Вторник , 1 июля 2025

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ТАҒЫ ДА ҚАМАУ: белсендісі екі айға абақтыға жабылды

Сей­сен­бі, 26 науры­зда Жаңаө­зен қала­лық тер­геу соты қала­дағы жұмыс­сыз жастар­дың мәсе­лесін көтеріп жүр­ген бел­сен­ді Ержан Елші­ба­ев­ты екі ай қамауға алу тура­лы шешім шығарды.

Ержан Елші­ба­ев «бұза­қы­лық» (Қыл­мыстық кодекстің 293-бабы­ның 3‑тармағы) бой­ын­ша қозғалған қыл­мыстық іс бой­ын­ша күдік­ке ілініп отыр. Оны тер­геу орган­да­ры «2017 жылы қала­да болған төбе­лес кезін­де бір адам­ның көзін жара­лаған» деп айыптаған.

Оның адво­ка­ты Кен­же Мұңайт­пасұлы­ның айтуын­ша, сей­сен­бі күн­гі сотқа уақыт­ша тер­геу изо­ля­то­рын­да оты­рған Ержан Елші­ба­ев онлайн арқы­лы қаты­сқан. Сот­та «дәлел» ретін­де көр­сетіл­ген видео­да Елші­ба­евқа ұқсас біре­удің төбе­лесіп жатқа­ны бай­қалған. Бірақ Елші­ба­ев тағы­лған айып­пен келіспеген.

Адво­кат Кен­же Мұңайт­пасұ­лы бұл жайт­ты Ержан Елші­ба­ев­тың соңғы кез­де­гі бел­сен­ділі­гі­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Ол бір айдан бері әкім­дік алды­на жина­лып жүр­ген жастар­дың мәсе­лесін көтеріп, билік­тен жұмыс беруді талап етіп келген.

«2017 жыл­дан бері және қазір де ешкім бұл жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты шағым­дан­баған. Шама­сы, Ержан­ның бел­сен­ділі­гіне бай­ла­ны­сты болуы мүм­кін деп ойлай­мын. Бұл айып­пен Елші­ба­ев та, мен де келіс­пей­мін. Апел­ля­ци­я­лық шағым түсіре­міз, үш күн уақыт бар», – деді Кен­же Мұңайт­пасұ­лы «Азаттық» тілшісіне.

31 жастағы Ержан Елші­ба­ев­ты поли­ция 24 наурыз күні үйі­нен ұстап алып кет­кен. Бел­сен­ді бұған дей­ін де поли­ция қысы­мы­на шағымданған.

Еске сала кетей­ік, ақпан мен наурыз айла­рын­да Жаңаө­зен жаста­ры қала­дағы жұмыспен қам­ту және әле­умет­тік бөлім ғима­ра­ты­ның (бұры­нғы «Неке сарайы») алды­на жина­лып, бір­не­ше апта бойы билік­тен мұнай сала­сын­да жұмыс тауып беру­лерін сұраған. Тұрғын­дар нара­зы­лы­ғы­нан соң ізін­ше оларға қысым жаса­лып жатқа­ны тура­лы ақпа­рат пай­да болған. Бірақ поли­ция бұл ақпа­рат­ты жоққа шығарған еді.

Azattyq.orgБ

Республиканский еженедельник онлайн