жары Инга Иман­бай­дың сөй­ле­ген сөзін қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Қайыр­лы күн ханым­дар мен мырзалар!

2022 жыл­дың қаңта­ры қазақ халқы үшін үлкен нәу­бет, қай­ғы-қасірет болып тиді. Елдің баты­сын­да газ баға­сы­ның қым­бат­та­уы­на қаты­сты басталған нара­зы­лы­қты елдің басқа да өңір­лері қол­дап шықты. Газ­дың баға­сы елдің көкіре­гін­де шер­мен­де болып қатып қалған көп жыл­дан бер­гі ашу-ыза­ның сыр­тқа тебуіне тек мұрын­дық қана болған еді. Ірі қала­лар­да ғана емес, аудан орта­лы­ғы, тіп­ті ауыл­дар­да да халық жина­лып, бей­біт митинг­ке шыққан.

Елдің әр тара­бын­дағы нара­зы халы­қтың ортақ тала­бы – билік­тің кетуі бола­тын. Бұл – Қаза­қстан дер­бес мем­ле­кет болған­нан бер­гі өткен ең ірі нара­зы­лық шара­сы еді. Билік қат­ты састы, қат­ты қоры­қты. Сөйт­ті де, бей­біт митинг­тер­ге өздерінің аран­да­ту­шы­ла­рын қосып жібер­ді. Содан кей­ін ғима­рат­тар­ды басып алу, өрт­теу, тонау, бұза­қы­лық әре­кет­тері, жап­пай тәр­тіп­сіздік орын алды.

Қай­та­лап айта­мын, бұл билік­тің өзі істе­ген «жап­пай тәр­тіп­сізді­гі». Интер­нет­ті өшіріп таста­ды. Халық ақпа­рат­ты тек билік­тің теле­ар­на­ла­ры­нан ғана алып, билік­тің бей­біт митинг­шілер­ге жапқан жалған жала­сы­на сену­ге мәж­бүр бол­ды. Билік­тің өзі ұйым­да­сты­рған осы бас­сызды­қтар­ды пай­да­ла­нып, пре­зи­дент Тоқа­ев Ресей­дің арнайы әскерін алғы­зды да, халы­ққа еш ескер­тус­із оқ атуға бұй­рық бер­ді. Ресми мәлі­мет бой­ын­ша ғана 238 адам сол оқтан қаза тап­ты. Мың­даған адам ауыр жарақат алды. Одан кей­ін митинг­шілер­ді қамай бастаған­да, тіп­ті ауру­ха­на­да ауыр хал­де жатқан­дар­ды да шыға­рып алып, түр­ме­лер­ге тоғыт­ты. Олар­дың бәрі де азаптал­ды, тыр­нақта­ры­ның көбесіне ине тығып, дене­лерін ыстық үтік­пен күй­дір­ді. Оқ тиген­дер­дің, қамалған­дар­дың ара­сын­да митинг­ке қаты­сы жоқ, бей­күнә жан­дар да көп­теп кездесті.

Пре­зи­дент Тоқа­ев қаңтар тура­лы халы­ққа да, шетел­дер­ге де жалған ақпа­рат тарат­ты. Бей­біт митинг­шілер­ді «тер­рор­шы­лар» деп ата­ды. Елге оқ атып, оны қырған, жазы­қ­сыз жан­дар­ды азаптап, қинаған бір­де-бір әске­ри адам мен поли­цей жаза­ланған жоқ.

Билік қаңтар үшін бар жау­ап­кер­шілік­ті қазір оппо­зи­ция өкіл­деріне артып отыр. Шым­кент­те, Ақтө­бе­де бір­не­ше бел­сен­ді сот­та­лып та кет­ті. Оппо­зи­ци­я­лық, үш жыл­дан астам уақыт бойы билік тір­ке­мей оты­рған Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның лидері Жан­бо­лат Мамай өзіне жабы­лған жалған жала­мен сегіз айдан бері түр­ме­де отыр. Еш дәлел­дері жоқ бол­са да, Жан­бо­лат Мамай­ға қаңтар күн­дері «жап­пай тәр­тіп­сіздік­тер ұйым­да­стыр­ды» деген айып тақты. Рас, 24 қазан күні, яғни Сіз­дер­дің алда­ры­ңы­зда осы баян­да­ма­ны жасар­дың алдын­да ғана өзі таққан айып­тар­дың абсурд екенін түсін­ген билік халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың қысы­мы­ның арқа­сын­да Жан­бо­лат­тан «жап­пай тәр­тіп­сіздік ұйым­да­стыр­ды» деген айып­ты алып таста­ды. Енді оның ісін ҚК-тің 400-бабы­на сәй­кес «заң­сыз митинг ұйым­да­стыр­ды» деген айы­пқа ауы­стыр­ды. Ол әлі де түр­ме­де отыр, оны сот­тап, жаза­ға тартпақшы.

Жанбо­лат Мамай 4 қаңтар күні ел-жұрт­ты өзі жинаған, митинг­те сөй­ле­ген сөзін­де оларға ешқан­дай да бұза­қы­лы­ққа бар­май, поли­ци­яға қар­сы­лық көр­сет­пей, тек бей­біт шеру жасау тура­лы айтқан сөз­дері бей­не­тас­па­да жазы­лып қалған. Оның үстіне Жан­бо­лат­ты поли­ция сол митинг басталған соң, көп өтпей-ақ ұрып-соғып алып кет­кен бола­тын. Халы­қтың орта­лық алаңға қарай жыл­жы­ға­нын түн­нің бір уағын­да ол менен естіді. Келесі 5 қаңтар күні алаңға барға­ны­мы­зда, оған ашық түр­де қастан­дық жасал­ды. Өлтір­мек­ші бол­ды. Сол алаң­да сөй­ле­ген сөзін­де Жан­бо­лат елде әділ сай­лау өткі­зуді, оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­ды тір­ке­уді, сая­си рефор­ма­лар жүр­гі­зуді талап еткен болатын. 

Демо­кра­ти­я­лық пар­тия құры­ла бастаған 2019 жыл­дан бері Мамай мен оның жақ­та­ста­ры билік тара­пы­нан ылғи да қуғы­нға ұшы­рап келеді. Ал оны қамап тастаған ақпан айы­нан бері оның бостан­ды­ғын талап етіп, митинг ұйым­да­сты­рған­да­ры үшін, пар­тия мүше­лері бір­не­ше рет соққы­ға жығыл­ды, қамал­ды, әкім­шілік жаза­ға тар­тыл­ды. Жан­бо­лат­тың жұбайы, мені, оған қар­сы куәлік беру­ге мәж­бүр­леп, бір­не­ше рет тер­ге­у­ге алмақ­шы бол­ды. Содан барып мені куә­гер деп танып, құқық қорға­у­шы ста­ту­сым­нан айыр­ды. Ең сорақылықта­ры – екі апта уақыт бұрын мені қорқы­ту мақ­са­тын­да бала­ла­рым­ды жол апа­ты­на ұшы­рат­ты. Әрине, мен поли­ци­яға шағым түсір­дім, бірақ одан бір нәти­же шыға­ды деген сені­мім жоқ. Түр­ме­де Жан­бо­лат­тың өзіне, өміріне қауіп төн­діретін екі рет аран­да­ту­шы­лық әре­кеті бол­ды. Біз әлі күн­ге оның қауіп­сізді­гі үшін алаң­дап отырмыз.

Ал Тоқа­ев­тың кезексіз, кон­сти­ту­ци­я­лық мерзі­мі­нен бұрын өткіз­бек­ші сай­ла­у­ы­на кел­сек, бұл ешқан­дай да сай­лау емес. Өйт­кені Тоқа­ев өзі уәде бер­ген сая­си рефор­ма­лар­ды өткіз­беді. Керісін­ше, өзінің сая­си оппо­нент­терін қуда­ла­уды үде­те түсті. Бір­де-бір оппо­зи­ци­я­лық пар­тия тір­кел­ген жоқ. Халы­қтың сай­лау және сай­ла­ну құқы аяққа тап­та­лып жатыр. Пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­лер үшін нешетүр­лі әкім­шілік кедер­гілер қой­ы­лған. Содан-ақ ел жақтай­тын бір­де-бір тұлға сай­ла­у­ға түсе алмай­ды. Ал қазір­гі тір­кел­ген кан­ди­дат­тар – халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қты алдау үшін билік­тің өзі шығарған жандар.

Халық бұл кезексіз сай­ла­у­ға салқын қабақ таны­тып отыр. Бір сөз­бен айтқан­да, жүйе, бүкіл билік тек өзінің ғана қолын­да шоғыр­ланған, Тоқа­ев­ты қай­та­дан тағай­ын­дап алмақ­шы. Сөй­тіп, Қаза­қстан­дағы авто­ри­тар­лы билік­ті жалға­сты­ра бермекші. 

Назар­ла­ры­ңы­зға рақмет!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн