Вторник , 1 июля 2025

Жаңаөзенде тағы да НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Кеше газеті­міздің қоғам­дық тіл­шісі Жаңаө­зен­де­гі халы­қтың нара­зы­лық толқуы күшпен тара­ты­лға­нын хабар­ла­ды. Бір­не­ше күн қата­ры­нан жалғасқан нара­зы­лық акци­я­сын «КНБ» мен оның «сал­паңқұлақта­ры» видеоға тар­тып, қала­лы­қтар­дың көз­ге түс­кен бел­сен­ді өкіл­дерін қамауға алған. Тіл­ші­міздің хаба­ры­на қараған­да, қамалған­дар­дың саны – 17 адам.

Ал «Азатты­қтың» хабар­ла­у­ы­на қараған­да, Жаңаө­зен қала­сы­ның орта­лық алаңын соңғы екі күн­нен бері поли­ция қор­ша­уға алған. Жұмыс сұраған нара­зы­лар қала әкім­ді­гінің жұмыспен қам­ту және әле­умет­тік бөлі­мі орна­ласқан «Неке сарайы» ғима­ра­ты­ның маңы­на жиналған. Олар билік­тен 150–300 мың тең­ге айлы­ғы бар жұмыс тауып беруді және жастар мәсе­лесіне назар ауда­ру­ды талап еткен. Бұған дей­ін олар осы талап­та­рын айтып, әле­умет­тік желі арқы­лы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа үндеу жолдаған.

Жаңаө­зен­де жұмыс сұрап тұрған­дар­дың бірі 30 жастағы Сала­мат Нұр­бе­си­нов билік ұйым­да­сты­рған еңбек жәр­мең­кесін­де ұсы­ны­лған жұмыстың жалақы­сы отба­сын асы­ра­уға жет­пей­тінін, сол себеп­ті жұрт тұрақты жұмыс тауып беруді талап етіп оты­рға­нын айт­ты, деп хабар­лай­ды «Азаттық». «Менің үш балам бар. 70 мың тең­ге ұсы­нып, Ақта­удан бір меке­ме­лер келіп тұр. Ол ақша­ны қалай жет­кі­зем? Жолға жұм­сай­мын ба, әлде бала-шағам­ның тамағы­на ма? Бұл жер­де­гі халы­қтың тала­бы – жеке мен­шік емес, үкі­мет­ке қарай­тын 150–200 мың тең­гелік жұмыс беретін кез кел­ген меке­ме ашып бер­сін. Бүгін бар, ертең жоқ меке­ме­лер біз­ге керек емес», – деп­ті ол «Азатты­ққа».

«Халық жұмыс­сызды­қтан шар­ша­ды. Облыс әкі­мі халық алды­на кел­сін! Біз­ге бір жыл­дан соң жабы­ла­тын жетім жеке мен­шік серік­те­стік­тер керек емес. Жұмыс­сыз ретін­де көп жыл­дан бері тір­ке­уде тұр­мын. Бір таны­сы­ма қала таза­лы­ғы­на қарай­тын меке­ме­ден 90 мыңға жұмыс ұсы­нған. Ол да ертең ұтып алған тен­дер мерзі­мі біт­кен соң, жұмыс­сыз қала­ды», – дей­ді жұмыс­сыз жігіт.

«Азаттық» тіл­шісі сөй­лес­кен тұрғын­дар­дың бар­лы­ғы да осы­ған ұқсас пікір айт­ты. Олар­дың көбі аты-жөнін айту­дан да қорқа­ды. «Поли­ция жиын­дар­дан видео тар­туға тый­ым сал­ды» дей­ді кейбірі.

«Көп жұмыс орын­да­ры Ақтау қала­сы­нан құры­лыс жұмыста­рын ұсы­нып отыр. Бұл тұрақты жұмыс емес. Айлы­ғы 70–80 мың тең­ге. Оны жол-пұлы­мы­зға төлей­міз бе, Ақта­удан пәтер жал­дай­мыз ба? Қалған жұмыстар әйел адам­дарға лай­ы­қталған, бала­бақ­шаға, мек­теп­ке шақы­ра­ды. Ара­сын­да сату­шы­лық жұмысқа шақы­рға­ны да бол­ды. Ақта­уда 40 мың тең­ге төлей­міз деді. Бұл айлық бір отба­сын асы­ра­уға жет­пей­ді. Жоға­ры жаққа жалған ақпа­рат беріп, өтірік алдап отыр», – деді аты-жөнін айт­паған Жаңаө­зен тұрғыны..

Жаңаө­зен қала­сы­ның әкі­мі Әділ­бек Дауыл­ба­ев нақты қан­ша адам­ның жұмысқа орна­ласқа­нын айта алма­ды. Әкім­дік дере­гін­ше, бұған дей­ін мыңға жуық аза­мат жұмыс сұрап, өтініш берген.

Маңғы­стау облы­сы әкім­ді­гі бас­пасөз қыз­метінің мәлі­метін­ше, облы­стағы түр­лі кәсі­по­рын­дар­дағы орта­ша айлық жалақы­сы 110 мың тең­ге бола­тын жұмыс орын­да­ры­на 3800-ден астам өтініш қабыл­данған. Жаңаө­зен­де­гі негіз­гі жұмыс көзі – «Өзен­мұ­най­газ» акци­о­нер­лік қоға­мы мен «Қазақ газ өңдеу» зауы­ты. Ресми ста­ти­сти­ка бой­ын­ша, қала­да 130 мың­нан астам адам тұра­ды. 2018 жыл­дың алға­шқы төрт айын­да Маңғы­стау облы­сын­да жұмыс­сыздық дең­гейі 4,8 пай­ы­зды құраған.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн