Среда , 2 июля 2025

ЖАУ ЖОҚ деме, ЖАР АСТЫНДА

«Араз­дық туғы­за­тын сөз айтып, бұған мені кінәлай­ды». Қаза­қстан­дағы сепа­ра­ти­стер­ді әшке­ре­лей­тін укра­ин бло­гер­мен әңгіме.

Қаза­қстан­дағы сепа­ра­ти­стер­ді әшке­ре­лей­тін Укра­ин бло­гері Василь Гон­чар интер­нет­те «пан Василь» деген атпен бел­гілі. Ол Қаза­қстан­дағы сепа­ра­ти­стік пиғы­лы бар­лар­ды әшке­ре­ле­у­ге нелік­тен атса­лы­сып жүр­генін, өзіне қар­сы айып­та­у­лар мен про­во­ка­ци­яға қалай қарай­ты­нын және қаза­қтар мен укра­ин­дер­ге ортақ нәр­се­лер тура­лы айтып берді.

Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның орта­лы­ғы Орал қала­сын­да тұра­тын Денис Руд­ных пен Кри­сти­на Коль­чен­ко осы айда сепа­ра­тизм бабы бой­ын­ша түр­ме­ге жабыл­ды. Олар укра­ин бло­гер пан Василь­мен онлайн сөй­лес­кен­нен кей­ін тер­ге­у­ге алы­нған. Өзін Ресей аза­ма­ты­мын деп таны­сты­рған бло­гер олар­дан Укра­и­на­дағы соғы­сқа қалай қарай­ты­ны жөнін­де сұраған. Орал­дық тұрғын­дар­дың ақта­ры­ла айтқан әңгі­месі айып­тау үкі­мі­мен және бес жылға бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы­мен аяқталды.

Укра­ин бло­гер­мен бұрын сөй­лес­кен бір­не­ше аза­мат та қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған. Пан Василь 2020 жылы Руд­ный қала­сы­ның тұрғы­ны Кирилл Бож­ко­мен сөй­лесіп, оның қазақ халқы мен тілі тура­лы дөрекі ой-пікірін интер­нет­ке жари­я­лаған­нан кей­ін таны­ла баста­ды. Бож­ко ұлта­ра­лық араз­дық туғы­зға­ны үшін екі жылға сот­тал­ды, ал пан Василь қазақ бло­геріне айна­лып шыға келді.

– Кей­ін­гі үш жыл­дағы шыға­ры­лым­да­ры­ңы­здың көбі Қаза­қстанға арналған. Facebook-тегі ортақ доста­ры­мы­здың саны 150-ден аса­ды екен. Қаза­қстан мен онда болып жатқан оқиға­лар сіз­ге несі­мен қызықты?

– Бло­гер­лік­ті 2019 жылы баста­дым. Бұған «Ресей­дің Укра­и­наға қар­сы ақпа­рат­тық соғы­сы­на қан­дай үлес қоса ала­мын?» деген ой түрт­кі бол­ды. YouTube-канал ашып, укра­ин бло­гер­лер­дің 90 пай­ы­зы сияқты чат-рулет­ка­да адам­дар­мен сөй­ле­се бастадым.

Маған халы­қа­ра­лық қауым­да­стық қашан да қызық бола­тын. Бела­русь­тер, қаза­қтар әртүр­лі жағ­дай­да өзін қалай ұстай­ды екен деп ойлай­ты­н­мын. Қазақ қоға­мы укра­ин бло­гер­лерін жібер­мей қарап, пікір жазып, Укра­и­на мен Бела­русь­те болып жатқан оқиға­ларға қаты­сты ой біл­діріп оты­ра­ты­нын бай­қа­дым. Ара­сын­да қаза­қтар­мен түсіріл­ген видео сал­сам, көр­сетілім саны артып кете­ді. Қаза­қтар осын­дай кон­тент көр­гісі келетінін, алғы­сы мол ауди­то­рия екенін ұқтым. Чат-рулет­ка­дан виде­о­лар салып жүр­дім. Бір күні Кирилл Бож­ко деген адам кез­де­сті. Бір күн ішін­де Қаза­қстан­нан 10 мың оқыр­ман қосыл­ды. Ал Бож­ко­мен видео­ның көрілі­мі 300 мың­нан асты. Осы­лай халы­қа­ра­лық укра­ин бло­гер­ден халы­қа­ра­лық қазақ бло­гер­ге айналдым.

Жаңа ауди­то­ри­я­ның қызы­ғу­шы­лы­ғын еске­ру керек. Бож­ко­ның айна­ла­сын­дағы шу басы­лған. Оқыр­ман­да­рым­нан «Сіз­дер­ге қалай пай­да­лы бола ала­мын?», «Қаза­қстан мен Укра­и­на­ның досты­ғын нығай­ту үшін не істей ала­мыз?» – деп сұра­дым. Нәти­же­сін­де апта­сы­на бір рет YouTube-арнам­да тіке­лей эфир­де кез­десіп тұра­мыз деп шештік. Әрине, чат-руле­тка­ны пай­да­лан­дық. Бұл аза­мат­тар­дың ойын­да не барын көр­сет­кім кел­ді. Әрине, олар қоғам­ның үлкен бөлі­гі емес, бірақ бел­гілі бір дең­гей­де елдің айна­сы деу­ге болады.

Чат-рулет­ка­да кез­дескен адам­дар өзді­гі­нен ашы­лып сөй­лей баста­ды. Аздап қулы­ққа басуға тура кел­ді, бірақ олар мені өзі­міздің адам деп ойлап, Қаза­қстан мен қаза­қтар тура­лы пікірін ақта­ры­лып айта баста­ды. Өкініш­ке қарай, айты­лған пікір­лер­дің басым көп­шілі­гі – жағымсыз.

– Сөй­лесіп оты­рған адам­ды Қаза­қстан мен қаза­қтар тура­лы әңгі­ме­ге тар­ту әдісіңіз көп ада­мға про­во­ка­ция болып көрі­неді. Қулық пен про­во­ка­ция ара­сын­дағы шека­ра қайда?

– Ондай шека­ра тым нәзік, тіп­ті жоқ деу­ге бола­ды. Мен қол­да­на­тын әдістер шыны­мен көп ада­мға про­во­ка­ция неме­се мани­пу­ля­ция болып көрі­нуі мүм­кін. Бірақ ниеті түзу адам сау неме­се мас күй­ін­де бол­сын, өз халқы мен туған жері тура­лы жаман сөй­ле­мей­ді. Қаза­қстан­дағы диас­по­ра ата-баба­сын құшақ жай­ып қар­сы алып, өмірін сақтап қалған қазақ халқы­на алғыс айтуы керек. Қазақ халқы­на деген құр­мет пен сый­ла­стық ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тиіс. Ал адам дөрекі сөй­леп жат­са, оған менің еш қаты­сым жоқ. Мен бар болға­ны сұрақ қой­ып отырдым.

– Чат-рулет­ка­да қар­мағы­ңы­зға ілініп қала­тын­дар­дың көбі – білі­мі төмен адам­дар. Олар­мен неге сая­сат тура­лы сөйлесесіз?

– Иә, көбіне өмір­ден өз орнын таба алмаған, Совет Одағын­дағы өмір­ді аңсап, Ресей бізді қорға­уы керек деп ойлай­тын адам­дар кез­де­седі. Бірақ Кирилл Бож­ко – табысты кәсіп­кер, құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры, Руд­ный­да тен­дер ұтып жүр­ген адам. Ол төмен­гі тап­тан деп ойла­май­мын. Бірақ қаза­қтар үшін ауыл­да тұра­тын, оқы­маған адам ба, табысты кәсіп­кер ме – айыр­ма­сы жоқ. Бұл адам – бірін­ші кезек­те, сатқын­ды­ққа жақын, Қаза­қстан­дағы «орыс әле­мінің» эле­мен­ті. Құдай сақ­та­сын, «орыс әле­мі» Укра­и­на­дағы­дай Қаза­қстанға да ауыз сал­са, елді бірін­ші болып осын­дай адам­дар сатып кетеді.

– Сіз­ге қаза­қстан­дық арнайы қыз­мет өкіл­дері хабар­ласқан жоқ па?

– Укра­и­на, Ресей неме­се Қаза­қстан­ның арнайы қыз­меті­мен бай­ла­ны­сым жоқ. Эфир кезін­де көбіне «Арнайы қыз­мет өкіл­дері­нен бүгін жұмыста кім? Эфир­ді кім қарап отыр?» деп әзіл­деп сұрай­мын. Қаза­қстан­ның арнайы қыз­метіне көмек­тесіп жатқан сияқты­мын. Сепа­ра­ти­стер­ді тауып, дай­ын­дап бере­мін. Адам қыл­мыстық айып тағы­ла­тын пікір айта­ды, мекен­жайы мен теле­фон нөмірін береді, оларға тек барып, ұстап әке­ту ғана қалады.

Бір­де қаза­қстан­дық нөмір­ден бір жігіт­тер жазып, арнайы қыз­мет­те істей­тінін тұс­пал­дап жет­кізді. Бір­не­ше күн жазып жүр­ді, орфо­гра­фи­я­лық өзгерістер мен сөй­леу мәнеріне қарап, теле­фон­ның арғы жағын­дағы адам­дар ауы­сып оты­рға­нын бай­қа­дым. Ақы­рын­да басты­ғы жаз­ды ғой дей­мін: «Жарай­сың, біз­ге көмек­тесіп жүр­сің, бірақ шек­тен шық­па, сая­сатқа ара­лас­па» деп ескерт­ті. Басқа ешкім жаз­ба­ды. Бірақ қоқан-лоққы көп бол­ды. Ондай хабар­ла­ма­лар­ды әртүр­лі жосы­қ­сыз эле­мент­тер жаза­ды деп ойлаймын.

– Сізді қаза­қтар мен оры­стар­дың ара­сы­на от салып жүр деген айып­та­у­ларға қалай қарайсыз?

– Әрине, ұнат­пай­мын, өйт­кені ондай­ды көбіне қар­сы тарап­ты қол­дай­тын­дар жаза­ды. Адам­дар қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­тын сөз­дер­ді өздері айта­ды, бірақ 90 пай­ыз жағ­дай­да бұған мені кінәлай­ды. «Сұра­ма­саң, айт­пас едім» дей­ді. Әңгі­ме бары­сын­да кіш­кене қулы­ққа бара­ты­ным рас, бірақ олар жаман сөз­дер­ді шын жүрек­тен өздері айтады.

– Екі жыл бұрын қаза­қстан­дық Zona.kz сай­ты «Бан­де­ров­шы­лар қаза­қтар мен оры­стар­ды неге ұры­сты­рғы­сы келеді?» деген жаз­ба жари­я­ла­ды. Автор «адам­дар­мен чат-рулет­ка­да сөй­ле­с­пеу керек, Қаза­қстан­дағы қоғам­дық пікір­де мұн­дай нәр­се­лер­ге имму­ни­тет жоқ» дейді.

– Укра­ин­дер қаза­қтар мен оры­стар­ды ұры­сты­рғы­сы келеді деу қолай­лы ғой. Автор Бож­ко­ның өзін «ұлт­шыл­мын» деп атап, «сен­дер­ге бір Ста­лин керек» деп, қаза­қтар мен қазақ тілі тура­лы жаман сөз­дер айтқа­ны­на қын­жыл­май­ды. Оған менің қара­пай­ым сұрақта­рым ғана ерсі көрініп­ті. Мұн­дай адам­дар «Бож­ко чат-рулет­ка­да «бан­де­ров­шы­ға» кезік­пе­се, жақ­сы, табысты кәсіп­кер болып қалар еді» дей­ді. Алай­да Ресей­дің Қаза­қстанға басып кіруі мәсе­лесін «егер» емес, «қашан» деген кон­тек­сте қарас­ты­ру керек. Қазір Укра­и­на­ның қару­лы күш­тері мұның алдын алу үшін қолы­нан кел­ген­нің бәрін жасап жатыр. Мен сияқты бло­гер­лер олар­дың өз аудан­да­рын­да оры­стар­дың қол­жа­улы­ғы бола­ты­нын әшке­ре­лей­ді. Мақ­са­ты­мыз – мұн­дай­ға жол бер­меу неме­се азайту.

– Сіздің тіке­лей эфир­леріңіз­ден кей­ін сепа­ра­тизм бабы бой­ын­ша айып­талған адам­дар­дан хабар алып тұра­сыз ба?

– Арнайы қара­май­мын, бірақ оқыр­ман­да­рым ақпа­рат жіберіп оты­ра­ды. Бәрі­нен де Кирилл Бож­ко­ның жағ­дайы қызық. Осы уақыт ішін­де өмірі қалай өзгер­генін біліп, тіп­ті сөй­лескім кел­ді. Бірақ реті кел­меді, әлі түр­ме­де деп естідім. Заң­ды бұзған адам қыл­мысы үшін жау­ап беруі тиіс.

Мен сөй­лес­кен кей адам­дар құқық қорғау орган­да­ры­ның наза­ры­нан тыс қалып жата­ды. Кез кел­ген резо­нанс Қаза­қстанға қар­сы мәлім­де­ме­лер­дің санын азай­тар еді. Бұдан адам пат­ри­от болып кет­пей­ді, бірақ қан­дай ісі үшін жау­ап беретінін түсінеді.

– Бло­гер­лік қыз­метіңіз­бен «Укра­и­на­да кілең русо­фоб­тар мен наци­стер тұра­ды» деген ресей­лік про­па­ган­даға болы­сып жатқан жоқ­сыз ба?

– Өте ыңғай­лы про­па­ган­да­лық әдістің бірі – бар кінәні біз­ге ауда­ра салу. Өздері тіл тигі­зеді, құр­мет­те­мей­ді, [елдің] тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы­на қауіп төн­діреді, бірақ бұған укра­ин бло­гер­лер кінәлі бола­ды. Қазақ қоға­мы эфир­ге шығып, сепа­ра­ти­стік пиғы­лы бар­лар­ды әшке­ре­ле­гені­мізді көр­ме­се, бола­шағын «орыс әле­мі­мен» бай­ла­ны­сты­ра­тын адам­дар жоға­лып кет­пей­ді. Біз осы мәсе­лені көр­сетіп жатыр­мыз. Ары қарай бұл адам­дар­ды кешіресіз­дер ме, әлде түр­ме­ге жаба­сыздар да – өздеріңіз білесіздер.

– Чат-рулет­ка­да сіздің мақ­са­ты­ңы­зды бір­ден түсініп, қар­мағы­ңы­зға түс­пей­тін адам­дар бола ма?

– Жұмыс істеу қиын­дап бара­ды: бірін­ші­ден, жұрт мені тани баста­ды, екін­ші­ден, ешкім түр­ме­ге оты­рғы­сы кел­мей­ді. Сон­ды­қтан қазір­гі эфир­лер негізі­нен Қаза­қстан мен Укра­и­на ара­сын­дағы мәде­ни алма­суға арна­ла­ды. Қазақ және укра­ин музы­ка­сын тың­дап, әртүр­лі ойын­дар мен ұты­стар өткіземіз.

Тіке­лей эфир­сіз-ақ Қаза­қстан­дағы диас­по­ра өкіл­дерінің көбі – укра­ин­дер, оры­стар, поляк­тар, немістер «орыс әле­мін» қол­дай­ты­ны түсінік­ті (Қаза­қстан­ды­қтар­дың Ресей­дің Укра­и­наға басып кіруіне көзқа­ра­сы тура­лы ресми ста­ти­сти­ка жоқ; Demoscope зерт­теу ұйы­мы мамыр­да мыңға жуық қаза­қстан­дық қаты­сқан сау­ал­на­ма нәти­же­сіне сүй­еніп, респон­дент­тер­дің 21,1 пай­ы­зы Укра­и­на­ны қол­дай­ты­нын, 12,8 пай­ы­зы Ресей­ді жақтай­ты­нын, 60 пай­ы­зы бей­та­рап пози­ци­яда екенін айтқан – Ред.). Укра­ин ретін­де өзім сөй­ле­сетін адам­дар­дың 70 пай­ы­зы­ның тегі укра­ин бола тұра, Қаза­қстан­да «орыс әле­мі» орнаға­нын қалап, Укра­и­наға қар­сы агрес­си­я­ны қол­дай­ты­ны­на қар­ным ашады.

Қазақ тілін­де сөй­лей­тін оқыр­ман­да­рым­ның көбі Укра­и­на­ны қол­дай­ды. Укра­и­на­да «мызғы­ма­стық киіз үйі» ашы­лған­да, осы­ған тағы да көзі­міз жет­ті: қаза­қтар укра­ин­дер жылы­нып, шай ішіп, теле­фо­нын қуат­тап алсын деп, 100–200 тең­ге­ден жіберіп жат­ты. Хер­сон облы­сын­дағы Кахов бөгеті жары­лған­нан кей­ін 4–5 күн­нен соң қаза­қтар гума­ни­тар­лық көмек жина­уды қай­та қолға алды: адам­дар гиги­е­на құрал­да­рын, киім-кешек, қай­ық апа­рып, супер­мар­кет­тен онлайн сауда жасап жатыр. Бұл – туған жерін ерлік­пен қорғап жатқан Укра­и­на қару­лы күш­тері еңбе­гінің жемісі. Бірақ біз – нацист, фашист емес­піз, Ота­ны­мы­зды жай ғана қорғап жатыр­мыз деген­ді көр­сет­кен укра­ин бло­гер­лерінің де үлесі бар деп ойлай­мын. Қаңтар оқиға­сы болған­да укра­ин­дер жағ­дай­ды жіті бақы­лап, уай­ым­дап, Қаза­қстан­ның жаңа­лы­қта­рын күн­діз-түні қарап отыр­ды. Қаза­қтар мен укра­ин­дер жақын, олар­ды руха­ни тұрғы­дан бауыр­лас халы­қтар деп ата­уға болады.

– Бло­гер­лік қыз­метіңіз­ден бөлек немен айналысасыз?

– 30 жыл­дан бері Укра­и­на­ның ірі ком­па­ни­я­ла­рын­да экс­порт бой­ын­ша мене­джер болып істей­мін. Қазір де укра­ин тау­ар өндіру­шілерінің өнім­дерін экс­пор­тқа шыға­рып жүрмін.

Одан бөлек, әріп­тесім еке­уі­міз әле­умет­тік жоба баста­дық. Ақша жинап, қаза тапқан қаһар­ман­да­ры­мы­здың отба­сы­на көмек­те­се­міз. Үш жарым жыл­дан бері ай сай­ын 9 отба­сы­ға ақша ауда­ра­мыз. Сегіз отба­сы әкесіз, бір отба­сы ана­сыз қал­ды. Онда жал­пы саны 25 бала жар­ты­лай жетім өсіп жатыр.

«Азаттық»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн