Әрбір елдлің көркеюі мен болашағы оның келер ұрпағымен иығыз байланысты. Жастар қоғамның қайратты, жігерлі, белсенді әрі жұмыс пен білімге бейім бөлігі. Сол себепті мемлекеттің дамуы мен жарқын болашағы көбінде жастардың құштарлығы, білімі мен тәжірбиесі мен азаматтық жауапкершілігіне тәуелді.
Қазіргі таңда еліміздегі жастарға үлкен мүмкіндіктер берілуде.Мемлекет қазіргі жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, олардың ғылыммен және жаңа технологиялармен айналысып оларды меңгеруге мүмкіндіктер беруде. Білімді әрі еңбекқор жастар елдің елдің экономикасын, мәдениетін және ғылымын дамытуға үлкен үлес қоса алады және ол тек өздерінің қолдарында.Еліміздің жастары өз қабілеттерін дұрыс бағытта пайдаланып, қоғамның дамуына қызмет етсе, мемлекет те олармен бірге дамып, өсетін болады.
Одан бөлек жастардың бойындағы рух пен патриотизмнің болғаны да өте маңызды. Өз отанын жанындай сүйетін, оның тарихы мен мәдениетін құрметтейтін жас ұрпақ әрқашанда өз елінің өркендеуіне барын салатын болады. Олар елдегі бірлік пен тұрақтылықты сақтап, қоғамның ажырамас бөлігіне айналады.
Жастарға тек білім алу жеткіліксіз. Олар қоғамның өміріне атсалысып, құнсыз тәжірбие жинауы қажет. Түрлі еріктілік жұмыстар мен белгілі бір әлеуметтік жобалар арқылы жастар ел дамуына деген өз жігерлері мен ынаталарын көрсетіп ғана қоймай, өздеріне зор тәжірбие жинайды. Оған қоса бұл олардың жауапкершілігін арттырып, елге пайдалы тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
Қорыта айтқанда, жастар – мемлекеттің ең үлкен байлығы. Білімді, тәрбиелі және отансүйгіш жастар бар жерде елдің болашағы жарқын, әрі тұғыры биік болады. Сондықтан әрбір жас өз білімін жетілдіріп, қоғамға пайда әкелуге ұмтылуы керек. Елдің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында
Жұмабек Нұрсұлтан, Жалбағай Айқын