Пятница , 4 июля 2025

Жасындай жарқыраған «ЛЕНИНШІЛ ЖАС» ЕДІ

Бұры­нғы «Ленин­шіл жас» – қазір­гі «Жас Алаш» газетінің шыға бастаға­ны­на 100 жыл толға­лы отыр. Ал мен осы газет­пен 60 жыл­дан бері ыстық қарым-қаты­на­ста, яғни үзбей жазы­лып оқу­да­мын, ішін-ара өзім де мақа­ла жазып тұра­мын. Аты жастар­ды ата­са да, заты әр жастар­дағы оқыр­манға арналған. Әсіре­се өткен ғасыр­дың 60–90-жылдары оқыр­ман­дар­дың руха­ни жан­сері­гі бол­ды деп айтуға болады.

Әлі есім­де, 1961 жыл болуы керек. Газет­те жазы­лған « Жанұ­зақ, Нағи­ма және Махаб­бат» деген мақа­ла оқыр­ман­дарға ой салып, үлкен пікір­та­лас туды­рған еді. Осы мақа­лаға орай өз ойла­рын біл­дір­ген газет оқыр­ман­да­ры­ның үн қосу­ла­ры газет­те 6 ай бойы жари­я­ла­нып тұрды.

Жанұ­зақ пен Нағи­ма біздің ауыл­дың тұрғын­да­ры еді. Жанұ­зақ – ауыл­дағы кәсіп­тік учи­ли­ще­де оқы­ту­шы-мастер, Нағи­ма – «МТС»-та токарь болып еңбек етті. Еке­уі көп кешік­пей шаңы­рақ көтеріп, жас отау тік­ті. Өкіні­штісі – Нағи­ма апа­мыз ерте­рек өмір­ден өтті. Ал Жанұ­зақ аға­мы­здың көзі тірі, әлі бар. «Білім беру ісінің үзді­гі», ауданға таны­мал аза­мат. Бір­не­ше кітап­тың авторы.

Сол сияқты, газет­те өзек­ті мәсе­ле­лер, әде­би­ет пен өнер, спорт, сая­сат, т.б мате­ри­ал­дар үне­мі көрініс тауып отыр­ды. Соның нәти­же­сін­де газет­тің тара­лы­мы 300 000 ( үш жүз мың!) данаға жет­ті. Газет­те таны­мал жур­на­ли­стер, кей­ін­нен әде­би­ет­тің марқасқа­ла­ры атанған: Орал­хан Бөкей, Фари­за Оңғар­сы­но­ва, Ақсе­леу Сей­дім­бек сияқты атақты тұлға­лар жұмыс істеді.

Жал­пы, газет­тің беделі мен бей­несі редак­торға бай­ла­ны­сты екені бел­гілі. Сей­дах­мет Бер­діқұ­лов, Шер­хан Мұр­та­за сияқты әде­би­ет­тің адам­да­ры редак­тор болған­да, «Ленин­шіл жастың» жұл­ды­зы жасын­дай жарқы­ра­ды. Және ол кез­де газет апта­сы­на 4 рет шыға­тын еді.

Кей­ін­гі кез­де газет тәу­ел­сіз басы­лым ста­ту­сын алды ма, әлде бер­ді ме – біл­мей­мін. «Жас Алаш» бұры­нғы беделі­нен, оқыр­ман­дар­дың ыстық ықы­ла­сы­нан айы­ры­лып қалған­дай. Оған дәлел – газет­тің қазір­гі тара­лы­мы 12 мың­нан сәл ғана аса­ды. Мате­ри­ал­дар да бір сарын­ды. Жари­я­ла­на­тын мақа­ла­лар­дың тақы­ры­бы дүдә­мал сұраққа қой­ы­ла­ды. Мате­ри­ал­дар­да көп сөзділік көз­ге ұрып тұрады.

Газет­тің беделін көтеріп, тара­лы­мын арт­ты­ру үшін ұсыныстарым:

  • «Ырғақ», «Мың­нан бір мезет» тақы­ры­бы­на бұры­нғы­дай арнайы бет беруді жалғастыру;
  • «Оқыр­ман хат­та­ры» айда­ры­мен де апта­ның бір санын­да арнайы бет беру;
  • Мүм­кін бол­са, газет­ті апта­сы­на үш рет шығару;
  • Рес­пуб­ли­ка­ның батыс облы­ста­рын­да да мен­шік­ті тіл­ші ұстау.
  • Газет­тің мате­ри­ал­дық жағ­дай­ын жақ­сар­ту үшін, биз­не­смен­дер мен кәсіп­кер­лер­дің қол­да­уы­на қол жеткізу;
  • Сөй­тіп, газет­тің тара­лы­мын ең бол­маған­да 50 мыңға жеткізу.
  • Таны­мал, қала­мы жүй­рік жур­на­ли­стер­ді редак­ци­яға жұмысқа алу.

         Бұл ұсы­ныс-пікір­лерім оқыр­ман­дар ара­сын­да газет бұры­нғы бедел биі­гі­нен көрініп, жұрт­шы­лы­қтың руха­ни жан сері­гіне айнал­са екен деген үкілі үміт­тің нәти­же­сін­де туын­дап отыр.

         Бедел биі­гі­нен көрініп, оқыр­ман­дар­дың жан дүни­есін «жау­лаған» басы­лы­мға айнал, «Жас Алаш»!
P.S. Осы мақа­ла­ны өткен 26 жел­тоқ­сан­да элек­трон­ды пошта­мен «Жас Алаш» газетінің редак­ци­я­сы­на жол­даған едім. Осы уақы­тқа дей­ін газет­те жари­я­ланған жоқ. Газет­тің 21 қан­тар (№6–16605) санын­да тараз­дық дәрі­гер, таны­мал автор Сағын­дық Ордабе­ко­втің «Жас Алаш» – әділ­дік­тің три­бу­на­сы» деген мақа­ла­сы шықты. Автор­дың бұл пікірі­мен қазір­гі кез­де келі­се алмаймын.

Газет­тің оқыр­ман­дар ара­сын­дағы беделі тара­лым­нан көрініс таба­ды деп ойлай­мын. «Ленин­шіл жас» кезеңін айт­пай-ақ, «Жас Алаш» аталған кезі­нен бері Нұр­тө­ре Жүсіп пен Жүсі­п­бек Қорға­с­бек редак­тор болған тұста оқыр­ман­дар­дың ыстық ықы­ла­сы­на айна­лып, іздеп жүріп оқи­тын газеті болға­ны анық. Тара­лы­мы да 60–80 мың данаға жет­ті. Редак­ци­ядағы жур­на­ли­стер де сай­дың тасын­дай, қала­мы ұшқыр, өз маман­ды­ғы­ның шебер­лері болды.

Ал қазір бұры­нғы беделі­нен айы­ры­лып қал­ды. «Сын түзел­мей, мін түзел­мей­ді». Олай бол­са, өз аты­на айты­лып, жазы­лған сынға «Жас Ала­штың» редак­ци­я­сы түсіністік­пен қара­уы керек.

Иба­тол­ла СӘТЕНҰЛЫ,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі,

Аты­рау облы­сы, Иса­тай ауданы

ШАЛДАР ШЕГІНБЕЙТІН қоғамда өмір сүріп жатырмыз… 

Жақын­да екі ірі универ­дің, екі ірі газет­тің бас­шы­сы тағай­ын­дал­ды. Бәрі алпы­сты алқым­даған­дар. Қари­яға қасты­ғым жоқ, бірақ 62 жастағы Түй­ме­ба­ев, 64-тегі Сыды­қов өз потен­ци­ал­да­рын көр­сетіп бол­ды емес пе? Каз­ГУ-ды – Каз­ГУ қылған Өмір­бек Жол­да­с­бе­ков 39 жасын­да рек­тор болған екен (!).

Сол жол­да­с­бе­ко­втер­дің жолын жалға­сын деп, қан­ша­ма жасты мем­ле­кет «Бола­шақ­пен» оқыт­па­ды ма? Қыры­қтың ар жақ, бер жағын­дағы, білі­мі мен білі­гі толы­сқан, бабын­да жүр­ген қан­ша­ма аза­мат бар! Олар­дың оба­лы, олар беру­ге тиіс нәти­женің оба­лы кімге?

Ал екі газет ше? «Ана тіліне» Жанар­бек­тің орны­на кел­ген, 62- дегі Қали Сәр­сен­бай аға­мыз не істей ала­ды? Рас, жақ­сы адам, еңбек­то­ры жур­на­лист, кісілі­гі зор. Алай­да көр­се­терін – көр­сет­ті, бере­рін – бер­ді ғой. Қале­кеңнің орны­на «Алма­ты ақша­мы­на» Дани­яр Төре­хан деген алпы­сты алқым­даған аға­мыз келіп­ті. Не істей­ді, нені өзгер­те­ді, түсіне алмай­мын… Жур­на­ли­сти­ка­да жиыр­ма­сы мен оты­зын­да өздерін дәлел­деп тастаған Сәкен Сыбан­бай, Жұл­дыз Әбділ­да, Кәм­шат Тас­бо­лат, Есей Жеңісұ­лы, Рус­лан Ербо­та­лар ше? Мүм­кін­дік беріл­ме­стен, бауы­рын жазып шап­пас­тан қар­та­я­тын бол­ды ма?.. Аты аталған-атал­маған қан­ша мықты про­фи­лер бар.

Бір кез­де Алтын­бек (Сәр­сен­бай­ұ­лы – Ред.) министр болған­да, оты­зға енді ілін­ген кур­с­та­ста­ры мен доста­ры — Нұр­тө­ре, Шәм­шид­дин, Серға­зы, Жүсі­п­бек, т.б. қан­ша­ма аза­мат­ты редак­тор, замре­дак­тор етті. Олар шыны­мен мықты жұмыс атқар­ды. Өз кезеңінде.

Енді сәл шегі­ну­ге, жол беру­ге мәрт­ті­гі жет­пей­тініне таң қала­мын. Медиа сала­сы­ның кура­то­ры болып оты­рған Аба­ев, Бала­е­ва, Уәли­лер­дің қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы, өз заман­даста­ры жай­лы түсінік­теріне қайранмын…

Қасым АМАНЖОЛ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн