Пятница , 23 мая 2025

ЖАСӨСПІРІМДІ әлемжеліге тәуелділіктен ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРАМЫЗ?

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің 

бірін­ші орынбасары 

Р.В. Склярға,

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орынбасары

Е.Б. Көшер­ба­евқа! 

Қазір әле­умет­тік желілер адам­ның өміріне етене енгені сон­ша­лық, «Көп лайк жина – жетістік­ке жет, көп­ке пай­даң­ды тигіз – под­пис­каға қосыл», «Лайк – көңіл көте­реді, бірақ мақ­сатқа жет­кіз­бей­ді» деген қанат­ты сөз­дер қалып­та­сып үлгерді.

Бұл – төрт­күл дүни­е­ге дамыл қақты­рып оты­рған мәсе­ле. Әлем­дік дең­гей­де бел­гілі пси­хо­лог­тар Жан Твен­ге, Джо­на­тан Хайдт, Шер­ри Тер­кл, Нико­лас Карр, Адам Аль­тер әле­умет­тік желі жастар ара­сын­да депрес­си­я­ны күшей­тіп, назар ауда­ру қабілетін төмен­детіп, тәу­ел­ділік туды­рып, адам­дар ара­сын­дағы шынайы қарым-қаты­на­сты әлсіре­тетінін дәлел­деп, автор­лық кітап­та­рын жазды.

Әле­умет­тік желінің руха­ни-мәде­ни зиян-зала­лын қазір­дің өзін­де сезініп отыр­мыз. Халы­қа­ра­лық Kaspersky Lab ком­па­ни­я­сы өткен жылы жүр­гіз­ген сау­ал­на­маға назар аудар­сақ, санаға сал­мақ түсіріп, көңiл­ге мұң әке­ледi. Оның деректеріне сүй­ен­сек, Қаза­қстан­дағы бала­лар­дың 88 %-ында жеке смарт­фон бар. Ал оның 28 %-ы бар­лық бос уақы­тын гад­жет­те өткі­зетіні бел­гілі болды. 

Жасөс­пірім­дер­дің 74 пай­ы­зы «TikTok»-ты, 59 пай­ы­зы – «YouTube»-ты, 57 пай­ы­зы – «Instagram»-ды бел­сен­ді пай­да­ла­на­ды. Әрбір бесін­ші ата-ана өз бала­сы­ның әле­умет­тік желілер­де­гі парақ­ша­сын­да қан­дай ақпа­рат жари­я­ланға­нын білмейді.

Ата-ана­лар­дың 62 %-ы бала­ла­ры­ның экран алдын­дағы уақы­тын бақы­лау үшін ешқан­дай арнайы бағ­дар­ла­ма мен шек­теу қол­дан­бай­ды. 4–6 жас ара­лы­ғын­дағы бала­лар­дың 17 пай­ы­зы интер­нет арқы­лы сатып алу­лар жасай­ды. Бұл ата-ана­ларға қар­жы­лық шығын кел­тіріп қана қой­май, бала үшін де қауіп төн­діретіні айт­па­сақ та түсінікті.

Әлеумет­тік желі­ге деген тәу­ел­ділік­тің зардабы тым ауыр. Қазір Оңтүстік Корея мен Кана­да ондаған сауы­қты­ру орта­лы­ғын ашып, зама­на­уи гад­жет­тер­ге тәу­ел­ділер­ді сауы­қты­ру­ды қолға алды. Желі­ге желік­кен­дер пси­хо­ло­ги­я­лық, физи­ка­лық, әле­умет­тік қиын­ды­ққа тап келу­де. Мыса­лы, Гон­конг Қытай уни­вер­си­тетінің зерт­те­улері бой­ын­ша, интер­нет­ке тәу­ел­ді жасөс­пірім­дер ара­сын­да пси­хо­ло­ги­я­лық ауы­тқу­ларға тап болу көр­сет­кі­ші 2,5 есе жоға­ры. Депрес­си­яға шал­ды­ғу ықти­мал­ды­ғы 3 есе көп бола­ды екен.

Бүгін­де әле­умет­тік желіні шек­теп жатқан елдер аз емес. Олар­дың қата­ры­на Қытай, Оңтүстік Корея, Фран­ция, АҚШ, Австра­лия және тағы басқа дамы­ған елдер­ді жатқы­зуға бола­ды. Атап айт­сақ, Қытай­да 2023 жылы кәме­лет­ке тол­маған­дар­дың мобиль­ді құры­лғы­лар­ды қол­да­нуын рет­тей­тін заң жоба­сын ұсы­ныл­ды. Оған сәй­кес, бала­ларға кеш­кі 22:00-ден таңғы 6:00-гедейін смарт­фон­дар­ды пай­да­ла­нуға тый­ым салын­ды. Фран­ция үкі­меті 15 жасқа дей­ін­гі оқу­шы­лар үшін мек­теп­тер­де теле­фон пай­да­ла­нуға тый­ым салып, бала­лар­дың интер­нет­ке қол­жетім­ділі­гін заң­на­ма­лық дең­гей­де реттеді.

Осын­дай ондаған мысал­ды кел­тіру­ге бола­ды. Елдің бола­шағын, өске­лең ұрпақтың қамын ойла­сақ, онда қазір­ден бастап нақты шешім­дер қабыл­да­уы­мыз қажет. Яғни, жасөс­пірім­дер­дің әле­умет­тік желілер­ді пай­да­ла­нуын заң­мен рет­теу керек. 

Ол үшін:

1. Елі­міздің Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гі, Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі мен Цифр­лық даму, инно­ва­ци­я­лар және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стр­лі­гі ведом­ство­ара­лық топ құрып, әле­умет­тік желілер­дің өске­лең ұрпаққа тигі­зетін зия­нын жан-жақты сарап­тап, сара­лап, арнайы заң жоба­сын әзір­ле­уі қажет.

2. Әле­умет­тік желілер мен онлайн ойын­дар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша жас шек­те­улерін енгі­зу, сон­дай-ақ кәме­лет­ке тол­маған­дарға гад­жет­тер­ді пай­да­ла­ну уақы­тын бел­гілеу бой­ын­ша тиісті ұсы­ныс әзір­ле­нуі керек.

3. Ата-ана­лар үшін бала­ла­ры­ның интер­нет әле­мін­де­гі іс-әре­кет­терін, өткіз­ген уақы­тын қадаға­ла­у­ға мүм­кін­дік беретін біры­ңғай мем­ле­кет­тік бақы­лау жүй­есін құру­ды ұсынамын.

4. Жасөс­пірім­дер ара­сын­да физи­ка­лық бел­сен­ділік­ті дамы­ту – интер­нет­ке тәу­ел­ділік­тің алдын алу­дың тиім­ді жол­да­рын қарас­ты­ру қажет.

Жарқын­бек АМАНТАЙҰЛЫ «AMANAT» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның мүшесі​​​​

Республиканский еженедельник онлайн