Суббота , 5 июля 2025

«ЖАСТАР ЖЫЛЫНАН» ЖАСТАР НЕ КҮТЕДІ?

Президент Н.Назарбаев биылғы Жолдауында келесі 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялайтынын айтқан еді. Осы уақытқа дейін мемлекеттің саясаты мен әлеуметтік қолдауынан тыс қалған жастарға бұл жыл не береді? Жастардың өзі «Жастар жылы» қалай болғанын қалайды? Осы сауалдармен қоғам өкілдері – жастардың өз пікірін білген едік. 

Жан­бо­лат МАМАЙ
«Қазақ жур­на­ли­стер клу­бы»
қоғам­дық қоры­ның үйлестірушісі:

– Бірқа­тар әле­умет­тік сау­ал­на­ма­лар­дың нәти­же­сіне сен­сек, жастар­дың 10 пай­ы­зы шетел­ге көш­кісі келеді. Және шет мем­ле­кет­тер­ге қоныс аударғы­сы келетін жастар­дың дені көзі ашық, білі­мі жоға­ры, пара­сат­ты аза­мат­тар. Бұл енді ресми мәлі­мет. Ал шын ойын біл­дір­мей, шетел­ге тұрғы­сы келетінін жасы­рып қалған жастар қаншама?! 

Егер Қаза­қстан­да жастарға жағ­дай жасал­са, тең мүм­кін­дік­тер беріл­се, әрине, олар басқа елге кету­ге ұмтыл­мас еді. Жастарға жағ­дай жасау деген – ол бас­па­на не жұмыс орнын беру ғана емес. Ол әділет­ті эко­но­ми­ка­лық бәсе­ке­ле­стік­ке жол ашу. Кәсіп­пен айна­лы­сқы­сы келе ме? Айна­лыс­сын. Тер­геу орын­да­ры маза­сын алма­сын. Барын­ша салық, әле­умет­тік жеңіл­дік­тер жасал­сын. Мыса­лы, шағын және орта кәсіп­кер­лер­ді мүл­дем салы­қтан босат­сын. Оның орны­на олар жұмыс орын­да­рын ашып, жастар­ды еңбек­ке шақы­рып, нары­қтық дең­гей­де жалақы­сын төлесін. Парақор­лы­қтың мәсе­лесі де күй­іп тұр. Қазір пара бер­мей­тін адам бар ма Қаза­қстан­да? Пара алып көр­ме­ген бір шене­унік те жоқ деу­ге бола­ды. Қай ірі шене­унік­ті алма­саңыз да, бала-шаға­сы шеті­нен – кәсіп­кер, мил­ли­о­нер, тіп­ті мил­ли­ар­дер­лері де бар. Осы­ның бәрі ұрлы­қ­пен, пара­мен, жемқор­лы­қ­пен кел­ді емес пе? Мұн­дай жағ­дай­ды көр­ген жастар қалай­ша Қаза­қстан­да тұрғы­сы келеді? 

Егер ашық, тең эко­но­ми­ка­лық бәсе­ке­ле­стік бол­са, кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­суға жол ашыл­са, қазір қан­ша­ма жастар шығар еді. Оған күмәнім жоқ. Неге бар­лық тех­но­ло­ги­я­лық жаңа­лы­қтар АҚШ-та болып жатыр? Google, Facebook, Amazon неме­се «Тес­ла» сияқты алпа­уыт ком­па­ни­я­лар­дың бар­лы­ғы сол елден шықты. Қытай­дан, Ресей­ден шыққан жоқ қой. Себебі АҚШ-та ашық бәсе­ке­ле­стік­ке жол бар. 

Иде­яң, халы­ққа өтім­ді инно­ва­ция жаса­дың ба – жұмыс жаса­уға толық жол ашы­ла­ды. Ертең Оба­ма­ның неме­се Трамп­тың туы­ста­ры сенің жасаған биз­несіңді тар­тып ала­ды деп ешкім қоры­қ­пай­ды. Ал біздің елде сон­дай жағ­дай жасалған ба? Кәсібің дөң­ге­леп, ісің алға басып, қал­та­лы аза­мат­тар­дың қата­ры­на қосы­лған соң-ақ, шен-шек­пен­ділер­мен табысы­ң­мен бөлі­су­ге тиіс­сің. Тіп­ті бөліс­кен күн­нің өзін­де бары­ң­нан айы­ры­лып қал­ма­сы­ңа кепіл­дік жоқ. 

Бұл жағ­дай тек кәсіп­кер­лік­те ғана емес, бар­лық сала­да бар. Сая­сат­пен, мәде­ни­ет­пен, ғылым-білім­мен, өнер­мен еркін айна­лы­суға жол ашы­лып оты­рған жоқ. Австри­яда небәрі 32 жастағы Себастьян Курц канц­лер болып сай­лан­ды. Оған дей­ін де жап-жас бол­са да, талай қыз­мет атқар­ды. Себебі білі­мі, өресі, дары­ны бар адам­дарға жол ашы­лған. Ал біз­де 30 жастағы аза­мат­тар­ды билік­ке жола­та ма? Жола­та­ды, егер қазір­гі шене­унік­тер­дің бала­сы, інісі, туы­сқа­ны бол­са. Ал шын талант иелері тамыр-таны­сты­қ­сыз, не бол­ма­са жағым­паз­дық бен жал­тақты­қ­сыз жолай алмай­ды. Әділет­сіздік пе? 

Елдегі білім мен ғылым саласы да жетісіп тұрған жоқ. Парақорлық, жемқорлық дендеп барады. 

Осы­ның бар­лы­ғын өзгер­ту үшін, елге күр­делі сая­си рефор­ма­лар қажет. Оны баяғы­дан айтып келе жатыр­мыз. Жақын­да Ручир Шар­ма деген инве­стор­дың «Взле­ты и паде­ния госу­дарств» деген тама­ша еңбе­гін оқып шықтым. Ол мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­лық дамуы­ның 10 алғы шар­тын ұсы­на­ды. Соның бірі – билік­тің ауы­суы. Путин мен Ердоған­ның жай­ы­на да тоқта­ла­ды. Олар ең алға­шқы­да билік­ке кел­ген­де, шынын­да, Ресей де, Түр­кия да эко­но­ми­ка­лық тоқы­ра­уда еді. 

Билік­те оты­рған екі мерзім­нің ішін­де бұл елдер­дің эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы көтеріл­ді. Ал екі мерзім­нен соң Ресей­дің де, Түр­ки­я­ның да эко­но­ми­ка­сы құл­ды­ра­уға кет­ті. Ресей әске­ри аван­тю­ра­ларға ұрын­ды, Түр­ки­яда дес­по­ти­я­лық режим орна­ды деу­ге бола­ды. Сол кітап­та АҚШ пре­зи­дент­терінің рефор­ма­ла­ры да айты­ла­ды. Аме­ри­ка­да «пре­зи­дент­тік екін­ші мерзім­нің қарғы­сы» деген түсінік бар. Яғни, бір адам екін­ші рет пре­зи­дент­тік­ке сай­ланған соң, түр­лі сәт­сіздік­тер­ге, қателік­тер­ге бой алды­ра­ды. Тіп­ті импич­мент­ке ұшы­рай­тын­да­ры да болды. 

Аме­ри­ка­ның пре­зи­дент­тері негіз­гі, сәт­ті рефор­ма­лар­дың бар­лы­ғын бірін­ші мерзі­мін­де жасап шыққан. Демек, билік­тің ауы­сып тұруы, жаңа бас­шы­лар­дың қыз­мет­ке келуі – сәт­ті рефор­ма­лар­дың алғы шар­тта­ры­ның бірі. Ал билік­те тап­жыл­май, ондаған жыл бойы оты­рған адам­дар елді алға жете­ле­мей­ді. Ондай елде жастар­дың да, басқа да аза­мат­тар­дың бола­шағы бұлы­ңғыр бола­ты­ны сон­ды­қтан.
Жал­пы, 2019 жыл­ды «Жастар жылы» деп жари­я­лау айтар­лы­қтай өзгерістер әке­леді деп күт­пей­мін. Баяғы бөс­пе сөз, бір адам­ның аты­на айты­ла­тын мадақ пен мақта­удан нәти­же күту – ақымақтық.

Оңғар ҚАБДЕН
ақын, (Пав­ло­дар)

– Тәу­ел­сіздік алға­лы, жастар сая­са­ты билік наза­ры­нан тыс қал­ды. Жастар сая­са­ты дегені­міз «Жас Отан­ның» неме­се сту­дент­тік аль­ян­стар­дың алаңға елді жинап ап, «Алға, Қаза­қстан», «Алға, Нұр­сұл­тан» деген науқа­ны неме­се пиар-акци­я­сы емес. Бұл кезең-кезеңі­мен іске асы­ры­луы керек бағ­дар­ла­ма. Қазір­гі жастар­дың ең үлкен мәсе­лесі – бас­па­на. Тапқан-таянға­нын пәте­рақы­ға төлеп, қала бер­ді неси­есін жауып оты­рған кей­ін­гі буын үшін атқа­ры­лар тір­лік­тер шаш-етектен. 

Ең бірін­ші атқа­ры­лар тір­лік – сол жастар­дың ертең­гі күн­ге деген Үміті мен Сені­мін ояту. Пәтер де, жұмыс та табы­лар, өлген сенім­ді қай­тіп тіріл­тесіз? Қазір­гі оқу бітір­ген, бітір­гелі оты­рған сту­дент­тер­дің көп­шілі­гі Еуро­па­да, Баты­ста тұру­ды арман­дай­ды. Көбі елден кетіп те жатыр. Мен тани­тын бір­не­ше қыз-жігіт Оңтүстік Коре­я­да жұмыс істеп жүр. Қаза­қстан­да бола­шақ жоқ дей­ді. Сол үшін біз жастар­дың ертең­ге деген сені­мін оятуы­мыз керек. Жастар­дың мем­ле­кет­шіл­дік Рухын көте­ру кезек күт­тір­мей­тін мәсе­ле. Біз­ге ең кере­гі – ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ. Қалға­ны­ның бәрі тұр­мыстық мәселе.

Ася АСЕТКИНА,
«Аңыз адам» жур­на­лы­ның
бөлім редак­то­ры:

– Жал­пы, бүгін­де елі­міздің бар­лық жүй­есі азып, бар­лық сала­лар­да іріп-шіру, руха­ни мешел­де­ну басым болып бара­ды. Жасы­ра­тын ештеңесі жоқ, Қаза­қстан­ның ертең­гі жарқын бола­шағы деп үміт күтетін бүгін­гі жаста­ры­мы­здың жұмыс­сыздық сал­да­ры­нан, жағ­дай­ы­ның кел­мей үйлен­бей жүріп алып, елде бой­дақтар­дың санын күрт көбей­туі, тіп­ті олар­дың мас­кү­нем­дік­ке, есірт­кі­ге, әртүр­лі діни ағым­дарға да әуес болып кетуі – өзек­ті мәсе­ле­лер­дің бірі болға­ны рас. 

Жастар­дың ара­сын­дағы жұмыс­сыздық, олар­дың әртүр­лі діни сек­та­ларға кіруі, экс­тре­миз­мнің күше­юі, 500-дей қазақ жаста­ры­ның Сири­яда жүруі, т.б. – осы­лар­дың бар­лы­ғы бүгін­гі күн­нің үлкен қасіреті. Қаза­қстан әлем­де­гі ең көп­дін­ді және де ұлт­тық, ұлта­ра­лық бір­лі­гі нашар, мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­сы өте нашар қалып­тасқан ел екені бәрі­міз­ге аян. Үкі­мет пен әкім­дер­дің жастар мәсе­лесіне тиісті көңіл бөл­мей, елде жүй­елі жастар сая­са­ты­ның бол­мауы – ол бұл елдің бола­шағы­ның бұлы­ңғыр­лы­ғын көрсетеді. 

2017 жылы елден 36 мың адам кет­се, соның 80% мұғалім, дәрі­гер, инже­нер, яғни кәсі­би жақ­сы маман­дар екен. Сол­түстік облы­стар­да мек­теп­ті жақ­сы бітір­ген­дер­дің 75–80% шетел­ге оқуға кетіп, сон­да қалу­да. Аста­на, Алма­ты, т.б. қала­лар­дағы жастар­дың 55–65% бас­па­на­сыз, 30–40% жұмыс­сыз, 20–25% база­рда арба сүй­ре­ту, аял­да­ма­лар­ды күзе­ту, т.б. уақыт­ша арза­нқол жұмыспен күн көруде. 

Сон­ды­қтан жастар­дың көп­шілі­гі уақы­ты­лы отба­сын құра алмай­ды, құрған­да­ры­ның өздерінің 40–50% ажы­рас­ып жатыр. Бұн­дай азғын­дық қазақ тарихын­да тіп­ті соғыс пен аштық жыл­да­рын­да бол­маған. Демо­гра­фи­я­лық өсу де ақсап қал­ды. Біз 1991 жылы 17 млн бол­сақ, өзбек халқы 13 млн-ға (54%) өсіп, 21-ден 33 млн-ға жет­ті. Осы­ған дей­ін елі­міз­де жастар­ды қол­дау мақ­са­тын­да билік тара­пы­нан ешқан­дай да әре­кет­тер жаса­лы­нған жоқ. 

Алдағы 2019 жыл «Жастар жылы» деп бекітілуіне орай жастарға байланысты мына мәселелерді шешуді жолға қою қажет деп ойлаймын:

  1. Үкі­мет­тен жастарға тұрғын үй салып беру­ге қара­жат бөлі­нуі керек; 
    Қала неме­се ауыл­дан он сотық жер пай­ыз­сыз неме­се ұзақ мерзім­дік неси­е­ге пәтер және тегін жатақ­ха­на салып беру керек.
  2. Елде­гі қоны­шы­нан басып тар­ту, яғни көкең бол­са, «Бола­шақ­пен» шетел асып оқуға кету неме­се бір жақ­сы ком­па­ни­я­лар­да бас­шы қыз­метінің құлағын ұстау беделі өскен. Көкесі жоқ білім­ді жаста­ры­мы­здың таса­да қалып қоюы белең алу­да. Осы­ны тоқта­ту керек. Сапа­сыз білім алу­ды тоқта­ту керек! Бұл мәсе­ле­ге бір-ақ мысал– соңғы 27 жыл­да, яғни Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да ел қазы­на­сы­нан бөлін­ген $600 млн-дай қар­жы­ға «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен бар­лы­ғы шетел­де оқы­ған жүз мың­дай жастар­дың іші­нен халы­қа­ра­лық дең­гей­де не бір ғалым, не инже­нер, не мықты мене­джер шықпапты. 
  3. Облыс және қала­лар­да әр дең­гей­де­гі кон­кур­стар­ды өткі­зу арқы­лы талант­ты жастар­дың елі­міздің және әлем­нің үздік уни­вер­си­тет­терін­де оқуы­на мүм­кін­дік аша­тын және ауыл мен қала мек­теп­терін­де­гі білім дең­гей­ін теңе­стіріп, жал­пы білім сапа­сын көте­ру­ге бағыт­талған жоба­ны дай­ын­дап шыға­рып, оны іске асы­ру керек. 
  4. Бұры­нғы «Сер­пін» бағ­дар­ла­ма­сын қай­та жаңғыр­ту. Яғни, халы­қты оңтүстік­тен сол­түстік өңір­ге көші­ру бағ­дар­ла­ма­сы­на жастар­ды тар­ту және көшіп барған­дарға, олар барған жер­де қала маңы­нан қосым­ша мін­дет­ті түр­де жер беру неме­се үй беру керек. 
  5. Жастар­дың діни көзқа­рас­та­рын ашу мақ­са­тын­да жер­гілік­ті өңір­лер­де сапа­лы білім беретін мед­ре­се­лер­ді ашу­ды қолға алу неме­се мек­теп және жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на апта­сы­на 90 минут­тық сау­ат­ты діни сабақта­рын қосу керек. 

Аман­дық ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ
кәсіп­кер (Аста­на қаласы):

– Бірін­ші­ден, осы бір анау жылы, мынау жылы деп атап ат қоя­тын, Кеңе­стер­ден қалған мүләй­ім­сі­ген өтірік сарқын­шақты суқа­ным сүй­мей­ді. Оның үстіне қай сала­да бол­сын, ат қой­ы­лған жыл мен қой­ыл­маған жыл­дың іш жүзін­де айыр­ма­сын бүгін­ге дей­ін көре алғам жоқ. Үйдің ішін­де жоғал­тқан инесін айдың жары­ғы­мен сырт­тан ізде­ген кісі секіл­ді қор­да­ла­нып жатқан про­бле­маға арнап жылға ат бере сал­ды екен деп, сол про­бле­ма­ның өзді­гі­нен шеші­ле салға­нын күтудің қан­ша­лы­қты күл­кілі (бәл­кім, аяны­шты?) хәл екенін ойлаңыз­шы? Күлей­ік пе, жылай­ық па? Мәсе­ле пәлен­ше жылы деп жари­я­ла­уда емес, мәсе­ле жүй­енің сон­ша­лық шірі­генін­де, алда­у­сы­ра­тып уақыт ұтуын­да. «Жастар жылы» деп жари­я­ла­у­ла­ры­на бай­ла­ны­сты айта­рым осы.

Ал жал­пы айта­тын бол­сақ, қазір про­фес­си­о­нал жастар­дың шетел­ге шығып кетуі­нен басқа амал­да­ры азай­ып бара жатыр. Мынау деп нұсқап, нақты бір себеп­ті көр­се­ту мүм­кін емес. Бас­па­на, жұмыс­сыздық, төлем қабілет­сізді­гі, әле­умет­тік пси­хо­ло­ги­я­ның нашар­лы­ғы, білім беру сапа­сы­ның тиім­сізді­гі, құн­ды­лы­қтар­дың (әсіре­се руха­ни) деваль­ва­ци­я­сы, кор­руп­ция… бұлар­дың бар­лы­ғы про­бле­ма­ның өзі емес, сол про­бле­ма­лар­дың сал­да­ры­нан туын­даған заң­ды нәти­же­лер. Нәти­же­мен емес, себеп­пен күре­су керек. Тіп­ті себеп­тің де өзі­мен емес, сол себеп­тің пай­да болуы­на оңтай­лы жағ­дай туды­рған шар­ттар­ды зерт­те­уі­міз керек. Тар­тып оты­рған соры­мы­здың басы сол жер­де. Жүйе кад­ры­мен қоса түгел өзге­руі керек, мен көре ала­тын жалғыз жол осы. Осы «өзге­рудің» бола­ты­ны айдан анық. Мәсе­ле қалай қарай, қай­тіп өзге­ретіні­міз­де. Бар­ды бүл­діріп алма­сақ екен. Тәңірім өзі жар бол­сын қазағыма!

Ринат РАФХАТ
Халы­қа­ра­лық құқы­қтық баста­ма
қоры­ның қызметкері:

– Жақын­да жол­данған Жол­да­уда пре­зи­дент Н.Назарбаев келер 2019 жыл­ды «Жастар жылы» деп жари­я­лай­ты­нын айт­ты. Жарай­ды, жари­я­лан­бай жыл бол­май­ты­нға еті­міз үйреніп те қал­ды. Деген­мен, бірін­ші кезек­те ЖАСТАРДА ДИПЛОМЫ БАР ДА, ЖҰМЫСЫ ЖОҚ! Қоғам­да «жастар» аты аталған жер­де «жұмыс­сыздық» егіздің сыңа­рын­дай қалып­та­сты. Қазір­гі уақыт­та жұмыс­сыздық дер­ті ең әуелі жастар­ды шар­пу­да. Елі­міз­де «жұмыс­сызды­қ­пен күрес қызу жүр­гізіліп жатыр» дегені­мен, бұл мәсе­ле әлі күн­ге дей­ін күн тәр­тібі­нен түс­кен жоқ. Соңғы жыл­да­ры елі­міз­де екі қолға бір күрек тап­пай жүр­ген жас маман­дар қата­ры көбей­іп жат­па­са, азай­ды дей алмай­мын. Бұған не себеп? Жастар­дың жұмыс­сыз қалуы­на кім кінәлі?..

Халы­қа­ра­лық еңбек ұйы­мы­ның мәлі­метіне сүй­ен­сек, қазір дүние жүзін­де 17 пен 26 жас ара­лы­ғын­дағы аза­мат­тар­дың 13 пай­ы­зы, яғни 75 млн жастар жұмыс­сыз дей­ді. Ал елі­міз­де ше? Ресми деректер елі­міз­де­гі жұмыс­сыз жастар­дың дең­гей­ін әрқа­лай көр­се­те­ді. Жал­пы, біз­де­гі ста­ти­сти­каға да адам сеніп бол­май­ды ғой. Былай­ғы жұрт­тың аузын­да әңгі­ме басқа­ша өрбі­се де, ста­ти­сти­каға кел­ген­де, бәрі кере­мет сай­рап тұра­ты­ны қызық. Осы­ған орай бір кез­дері ағы­л­шын­дар­дың «ең үлкен өтірік – ста­ти­сти­ка» дегені мен үшін орынды. 

Бағ­дар­ла­ма­сыз жұмыс істей алмай­тын заман­дай, «мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма» деп айдар­лай­ты­ны­мыз тағы бар. Жыл­дар сала жар­на­ма­сы жақ­сы бағ­дар­ла­ма­лар пай­да бола­ды да, сосын аяғы не болға­нын сезбей қала­сын. Себебі қор­тын­ды жасаған­да әспет­теп, жастар­да про­бле­ма жоқтай тағы бір ста­ти­сти­ка бой түзей­ді. Мыса­лы: «Ауыл жаста­ры», «Диплом­мен – ауы­лға!», «Жастар – кадр­лық резерві», «Жұмыспен қам­ту – 2020» бағ­дар­ла­ма­сы сияқты аты жақ­сы жоба­лар жары­ққа шықты. 

«Диплом­мен – ауы­лға» бағ­дар­ла­ма­сы алғаш жүзе­ге асқан­да, жастар­дың бар­лы­ғы ауы­лға атта­нып бара жатқан­дай көрін­ген­мен, алай­да қалаға диплом­сыз ағы­лған жастар­дың саны едәуір басым бол­ды. Олар­дың қалаға үде­ре бас қоюы­на бір ғана себеп бар еді. Ол – жан­да­рын қысқан жұмыс­сыздық. Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша жұмыс ізде­ген «диплом­ды» жастар мем­ле­кет­тің қол­да­уын көріп қалу үшін ауы­лға да бет бұра баста­ды. Шын­ту­ай­ын­да, сол жастар­дың ауы­лға барып, алған білі­мі бой­ын­ша кәсіп көзін ашып жатқан­да­рын көр­медім (бірен-саран болар, бірақ ол түбе­гей­лі жастар мәсе­лесі шешіл­ді деген емес). 

Айна­лып кел­ген­де, «жастар­ды ауы­лға тар­тып жатыр­мыз» деген ста­ти­сти­ка тағы да өзге­реді. Сон­да да қазір жұмыс­сыз жүр­ген жастар­дан «диплом бар, жұмыс жоқ» деген жау­ап­ты естей­міз. Жоға­ры оқу орнын аяқтап, қолы­на дипло­мын алған көп­те­ген жас маман­ның жұмыс­сыздық мәсе­лесі­мен бет­пе-бет келетіні жасы­рын емес. Оқу орнын бітір­ген түлек­тер­ді ешқан­дай жұмыс беру­ші құшақ жая қар­сы алмай­ты­ны тағы бар. Осы­дан кей­ін жастар­ды жұмыспен қам­ту­дың тағы бір жолы «Жұмыспен қам­ту – 2020» бағ­дар­ла­ма­сы­на ерекше көңіл бөлін­ді. Елі­міз­де осы бағ­дар­ла­ма­ның шама­мен 60 % қаты­су­шы­ла­ры жастар бол­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, мем­ле­кет іске қосқан мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ның аясын­да елі­міздің бар­лық облы­ста­ры мен аудан орта­лы­қта­рын­да жұмыспен қам­ту орта­лы­қта­ры ашы­лып, жастарға бос жұмыс орын­да­рын ұсы­на бастады. 

Алай­да атал­мыш бағ­дар­ла­ма арқы­лы екі қолға бір күрек тапқан жас маман­дар­дың жалақы­сы мар­дым­сыз бола­ты­ны естіл­ді. Ал нарық зама­ны қысқан уақыт­та төмен жалақы­ға жұмыс істе­у­ге құлы­қты жастар табы­ла қояр ма екен? Сон­ды­қтан «Жұмыспен қам­ту – 2020» бағ­дар­ла­ма­сы ұсы­нған қыз­мет­тен бас тар­тқан жас маман­ды да кінәлай алмай­сыз. Бүгін­гі нарық зама­нын­да төмен­гі мөл­шер­де­гі жалақы­ның ешнәр­се­ге жет­пей­тіні анық. 

Сон­ды­қтан жастар­дың көп­шілі­гі бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша қыз­мет ету­ден бас тар­тып, өзді­гін­ше жұмыс ізде­у­ге тыры­са­ды. Енде­ше жыл­дар­ды «атын атап» шыға­рып салға­ны­мы­з­бен, келер тағы бір «есі­мі бар» жыл­да күтетіні­міз мынау бол­сын. Ең бірін­ші: 1. Жаңа пар­ла­мент керек; 2. Жастар­дың құқы­ғы қорға­луы керек; 3. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Мем­ле­кет­тік жастар сая­са­ты тура­лы» Заңы аясын­да нақты шара­лар мен мін­дет­тер орын­да­луы керек; 4. Жастар кәсіп­кер­лі­гін қол­дау тиіс; 5. Жастар­дың бел­сен­ді өмір сүріп, ел ішін­де­гі әрбір істен тыс қал­мауы­на жағ­дай жаса­луы керек. Сол жастар­дың бірі болып, Жастар жылы­на аяқ басар уақыт­та менің айтар ойым – осы!

Таза­бек СӘМБЕТБАЙ
ЖСДП Алма­ты қала­лық фили­а­лы­ның жетек­шісі
:

– Келесі жыл елі­міз­де «Жастар жылы» деп жари­я­ланға­ны­мен, кезек­ті жасан­ды науқан­шыл­дық бола ма деген күді­гім бар. Қазір­гі режим жос­пар­лаған бағ­дар­ла­ма­ла­рын, сай­ла­у­ал­ды уәде­лерін аяғы­на жет­кіз­гені аз. Атай бер­сек көп, бірі «Ақ бұлақ» сияқты ауыл­дар­ды таза сумен қам­та­ма­сыз ету жос­па­ры еш мәсе­ле шешпе­ді. Енді бірі отан­дық өндірісті дамы­ту жолын­дағы сан­сыз бағ­дар­ла­ма­лар. Олар­дың немен аяқта­лып жатқа­ны бар­шаға аян. Бәрі­міз­ге ортақ қыру­ар қар­жы­лар бөлін­гені­мен, бір қорап сірің­ке шыға­руға қауқар жоқ. Сол себеп­тен де қоғам­да билік­тің бар­ша баста­ма­ла­ры­на деген сенім төмен деңгейде. 

Өз кезе­гін­де қоғам­да әле­умет­тік араз­дық, эко­но­ми­ка­лық тұрақ­сыздық сал­да­ры­нан нара­зы­лық өршіп келеді. Бәрі­міз­ге бел­гілісі – нара­зы­лы­қтың басын­да әрдай­ым жүретін жастар. Содан болуы керек, мем­ле­кет бас­шы­лы­ғы ел жаста­ры­ның көңілін аула­у­ға көш­кен­дей. Алай­да жастар­дың бетін бері қара­ту­дың жолы жасан­ды жари­я­ла­ным­дар­да емес, олар­мен мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі жау­ап­кер­шілік­ті бөлі­су. Яғни, билік­тің бар­лық тар­мақта­рын­да жаңа толқы­нға жол ашу. Қоғам­ның басқа­ру­шы тетік­теріне жастар­ды орналастыру.

Өрке­ни­ет­ті дамы­ған елдер­де де үрдіс сон­дай. Мәсе­лен, Еуро­па елдерінің пар­ла­мент­терін­де жастар­дың үлесі кем деген­де үштен бірі. Үкі­мет­терін­де одан да мол. Про­грес­сив­ті мем­ле­кет­тер­дің тәжіри­бесі көр­сет­кен­дей, билік басын­дағы жастар жаңа­шыл­ды­қты ту етіп, даму жолын жаңыл­май таба­ды. Төл тарихы­мы­зға үңіл­сек, жасын­дай жарқыл­даған Қасым хан Қазақ ханды­ғын қуат­ты ел етсе, Шоқан жиыр­ма бесін­де әлем­ге таны­мал ғалым болға­нын­дай мысал­дар жетіп арты­ла­ды. Ал елі­міз­де­гі алу­ан сала­дағы тоқы­ра­у­лар бастық крес­ло­сы­на жабысып оты­рған «дино­за­вр­лар» кесірі­нен деп білем. Пар­ла­мент «қарт­тар үйіне» айналға­ны қашан. Зей­нет­кер­лік жасы­на жет­кен қари­я­лар онда не істеп отыр? Иә, қалғып-мүл­гіп отыр. Қаза­қстан үшін түбе­гей­лі өзгерістер қажет. Әйт­пе­ген­де жас өркен өзіне тиесіліні кәрі қол­дар­дан жұлып алады.

Динар КАМИЛҚЫЗЫ,
тәу­ел­сіз журналист:

– Жуыр­да Қаза­қстан халқы­на жол­даған Жол­да­уын­да пре­зи­дент «Жастар мен отба­сы инсти­ту­тын кешен­ді қол­дау мем­ле­кет­тік сая­сат­тың басым­ды­ғы­на айна­луға тиіс. Келесі жыл­ды «Жастар жылы» деп жари­я­ла­уды ұсы­на­мын», – деді. Жөн дедік! Деген­мен бұған дей­ін мем­ле­кет­тік түр­лі бағ­дар­ла­ма­лар мен басқа­ру тетік­тері­нен қағы­лып қала­тын жастар пре­зи­дент­ке не үшін қажет бола қал­ды деген күмән­ді сұрақ туын­дай­ды. Бола­шақ – жастар­дікі. Ертең­гі күні келе­шек­ті қалып­та­сты­рып, өткен­ді жаңғыр­та­тын да сол жастар. Сол себеп­ті мұны бола­шақтың кіл­тін өз қолы­на ала­тын жастарға жағы­ну­дың бір жолы ма дедім. 

Қазір жастар азып-тозып біт­ті. Оның бір көрінісі – қыл­мыс көбей­ді. Себебі көбісінің қолын­да табақтай дипло­мы бар болға­ны­мен, істей­тін жұмысы жоқ. Ауыл­дан қалаға қыз­мет іздеп сабы­лған жастар. Ал екі қолға бір күрек тап­пай, бас­па­на­сыз қаңғып жүр­ген соң, жаман жолға түс­пей қай­те­ді. Қазір бір ғана Алма­ты­ның өзін­де тас лақтыр­саң, жеңіл жүрісті қыздар мен жұмыс­сыз жігіт­тер­дің басы­на тиеді. 

Тыра­шта­нып үйлі-баран­ды болған­да­ры­ның өзі бас­па­на­сыз, пәтер­ден-пәтер­ге сан­да­лып жүр. Алма­ты мен Аста­на­да салы­нып жатқан үйлер көп. Бүгін­гі жастарға соларға кезек­ке тұру­дың өзі қия­мет-қай­ым. Ол үшін отба­сын­дағы ері не әйелі мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұмыс жаса­уы қажет. Ал мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің айлық табысы жұмы­рға жұғым­сыз. Осы­лай­ша жалға­са беретін сәй­кес­сіздік. Ілде­бай­лап күн көріп кетер­міз деп, шағын кәсіп­тің көзін тап­са, салы­қтың түр­лерін төпе­лей­тіні тағы бар. Оқу ақы­сы қымбат. 

Қан­ша­ма талант­ты жастар жоға­ры оқу орын­да­ры­ның табал­ды­ры­ғын атта­уға зар болып жүр. Ата-ана­сы оқы­та­тын­дар жаны­на жақын маман­ды­қты сырып қой­ып, ақша таба­тын маман­ды­қтың «құлы­на» айнал­ды. Білім­сіз, қауқар­сыз дәрі­гер­лер осын­дай олқы­лы­қтан шығып жатқан жоқ па?! Жуыр­да ірілі-ұсақты банк­тер­дің жағ­дай­ын жақ­сар­туға 20 мил­ли­ард тең­ге бөлі­нетінін естідік. Халы­қты қанап оты­рған банк­тер­дің жағ­дайы бюд­жет­ке зәру деп кім айт­ты. Одан да сол ақшаға әрбір облы­стан жоқ деген­де бір-бір зауыт-фаб­ри­ка сал­сын­шы. Құдай-ау, жастарға көмек сол бол­май ма? Неге біз­де жастарға көмек бері­лу үшін, оны жар салып жол­да­у­ларға қосуы­мыз керек. Жастар­дың жағ­дайы баяғы­да-ақ күн­нің басты мәсе­лесі болып қалып­та­суы керек еді. 

Тегін білім грант­та­рын бер­сін, жастарға арналған өндіріс ошақта­рын көбейт­сін, қабілет­ті жастар оқуын бітір­ген соң, пұл-пара­сыз қыз­мет­ке қабыл­дан­сын, бас­па­на мәсе­лесін оңтай­лы шешіп бер­сін – сон­да ғана жастар­дың жайы рет­ке келеді. Әйт­пе­се «Нұр Отанға» арнап ода жазған бір­ді-екілі жастар­дың кешін өткізіп, кіта­бын шыға­рып беріп, «Жастар жылын ойлағы­дай атқа­рып жатыр­мыз» деу кім­ге керек? Жастар – әр заман­да да қозға­у­шы күш болып табы­лған. Жастар толқы­са, түбі жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Сол себеп­ті жары­луға шақ жүр­ген жастар­дың жағ­дай­ын жар­на­маға сал­май, жасап беретін кез кел­ді. Әйт­пе­се ертең бәрі кеш бола­ды. Оқу ақы­сы қымбат. 

Қан­ша­ма талант­ты жастар жоға­ры оқу орын­да­ры­ның табал­ды­ры­ғын атта­уға зар болып жүр. Ата-ана­сы оқы­та­тын­дар жаны­на жақын маман­ды­қты сырып қой­ып, ақша таба­тын маман­ды­қтың «құлы­на» айнал­ды. Білім­сіз, қауқар­сыз дәрі­гер­лер осын­дай олқы­лы­қтан шығып жатқан жоқ па?! Жуыр­да ірілі-ұсақты банк­тер­дің жағ­дай­ын жақ­сар­туға 20 мил­ли­ард тең­ге бөлі­нетінін естідік. Халы­қты қанап оты­рған банк­тер­дің жағ­дайы бюд­жет­ке зәру деп кім айт­ты. Одан да сол ақшаға әрбір облы­стан жоқ деген­де бір-бір зауыт-фаб­ри­ка сал­сын­шы. Құдай-ау, жастарға көмек сол бол­май ма? Неге біз­де жастарға көмек бері­лу үшін, оны жар салып жол­да­у­ларға қосуы­мыз керек. Жастар­дың жағ­дайы баяғы­да-ақ күн­нің басты мәсе­лесі болып қалып­та­суы керек еді. 

Тегін білім грант­та­рын бер­сін, жастарға арналған өндіріс ошақта­рын көбейт­сін, қабілет­ті жастар оқуын бітір­ген соң, пұл-пара­сыз қыз­мет­ке қабыл­дан­сын, бас­па­на мәсе­лесін оңтай­лы шешіп бер­сін – сон­да ғана жастар­дың жайы рет­ке келеді. Әйт­пе­се «Нұр Отанға» арнап ода жазған бір­ді-екілі жастар­дың кешін өткізіп, кіта­бын шыға­рып беріп, «Жастар жылын ойлағы­дай атқа­рып жатыр­мыз» деу кім­ге керек? Жастар – әр заман­да да қозға­у­шы күш болып табы­лған. Жастар толқы­са, түбі жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Сол себеп­ті жары­луға шақ жүр­ген жастар­дың жағ­дай­ын жар­на­маға сал­май, жасап беретін кез кел­ді. Әйт­пе­се ертең бәрі кеш болады.

Сау­ал­на­ма­ны дай­ын­даған –
Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

(медиа-про­ект «DAT» №37 (449) от 18 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн