Пятница , 4 июля 2025

ЖАҚЫНЫН ҚЫТАЙҒА КЕПІЛГЕ тастап, Қазақстанға оралған қазақтар ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮН КЕШУДЕ

  • Шың­жаң­да қамауда болып, қысым көр­ген­дер­дің көбі Қаза­қстанға кел­ген­нен кей­ін үнсіз қала­ды. Көр­ген қор­лы­ғы мен шек­кен аза­бын айтуға ықы­лас­сыз. Туы­ста­ры «олар­ды қат­ты қорқы­тып тастаған» дейді.

Биыл 8 ақпан күні Қытай қаза­ғы Сәр­сен­бек Әкбар Алма­ты облы­сы Еңбек­шіқа­зақ ауда­ны Ақши ауы­лын­да тұра­тын отба­сы­на бес жыл­дан кей­ін орал­ды. Ол 2017 жылы Шың­жаң­да қай­тыс болған жақын туы­сы­на көңіл айтуға барып, кері қай­та алмай қалған еді. Ал оның әйелі Гүл­нұр Қосдәу­лет 2020 жылғы ақпан­нан бері күй­е­уін Қаза­қстанға қай­та­ру­ды талап етіп, Қытай­дың Алма­ты­дағы кон­сул­ды­ғы алдын­дағы нара­зы­лық акци­я­сы­на үзбей шығып жүр­ген. Ол кей­де кон­сул­дық алды­на 80 жасқа кел­ген кәрі енесін арбаға оты­рғы­зып, алып келетін.

Гүл­нұр Қытай кон­сул­ды­ғы алды­на шығып, Шың­жаң­дағы аз ұлт өкіл­дерінің діні мен тіліне бай­ла­ны­сты қысым көріп жатқа­нын ашық айтып, ресми Пекин­нен адам құқы­ғын тап­та­мауды талап ететін. Алай­да күй­е­уі Қаза­қстанға оралған­нан кей­ін, мән-жай­ды білу мақ­са­ты­мен Гүл­нұр Қосдәу­лет­ке теле­фон шалға­ны­мы­зда, ол сөй­ле­су­ге құлы­қ­сыз бол­ды. Күй­е­уінің Қытай­дан оралға­ны тура­лы ақпа­рат беру­ге ықы­лас­сыз екенін аңғартты.

– Әзір­ге ештеңе бер­мей-ақ қойыңыздаршы.

– Неге қорқақтап тұр­сыз, күй­е­уіңіз Қаза­қстанға келіп алды. Енді қан­дай қорқы­ныш бар?

– Менің жұбай­ы­ма біраз уақыт керек сияқты. Өйт­кені «жаңа­лы­ққа шығар­ма, теле­фонға түсір­ме!» деп, арғы жақтан айғай­лап кел­ді. Миын «улап» тастапты.

Ал осы­дан екі жыл­дай бұрын Шың­жаң қаза­ғы Зей­нол­ла Рақы­жан да отба­сы­на 17 жыл­дан кей­ін оралған еді. Ол 2000 жылы отба­сы­мен бір­ге Қаза­қстанға көшіп кел­ген, бірақ 2004 жылы Шың­жаңға жақын­да­ры­на барған­да ұста­лып, туы­ста­ры­ның айтуын­ша, «тың­шы» деген жала­мен 13 жылға сот­талған. Түр­ме жаза­сы­нан кей­ін де отба­сы­на ора­ла алмай, екі жыл сая­си лагерь­де, екі жыл үйқа­мақта болға­ны айты­лған еді…

2020 жылғы ақпан­нан бері Алма­ты­дағы Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­дағы нара­зы­лық шара­сы­на қаты­сып, Шың­жаң­да қалған күй­е­уін кері қай­та­ру­ды талап етіп жүр­ген Д. (есі­мі қауіп­сіздік үшін өзгер­тіл­ді) есім­ді келін­шек те бір жыл­дан кей­ін нара­зы­лы­ғын тоқтатқан еді. Был­тыр қыр­күй­ек айын­да оған қоңы­рау шалға­ны­мы­зда, «Қытай­дағы күй­е­уі­ме зия­ным тиюі мүм­кін, сон­ды­қтан ешқан­дай сұх­бат бер­мей­мін. Маған мүл­дем хабар­лас­паңы­здар» деген еді.

2019 жылы Шың­жаң өлкесі Құл­жа қала­сы­нан Алма­ты облы­сы­на кел­ген Дәлел (аты-жөні өзгер­тіл­ді – Ред.) де Шың­жаң­да көр­генін ашып айтқы­сы кел­мей­ді. 2017 жылы күз­де Қытай­дағы үйін сатуға барып, кері қай­та алмай қалған ол бір жыл екі ай сая­си лагерь­де болға­нын айта­ды. Сөзін­ше, лагерь­ден шыққан­нан кей­ін тағы бір жылға жуық үйқа­мақта болған. Дәлел 2019 жылы мамыр­да Қаза­қстанға ора­лып, отба­сы­мен қауышқан.

– Мен «екі айдан соң қай­тып келе­мін» деп, жақын күй­еу балам­ды кепіл­дік­ке қал­ды­рып кет­кен­мін. Кетер­де «ештеңе айт­пай­мын» деп, сақ­шы­ның қаға­зы­на қол қой­ып бер­ген­мін. Бар­маға­ным үшін күй­еу балам қысы­мға ұшы­ра­ды. Қазір мені­мен сөй­ле­с­пей­ді. Енді ашық ақпа­ратқа шық­сам, оба­лы­на қала­мын ғой, түсін мені! – деді Дәлел…

Шыңжаң­дағы туы­ста­ры­на барып, 2017 жылы қамауға алы­нып, екі ай түр­ме­де, 10 ай сая­си лагерь­де, тағы екі ай үйқа­мақта болып, 2018 жылы жел­тоқ­сан­да Қаза­қстанға оралған Рахи­ма Сем­бай­қы­зы да ұзақ уақыт ашық ақпа­ратқа шық­па­ды. Қазір Алма­ты қала­сын­да тұра­тын ол – төрт бала­ның ана­сы. Айтуын­ша, Қытай­да қамауға алы­нған кезін­де бесін­ші бала­сы­на аяғы ауыр болған, бірақ түр­ме­ге түс­кен күні күш­теп жасан­ды түсік жасатқан. Рахи­ма түр­ме­ден қос бал­даққа сүй­еніп шыққа­нын айтады.

– Біз бір әке-шеше­ден екеу ғана­мыз. Әкем де мені­мен бір­ге сая­си лагерь­де оты­рып шықты. Ол кез­де інім поли­цей болып жұмыс істей­тін. Төрт балам мен күй­е­уім Қаза­қстан­да бола­тын. Отба­сы­ма ора­лар­да әке-шешем­ді кепіл­дік­ке қал­дыр­дым. Сақ­шы меке­месіне барып, «Қаза­қстанға барған­нан кей­ін ештеңе айт­пай­мын» деп қол­хат жазып беріп кет­тім. Солар­дың тағ­ды­ры­на алаң­дап, ұзақ уақыт үнде­мей жүр­дім. Бірақ түр­ме мен лагерь­де көр­ген қор­лы­ғым іші­ме сый­ма­ды, ақы­ры айтып тын­дым, – дей­ді ол.

Рахи­ма бір жыл­дан бері ата-ана­сы­мен мүл­дем сөй­ле­с­пей­ді. Оның айтуын­ша, жер­гілік­ті билік әке-шеше­сіне қызы­мен сөй­ле­су­ге тый­ым салған. Ал арты­нан ерген жалғыз інісі был­тыр­дан бері қамауда отыр деп есті­ген. Рахи­ма мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істе­ген інісінің ұста­луы­на да өзінің қаты­сы бар деп есеп­тей­ді. «Інім­нің қама­луы менің ақпа­рат құрал­да­ры­на ашық сұх­бат беріп, лагерь аза­бын айтқа­ным­нан бол­ды-ау!» – дей­ді ол.

Шың­жаң қаза­қта­ры­ның құқы­ғын қорғап жүр­ген тір­кел­ме­ген «Нағыз Ата­жұрт» ұйы­мы­ның жетек­шісі Бекзат Мақсұт­хан лагерь­де оты­рған­дар­дың рухы сынып, көр­генін айтуға қай­мы­ғып қала­ды дейді.

– Бірін­ші­ден, Шың­жаң­да көр­ген азап пен қор­лы­қтан адам­ның рухы жан­шы­ла­ды. Ден­са­улы­ғы ғана емес, пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­дан да мұқа­ла­ды. Екін­ші­ден, олар­ды Қаза­қстанға қай­та­рар­да, жер­гілік­ті билік, ұлт­тық қауіп­сіздік пен поли­ция өкіл­дері жан-жақтан қыспаққа алып, «екі мем­ле­кет­тің досты­ғы­на сызат түсір­меу» жөнін­де лек­ция оқи­ды. «Осын­да туып өстің, оқы­дың, енді Қаза­қстанға барған соң, Қытай тура­лы жағым­сыз пікір айт­па» деп құлағы­на құй­ып жібе­реді. Оған қоса, қоқан-лоққы жасап, «егер сен Қаза­қстанға барған­нан кей­ін, Қытай­дың беделіне нұқ­сан келетін сөз айта­тын бол­саң, ол жақта да біздің адам­дар бар, тауып ала­мыз» деп қорқы­та­ды. Тіп­ті «қай­та­дан Қытай­ға алып келе­міз» деп дөң-айбат жасай­ды, – дей­ді Бекзат Мақсұтхан.

Қытай қаза­қта­ры­на көмек беретін «Ата­жұрт ерік­тілері» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің жетек­шісі Ербол Дәу­лет­бекұ­лы Қытай билі­гі Шың­жаң­нан Қаза­қстанға көшу­ге бел буған­дарға кепіл­ге адам тап деген талап қоя­ты­нын айтады.

– Қамауда болған­дар­ды өзге елге жібе­ру үшін, кемін­де үш адам­ды кепіл­ге ұстай­ды. «Сен барған­нан кей­ін сұх­бат беріп, ашық ақпа­рат кеңісті­гіне шыға­тын бол­саң, мына кепіл­ге қал­ды­рған жақын­да­рың сот­та­ла­ды» деп ескер­те­ді. Ол адам кепіл­ге қал­ды­ра­тын үш кісіні табу үшін де, кемі екі ай әркім­ге жалы­на­ды. Себебі ешкім кепіл болғы­сы кел­мей­ді. Егер ол адам шека­ра­дан өткен­нен кей­ін ашық ақпа­ратқа шығып кет­се, жазы­қ­сыз сот­та­ла­ты­нын олар да біледі. Сон­ды­қтан тәу­е­кел­ге бар­май­ды, – дей­ді ол.

Аста­на билі­гі Қытай­дың сая­са­ты­на қаты­сты ресми ұста­ны­мын біл­дір­ме­ген, бірақ «дипло­ма­ти­я­лық жол­дар арқы­лы» Шың­жаң­нан қаза­қтар Қаза­қстанға ора­лып жатқа­нын айтады.

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн