Понедельник , 30 июня 2025

ЖАСАСЫН КОВИД?..

Қаза­қстан­да бала туу тура­лы рекорд каран­тин кезін­де жаңар­тыл­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ Қаза­қстан­дағы COVID-19 жағ­дай­ы­на арналған ресми ресур­сқа сіл­те­ме жасап.

«2020 жылы 425,6 мың бала дүни­е­ге кел­ді. Осы­лай­ша, 417 мың­нан астам бала туған 1987 жылғы бұры­нғы рекорд жаңар­тыл­ды» деп­ті ресми ресур­ста мәлім­де­ме жасаған­дар.  Осы құжат­та көр­сетіл­ген­дей, бала туу­дың өсі­мі негізі­нен  елдің алты аймағын­да тір­кел­ген: Түр­кістан­да (14,4%), Алма­ты облы­ста­рын­да (12,7%), Алма­ты­да (8,3%), Шым­кент­те (7,4%), Нұр-Сұл­тан­да (7%) және Жам­был облы­сы (6,9%).

Еске сала кетей­ік, бұл аталған алты аймақта негізі­нен қаза­қтар тығыз қоны­станған. Яғни, ел рекор­дын жаңар­тқан 425,6 мың бала­ның 75 пай­ы­здан аста­мы қаза­қтар деген сөз. Бұл орай­да еріксіз «Жаса­сын каран­тин!» дегің келеді…

Деген­мен елде­гі халық өсі­мінің басым бөлі­гін қам­та­ма­сыз ететін көп бала­лы отба­сы­лар­дың әле­умет­тік жағ­дайы демо­гра­фи­я­лық дүм­пу­ге кереғар. Ал қалып­тасқан қиын­ды­қтан құтқа­ру­ды талап етіп, нара­зы­лық таны­тқан бел­сен­ді аза­мат­тар­ды қуда­лау, әкім­шілік жаза­ға тар­ту науқа­ны да өрлеп тұр. Мәсе­лен, 22 ақпан­да Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық әкім­шілік соты көп бала­лы ана­лар бел­сен­дісі Феру­за Ордабе­ко­ва­ны 10 күн­ге қама­ды. Сот шеші­мін­де бел­сен­дінің 25 қаңтар­да мини­стр­лік­тер үйі алдын­да «коро­на­ви­русқа қар­сы вак­ци­наға қар­сы­лық біл­діріп, заң­сыз шараға» қаты­сқа­ны жазы­лған. Сот оны Әкім­шілік кодекстің 488-бап 11-бөлі­гі («Бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұзу») бой­ын­ша кінәла­ды, деп хабар­лай­ды «Азаттық» порталы.

Бұл екі ара­да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы елде мың­даған тұрғын үй тұрғы­за­мыз, аста­на­да жуық 5 жыл­да 50 мек­теп сала­мыз деп дау­ры­ғып отыр. Бұл даб­ы­ра билік пар­ти­я­сы­ның аста­на­лық фили­а­лы сая­си кеңесі бюро­сы­ның оты­ры­сын­да сөз болған екен. Осы жиын­да «Нұр Отан­ның» сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сын іске асы­ру­дың 2021–2025 жыл­дарға арналған «Жол кар­та­сы» бекітіліп, «алдағы бес жыл­да 30 дәрі­гер­лік амбу­ла­то­рия, жаңа көпса­ла­лы ауру­ха­на мен пер­зент­ха­на, халық саны­ның өсуіне бай­ла­ны­сты 50 жаңа мек­теп салы­на­ды» деп­ті «нұро­тан­дық» ұраншылдар.

Жөн-ақ! Халы­қтың өсі­мін қам­та­ма­сыз ету үшін әле­умет­тік-тұр­мыстық құры­лы­стың қарқын алға­ны қуа­ны­шты-ақ жағ­дай. Бірақ қыру­ар шығын­ды қажет ететін осын­ша­ма құры­лы­сқа «Нұр Отан» қар­жы­ны қай­дан ала­ды? Көсе­мі көсіп, өз қал­та­сы­нан шығар­ма­са, билік­тік пар­ти­я­ның өзі мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің есебі­нен күн көретіні мәлім. Егер «нұро­тан­ды­қтар» сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­ла­рын жүзе­ге асы­ру мақ­са­тын­да үкі­мет­ке ықпал ете­міз, мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің әле­умет­тік сала­сын өсіруді талап ете­міз деген құжат қабыл­да­са, оған аздап ила­нуға болар еді.

Рас, коро­на­ви­рус індеті ізденістің жаңа жолын қажет ету­де. Бірақ халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ын мем­ле­кет есебі­нен жақ­сар­ту­ды даб­ы­ра дүр­мек­ке айнал­ды­рған пар­ти­я­ның пары­қ­сыз бағ­дар­ла­ма­сы­на айты­лар дау көп. Ең басты­сы – «Нұр Отан» «еңсеріп тастай­мыз» деп оты­рған жал­бағай жос­пар халы­қтан жина­ла­тын салық пен мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің есебі­нен ғана жүзе­ге асуы/аспауы/ мүм­кін. Билік пар­ти­я­сы­на Қаза­қстан халқы­ның 0,01 пай­ы­зы ғана мүше екенін ескерейік…

Ермұрат БАПИ

ҚАРИЯНЫҢ ҮЙІН генералдың ағасы ТАРТЫП АЛДЫ

  • Алма­ты­да 15 жыл­дан бері сот табал­ды­ры­ғын тозды­рып жүр­ген Әсия Таша­но­ва пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тан көмек сұрай­ды. Қарт әжей­ді жетім неме­ре­лері­мен бір­ге гене­рал­дың аға­сы үйі­нен қуып шыққан.

Зей­нет­кер Алма­ты қала­сы Әуе­зов ауда­ны Қалқа­ман шағын ауда­нын­да аумағы 8 сотық жерін Жана­сбек Мер­за­ди­нов есім­ді адам­ның тар­тып алға­нын айта­ды. Ол 1997 жылы 29 жел­тоқ­сан­да Алма­ты облы­сы Қара­сай ауда­ны Камен­ка ауыл­дық окру­гі әкі­мінің №1432–10 шеші­мі­мен алған жеріне басқа бір адам­ның мем­ле­кет­тік акт шыға­рып алға­нын кей­ін біл­ген. Іс бір­не­ше рет сот­та қара­лып, 2016 жылға дей­ін созылған.

Ақы­рын­да зей­нет­кер­ді жетім үш неме­ресі­мен үйден қуып шыққан тұлға­лар жер телі­міне жаңа бас­па­на салып алған. Алма­ты облы­сы­нан Алма­ты аумағы­на кір­ген жер­дің заң­ды иесі Жана­сбек Мер­за­ди­нов екені бел­гілі бол­ды. Ол қазір­гі ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы жанын­дағы құқық қорғау қыз­мет­кер­лері ака­де­ми­я­сы­ның рек­то­ры, бір­не­ше облы­стың про­ку­ро­ры, ҚР Бас про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры, ҚР Әске­ри бас про­ку­ро­ры қыз­метін атқарған Ерға­ли Мер­за­ди­но­втың туған аға­сы, дей­ді жәбірленуші.

Жер телі­міне шешім баста­пқы­да зей­нет­кер­дің қызы Рау­шан Жар­мұ­хам­бе­то­ва­ның аты­на шыға­ры­лған. «Өткен 15 жыл­да бір­не­ше рет про­тестпен бұзы­лған сот шеші­міне лау­а­зым­ды тұлға­ның туы­ста­ры қай­та-қай­та шағым­да­нып, 2016 жылы ақы­ры өз пай­да­ла­ры­на шештіріп алды. Соңғы бес жыл­да менің ары­зым­ды ешқан­дай сот қабыл­да­май отыр», – дей­ді Әсия Ташанова.

Аzattyq-ruhy.kz

ДЕПУТАТҚА САУАЛ

Мен бұл сау­а­лым­ды ҚР пар­ла­мен­тінің депу­та­ты Ерлан Сай­ы­ро­вқа жол­дағым  келеді. (Әдет­те депу­тат атқа­ру­шы билік­тің лау­а­зым­ды бас­шы­сы­на сау­ал жол­дай­ды – Ред.). 

  Құр­мет­ті  Ерлан Биях­метұ­лы!  Жаңа сай­ланған депу­тат­тар халы­қтың үнін билік­ке жет­кі­зе ала­ды деп үміт­тен­ген­дік­тен, осы сау­а­лым­ды өзіңіз­ге арнап отырмын. 

 2021 жыл­дан бастап, Қаза­қстан халқы­на Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қорын­дағы арты­лған қар­жы бері­ле баста­ды. Алға­шқы­да  қуа­нып қалған халы­қтың көңіл-күйі бұл күн­дері су сеп­кен­дей басыл­ды. Өйт­кені зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы­ны алу меха­низмдері өте қолай­сыз, әрі күр­делі. Бұл күн­дері халық табан ет, маң­дай тері­мен жинаған өз қар­жы­ла­рын алу кезін­де кедер­гілер­ге тап болып жатыр.

Мыса­лы, Нұр-Сұл­тан қала­сын­дағы салы­нып жатқан құры­лыс ком­па­ни­я­сы­нан үй алмақ­шы болған таны­сым бүкіл бас қала­ны ара­лап, зей­не­тақы қорын­дағы ақша­сын өзінің жинаған қар­жы­сы­на қосып алуға үй таба алма­ды. Себеп – салы­нып жатқан құры­лыс сақтан­ды­ры­лған болуы керек екен. Ал бүгін­гі құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры­ның  бар­лы­ғы дер­лік сақтан­ды­рыл­маған­ды­қтан, кепіл­дік жоқ екен. 

Екін­шісі – жер алып, үйді өздерінің күші­мен салу үшін,  зей­не­тақы қорын­дағы ақша салым­шы­ның өзіне емес, құры­лы­сты жүр­гі­зетін  фир­ма­ның есеп-шоты­на ауда­ры­луы керек екен. Жеке адам­дар негізі­нен құры­лыс жұмыста­рын жеке (көтер­ме­ші – Ред.) құры­лыс­шы­лар­мен келісіп жүр­гі­зетін­дік­тен, бұл да қолай­сыздық туғы­за­тын мәселе.

«Туған-туы­ста­ры­нан сатып алуға бол­май­ды» деген де түсініксіз жағ­дай… Зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы мем­ле­кет­тің беріп оты­рған көме­гі емес, адам­дар­дың еңбекақысынан

жинаған жеке табысы. Сол қар­жы­ны беру тәр­тібін күр­де­лен­дір­мей, әр адам­ның есеп-шоты­на неге ауда­рып бермеске?! 

Менің ойым­ша, зей­не­тақы қорын­дағы артық қар­жы­ны қай­та­ру кезін­де адам құқы аяққа тап­та­лып отыр. Осы мәсе­ле қай­та қара­уды қажет ете­ді деп есеп­тей­мін және халы­қтың өтіні­шін тиісті орын­дарға жет­кі­зуіңізді сұраймын!

Риза МОЛДАШЕВА

Марғұлан СЕЙСЕНБАЙ: Қазақ-қырғыз БАУЫР МА?

Кеше Біш­кек­тен сағат 18:05-те шыққам. Шека­ра бекетіне 19:07-де жетіп, қырғыз шека­ра­сын 15 минут­та өттім. Қаза­қстан­дық шека­ра бекетін­де­гі жұмыстың тиім­сізді­гі мен ондағы былы­қ­пай­шы­лы­қтың шегі жоқ. Бұл жер­де бар­лы­ғы да адам­ды қор­лап, оны күт­тіріп, оны­мен қой­май, бұл ел үшін ешкім емес екеніңді сезін­ді­ру мақ­са­тын­да жасалған. Жүк көлік­терінің ұзын-сонар кезе­гі тұр. Қаза­қстан­дық шека­ра­шы­лар көлік­тер­дің 100%-ын рент­ген­мен тек­серіс­ке жіберіп жатыр. Шека­ра­шы­лар­дың жар­ты­сы ұйқы­да. Рент­ген­де жалғыз адам отыр. Қыз­мет­кер­лер­дің біре­уінің адам­дар­мен шаруа­сы жоқ, бар­лы­ғы­на екі қой­ың – бір тиын. Нет­кен сұмдық?!

      Жолға 7,5 сағат, соның ішін­де шека­ра­ны өту­ге 3 сағат кет­ті! Жүк көлік­тері мен жеңіл авто­көлік­тер­дің легін екі бөлу­ге бұл елде ешкім­нің басы жет­пей ме? Тағы бір­не­ше рент­ген аппа­ра­тын сатып алуға бол­май ма? Про­це­ду­ра­лар­ды рет­те­у­ге бол­май ма? Аста­на­дағы бір LRT кол­лон­на­сы­на кет­кен қара­жатқа жылы­на жүз мың­даған адам өтетін мына бей­ша­ра күй­де­гі шека­ра бекетінің жағ­дай­ын жаса­уға болар еді.

      Шека­ра – әңгі­менің басы ғана. Екін­ші жыры­мыз – тозы­ғы шыққан жол­дар. Жол­дың жар­ты­сы тесік-шұқыр. Біш­кек пен Алма­ты­ның ара­сы бар-жоғы 234 кило­метр. Бұл жол­ды мак­си­мум деген­де 2 сағат­та жүріп өту­ге болар еді. Ал менің оған 7,5 саға­тым кетті!

     Біздің билік­те­гілер тек сөз жүзін­де ғана «бауыр­лас халы­қ­пыз» дей­ді. Шека­ра бақы­ла­уы мен ара­дағы жолға қара­сам, біздің қарым-қаты­на­сы­мыз Пале­сти­на мен Изра­иль ара­сын­дағы­дан бетер ме дедім.

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн