Понедельник , 30 июня 2025

Жағымпаздың екі монологы

1. Тірі кезінде

Сіз кет­пе­ңіз!

Сіз кет­сеңіз –

Мына дүние

Қақ жары­ла­ды ғой.

Сіз кет­сеңіз –

             Сол­түстік Мұз­ды мұхит

Жер шары­на

Топан­су боп жай­ы­ла­ды ғой.

Құдай басқа бермесін:

Тынық мұхит

Тыны­шты­ғы­нан айы­ры­ла­ды ғой.

Бүкіл Афри­ка,

Бүкіл Аме­ри­ка,

Бүкіл Азия,

Бүкіл Еуро­па

Қара жамы­ла­ды ғой.

Сіз кет­пе­ңіз!

Жер жүзі дәл қазір

Күн­ді емес,

Сізді айна­лып тұр ғой.

Сіз қазір

Аспан астын­дағы

Темірқа­зы­қ­сыз!

Сол қазы­ққа

Дүние бай­ла­нып тұр ғой!

Сіз кет­пе­ңіз!

2. Өлген соң

Атаңа ғана лағынет!

Ақы­ры кет­тің бе! –

Бәрін бүл­діріп,

Бәрін тын­ды­рып,

Өттің бе!

Бүге-бүге

Екі тізем

Күс бол­ды ғой.

Қай­та­дан тік­теп тұруым

Күш бол­ды ғой.

Күй­іне-күй­іне

Мына дүние

Бұзы­лып кете жаз­да­ды ғой.

Иіле-иіле

Бел омыр­тқам

Үзіліп кете жаз­да­ды ғой.

Енді сен

О дүни­е­де

Пей­і­штің нұрын емес,

Құрт пен құмырсқаны

Ірің­дей былжыратып,

Сорып жата­сың!

Аптап­ты күн­де де,

Көріңнің ішін­де –

Қал­шыл­дап! –

Тоңып жата­сың.

Енді мен

Жағы­ну­ды аңсап,

Басқа­ша адам,

Басқа­ша аты­рап табам!

Мен саған енді

Топы­рақ сал­сам да,

Доңыз сары­ған

Топы­рақ салам!

Атаңа ғана лағынет!

Темір­хан МЕДЕТБЕК

 

АРМАНАСҚАРҒА: Сендердің өмірлерің ТИЫНҒА ҚАЖЕТСІЗ!

  • Өткен апта­да ҚР пре­мьер-мини­стрі Асқар Мамин Алма­ты­да Ресей үкі­метінің төраға­сы Миха­ил Мишу­ст­ин­мен кез­де­су өткіз­ген еді. Бірақ ол кез­де­су­де қан­дай мәсе­ле талқы­ла­нып, недей уағ­да­ла­стық жасалға­ны алма­ты­лы­қтар үшін аса қызғы­лы­қты болмады.

Себебі Еура­зи­я­лық үкі­ме­та­ра­лық кеңес пен «Digital Almaty» фору­мы аясын­да өткен кез­де­су кезін­де Алма­ты­да транс­порт­тық кол­лапс бол­ды: қала­ның орта­лық көше­лері толы­қтай жабы­лып, көлік кеп­телісі екі елдің пре­зи­дент­тері кез­дескен кез­ден де қиын бол­ды. Жұмыс аяғын­да Алма­ты­да транс­порт қозға­лы­сы толы­қтай қаңта­ры­лып, қала халқы­ның ашу-ыза­сын тудыр­ды. ҚР үкі­метінің пре­мьері Алма­ты­ға кел­гені­нен хабар­дар қала­лы­қтар өз кезе­гін­де әле­умет­тік желілер­ді балағат пен «боқты­ққа» толтырды.

Осы орай­да бел­гілі қоғам­шыл аза­мат, «Қаза­қстан Бары­сы» жоба­сы­ның негізін салушы Арман Шора­ев «Фейс­бук» желісі мен «Ютуб» арна­сын­да Асқар Мамин­ге арнап видео-үндеу жол­да­ды (қаз-қал­пын­да).      

 «Құр­мет­ті Мамин мыр­за!  Ресей­дің пре­мьер-мини­стрі ме, келіп­ті, бір адам­ның кесірі­нен 2 мил­ли­он тұрғы­ны бар Алма­ты­мыз кеп­телі­сте қал­ды. Бір адам­дар жұмысы­на жете алмай, бір адам­дар бала­бақ­шаға, мек­теп­ке бала­сын апа­ра алмай жатыр.

Айна­лай­ын­дар-ау, сен­дер кім­сің­дер, бүкіл жол­ды тоқта­та­тын?! Сен­дер­ді біреу өлтіріп жатыр ма, сен­дер­ге біреу тиісіп жатыр ма? Сен­дер­дің өмір­лерің ешкім­ге бес тиы­нға керек емес, кез­дес­сең­дер – кез­десің­дер, Бура­бай­да неме­се Катон-Қарағай­да неме­се айда­ла бар ғой. Құдай­ға шүкір, Қаза­қстан­ның жері бар, бір тесік­ке апа­рып, сол жер­де әңгі­ме­лесің­дер, түк­ке тұр­май­тын әңгі­ме­леріңді сол жер­де шешің­дер. Алма­ты­ға тиіспеңдерші!».

Расын­да, Арман аза­мат­тың айтар жөні бар: мұн­дай транс­порт­тық тығы­рық қаза­қтың 30 жыл­дық «көсе­мі» Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Ресей­дің пат­ша­сы Вла­ди­мир Путин Алма­ты­ға кел­ген кез­де де бол­маған. Пре­мьер­лік­ті паңқы­та алмаған Мамин әлде Алма­ты жұр­ты­на Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын қалай тығы­ры­ққа тап қылға­нын көлік кеп­телісі тәжіри­бесі­мен таны­тай­ын деді ме, әлде пре­мьер­лік таққа қай­та­дан қон­жиған құдіретін көр­се­тей­ін деді ме, әйте­уір бүкіл қала­ның поли­ци­я­сын көше­лер­ді жабуға жұмыл­ды­рған еді…

Ермұрат БАПИ

ҚАЗАҚСТАНДЫ ереуілдер толқыны ТЕҢСЕЛТІП ТҰР

  • «Азаттық» радио­сы­ның пор­та­лы хабар­лаған­дай, 8 ақпан­да Ақтө­бе­де «Сағыз Пет­ро­лу­ем» ком­па­ни­я­сы­ның 60-қа тар­та жұмыс­шы­сы ком­па­ния кең­сесі алдын­да жалақы­ны өсіруді талап етті.

Аты­рау және Ақтө­бе аймағын­да мұнай бар­лау және иге­ру­мен айна­лы­са­тын ком­па­ни­я­ның қыз­мет­шілері бас­шы­лы­ққа жол­да­на­тын хатқа 188 адам­ның қол қой­ға­нын айтып, жұмыс­шы­лар­дың бір бөлі­гі жол қиын­ды­ғы­на және жұмысқа бай­ла­ны­сты келе алмаға­нын жет­кізді. Жұмыс­шы­лар­дың сөзіне қараған­да, олар 90–160 мың тең­ге көле­мін­де жалақы ала­ды, ал бұл қым­бат­шы­лық кезін­де ештеңе­ге жетпейді.

«Мен өзім 4‑разрядтағы элек­трик­пін. Табысым – 135 мың тең­ге. Эко­ло­ги­я­лық төлем­ді қосқан­да қолға тиетіні 160–170 мың тең­ге. Менің бала-шағам бар. Олар­дың бала­бақ­ша­сы бар. Несие өтей­міз. Қым­бат­шы­лық бол­са мынау: күн сай­ын баға өсіп жатыр. Жалақы­мыз жет­пей­ді. Негізі бұл әңгі­ме үш жыл­дан бері айты­лып келе жатыр. 2018 жылы бір рет 7 пай­ы­зға жалақы өсті. Бірақ жап­пай айлық көтеріл­ген жоқ», – деді ком­па­ния жұмыс­шы­сы Қуа­ныш Жеңсікбаев.

Жұмыс­шы­лар індет кезін­де мерзі­мі бір айдан асып кет­кен 30–35 күн­дік вах­та­ны 15 күн­ге қысқар­ту­ды да талап етті, дей­ді ере­уіл­шілер сөзіне сіл­те­ме жасаған «Азаттық».

«Бір айдан астам уақыт бала-шаға­мы­зды, отба­сын көр­мей­міз. Бұл біз үшін ауыр. Бір айда адам мораль­дық тұрғы­да қажи­ды. Біз­де қан­дай да бір оқиға туын­да­са, вах­та мерзі­мі 15 күн­нен асқан жұмыс­шы­ны жау­ап­тан боса­та­тын ере­же де бар. Сол себеп­ті вах­та мерзі­мін қысқар­ту­ды талап етіп отыр­мыз», – деді жұмыс­шы­лар­дың бірі.

Жұмыс­шы­лар­дың сөзіне қараған­да, «Сағыз Пет­ро­лу­ем» Ақтө­бе мен Аты­рау облы­ста­рын­дағы бір­не­ше кеніш­ке иелік ете­ді. Дүй­сен­бі күн­гі жиы­нға Қаға­най, Тасқұ­дық, Ащы­көл, Шоқат-Дулат, Сарқұ­мақ-шығыс, Сарқұ­мақ-батыс, Жан­те­рек кені­ш­тері­нен мұнай­шы­лар келген.

Бұл екі ара­да тағы да «Азаттық» хабар­лаған­дай, 8 ақпан­да Аты­рау облы­сы Жылыой ауда­ны Құл­са­ры қала­сы­ның бір топ тұрғы­ны облыс әкім­ді­гіне келіп, үш жыл бұрын сүру­ге кете­ді делін­ген тұрғын үйлерінің орны­на басқа бас­па­на талап етті. Нара­зы­лар апат­ты жағ­дай­да тұрған үйде пана­лау мүм­кін емес дейді.

Тұрғын Жады­ра Сұл­танға­ли­е­ва­ның айтуын­ша, Құл­са­ры қала­сын­дағы 1‑шағын аудан мен вок­зал маңын­дағы жал­пы жиы­ны 74 пәтер­лік екі үй 2018 жылы әкім­дік шеші­мі­мен апат­ты деп таны­лып, әкім­дік тұрғын­дарға өз бет­тері­мен басқа үй табу­ды ұсынған.

Құл­са­ры­лы­қтар 1988 салы­нған бұл екі үйдің фун­да­мен­ті үгіліп, жер­ге бір метр­дей шөк­кенін, қабы­рға­сы жары­лып, үйдің ішін көк басып, тұруға мүл­де мүм­кін бол­май қалға­нын айта­ды. Олар­дың сөзін­ше, бұл мәсе­ле сегіз жыл­дан бері талқы­ла­нып келеді. Билік тұрғын­дарға бір бөл­мелі пәтер үшін 4 мил­ли­он тең­ге, екі бөл­ме үшін 6 мил­ли­он, үш бөл­ме­ге 8 мил­ли­он тең­ге, төрт бөл­мелі пәтер­ге 10 мил­ли­он тең­ге ұсы­нып, қалған рәсім­деу құжат­та­рын өз күш­тері­мен дай­ын­да­уды тап­сы­рған, дей­ді ере­уіл­ші тұрғын­дар­дың нара­зы­лы­ғын жария еткен «Азаттық».

«Нұр­лан Ноға­ев (Аты­рау облы­сы­ның бұры­нғы әкі­мі – Ред.) аста­наға көпір, Түр­кістанға сауда үйін салып бер­ді. Сон­да біз Жылыой ауда­ны­ның тұрғын­да­ры уды жұтып оты­рып, топы­рақ-шаң­ның ара­сын­да оты­рып, неге бір бол­ма­шы 4–6 мил­ли­он тең­ге­ге үй ала алмай­мыз? Бюд­жет­ке ақша түсіп, салық төленіп жатыр. Пан­де­мия кезін­де жұмыс та жоқ. Несие де бер­мей­ді, зей­не­тақы қорын­да ақша­мыз да жоқ», – дей­ді Жады­ра Сұлтанғалиева.

ДАТ-ақпа­рат

УКРАИНА Ресей арналарын ТОҚТАТТЫ

  • Укра­и­на­да Ұлт­тық Қауіп­сіздік және Қорға­ныс кеңесінің шеші­мі­мен ресей­шіл негіз­гі теле­ка­нал­дарға санк­ция салын­ды, ол Зелен­ский­дің жар­лы­ғы­мен қуатталды.

Жар­лық бой­ын­ша, 3 қаңтар­да сағат 12.00-ден бастап бар­лық ресей­шіл кабель­ді канал­дар өз транс­ля­ци­я­ла­рын тоқтат­ты, өйт­кені жар­лық жари­я­ланған сәт­тен бастап күшіне енеді делін­ген. Бұл канал­дар­ды Путин­нің кін­дік туы­сы (кум) болып келетін Мед­вед­чук қадағалайтын.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Укра­и­на­дағы ресей­шіл күш­тер­дің ара­сын­да қат­ты исте­ри­ка жүріп жатыр. Мыса­лы, ресей­шіл Ютуб-канал­дар Укра­и­на­да осы­ған орай қар­сы­ла­стар митин­гісі баста­ла­ды деген, алай­да бір қызы­ғы – олар­ды қорғап бір­де-бір адам шық­па­ды. Тіп­ті олар­дың Ютуб-канал­да­рын да ешкім қара­мап­ты – небәрі 3 мың адам ғана қараған, ал ол 45 млн-дық Укра­и­на үшін дым да емес.

Бұған АҚШ-тың реак­ци­я­сы көп күт­тір­меді: олар бұл қадам­ды барын­ша қол­дай­тын­да­рын жет­кізді. Егер Қаза­қстан­да халқы­мы­зды әбден улап біт­кен РФ канал­да­ры жабыл­са, ең алды­мен АҚШ қос қол­дап қол­дай­ты­ны көрініп тұр, алай­да ол Тоқа­ев­тың қолы­нан келе қой­мас, ал анау… (Н. Назар­ба­ев­ты мең­зей­ді – Ред.) оған кере­гі де сол, оған кере­гі – елдің іріп-шірігені.

Әрі қарай не бола­ды – оны көре­рміз, бірақ қазір­гі таң­да Ресей ештеңе де жасай алмай­ды, өз басын­да мұнар жеткілікті.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн