Суббота , 5 июля 2025

ЖАРАПАЗАН АЙТҚЫШ ДЕПУТАТТАР ҚАЙДА?

Жас жігіт­тің қыр­шы­ны­нан қиы­луы біздің қоға­мы­м­ы­зда ондаған жыл­дар­дан бері қор­да­ланған мәсе­ле­лер­дің бетін ашты. Бұл бүгін­гі күні өзінің шырқау жеріне жетіп, бет пер­десі айқа­ра түрілді. 

Бірін­ші мәсе­ле – халы­қтың құқық қорғау орган­да­ры­на, оның ішін­де ІІМ деген сені­мі мүл­дем жоғал­ды. Сыбай­лас жемқор­лы­ққа әбден ауы­зданған және өзінің кәсі­би мін­дет­терін орын­да­уға қауқар­сыз, қабілет­сіз поли­ция маши­на­сы­ның заң­ның күре тамыр жолы­нан бұрыс кетіп, жаза­ла­удан бой таса­лаға­ны­на да біраз уақыт­тың жүзі болға­ны еш жасы­рын емес. Өзінің «тәр­тіп­ті жүр­гі­зу­шісі Коля Қасы­мов­пен» бір­ге жарқа­бақта еш теже­гіш­сіз ойқастап барады. 

Атап айт­сақ, поли­ция бірін­ші болып пышақ ала ұмты­лған қані­шер­лер­дің қыл­мыстық оқиға­сы­ның жолын кесіп, оны «ыстық күй­ін­де» әшке­ре­леп, бар­лық кінәлілер­ді ұста­уы тиіс еді. Қабыл­данған шара­лар жөнін­де қоғам­ды да жедел ақпа­рат­тан­ды­руы қажет болатын. 

Ешкім­ге құпия емес, осын­дай немқұрай­лық пен заң­ның бел­ден басы­луы­нан қыл­мыс­кер­лер құқық қорға­у­шы­лар­дың «қамқор­лы­ғы» арқа­сын­да бой таса­ла­у­ға мүм­кін­дік алады. 

Екін­ші жан­ды жабы­рқатқа­ны – бұл Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы, біздің бүкіл әлем­ге мақтан ететін ноу-хауы­мыз. Нағыз осын­дай сын сағат­та, қашан да ұлта­ра­лық дау-дамай белең алған­да, бұл құры­лым алды­мен үн көтеріп, істің бей­біт шешілуіне ықпал­да­суы қажет те, мін­дет­ті де еді. Әлде ассам­блея біз­де мерзі­мі­нен бұрын сай­ла­у­ға баста­ма көте­ру­ге ғана жау­ап бере ме?! 

ҚХА – бұл бута­фо­рия екеніне көзім анық жет­ті! Құт­ты ешкім­ге қажеті жоқ, ұлта­ра­лық ынты­мақтың да алтын арқау дәне­кері бола алмай­тын құр сүл­дері бар бірдеңе! 

Үшін­ші­ден, жан­ды жабы­рқатқан жай – халық қала­у­лы­ла­ры.
Мәжіліс пен Қараған­ды қала­сы және облы­сы мәс­ли­хат­та­рын­дағы тіл­дері ұзын, жара­па­зан айтуға кел­ген­де, алда­ры­на жан сал­май­тын депу­тат­тар қайда? 

Мақтан­паз метал­лург­тар мен шах­тер­лер­ден сай­ланған мәжілісмен­дер ше? Неге олар бұл бас­кө­те­ру митин­гілер­де қара көр­сет­пе­ді екен?! 

Иә, олар­ды халы­қтың мұңы еш толған­дыр­май­ды, себебі олар­дың бәрі «нұро­тан­дық» парт­би­лет­тің ығы­на жасы­ры­нған сая­си сай­қы­ма­за­қтар. Олар­дың бар­лық сая­си күресі – тәу­ел­сіздік күні қан­дай бір темір медаль­ды сауда­лап, ара­ны ашы­лған пиғыл­мен бір арнаға тоғысады. 

Төр­тін­ші жабы­рқау – жер­гілік­ті билік­тің түй­еқұ­стық секір­мелі сая­са­ты. Жедел штаб құрып, оған бар­лық көңілі қалып, «жабы­рқаған­дар­дың» өкіл­дерін енгізіп, ксе­но­фо­би­я­лық сипат алып, ашық кем­сіту­шілік­ке әкеліп соққан бұл қар­сы­лы­қтарға жол бер­меу үшін, жағ­дай­ды түзе­удің орны­на, мәсе­лені жылы жауып қой­ып, үнсіз қалуға тыры­сқа­ны жақ­сы­лық бол­ма­са керек. 

Менің­ше, билік осы қым-қуыт жағ­дай­дан сабақ ала­ды деп сене­міз. Ең басты­сы – біз­ге жаңа рефор­ма­лар, өзге­ру­лер керек екенін түсі­нуі тиіс.
Адам­дар­дың төзі­мінің де шегі бар: барға «тәу­ба», «шүкір» деу – қаза­қтың фра­зео­ло­ги­я­сын­дағы қанат­ты сөз­дер ғана болып қал­ма­сы анық… 

Арман ШОРАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн